Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2011 в 21:03, реферат

Описание работы

Ескерту. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472 Заңымен енгiзiлген өзгерiстер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - III" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 3" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi.doc

— 243.00 Кб (Скачать)

      Осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген  талаптарды орындамаған жағдайда  сот ол адамның тиiстi құқығын  қорғаудан бас тарта алады.   

      9-бап. Азаматтық құқықтарды қорғау  

      1. Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.

      2. Бұзылған құқықты қорғау үшiн  өкiмет билiгi немесе басқару  органына өтiнiш жасау, егер  заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап  қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды. 

      3. Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау).

      4. Құқығы бұзылған адам, егер заң  құжаттарында немесе шартта өзгеше  көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.

      Құқығы бұзылған адам жасаған  немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның  мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның  құқығы бұзылмаған болса, дағдылы  айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.

      5. Мемлекеттiк өкiмет билiгi органының,  өзге де мемлекеттiк органның  заңдарға сай келмейтiн құжат  шығаруы, сондай-ақ осы органдардың  лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс.

      6. Егер тәртiп бұзудың құқықтық  салдарының пайда болуы тәртiп  бұзушының кiнәсiне байланысты болса, заң құжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда, ол кiнәлi деп ұйғарылады.  

      10-бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың

              құқықтарын қорғау  

      1. Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне  қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.

      2. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет  еркiндiгiне кепiлдiк бередi және  оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз  етедi.

      3. Заңдарда тыйым салынбаған қызметтi жүзеге асырушы кәсiпкерлердiң құқықтары:

      1) лицензия берiлетiн қызмет түрлерiнен  басқа кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң  болса да рұқсатын алмай-ақ  жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;

      2) экономиканың барлық салаларындағы  кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр ғана тiркеушi органда тiркеудiң барынша қарапайым өз бетiмен жүргiзетiн тәртiбiмен;

      3) кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттiк  органдар жүргiзетiн тексерулердi  заң құжаттарымен шектеу арқылы;

      4) кәсiпкерлiк қызметтi заң құжаттарында  көзделген негiз бойынша шығарылған сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз тоқтату арқылы;

      5) жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым  салынған, экспорт немесе импорт  үшiн тыйым салынған немесе  шек қойылған жұмыс, тауарлардың  түрлерi мен қызмет тiзбесiн заң  құжаттарында белгiлеу арқылы;

      6) мемлекеттiк органдарды, лауазымды  адамдарды, сондай-ақ өзге де  жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң  қызметiне заңсыз кедергi жасағаны  үшiн олардың алдындағы заңдарда  белгiленген мүлiктiк жауапкершiлiкке  тарту арқылы;

      6-1) атқарушы бақылау және қадағалау органдарына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен осы органдардың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға кiруге тыйым салу арқылы;

      7) заңдарда көзделген өзге де  амалдармен қорғалады. 

      4. Мемлекеттiк қауiпсiздiк, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтiң кейбiр түрлерiн өндiру мен сату мемлекеттiк лицензиялар арқылы жүзеге асырылады. Ондай тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтiң тiзбесi, мемлекеттiк лицензиялар беру тәртiбi заң құжаттарымен немесе оларда белгiленген тәртiппен белгiленедi.

      5. Коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпия  заңмен қорғалады. Коммерциялық  құпия болып табылатын мәлiметтердi анықтау тәртiбi, оның қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына енбейтiн мәлiметтер тiзбесi заңдарда белгiленедi.

      6. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау  осы Кодексте немесе өзге де  заң құжаттарында көзделген құралдармен  қамтамасыз етiледi.

      Әрбiр тұтынушының, атап айтқанда:

      - тауарлар сатып алу, жұмыс  пен қызметтi пайдалану үшiн  еркiн шарт жасасуға;

      - тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң)  тиiсiнше сапалы және қауiпсiз  болуына;

      - тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде толық және анық мәлiмет алуға;

      - тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына  бiрiгуге құқығы бар.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң  1996.01.27. N 2835 Жарлығымен, Қазақстан Республикасының  1997.07.11. N 154, 1998.07.10. N 283 Заңдарымен.  

      11-бап. Кәсiпкерлiк еркiндiгiн пайдаланып  қиянат

              жасауға жол бермеу  

      1. Заңды бәсекелестiктi шектеуге  немесе жоюға, негiзсiз артықшылықтар  алуға, тұтынушылардың құқықтары  мен заңды мүдделерiне қысым  жасауға бағытталған монополистiк және қандай болса да басқа қызметке жол берiлмейдi.

