“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

            Жаңа экономикалық қатынастарды орнату тұрғындардың материалдық жағдайына байланысты әруақытта тәуекел өсіміне алып барады.Банктің негізгі кескіні ретіндегі ,жинақ түріндегі депозиттер бұл этапта үлкен мәнге ие.

            Банк пен клиент арасындағы қарым қатынас ерік негізінде ,банк жағынан –қызмет көрсету ,ал клиент –қаражат салымшысы ретіде болады.

           Клиенттермен жұмысында Банк саясаты ұзақ мерзімді қызмет етумен жіне жекелеген әдіс негізінде құрылады.Байланыстың қазіргі құралдары және жұмысты тиімді ұйымдастыру төлемді нақты  уаұыт режимінде төлеуді  қамтамасыз етеді. Және де Центр Кредит Банкі АҚ  тарифтері басқа банктің тарифтерінен аспайды.Жұмсақ саясаттың депозиттік пайыз ставкасына қатынасы тартылған қаражаттың,теңгеде  және валютадағы көлемі н өсіруге мүмкіндік жасайды.Соңғы 5 жылда тартылған қаражаттар көлемі 10 есе  өсіп ,2007 жылдың маусымында 4 млрд. Теңгеден артық соманы құраған (27%үлесінде)

           Банктер және банктік қызмет туралы ҚР Заңның 30 бабына сәйкес Центр кредит Банкі  АҚ Атырау облыстық бөлімшесі келесі қызметтер түрлерін атқарады:

          Депозиттер қабылдау,қаржылық ұйымдардың корреспонденциялық шоттарын  және банктің металл шоттарын енгізу және ашу ,кассалық оперциялар,  аударым  операциялар ,есептік операциялар, қарыздық  операциялар, клиринг сейфтік операциялар, инкассаға қабылдау, төлем құжаттарының акцепті,инкассация ,шетел валюталарын ауыстыру ,кепіл қабылдау ,бағалы металдарды сақтау ,лизингтік операциялар.

         Үстеме операцияларды реттеу үшін банкте негізгі клиенттерден (біртіндеп банкке маңызды көлемде  төлем құжаттарын тапсырушылар )құжаттар қабылдау графигін енгізген. Клиенттерден Банк өызметкерлерінің әрекетіне шағымды және басқа  да хаттарды банк экспедициясы немесе бас бухгалтердің  өзі қабылдайды.Бұл туралы клиент ілінген хабарлама арқылы біле алады.

              Бұдан басқа Банкте халықаралық стандарттарға сай плстикалық карталармен қызмет көрсету жүйесі енгізілген. Ұлттық және шетел  валюталармен банк операцияларын жасауға берілген Ұлттық банктің бас лицензиясымен қолданыстарғы заңдылықтарға сәйкес өз ісін халықаралық банк істері стандарттары негізінде жүргізіп келеді.

Жалпы шартында қолданыстағы заңдылықтар басшылыққа алынып, банк саясаты ескеріле отырып жасақталған. Олар негізінен Жаплы шартта көрсетілген, есеп шоттарды ашу, жабу және  жүргізу, төлем ақыларды іске асыру тағы да басқа Ережерлерге қатысты. Ыңғайлы болу үшін ол барлық клиенттерге таратылады.

Жалпы шартта банкте бір немесе бірнеше шоты бар клиенттер үшін түрлі  топтама қызмет көрсетуде Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынас реттеледі. Қандай қызмет түрлерін қажет ететіндігін  Клиент таңдайды. Банк клиентттен қызмет ақысынтек қана нақты көрсеткен қызметі үшін ғана ұстайды. Егер клиент банк ұсынған топтамада көрсетілген қызмет түрлерін толық пайдаланбаса да, осы Жалпы Шарт толық кшіндеболып,  әрекет етуі жалғаса береді .

Келісім шарттың соңғы бетіндегі  клиенттің қолы, клиенттің осы Жалпы Шартты алып, танысып, оны қабылдап келіскендігін куәладырады.

Кейбір қызметтер, оның ішінде салымдар (депозиттер), кепілдіктер, аккредитивтер, несиелер және құнды қағаздармен жұмыстардың шарттары бөлек, арнайы келісім шарттармен  реттеліп, келісілуі  мүмкін. Бұлжағдайда екі келісім-шартта қолданылады. Жалпы шартпен арнайы шарт аралығында пікір қайшылығы туған жағдайда, арнайы шарттың күшібасым болады.

