“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

-         Кепіл үшін қосымша жылжымайтын мүлік қойылғанда, бұл жағдайда алынатын несие мөлшері барлық кепілге қойылған жылжымайтын мүліктердің нарықтық бағасын қосып  алғандағы мөлшердің 75 пайызынан аспауы тиіс. Қосымша кепіл қоюдан босату уәкілеттілігі бар филиалдың несие комитетінің шешімімен алынады.

-         1.2.1.6. Кепілдік үшін басқа жылжымайтын мүлік қойылған жағдайда, 1 ай мерзімнен соң алынған несиенің өзмақсатында жұмсалуы тексеріледі және мониторинг жүргізіліп, несие инспекторындағы  несие делосына  сату және сатып алу келісімінің көшірмесі салынады.

-         Тұрғын үйне берілетін несиенің ең жоғарғы сомасы сатып алынатын үйдің  нарықтық бағасының 95 пайызын құрайды. 100 пайыз несие егер  алғашқы жарнаның орнына міндетті түрде сақтандырылған    қосымша кепілге жылжымайтын мүлік салса.

 

1.2.1.8. Бас кеңсенің уәкілетті органы ең төменгі үстеме ақыны белгілейді.

1.2.1.9. Талап ету құқығын беру туралы келісімде көрсетілген  шарттар бойынша берілген несиені талап ету  құқығы басқа банкке немесе «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ-на берілуі мүмкін.

1.2.1.10. «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ-ның несие беруі мен қызмет көрсетуі, талап ету құқықтары аталған компанияның веб-сайтында орналастырылған, нормативтік акттердің талаптары негізінде  жүргізіледі.

 

Жөндеу жұмыстары үшін несие беру.

 

1.2.1.11. Тұрғын үйді жөндеуге берілген несие үшін кепідікке  сол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үйді немесе несие алушының иелігіндегі басқа бір жылжымайтын мүлікті салуға болады.

1.2.1.12. Тұрғын үйді жөндеу жұмыстары үшін берілетін нсиенің ең жоғарғы мөлшері , кепілдікке салынатын жылжымайтын мүліктің 70 пайызынан аспауы, және бұл жағдайда берілетін несиенің жалпы мөлшері 6 млн тенгеден көп болмауы тиіс.

1.2.1.13 Егер жөндеуге жататын сол кепілдікке салынған тұрғын үй болса, несие инспекторы жөндеу біткеннен кейін үйді барып көреді.

Несие алу жөніндегі келісім шартта және ипотекалық шартта үйдің болжалсыз арзандап кетуінен сақтану үшін, кредиторға кепілге салынған жылжымайтын мүлікті қайта бағалау қарастырылады.Егер мемлекеттік органдар тарапынан несие алушыға заңдылықты бұзғандығы жөнінде немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс нормаларының сақталмауы сияқты  талаптар болса,  Банк келісімді мерзімінен бұрын біржақты бұзуға шешім қабылдап, келісім шартта көрсетілген міндеттерді  мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге  құқылы.

Сапасыз жөндеу жүргізу арқылы кепілге салынған үйдің бағасы төмендейтін болса,  ипотекалық келісімнің  шарттарына сәйкес Банк айып санкцияларын қолдануға құқылы. 

1.2.1.14. Ипотекалық тұрғын үй займының көлемін анықтау үшін жөндеу жұмысының сметалық құны жән осы көрсетілген құнның тұрғын үйдің бағалау құнына қатысы негіз болып алынады. 

1.2.1.15. Жөндеу жұмыстарына ипотекалық несие алу үшін несие алушы жөндеу жұмыстарының сметалық құнын растайтын құжаттар тапсыруы тиіс.

 

14. Несие портфелінің құрылымы мен сапасы

 

Несие портфелін қалыптастыру мен оны басқару банк қызметінің негізін қалайтын істердің  бірі болып саналады. Сапалы несие портфелі банктің өтемпаздығына, сенімділігіне оң әсер етеді.  Банктің сенімділігі акционерлер үшін, кәсіпорындар үшін және салым салған, оның қызметін пайдаланып отырған халық үшін де өте маңызды. Банктің жинақты жоғалтуы мыңдаған салымшылар мен  көптеген шаруашылықтардың капиталына өз әсерін тигізеді. Оның қаржылық тұрақсыздығы мемлекеттің  несие жүйесіне деген сенімнің төмендеуіне, ал ол өз кезегінде экономиканың басқа да салаларына кері  әсерін тигізіп отырады.

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.

Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз  (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз  клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде  банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің нақты капиталын өсіріп, банктің экономикалықдамуына жұмсалуы мүмкін несие ресурсын босқа шашып алады.

              Несие портфелін басқаруда актив пен пассивтің  мерзімдерін басқару жүйесін өзгерту, тиісінше үстемелердің айырмасы және соңында табысты басқару үлкен маңызға ие.     Әрбір табыс көзінің өзіне  ғана тән мінездемелері, өзгермелілігі, талаптары бар. Оларды басқаруға жол – қаржы ресурстарын конверсиялау  әдісі, олардың әрқайсысын жеке дара қарастырады. 

 

Несие портфелін басқару-Банктің несие саясатының маңызды бөлігі

 

Несие алу мен беру саласындағы  стратегиялық жоспарлары мен әдістері  Банктің несие саясатының негізін қалайды. Әр банк  саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа факторларны ескере отырып, өзінің жеке  несие саясатын қалыптастырады. Несие саясатын қалыптастыруда Банк берген несиелері  банк табысының негізгі бөлігін қалыптастыратынын назарда  ұстайды. АҚШ-тың депозиттерді сақтандыру Федеральды корпорациясының жасақтаған , несие саясатының негізгі бағыттары жинақталған құжатты талдай отырып, банктің несие саясаты  негізінен несие портфелін қалыптастыру мен басқаруға байланысты.

Атап айтқанда:

-Несие портфелі анықталатын мақсаттар (түрі, қайтару  мерзімі, көлемі, несие сапасы);

- Пайыздық үстеме белгілеудің тәжірибесі мен саясатын талдап көрсету;

- Барлық несиенің сапасы анықталатын стандардтарды  талдап көрсету;

- берілетін несиенің жоғарғы шегін белгілеу;

- Несиенің негізгі  бөлігі берілетін бөлікті, қызмет көрсететін аймақты, саланы, экономикалық секторды талдап көрсету;

- «Қиын» (проблемный) несиелердің мінездемелерін,    оларды талдау нәтижелерін және  пайда болған қиындықтардан шығу  жолын толық қарастыру.

Банктің несие портфелін қалыптастыруға әсер етуші  факторлардың бірі банк қызмет ететін нарықтың ерекшеліктерін баса айтуға болады.  Әрбір банк өзі таңдаған экономика секторындағы негізгі    клиенттердің қандай несиеге сұранысы барына ерекше көңіл бөліп, қадағалап отыруы тиіс. Несие саясатын талдауда банк ,  оптималды несие саясатын қалыптасыруды анықтап алу мақсатында   несие портфелін қалыптастыруда ерекше көңіл бөлінуге тиіс салаларды белгілейді . Ол төмендегідей түрлерге бөлінуі мүмкін:

Заңды тұлғаларға несие беру саясаты (өндіріс орындар, кәсіпорындар, ауылшаруашылығы, сауда, т.б) және жеке тұлғаларға несие беру саясаты. Бұдан басқа  несие портфелінің құрылымы банк капиталының мөлшеріне де қатысты.  Несие алушыға берілетін ең жоғарғы сома осы банк капиталына тікелей байланысты.

 

V. Банкілік маркетинг

15. Маркетингілік өнімдер қызметін жоспарлау және ұйымдастыру

 

 

«ЦентрКредитБанк» - әмбебап банк, оның басты мақсаты шағын және орта бизнестің дамуына, Қазақстанда және ТМД елдерінде орта деңгейдегі класстың жетілуіне үлес қосу.

Банктің әрбәір қызметкерінің міндеті –клиенттерге кәсіби, сапалы және жылдам қызмет көрсету.

 

   «ЦентрКредитБанк» -Қазақстанның ең ірі банктерінің бестігіне кіретін іргелі банктердің бірі, Қазақстан нарығындағы үлесі 9 пайыздан төмен емес. Бұл мекеме ТМД-ның 15 ірі коммерциялық банктерінің қатарынан орын алған, көптеген структуралық банк филиалдар жүйесі бар  потенциалды мекеме.

 

Банктің 2006-2008 жылдарға арналған басты мақсаттары:

 

Банктің 2006-2008 жылдарға арналған таяу болашақтағы стратегиялық жоспарлары:

1.      Бизнестің нарықтық құнын арттыру;

2.      Банк активінің нарықтағы үлесін 9 пайызға жеткізу

 

2006-2008 жылдарға арналған банктің басым бағыттары:

 

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін банк өз жұмысының жетілдіре түсуге тиісті  басым бағыттарын анықтады:

1.      Нарық сегментінде Банктің нарықтық үлесін көбейту;

2.      Капиталдың жеткілікті деңгейін ұстап тұру;

3.      Бизнестің рентабельділігін қолдау;

4.      Клиенттік базаны көбейту;

5.      Қосымша сатуды арттыру;

6.      Клиенттің қанағаттану деңгейін арттыру;

7.      Банктің бизнес-процесстерін жетілдіру;

8.      Банктің бизнес-процесстерін автоматтандыруды жетілдіру;

9.      Банктің несие портфелінің жоғары сапалылыған қамтамасыз ету.

 

 

 

 

1.      Нарық сегментінде Банктің нарықтық үлесін көбейту

 

Банктің 2006-2008 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Банк активінің нарықтағы үлесін 9 пайызға жеткізу. Бұл бағыттағы аталған кезеңде Банк үшін негізгі болып саналатын барлық нарық сегменттерінде банк өз позициясын нығайтуға, белсенділігін арттыруға жұмылып отыр. Банк үшін басым бағыттар тұтыну несиесін беру,  шағын және орта бизнесті дамытуға несие беру, несие және төлем  карточкаларын сату және жеке тұлғалардың салымдарын депозитке тарту болып отыр.

Бұдан басқа Банк өзінің  активтерінің өсімін қолдау үшін, шетел нарығындағы бизнесін белсенді дамытуға ден қоюда, атап айтқанда Ресей нарығында. Осы міндетті жүзеге асыру үшін 2006 жылы Банктің Ресейдегі жұмысының нақты жоспарлары жасақталынған болатын.

3. Пайда нормаларын  көтеру

       2006-2008 жылдары Банк пайда табу көрсеткіштерін едәуір биік деңгейге көтеруді жоспарлаған.  2008 жылға Банктің таза пайдасын 16,5 млрд-қа  дейін көбейту жоспарланған. 2006 және 2007 жылдардың аяғына таза тиісінше 8 және 12 млрд тенгені құрау қажет болды.

Активтің табыс  коэффициентіне келсек, активтің  жоғары  қарқынмен өсуіне байланысты, бұл көрсеткіштің  біртіндеп  төмендеу байқалады. 2005 жылдың аяғына активтің табыс  коэффициенті 2,15 пайызболса,, 2008 жылы бұл көрсеткіш 2,1 пайыз болуға тиіс.

Рентабельбілікті көтеру төмендегі көрсетілген негізгі бағыттарда жүргізіледі:

3.4. Таза маржалық пайызды орта деңгейде ұстау.

Банк активтердің жоғарғы табыспен  жұмыс жасауын қадағалайды, осы мақсатта таза пайыздық маржаны орта деңгейде берік ұстап тұру және берілетін несиелердің үстеме пайызын базалық ставка негізінде және несие рейтинг жүйесінде анықтаудың қатал тәртібін енгізу көзделген.

Өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында ставкаларды орналастырудыорта деңгейде ұстап, біртіндеп ставка қорын төмендету қарастырылған.

3.5. Операциялық шығындарды азайту.      

Операциялық шығындарды азайту.    

Операциялық шығындарды азайту мәселесі «ЦентрКредитБанк» АҚ үшін аса  маңызды іс болып саналады. 2004 жылдың қорытындысы бойынша операциялық шығындардың операциялық  табыстарға есептегендегі   қатысы    0,63 пайыз болды, бұл банк саласындағы  жоғарғы көрсеткіштердің  бірі еді. Ең жоғарғы  көрсеткіш бұл сала бойынша  0,32.  Осыған  байланысты 2006-2008 жылдарға Банк өз көрсеткішін әлі де жақсарта түсуді жоспарлауда. Осы мақсатты орындау жолындағы басты іс-шаралар әкімшілік шығындар мен басқа да  шығындарды  қатал қадағалауға бағытталады.  Қорытындысында, операциялық шығынның өсу қарқыны  тежеліп, төмендеуі тиіс.

 

16.           Нарық жағдайындағы банктің болашақ дамуы

 

Капитализация саласындағы Банктің стратегиясы капиталдың жеткілікті  деңгейін ұстап тұру мақсатында, қосымша акция эмиссиясына  тәуелділікті төмендету үшін, жылдық капиталдың өсімінде таза пайда үлесінің жоспарлы өсіп отыруына қолжеткізу. Бұл мақсатқа  Банктің таза пайда алу көрсеткішін көтеру арқылы жету көзделуде.   2005 жылы капиталдың жылдық өсімінде таза пайданың үлесі 33 пайызды

құраса, қалған өсім жаңа акция эмиссиясын орналастыру есебінен болды. 2006 жылы бұл көрсеткішшамамен сол деңгейде (30-33 пайыз) қалды, 2007-2008 жылдары оны жоспарлы  көтеру көзделген.

Резервтегі капитал және бөлінбейтін таза пайда. Бюджеттің бұл бөлігі жыл сайын жыл аяғында құралған таза пайданың  барлық көлемін капитализациялаудан   толықтырылып тұрады. 2007 жылдың басына, жоспар бойынша резервтегі капитал және бөлінбейтін таза пайданың сомасы 14,3 млрд. тенге., 2008 жылдың басына – 21 млрд.тенге, ал 2008 жылдың аяғына -43,5 млрд тенге.

 

Жарғылық капитал. Алдағы 3 жыл бойына жарғылық капиталды өсіру бағытында бірнеше  акция  эмиссиясын жүзеге асыру жоспарлануда. 2006 жылы акция шығару есебінен жарғылық капиталды 13,5-тен 30,5 млрд.тенгеге көтеру көзделген болса, 2007 жылы ол 34 млрд-ты құрауға тиіс болды.         Ал 2008 жылдың аяғына -43,5 млрд. теңгеге жетуі  тиіс.

 

Субординарлық қарыз   және басқа да қаржылық құралдар.  Жарғылық капиталды өсіруден басқа, капиталды толықтырудың өзгеше  көздерін іздестіруде. Субординарлық облигациялар шығарудан басқа, банк қазақстанның қор нарығындағы жаңа қаржылық құрал ретінде, мерзімсіз облигацияларды  байқап көрмекші.

Қазіргі аса жылдам қарқынмен дамып келе жатқан халықаралық сауда әлемінде Банк пен Банк клиенті арасындағы  өзара түсіністікпен, тиімді іскерлік байланыс,сеніммен жұмыс жасау өте маңызды. «ЦентрКредитБанк»АҚ Сізге банкілік  қызметтің түрін көрсетуге әзір, оның бірі Сіздің шетелдік және ұлттық  әріптестеріңізбен  импортты-экспортты келісімдеріңізге қызмет ету.

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі