Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 12:29, реферат

Описание работы

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Институт) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды сату бойынша Интернет – дүкен ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – Интернет – дүкен) әзірлеп енгізді.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды таратумен айналысатын көптеген халықаралық ұйымдар құжаттарды ұсыну бойынша қызметтерді ақпараттық технологияларды пайдаланып көрсетеді. ИСО және МЭК сиықты ұйымдар, сондай-ақ стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар қағаз тасымалдаушыларды таратудан гөрі өз құжаттарының электрондық нұсқаларына он-лайн қол жеткізуді ұсынады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты.docx

— 26.98 Кб (Скачать)

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Институт) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды сату бойынша Интернет – дүкен ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – Интернет – дүкен) әзірлеп енгізді.

 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды таратумен айналысатын көптеген халықаралық ұйымдар құжаттарды ұсыну бойынша қызметтерді ақпараттық технологияларды пайдаланып көрсетеді. ИСО және МЭК сиықты ұйымдар, сондай-ақ стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар қағаз тасымалдаушыларды таратудан гөрі өз құжаттарының электрондық нұсқаларына он-лайн қол жеткізуді ұсынады. Бұдан басқа соңғы жылдары қандай да бір тауарларды Интернет-дүкендер арқылы сату белең алып келеді.

 Институт әзірлеген  интернет-дүкен өзімен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың электрондық көшірмелеріне он-лайн жол жеткізуді ұсыну қызметін білдіреді. Біздің Интернет-дүкенде мемлекеттік стандарттардың (ҚР СТ), Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған мемлекетаралық стандарттардың (ГОСТ), өңірлік стандарттардың (ГОСТ Р, СТБ), шет елдердің ұлттық стандарттарының (ASTM, BSI, DIN), халықаралық стандарттардың (ИСО, МЭК) және стандарттау бойынша басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін сатып ала аласыз.

 Институттың Интернет-дүкені  арқылы таратылатын ақпараттық өнім нақты, өзекті ақпараттан тұрады және ресми мәртебеге ие.

 Институттың Интернет-дүкені  пайдаланушыларға каталог көмегімен  қажетті құжатты таңдап алуға,  тапсырыс беруге, Интернет арқылы төлеуге шот алу мүмкіндігін береді. Бұндай қызмет талап етілетін құжатты алуға уақытты елеулі қысқартады, пайдаланушының Институтқа өтінім жасауы бойынша жалпы шығындарын азайтады, құжаттарды алу ретін елеулі түрде жеңілдетеді. Құжат құнын төлеу бойынша ақша қаражатының Институт шотына келіп түскенінен кейін, пайдаланушы автоматты режимде құжаттың электрондық көшірмесін алады.

 

Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы

 

1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрология жүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі. Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мемлекетаралық стандарттардың жобаларын бекіту, стан- дарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Кеңестің қабылдаған шешімдері оған өкілдері кірген мемлекеттерге міндетті. Келісімге қатысқан ТМД елдерінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары мемлекетаралық кеңестің мүшелері болып табылады. Мемлекетаралық жұмыстың негізгі органы - стандарттың, метрология және сертификаттау жөніндегі Минск қаласында орналасқан бюросы. Қалыптасқан дәстүр бойынша кеңестің жиналыстары Келісімге енген елдердің әрқайсысында кезектесіп өткізіліп отырады. Мемлекетаралық кеңестің жұмысы арқасында КСРО- да қолданылған нормативтік құжаттар қоры мен эталондық база (шамамен 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық ақпаратты жіктегіштер, 140 физикалық шамалар өлшемдерінің метрологиялық эталондары) сақталып қалды. Қазіргі уақытта ТМД елдерінің ұлттың сертификаттау жүйелерін өзара тану үдерісі толығымен аяқталды. Мемлекетаралық кеңестің жұмыс органы - мемлекетаралық техникалық комитеттер. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлейді және мемлекетаралық стандарттау саласындағы басқа да нақтылы жұмыстарды жүргізеді. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет өткізіледі. Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеу бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.

[өңдеу]

Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мәселелері

 

Халықаралық байланыстың  даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттаудың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда. Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықаралық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттық алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан. Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселесі - үйлестіру, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесін басқа елдердің халықаралық, аймақтың, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын жоғарылату. Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады.

[өңдеу]

Стандарттау саласындағы халықаралық мекемелер

 

Халықаралық стандарттау саласында стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО), Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электр байланыстары одағы (ХЭО) жұмыс атқарады. Стандарттау жөніндегі халықаральщ үйым (ИСО) 1947 жылы құрылған. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникада басқа стандарттау салаларының барлығын қамтиды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 178 ел қатысты. ИСО-ның органдары - Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер және орталық секретариат, Жоғарғы органы - Бас ассамблея .

 

Бас ассамблея сессияларының  арасында ұйым жұмысын ИСО-ның Кеңесі басқарады. Кеңеске стандарттаудың үлттық мемлекеттік өкілдері кіреді. Кеңес жанынан техникалық комитеттердің жұмысын басқаратын атқарушы бюро құрылған. Халықаралық стандарттардың жобасын техникалық комитеттер шеңберінде жұмыс атқаратын жұмыс топтары дайындайды. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен шүғылданады. Оларға жататындардың ішінде «Өлшем бірліктері» (ТК 12), «Ерекше сандар» (ТК 19) ж.б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, «Автомобильдер» (ТК 22), «Станоктар» (ТК 39) ж.б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостың техника ж.б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады. Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек. 2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған. Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады. Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол 1906 жылы, яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған. Әр уақытта құрылғандықтан және жұмыс бағыттары әр түрлі болғандықтан, осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған. Біраз елдерде электротехника, электроника және байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің санынан аз.ХЭК жоғарғы органы - барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты үйым мүшелерінің жарна төлемінен және халық- аралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас - техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған. Халықаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар - Біріккен Ұлттар Үйымының (БҮҮ) Еуропалық экономикалық комиссиясы, Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдар да қатысады. Дүние жүзіндегі стандарттау саласында жеті аймақтың ұйымдар жұмыс істейді. Скандинавияда, Латын Америкасында, Арабия аймағында, Африкада, Еуропалық Одақ (Е.О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады.

[өңдеу]

Стандарттау жұмыстарын Еуропалық Одақ (ЕО) шеңберінде ұйымдастыру

 

Қазіргі кезде экономиканы интеграциялауға, аймақтық біріккен нарықтар құруға бетбұрыс айқын байқалады. Интеграцияның кең дамыған аймағы - Еуропалық Одақ шеңбері (ЕО). 1993 жылы Еуропаның 15 елі бірігіп құрған нарық осы елдердің шамамен 400 млн. тұрғындарын қамтиды. Осыған байланысты ұлттық кедергілерді жою мақсатында аймақтық стандарттарға басты назар аударылып отыр. 1961 жылы стандарттау жөніндегі Еуропалық коми- тет (СЕН ЭЛЕК) құрылды. Бұл комитеттердің құрамын- да 239 техникалық комитеттер бар. Біріккен нарық жағдайына сәйкес ЕО «Еуропаның жасыл кітабы» деп аталған (Еуропада техникалық интеграцияны жеделдету үшін еуропалық стандарттарды дамыту) бағдарлама жасалды. Бұл бағдарламада Еуропада стандарттауды ңайтадан құру және дамыту жоспа- ры қарастырылған. «Жасыл кітапта» көрсетілгендей, еуростандарттар техника мен технологияның ең соңғы жетістіктерін қамтуы керек, ал директивалар - тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіпсіз емес немесе зиянды өнімдерді Қоғамдастыққа енгізбеу үшін тиімді шараларды қарастыру қажет. Осындай шаралар негізінде стандарттау жұмыстарында көптеген ілгерілеу жасалды. Мысалы, 1991 жылы ЕО 200 директива және 1200 еуростандарттар болған болса, 1993 жылы директивалар саны екі есе үлғайтылып, еуростандарттар саны бірнеше мыңға жеткізілді. Қазіргі жағдайда СЕН жәнө СЕНЭЛЕК-тің басты саясаты - ИСО/МЭК халықаралық стандарттарын аймақтық ретінде кеңінен қолдану. Осының нәтижесінде ЕО шеңберінде қолданылатын нормативтік құжаттардың 45% -ын ИСО/МЭК шығарған халықаралық стандарттар.

 

Жоспар:

 

 І. Стандарттау жөнінде қысқаша мәлімет

 

 ІІ. ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар

 

 ІІІ. ҚР – да қолданылатын  стандарттар

 

IV. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік стандарттау жүйесі

 

 Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізі

 Стандарттау – нақты бар және потенциалды мақсаттарға байланысты еркін, көпретті және жалпылама тәртіп бекітумен өнім, қызмет және үрдістерге талаптарды тәртіпке қоюдың тиімді деңгейіне жетуге бағытталған қызмет.

 Қазақстан Республикасының  стандарттау бойынша қызмет келесідей реттеледі:

1. Қазақстан Республикасының  2004жылдың 9 қарашасынан №603-ІІ 3ҚР;

2. «Техникалық реттеу туралы» Заңымен;

3. Стандарттау бойынша мемлекеттік стандарттармен.

 Қазақстан Республикасы территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативті құжаттарға төмендегілер жатады:

1. Халықаралық стандарттар;

2. Аймақтық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат тізілімдері(классификаторлар), стандарттау бойынша ережелер мен ұсыныстар;

3. ҚР техникалық-экономикалық  классификаторлары мен стандарттары;

4. Өнеркәсіп стандарттары;

5. ҚР стандарттау бойынша ұсыныстары;

6. Ұлттық стандарттар, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат классификаторлары, шет ел мемлкеттерінің стандарттау бойынша ережелері, нормалары мен ұсыныстары.

 Қазіргі уақытта Стандарттардың  мемлекеттік қорын 47 056 нормативтік құжаттар құрайды, соның ішінде республикада:

- мемлекеттік нормативтік құжаттар – 1332;

- техникалық-экономикалық  ақпараттың мемлекеттік жіктеушілері (ҚР МЖ) – 12;

- республикада есепке алу тіркеуінен өткен шетелдік нормативтік құжаттар – 1457;

- техникалық шарттар (ТШ) – 4900;

- сондай-ақ мемлекетаралық  стандарттар (ГОСТ) – 20862;

- Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарттары (ГОСТ Р) – 3338;

- халықаралық стандарттар (ИСО) – 7277;

- шетел елдерінің 10 000 астам стандарттары.

 Стандарттау мен сертификаттаудың 2004-2006 жылдарға арналған ұлттық жүйесін дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.02.04ж. қаулысымен бекітілді.

 Қазақстан аумағында  стандарттау жөніндегі екі мемлекетаралық техникалық комитет: ДТП «ВНИИтүрлі-түстіметалл» базасында "Мырыш. Қорғасын" және «Қазқараметавтоматика»ААҚ базасында "Металлургиялық өндірісте ылғалдылықты өлшеу" құрылған.

 Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар:

 ҚР СТ (Казақстан Республикасының  мемлекеттік стандарты) –ҚР Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, міндетті және (немесе) ұсыным жасалатын талаптары бар және тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді стандарт. Мұндай мемлекеттік орган ҚР Мемстандарты және оның аумақтық бөлімшелері (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітуге – іске қосуға уәкілетті).

 ГОСТ – ТМД елдерінің  «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы» үкіметаралық келісімге сәйкес ТМД елдері бірлесіп пайдаланатын мемлекетаралық стандарттар.

 ГОСТ Р – Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарты. Тек ҚР Мемстандартында тіркелгеннен (актуальданғаннан) кейін ғана қолданылуы мүмкін (актуальданғанан кейін ҚР СТ ГОСТ Р түріне ие болады).

ISO – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым әзірлейтін және қабылдайтын халықаралық стандарттар. Қазақ және орыс тілдеріне аударылғаннан және Мемстандарт қабылдағанан (актуальданғанан) кейін ҚР СТ ИСО түріне ие болады. Халықаралық, өңірлік және басқа елдердің ұлттық стандарттары ҚР-да стандарттау жөніндегі мемлекеттік орган оларды актуальдағаннан кейін ғана ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдердің негізінде қолданылуы мүмкін.

 Республиканың ДСҰ  кіруіне байланысты ақпараттық орталық құрылуда, оның қызметі сертификация процедураларын және стандарттарға қатысты ақпараттық алмасу бөліміндегі республика міндеттемелерін орындаумен байланысты болады.

 Мүдделі заңды және  жеке тұлғаларды ақпаратпен және нормативті құжаттармен қамтамасыз ету бір реттік сұрау (телефон арқылы, тікелей хабарласу, жазбаша хаттама арқылы, электрондық пошта арналары, Интернет халықаралық жүйесі бойынша) және келісім-шарт негізінде абонементтік қызмет ету арқылы іске асады.

 Қазақстан Республикасының  мемлекеттік стандарттау жүйесі

 ҚР СТ 1.0-2006 Негізгі ережелер

 ҚР СТ 1.1-2005 Стандартизация  и смежные виды деятельности. Терминдер мен анықтамалары

 ҚР СТ 1.2-2002 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі

 ҚР СТ 1.3-2000 Техникалық  шарттарды әзірлеу, келісу, бекіту және мемлекеттік тіркеу тәртібі

 ҚР СТ 1.5-2008 Қазақстан  Республикасының Техникалық реттеудің  мемлекеттік жүйесі. Стандарттарды құру, баяндау, рәсімдеу және мазмұнына жалпы талаптар. ҚР СТ 1.5-2004 орнына енгізілген.

 ҚР СТ 1.6-2004 Қазақстан  Республикасының түпнұсқалары мен  екінші нұсқаларын есепке алу, сақтау және қайта қалпына келтіру тәртібі

 ҚР СТ 1.7-2003 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі

 ҚР СТ 1.8-2003 Мемлекеттік стандарттар қорын нормативтік құжаттар мен ақпараттарды басып шығару және қамтамасыз ету тәртібі

 ҚР СТ 1.9-2007 Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі халықаралық, өңірлік және ұлттық нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі.

 ҚР СТ 1.12-2000 Нормативтік мәтіндік құжаттар. Жалпы талаптар.

 ҚР СТ 1.13-2005 Мемлекеттік органдар қызметтері. Жалпы талаптар

 ҚР СТ 1.15-2004 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру, жұмыс істеу тәртібі. Жалпы талаптар

 ҚР СТ 1.16-2000 Стандарттау, сертификаттау ережелері және сертификатталатын өнім (жұмыстар, қызметтер) жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру тәртібі. Негізгі ережелер

 ҚР СТ 1.17-2006 Сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) жұмысына мемлекеттік бақылауды жүргізу әдістемсі

 ҚР СТ 1.18-2001 Мемлекеттік қадағалау мен бақылау нәтижелері бойынша берілетін нұсқамалар нысаны мен оларды беру тәртібі

 ҚР СТ 1.19-2006 Қызмет көрсету  кезінде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі

 ҚР СТ 1.20-2006 Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау. Өнімді даярлау кезінде мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі

 ҚР СТ 1.21-2001 Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік стандарттар қоры, оны жинақтау, жүргізу және сақтау

 ҚР СТ 1.22-2001 Стандарт  ісі. Оны құру, өзгертулер енгізу, сақтау, көкейкесті ету, мұрағатқа тапсыру және жою тәртібі

 ҚР СТ 1.23-2001 Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің, келісудің және қолданудың тәртібі

Информация о работе Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің жұмысы