ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 21:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Содержание

Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау
Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.doc

— 653.00 Кб (Скачать)

    Несиелік  бюролармен қатар көптеген елдерде  өзінің қызметін орталық банк және үкіметтің бақылауымен жүргізетін несиелерді мемлекеттік тіркейтін институты жұмыс істейді, бұл институттардың мәліметтер қорына несиелік мәмілелер туралы ақпараттарды несие берушілер міндетті тәртіппен жібереді. Берілген жағдайда қарыз алушылардан арнайы келісім алу қажет емес. Ақпарат стандарттық нысан бойынша беріліп, несиелік мәміленің өзіне ғана арналады және қарыз алушының қаржылық жағдайы мен меншігінің құрылымы туралы мәліметтерді қамтымайды. Деректерді алу тек қана монетарлық билік өкілдеріне толық құпиялығын сақтау негізінде  беріледі. Потенциалды қарыз алушының несиелік тарихы туралы деректерді банктерге бекітілген тәртіпте ұсынылады.

    Несиелерді  мемлекеттік тіркеу институттары 20 ғасырда экономикалық өмірді мемлекеттік  реттеудегі күшеюін көрсетті және біздің көзқарасымша қазіргі жеке несиелік бюроларды толықтырып, банктерге несиелік тәуекелдер саласында минималды мемлекеттік стандарттармен қамтамасыз етеді.

    Несиелерді  мемлекеттік тіркеу бойынша бірінші  орган Германияда 1934 жылы пайда болды, бірақ көптеген мемлекеттерде бұл институттар соңғы онжылдықтарда құрылды. Мысалға, Авсрияда 1986 ж., Бельгияда 1985 ж., Испанияда 1983 ж., Португалияда 1997 ж., Францияда 1989 ж., Уругвайда 1984 ж.

    Біршама елдерде мысалы, Боливияда, Бразилияда, Чилиде  банктер барлық несиелік мәліметтер бойынша ақпараттарды мемлекеттік тіркеу институттарына міндетті түрде беруі тиіс. Бірақ, көптеген мемлекеттерде  есептемелерді беру үшін несиенің минималды мөлшері белгіленген. Сол сияқты, Автрияда бұл стандарт ұлттық валюта сомасы эквиваленті 430 700 АҚШ долларына тең. Бельгияда компанияларға несие беру үшін бұл сома 27 950 доллорды, ал тұтыну несиелері бойынша 223 долларды құрайды. Германияда мемлекеттік тіркеуге тиісті несиенің минималды көлемі 1 699 800 долларға, Израильде – 169 500 долларға, Испанияда резиденттерге – 6 720 доллар және бейрезиденттерге – 336 000 долларға, Францияда – 118 293 долларға тең.

    Кейбір  елдерде мұндай стандарттар несиенің сапалығына байланысты түрленеді. Мысалы, Италияда барлық проблемалық несиелер тіркеледі, ал стандартты несиелер үшін минималды стандарт 86 010 доллар көлемінде, Шри-Ланкада проблемалық несиелер бойынша 1 493 доллар және стандартты несиелер бойынша 7 465 доллар белгіленген.

    Көптеген  елдерде мемлекеттік тіркеу институтына  жіберілетін банк есептемелері несиелік тәуекелдің жалпы көлемі (несиелер, баланстан тыс талаптар), қайтарылмаған несиелер, мерзімі өткен несиелер, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, қамтамасыз ету туралы ақпараттарды қамтиды. Испанияда мына мәліметтерден басқа несиелік мәмілелер бойынша аймақтық, салалық және валюталық тәуекелдер, Португалияда пайдаланбаған несиелік ресурстар, ал Чилиде тәуекел деңгейі, секторы, несие түрі ескеріледі.

    Несиелерді  мемлекеттік тіркеу институттарындағы  жиналған ақпараттардың көлемінің  әсер етуші сипаты бар. Сонымен, Бельгияда 400 мың, Германияда – 1 200 мың, Испанияда – 4 600 мың, Италияда – 2 200 мың, Чилиде – 2 200 мың фирмалар бойынша ақпараттар жиналған.

    Несиелік  бюролар және несиелерді мемлекеттік  тіркеу институттары дамыған елдерде  ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп жатыр. Халықаралық ұйымдардың 40 елде жүргізген зерттеулері бойынша осындай институттардың банктердің несиелік белсенділігіне және несиелік тәуекелдер жүйесінің деңгейіне әсер ететіндігін көрсетіп отыр.