Жалпы шарт мәтінінде  бас әріппен  жазылған терминдер, егер басқа түсініктер мәтінбойында берілмегенболса, осы Жалпы шартта оларға берілген түсінікті иемденеді.

 

 

Шоттарды ашу және жүргізу.

 

Банк клиент пен  банк арасындағы шоттарды ашу туралы келісім шарттқа сәйкес, шот ашутуралы хабарламада көрсетілген барлық қажетті құжаттарды алып болғаннан кейін клиент шоттарын ашады.

Өз кезеңінде банк егер Қазақстан заңдылығы немесе Банк саясаты талап еткен жағдайда   шот ашу үшін жинақталатын құжаттар тізіміне өзгерістер енгізуге құқылы.

Шотқа қатысты өзгерістер болған жағдайда (компанияның заңды тұлғалық статусы өзгерсе, клиент атынан қол қою құқығы берілген тұлғалардың аты, жөні өзгерсе) Клиент кешіктірмей Банкке жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Кез-келген мұндай өзгерістер, Банк өзгеріс енгізілгенін растайтын құжаттарды  алғаннан  кейін ғана күшіне енеді. Банк өзгеріс енгізілгені тұралы құжаттарды сұрауға құқылы, ал Клиент жинақтап әкеліп беруге міндетті.

Клиент  үшін шот қолданыстарғы заңдылықтар аясында және Жалпы шартта көрсетілгендей басқа шоттарға  қаржы аудару үшін немесе қолма-қол ақша алу үшін қажет.

Банк пен Клиенттің келісімі бойынша қаржы қай филиалдағы шотқа түссе,тек қана сол филиалдан беріледі.

Банк Клиенттің тапсырмасы бойынша шоттағы ақша көлемінде  келісілген Овердрафт қалдығы шеңберінде ғана, егер бұндай Овердрафт қолданыстағы заңдылықтарға қайшы келмесе есеп айырысу жұмыстарын жүргізеді.  

Егер клиент шотындағы қаржы жеткіліксіз болса, Клиенттің тапсырысын Банк кері қайтаруға құқылы. Банк бөлшек-бөлшек төлем аударуға міндетті емес.

Банк шоттқа келіп түскен сомаға сол күні несие бермейді (осы аударым үшін қызмет ақысын ұстап қалғанда), Шотқа қатысты,  өсім есептелетін қалдық үшін валюталық күні, сол мезгілде әрекет етуші валютирования ережесіне сәйкес болады (ол алдын-ала хабарлаусыз мезгіл-мезгіл өзгеріп тұрады).  Бұндай аударымдар үшін төленетін қызмет ақысы мезгіл-мезгіл нақтыланып отырады. Келісім-шартқа қол қойғаннан кейін қызмет ақысы шоттан Клиенттің қосымша келісімінсіз  алынып отыруы мүмкін.

Шот бойынша әрбір кредиттік қимыл (проводка) Банк кредиттейтін соманы растайтын құжат алғаннан соң ғана  жүргізіледі. Бұл растаушы құжат Банкке мезгілімен және бекітілген тәрті бойынша берілуі керек. Чекпен жұмыс кезінде егер растаушы құжат Банкке өз мезгілінде және белгіленген тәртіп бойынша түспесе, Банк  осы қимылды жоюға (аннулировать) құқылы.

Банк клиент шоты бойынша іс-қимылдан қате жіберген жағдайда шоттың көшірмесін растаушы құжаттарды және басқа да ақпараттарды бергенде Банк Клиентке хабарлауға міндетті және тез арада қате жасалағн есеп айырысуларды түзеп, орнына келтіруге тиіс. Банк кредит немесе дебет іс-қимылдары арқылы  клиентпен алдын-ала келісімсіз-ақ  қателерді түзеуге құқылы. Егерде бұндай қателер банк қызметкерінің салақтығынан, сауатсыздығынан болмаса, қателерді түзету барысында болған шығын үшін  Банк жауапты болмайды.

Банктен берілген шоттағы іс-қимыл көшірмесі клиенттің бұндай қателердің орын алғандығы жөнінде  білетіндігінен хабардар етеді.