      2. Заң құжаттарында көзделген  реттердi қоспағанда, кәсiпкерлердiң  азаматтық құқықтарды бәсекелестiктi шектеу мақсатында пайдалануына, соның iшiнде: 

      1) кәсiпкерлердiң рыноктағы өздерiнiң үстем жағдайын пайдаланып, атап айтқанда, тауар тапшылығын жасау немесе бағаны көтеру үшiн тауар өндiрудi шектеу немесе тоқтатып тастау, не айналыстан алып тастау арқылы қиянат жасауына;

      2) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi адамдардың баға, рыноктарды бөлiсу, басқа кәсiпкерлердi аластау туралы және бәсекелестiктi едәуiр шектейтiн өзге де жағдайлар туралы келiсiмдер жасасуына және оларды орындауына;

      3) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi  адамның және тұтынушылардың  заңды мүдделерiне қысым көрсетуге бағытталған терiс пиғылды әрекеттер жасауына (терiс пиғылды бәсекелестiк), атап айтқанда, тұтынушыларды басқа кәсiпкердiң тауар дайындаушысы, дайындау мақсаты, әдiсi мен орны, сапасы және өзге де қасиеттерi жөнiнен шатастыру арқылы, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпаратта әдепсiздiкпен салыстыру, бөтен тауардың сыртқы безендiрiлуiн көшiрiп алу арқылы және басқа да әдiстермен шатастыруына жол берiлмейдi.

      Терiс пиғылды бәсекелестiкке  қарсы күрес жөнiндегi шаралар  заң құжаттарымен белгiленедi.  

2-тарау. Азаматтық  құқықтардың субъектiлерi  

  Параграф 1. Қазақстан Республикасының азаматтары

және басқа  жеке тұлғалар  

      12-бап. Жеке тұлға ұғымы  

      Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға қолданылады.  

      13-бап. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi  

      1. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.

      2. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi  ол туған кезден басталып қайтыс  болған соң тоқтатылады.  

      14-бап. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң

              негiзгi мазмұны  

      Азаматтың Қазақстан Республикасы  шегiнде де, одан тыс жерлерде  де мүлiктi, соның iшiнде шетел  валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға  алып, мұраға қалдыруға; республика  аумағында еркiн жүрiп-тұруға және  тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады.  

      15-бап. Азаматтың есiмi  

      1. Азамат өз фамилиясы мен өз  есiмiн, сондай-ақ, қаласа, әкесiнiң  атын қоса, өз атымен құқықтар  мен мiндеттерге ие болып, оларды  жүзеге асырады.

      2. Заңдар бойынша азаматтардың  жасырын түрде құқықтар иеленiп,  мiндеттердi жүзеге асыратын жағдайлары  немесе бүркеншiк ат (ойдан шығарылған  есiмдi) пайдаланатын реттерi көзделуi  мүмкiн. 

      3. Азаматтың туған кезде берiлген  есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс.

      4. Азамат өз есiмiн заң құжаттарында  белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге  құқылы. Есiмiн өзгерту оның бұрынғы  есiмiн, жасырын немесе бүркеншiк  атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды.

      5. Азамат өзiнiң борышқорлары мен  несие берушiлерiне өз есiмiн  өзгерткенi туралы хабарлау үшiн  қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi  және бұл адамдарда оның есiмi  өзгертiлгендiгi туралы мәлiметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етедi.

      6. Есiмiн өзгерткен азамат өзiнiң  бұрынғы есiмiне ресiмделген құжаттарға  тиiстi өзгерiстер енгiзiлуiн талап  етуге құқылы.

      7. Басқа бiр адамның есiмiмен  құқықтар мен мiндеттер иеленуге жол берiлмейдi.

      8. Азамат өз есiмi оның келiсiмiнсiз  пайдаланылған жағдайда, оған тыйым  салынуын талап етуге құқылы.

      9. Азаматтың есiмiн заңсыз пайдалану  нәтижесiнде оған келтiрiлген зиян  осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес  өтелуге тиiс.

      Азаматтың есiмi оның абыройына,  қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне  нұқсан келтiретiн әдiстермен немесе  сондай нысанда бұрмаланған не  пайдаланылған жағдайда осы Кодекстiң  143-бабында көзделген ережелер  қолданылады.  

      16-бап. Азаматтың тұрғылықты жерi  

      1. Азамат тұрақты немесе көбiнесе  тұратын елдi мекен оның тұрғылықты  жерi деп танылады.

      2. Он төрт жасқа толмаған адамдардың  немесе қорғаншылықтағы азаматтардың  тұрғылықты жерi олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жерi болып танылады.  

      17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi  

      1. Азаматтың өз әрекеттерiмен  азаматтық құқықтарға ие болуға  және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап,  оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.

      2. Заң құжаттарында он сегiз  жасқа жеткенге дейiн некелесуге  рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз  жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi