Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2011 в 21:03, реферат

Описание работы

Ескерту. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472 Заңымен енгiзiлген өзгерiстер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - III" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 3" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi.doc

— 243.00 Кб (Скачать)

      41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары  

      1. Егер осы Кодексте және Қазақстан  Республикасының заң актiлерiнде  өзгеше көзделмесе, заңды тұлға  өз қызметiн жарғысы және құрылтай  шарты негiзiнде, немесе eгep заңды  тұлғаны бiр тұлға құрған болса,  жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай алады.

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып  табылатын заңды тұлға өз қызметiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi  мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының  негiзiнде жүзеге асыра алады. 

      2. Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.

      3. Коммерциялық емес ұйым мен  мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай  құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң  мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.

      Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк  қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң  құрылтай құжаттарында олардың  қызметiнiң мәнi мен мақсаттары  көзделуi мүмкiн. 

      4. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар)  заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.

      Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.

      4-1. Жалғыз құрылтайшының шешiмi  заңды тұлғаны тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаны  тағайындау, мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару)  шарттары туралы шешiмдi және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.

      Жалғыз құрылтайшының - заңды  тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының  заңдарына және осы заңды тұлғаның  жарғысына сәйкес оның осындай  шешiм қабылдауға құқығы бар органдары, лауазымды адамдары немесе қызметкерлерi қабылдайды.

      5. Заңды тұлғаның жарғысында: онда  оның атауы, тұрғылықты орны, оның  органдарын құру тәртiбi және  олардың құзыретi, оның қызметiн  қайта құру мен тоқтату ережелерi белгiленедi.

      Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi.

      Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн  басқа да ережелер болуы мүмкiн.

      6. Бiр заңды тұлғаның құрылтай  шарты мен жарғысы арасында  қайшылықтар болған жағдайда:

      1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса,  құрылтай шартының

      2) егер олардың қолданылуы заңды  тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында  маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс.

      7. Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.

      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30 Заңымен, 1997.06.19. N 132, 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.04.22. N 221, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416 Заңдарымен.  

      42-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк  тiркеу және

              қайта тiркеу  

      1. Заңды тұлға әдiлет органдарында  мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс.  Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда  белгiленедi.

      2. Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiледi.

      3. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден  өткен кезден бастап құрылды  деп саналады.

      4. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi.

      Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары  өзгерген жағдайда қайта тiркелуге  жатады.

      5. Заңды тұлға құрудың заңда  белгiленген тәртiбiн бұзу немесе  оның құрылтай құжаттарының заңға  сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.

      Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны  үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.

      6. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 

      1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;

      2) атауы өзгергенде;

      3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың  құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi  қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.

      Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.

      Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер  мен толықтырулар енгiзiлген ретте  заңды тұлға бұл туралы тiркеушi  органды бiр айлық мерзiмде  хабардар етедi.

      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан  Республикасының  1996.07.15. N 30-I, 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416, 2005.07.08. N 72 (қолданысқа  енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)  Заңдарымен.  

      43-бап. Филиалдар мен өкiлдiктер  

      1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен  тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң  бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның  iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге  асырушы оқшау бөлiмшесi филиал  болып табылады.

      2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.

      3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды  тұлға болмайды. Бұларға өздерiн  құрған заңды тұлға мүлкi берiледi  және оның бекiткен ережелерi негiзiнде  жұмыс iстейдi.

      4. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық  бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен  өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.

      Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық  бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен  өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни  бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.

      Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың  филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң  басшыларын заңды тұлға уәкiлдiк  берген орган тағайындайды және  оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.

      Ескерту. 43-баптың 4-тармағы жаңа  редакцияда - Қазақстан  Республикасының  1996.07.15. N 30-I, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу  тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

      44-бап. Заңды тұлғаның жауапкершiлiгi  

      1. Арнайы қаржы компанияларынан,  құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттiк мекемелерден және  қазыналық кәсiпорындардан басқа  заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi  бойынша өздерiне тиесiлi барлық  мүлiкпен жауап бередi.

      Мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

      Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi  бойынша өз билiгiндегi ақшамен  жауап бередi.

      Мемлекеттiк мекеме ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жауапты болады.

      Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi  бойынша өз билiгiндегi ақшамен  жауап бередi.

      Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз  болған жағдайда оның мiндеттемелерi  бойынша Қазақстан Республикасы  Үкiметi немесе тиiстi әкiмшiлiк  аумақтық бiрлiк субсидиарлық  жауаптылықта болады. Шарттық мiндеттемелер  бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк  кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.

      Мемлекеттiк тапсырысты орындау  шеңберiнде қазыналық кәсiпорындармен  және мемлекеттiк мекемелермен  жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелер  Қазақстан Республикасының Үкiметi  белгiлеген тәртiппен тiркелуге тиiс.

      Арнайы қаржы компаниясы өз  мiндеттемелерi бойынша Қазақстан  Республикасының секьюритилендiру  туралы заңнамасында көзделген  тәртiппен жауап бередi.

      2. Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе оның мүлкiнiң меншiк  иесi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы Кодексте, өзге заң актiлерiнде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар қосылмайды.

      3. Егер заңды тұлғаның банкроттығы  оның құрылтайшысының (қатысушысының)  немесе оның мүлкiнiң меншiк  иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған  болса, заңды тұлғаның қаражаты  жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.

      4. Заңды тұлға үшiншi тұлғалардың  алдында заңды тұлғаның органы  құрылтай құжаттарында белгiленген  өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланып  қабылдаған мiндеттемелерi бойынша жауап бередi, бұған осы Кодекстiң 159-бабының 11-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды.

      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320, 1999.11.04. N 472, 2003.05.20. N 417, 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

      45-бап. Заңды тұлғаны қайта  құру  

      1. Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту)  оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе  меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.

      Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы  қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, арнайы қаржы компаниясын  қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру,  сақтандыру қызметi және секьюритилендiру  туралы заңнамада көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады. R970070 Р970819 V001180

      Акционерлiк қоғамдарды қайта  ұйымдастыру Қазақстан Республикасының  акционерлiк қоғамдар туралы заң  актiсiнде белгiленген ерекшелiктер  ескерiле отырып жүзеге асырылады.

      2. Қайта құру ерiктi түрде немесе  ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.

      3. Заң құжаттарында көзделген  реттерде ықтиярсыз қайта құру  сот органдарының шешiмi бойынша  жүзеге асырылуы мүмкiн.

      Егер заңды тұлғаның мүлкiн  меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасың Азаматтық кодексi