    Сөйтіп, статистикалық зерттеулер дәлелдеп отыр: несиелік портфельдің сапасы мен көлемі тиімді ақпараттық институттардың бар болуымен байланысты болып келеді. 

    
    1. Қазақстан Республикасында  несиелік бюроларды  құрудың ерекшеліктері
 

    Дамушы  және экономикасы өтпелі мемлекеттер  үшін ақпараттық асимметрия мәселелер одан әрі ұшқыр болып отыр. Қылмыстық экономиканың жоғарғы деңгейі, құқықтық институттардың тиімсіздігі, бизнесті жүргізу этикасының жетіспеушілігі ақпараттық институттарды құру қажеттігін жоғарлатады. Мұндай институттарсыз банк жүйесін табысты қайта құрылымдау мүмкін емес, оның мұндай спалы сипаттамаларға жетуі, банктік дағдарыс жүйесінің пайда болу мүмкіндігін жоюға әкеліп соғады. Бірақ та, корпоративтік жәе банктік бизнес бұл елдерде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрса да, ұзақ несиелік тарихы бар деп айтуға болмайды.

    Экономикасы өтпелі елдердегі ақпараттық асимметрия мәселелерін шешу, ең алдымен несиелік бюроларды құруға мүмкіндік туғызады. Мұндай институттарды Ұлттық банк (Қаржы  министрлігі) жанынан немесе банктік  ассоциацияның қамқорлығы негізінде құру мақсатқа сай болады. Ұсақ жеке бюро желілерін құруға жиі ұсынатын ойлар, несиелік тәуекелдер мониторингі жүйесін тиімді құруға, сонымен бірге осы пікірдің беделін түсіруі әбден мүмкін. Несиелік бюроларды құру кезінде, әрине заңдарда және тәжірибеде тұрғындардың құқықтары мен бостандықтары үшін қорғаныш механизмдерін алдын ала қарастыруы қажет.

    Қарыз алушылар туралы әртүрлі ақпараттарды шоғарландыратын және ерікті ынтымақтастық  сипатында болатын несиелік бюролармен бірге, экономикасы өтпелі елдерде несиелік мәмілелер туралы ақпараттарды міндетті түрде тіркейтін арнайы мемлекеттік мекемелер болуы керек.

    Ақпараттық  асимметрия мәселелерін шешу үшін институционалдық қоры – экономикасы өтпелі елдердің қаржы қауіпсіздігінің қажетті  элементі, сыртқы жағымсыз әсерлерден орнықты банк жүйесін құруға көмектеседі.

    Қазақстан, басқа көптеген нарығы дамып келе жатқан елдердегідей қаржы ынтымақтастық  саласында, әсіресе төмен рентабельдік кәсіпорындар мен шаруашылықтардағы  және залалдың жоғары үлес салмағы бар салаларда, оларға маңызды деңгейде ауылшаруашылықтарды жатқызуға болатын ақпараттық асиметрияның ақпалын өзіне сезеді. Осындай түрдегі ақпараттың басымдығы едәуір банктік тәуекелдерді басқаруды қиындатады.

    Қазіргі жағдайда Қазақстанда несиелік бюроны ұйымдастыру арман емес, шын болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің № 18 17.01.2003 жылғы бұйрығына сәйкес «Несиелік бюро және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» заң жобасын өңдеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына ҚР Ұлттық банктен, Қаржыгерлер ассоциациясынан, Прагма/ЮСАИД корпорацияларынан, екінші деңгейлі банктерден, сонымен бірге әртүрлі жеке банктік операцияларды жүргізетін ұйымдардан құралған өкілдер кіреді.

    ЮСАИД Қазақстанның несиелік бюро мекемесі бойынша жұмысын қаржыландырады. Бірнеше ірі халықаралық несиелік бюроның операторларының өкілдері өткен жылдары біздің елімізге келіп және Республиканың несиелік бюроны құру туралы талпыныстары оларға үлкен әсерін тигізді.

    «Несиелік бюро және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» заң жобасын өңдеу бойынша жұмыс тобы жобаны дайындалудағы өзінің жұмысын аяқтап, оны енді үкіметке қарастыруға тапсырған. Сөйтіп, 2004 жылдың шілде айында «Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақста Республикасының заңы қолданысқа енгізілді. Бұл заңның шығуымен шағын және орта кәсіпорындар үлкен деңгейде жеңіп шығады. Өйткені, олар ұзаққа созылған несиелік тарихы жоқ еді, осыдан банктік несиелер оларға қымбатқа түседі. 

    Қазақстан Республикасының заңы. Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы.

    Осы заң Қазақстан Республикасындағы  несиелік тарихты қалыптастырудың  құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін, несиелік тарихты және пайдалану жүйыесіне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, несиелік бюролардықұруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшеліктерін реттейді.

    1-тарау.  Жалпы  ережелер

    1-бап.  Осы заңда пайдаланылатын  негізгі ұғымдар

    Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар  пайдаланылады:

  1. несиелік тарихтың деректер базасы – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпарат процестеріне негізделген несиелік бюроның ақпараттық ресурстары;
  2. ақпарат берушінің несиелік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі – ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес несиелік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және несиелік бюроға беру жөніндегі іс- әрекеттері;
  3. ақпарат беру және несиелік есептерді алу туралы шарт- осы Заңда көзделген шарттарда және тәртіппен несиелік бюро мен ақпарат беруші арасындағы жасалатын шарт;
  4. ақпарат- несиелік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыратын, электрондық және қағаз түріндегі жеткізушілердегі несиелік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер;
  5. несиелік тарих – несиелік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;
  6. несиелік бюро – несиелік тарихты қалыптастыруды, несиелік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым;
  7. несиелік есеп- несиелік тарихтағы ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;
  8. несиелік есеті алушы – несиелік есепті алуға құқығы бар тұлға;
  9. ақпарат беруші – несиелік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
  10. несиелік есепті беру – несиелік бюроның несиелік тарихтағы ақпаратты беру жөніндегі қызметі;
  11. жазбаша ұйғырым – анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдану туралы несиелік бюроға нұсқау;
  12. несиелік тарих субъектісінің келісімі – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін, несиелік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты несиелік бюроларға беруге не өзі туралы несиелік есепті басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты;
  13. несиелік тарих субъектісі - өздеріне қатысды несиелік тарих қалыптастырылатын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
  14. уәкілетті орган – қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу  мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
  15. шартты және ықтимал  міндеттемелер- орны жабылмағкан аккредитивтер , шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер мен кепілгерліктер;
  16. несиелік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылар – несиелік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, несиелік бюролар, несиелік есептенрді алушылар;
  17. несиелік тарихты қалыптастыру – несиелік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс -әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы.

    2-бап.  Қазақстан Республикасының  несиелік бюролар  және несиелік  тарихты қалыптастыру туралы заңдары

    1. Қазақстан Республикасының несиелік  бюролар және несиелік тарихты  қалыптастыру туралы заңдары  Қазақстан Республикасының Конституциясына  негізделеді және Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінен, осы Заңнан  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

    2. Осы Заң несиелік тарихты қалыптастыру  және несиелік есептер беру, несиелік  бюроларды құру, олардың жұмыс  істеуі және қызметін тоқтатуы, ақпарат берушілердің несиелік  тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Респубилкасының өзге де заң актілері қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледі.

    3. Егер Қазақстан Республикасы  бекіткен халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзге ережелер  белгіленсе, онда халық аралық  шарттың ережелері қолданылады.

    3-бап.  Несиелік тарихты  қалыптастыру және  ақпаратты пайдалану  принциптері 

    Несиелік  тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына    принциптері ескеріле отырып жүзеге асырылады:

    1) несиелік тарих субъектісі келісімінің  болуы;

    2) барлық несиелік тарих субъектілерінің  теңдігі;

    3) ақпаратты, несиелік тарихтың  деректер базасын және ақпараттық  жүйені мақсатты қайдалану;

    4) ақпараттың құпиялылығы;

    5) несиелік тарихтың деректер базасын  және тиісті ақпараттық жүйелерді  қорғауды қамтамасыз ету; 

    6) азаматтардың жеке өміріне қол  сұғылмауы, азаматтардың және  ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғау. 

    2-тарау.  Несиелік бюролардың  қызметі және несиелік  тарихты қалыптастыру  саласындағы мемлекеттік  реттеу, бақылау мен  қадағалау

    4-бап.  Несиелік бюролардың  қызметін реттеуді, юақылауды және  қадағалауды, ақпарат  берушілер мен  несиелік есептердіалушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Информация о работе ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