Егер клиент шоттағы іс-қимыл көшірмесін алғаннан кейін қарсы уәж айтпаса,   

кейін бұл жөнінде хабарсызбын айта алмайды. Клиент банктен алған барлық ақпаратты сол мезетте толық тексеру керек(растаушы құжаттар, шоттағы іс-қимыл көшірмесі, т.б.) Бұдан басқа клиент Банк өткізген әрбір іс-қимылдң, тапсырыстың дұрыстығына көз жеткізуі тиіс. Егер клиент қандай да болмасын кемшілік байқаса, ол тез арада Банкпен хабарласып, анықтауға, нақтылауға міндетті.

Егер тапсырыс орындалғаннан кейін, қаржы  аударылғаннан соң  3 ай бойы клиент тарапынан Банктен алынған ақпараттар  бойынша ешқандай қарсы уәж айтылмаса, клиент жүргізілген іс-қимылдардың дұрыстығын құптаған болып есептеледі. Бұдан соң клиент Банктен сол уақытта жасалған қате іс-қимылды  түзетуді талап ете алмайды және осы жіберілген қате іс-қимыл нәтижесінде болған  шығынды өндіруге де  дәрменсіз болады. Егер құжатта арифметикалық қателер  болса, 3 ай өтіп кетсе де Банк бұндай қателерді түзетуге құқылы және міндетті.

              Шетел валютасымен операциялар жүргізуге арналған шетел валютасындағы шотты ашу және жүргізу кезінде шетел валютасына байланысты мемлекеттік органдар тарапынан болуы мүмкін  шектеулер мен шетел валютасына бақылау, және  шоттағы тұрған ақшаға қатысты салық , басқа да міндетті төлемдерге байланысты клиент өзі  жауапты болады.

              Шетел валютасына қатысты барлық операциялар басқа заңдылқтар қарастырылмаса, банктегі шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз, аудару арқылы жүргізіледі.

 

 

Ақша қаражатын аудару

Егер заңдылықта басқаша қарастырылмаса, банк барлық операцияларды клиент белгілеген кезек бойынша жүзеге асырады.

Клиент  шоттағы ақша қаражатын өзі құқық берген жеке тұлға  (сенімді өкіл)  арқылы, Банкке белгіленген стандарт түріндегі жазбаша тапсырыс беру негізінде шот ерекшеліктеріне қарай, егер басқаша келісім қарастырылмаса, шоттағы қаражатын толық пайдалана алады. Жазбаша тапсырысқа қол үлгісінде көрсетілген жауапты тұлғалардың қолдары қойылуы міндетті.

Кез-келген басқа тапсырыс беру әдістері Банк пен Клиент арасында арнайы жазбаша түрде келісілуі тиіс, содан кейін ғана Банк мұндай тапсырысты орындауға қабылдайды.

Егер тапсырыс анық, толық толтырылмаса, жауапты тұлғалардың қолы қойылмаса, немесе қолданыстағы заңнамаларға сәйкес талап етілетін мәліметтер болмаса, қарындашпен толтырылса, өзгертулер мен түзетулер болса, және шетел валютасына қастысты қолданыстағы заңдылыққа қайшы келетін болса, ондай тапсырыстарды Банк орындауға қабылдамайды.  Мұндай жағдайда қабылдамау себептерін көрсетіп, клиентке тапсырысты қайтарады және нәтижесінде болған шығындар үшін  Банк жауапты болмайды.

 

Конвертациялау қызметі

 

Клиент конвертациялау  және конвертацияланған қаржыны пайдалану шарттары бойынша қолданыстағы заңнамаларды сақтауға міндетті.

Конвертация   шоттағы қалдық ақша көлемінде, белгіленген немесе Банк пен Клиент арасында келісілген үлгіде дайындалған сұраныс негізінде  жүзеге  асырылады.

Конвертация курсы  Банк пен клиент арасында келісіледі. Банк қолданыстағы заңдылықтарға және шоттағы бар қаржыға сәйкес

      а) шетел валютасын қазақстандық теңгеге (FCY-KZT)

      б) қазақстандық теңгені шетел валютасына KZT-FCY)

      в) шетел валютасын басқабір шетел валютасына (FCY-FCY)

          конвертациялайды. (ауыстырады)

Клиент өзінің осы банкте шетел валютасымен жұмыс жасау үшін ашылған кез-келген шотынан қазақстандық теңгемен төлем жасау қажеттілігі болған жағдайда, керек мөлшердегі  соманы қазақстандық теңгеге айналдыруға сұраныс беруге құқылы.

 

Жедел байланыс құралдарын пайдалану

 

Клиенттің шоттағы қаржыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарын банктің   қандай байланыс құралдарын (электронды немесе факстік) пайдалану арқылы қабылдайтынын туралы Банк растамасын (подтвержение) алуы  қажет. Егер ол болмаған жағдайда Банк өзі қандай байланыс құралын пайдаланатынын анықтайды, клиент онымен келіседі.

Банк клиент тарапынан түскен барлық хабарламаны анық және нақты деп   қабылдап, барлық төлемді өткізеді және барлық нұсқаулықты хабарламада көрсетілгендей етіп, қосымша растамасыз, қосымша ақпаратсыз толық орындайды.  Осы банкпен клиент арасындағы келісілген байланыс құралдарын басқа бір тұлғаның пайдалануына жол берілсе, ол үшін клиент жауапты болады. Банк осы байланыс құралы арқылы клиенттен алынған хабарламаның анықтығы мен дәлдігіне жауапты болмайды.  Клиенттен алынған хабарламаның нақтылығы мен дәлдігі  өте күдікті болса, клиент орындамауға құқылы.    

Банк клшиенттен  түскен нұсқаулықтарды тек қана, шоттағы қаржының көлемінде ғана орындайды.

Факс арқылы берілген хабарламаның түпнұсқасы банк төлемді  жүзеге асырғаннан  кейін, 7 күннен кешіктірілмей банкке берілуге міндетті.  Бұл ереже қандай да бір қателікті  жібермеу үшін ғана емес, қолданыстағы заңдылық талаптары негізінде сақталуы тиіс.

 

Банк қызметі үшін төленетін ақы

 

Клиент Банк қызметі үшін ақы және нұсқаулықтарын орындау барысындағы барлық  шығындарын егер банк пен клиент арасында басқаша жағдай жазбаша келісілмесе, қандай валютада операция жүргізсе, сол валютада төлеуге кепілдік береді,.

Белгіленген мерзімде Бакн клиенттің шотынан өзі көрсеткен қызметі үшін комиссия сомасын тікелей дебеттеу арқылы   алып тұруға құқылы. Өз кезегінде клиент ай сайынғы комиссия сомасына келіспесе, дәләлдеп, анықтауға құқылы.

Банк шоттың көшірмесіне комиссия ұсталғаны жөніндегі растаманы қосуға  және соңынан көшірмеден  толық ақпарат ала алмайтындай жағдайда банк қызметі үшін ұсталған  ақы бойынша жазбаша толық ақрпарат беруге  міндетті.

 

Шоттарды жабу

Банк немесе Клиент шоттар туралы келісім шартты бұзу туралы бір-біріне жазбаша түрде, жауапты  адамдардың қол қолдары қойылған хатпен, нақты операцияларды тоқтатуға 5 жұмыс күні бұрын хабарлауға құқылы.

Клиент қолданыстағы заңдылықтарды сақтамаса, банктегі шоттарына қатысты өз міндеттерін орындамаса, шотта қаржы жетіспеушілігі болса, басқада Банк үшін теріс жағдай орнығатын жағдайларда, және Клиент банкротқа ұшыраса болмаса таратылса  Банк біржақты шоттар туралы келісім шарттың күшін жойғандығы жөнінде хабарлауы мүмкін, осы арқылы шоттан операция жасауды тоқтатады.  Бұндай жағдайда клиенттің банк алдындағы міндеттері толық және тез арада орындауға жатады.

Банктегі шоттар туралы келісім шарт тоқтатылғаннан кейін,   Клиент және Банк аяқталмай қалған барлық міндеттері мен тапсырыстарды  толық орындайды. Банктің Клиентке қояр талабын Клиент толық қабылдайды. Егер кейбір жекелеген күшінде қалатын жауаптылық тоқтату мүмкіндік болмаса (банктік кепілідк» банк аккредитиві т.б.) , Клиент Банктің талап етуі бойынша осыміндеттердің орындалуын қамтамасызетуге міндетті.

Клиентпен Банк арасындағы барлық міндеттер орындалып болған соң, банк шотындағы барлық қаржы, егер бұл қолданыстағы заңдылыққа қайшы келмесе,  клиентке қолма-қол ақшалай беріледі немесе клиенттің жазбаша ұсынысы бойынша басқа банктегі шотқа аударылады. 

 

Құпиялылық

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі