“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

3.      Конвертация курсы  Банк пен клиент арасында келісіледі. Банк қолданыстағы заңдылықтарға және шоттағы бар қаржыға сәйкес

      а) шетел валютасын қазақстандық теңгеге (FCY-KZT)

      б) қазақстандық теңгені шетел валютасына KZT-FCY)

      в) шетел валютасын басқабір шетел валютасына (FCY-FCY)

          конвертациялайды. (ауыстырады)

4.      Клиент өзінің осы банкте шетел валютасымен жұмыс жасау үшін ашылған кез-келген шотынан қазақстандық теңгемен төлем жасау қажеттілігі болған жағдайда, керек мөлшердегі  соманы қазақстандық теңгеге айналдыруға сұраныс беруге құқылы.

 

Жедел байланыс құралдарын пайдалану

 

  1. Клиенттің шоттағы қаржыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарын банктің   қандай байланыс құралдарын (электронды немесе факстік) пайдалану арқылы қабылдайтынын туралы Банк растамасын (подтвержение) алуы  қажет. Егер ол болмаған жағдайда Банк өзі қандай байланыс құралын пайдаланатынын анықтайды, клиент онымен келіседі.

2. Банк клиент тарапынан түскен барлық хабарламаны анық және нақты деп   қабылдап, барлық төлемді өткізеді және барлық нұсқаулықты хабарламада көрсетілгендей етіп, қосымша растамасыз, қосымша ақпаратсыз толық орындайды.  Осы банкпен клиент арасындағы келісілген байланыс құралдарын басқа бір тұлғаның пайдалануына жол берілсе, ол үшін клиент жауапты болады. Банк осы байланыс құралы арқылы клиенттен алынған хабарламаның анықтығы мен дәлдігіне жауапты болмайды.  Клиенттен алынған хабарламаның нақтылығы мен дәлдігі  өте күдікті болса, клиент орындамауға құқылы.    

3. Банк клшиенттен  түскен нұсқаулықтарды тек қана, шоттағы қаржының көлемінде ғана орындайды.

4. Факс арқылы берілген хабарламаның түпнұсқасы банк төлемді  жүзеге асырғаннан  кейін, 7 күннен кешіктірілмей банкке берілуге міндетті.  Бұл ереже қандай да бір қателікті  жібермеу үшін ғана емес, қолданыстағы заңдылық талаптары негізінде сақталуы тиіс.

 

Банк қызметі үшін төленетін ақы

 

1.         Клиент Банк қызметі үшін ақы және нұсқаулықтарын орындау барысындағы барлық  шығындарын егер банк пен клиент арасында басқаша жағдай жазбаша келісілмесе, қандай валютада операция жүргізсе, сол валютада төлеуге кепілдік береді,.

2.         Белгіленген мерзімде Бакн клиенттің шотынан өзі көрсеткен қызметі үшін комиссия сомасын тікелей дебеттеу арқылы   алып тұруға құқылы. Өз кезегінде клиент ай сайынғы комиссия сомасына келіспесе, дәләлдеп, анықтауға құқылы.

3.         Банк шоттың көшірмесіне комиссия ұсталғаны жөніндегі растаманы қосуға  және соңынан көшірмеден  толық ақпарат ала алмайтындай жағдайда банк қызметі үшін ұсталған  ақы бойынша жазбаша толық ақрпарат беруге  міндетті.

 

Шоттарды жабу

2.       Банк немесе Клиент шоттар туралы келісім шартты бұзу туралы бір-біріне жазбаша түрде, жауапты  адамдардың қол қолдары қойылған хатпен, нақты операцияларды тоқтатуға 5 жұмыс күні бұрын хабарлауға құқылы.

3.       Клиент қолданыстағы заңдылықтарды сақтамаса, банктегі шоттарына қатысты өз міндеттерін орындамаса, шотта қаржы жетіспеушілігі болса, басқада Банк үшін теріс жағдай орнығатын жағдайларда, және Клиент банкротқа ұшыраса болмаса таратылса  Банк біржақты шоттар туралы келісім шарттың күшін жойғандығы жөнінде хабарлауы мүмкін, осы арқылы шоттан операция жасауды тоқтатады.  Бұндай жағдайда клиенттің банк алдындағы міндеттері толық және тез арада орындауға жатады.

4.       Банктегі шоттар туралы келісім шарт тоқтатылғаннан кейін,   Клиент және Банк аяқталмай қалған барлық міндеттері мен тапсырыстарды  толық орындайды. Банктің Клиентке қояр талабын Клиент толық қабылдайды. Егер кейбір жекелеген күшінде қалатын жауаптылық тоқтату мүмкіндік болмаса (банктік кепілідк» банк аккредитиві т.б.) , Клиент Банктің талап етуі бойынша осыміндеттердің орындалуын қамтамасызетуге міндетті.

5.       Клиентпен Банк арасындағы барлық міндеттер орындалып болған соң, банк шотындағы барлық қаржы, егер бұл қолданыстағы заңдылыққа қайшы келмесе,  клиентке қолма-қол ақшалай беріледі немесе клиенттің жазбаша ұсынысы бойынша басқа банктегі шотқа аударылады. 

 

 

Құпиялылық

1.              Банк  клиентке және оның  шотына қатысты құпиялылықты сақтау үшін өзіне қатысты барлық шараларды алады.

2.              Егер құпиялылық банктің нұсқаулықтарын сақтамау нәтижесінде клиент тарапынан немесе үшінші тарапқа басқада бір көздер арқылы белгілі болса, ол үшін банк жауапты болмайды.   

3.              Банк құпиялылық негізінде өзінің консультанттарына, адвокаттар мен аудиторлар үшін мәліметтер беруге құқылы. Клиенттің жазбаша келісімі болмайынша басқа бір үшінші тарап үшін клиенттің шоты немесе клиенттің өзі, қызметі  жөнінде мәлімет беруге Банктің құқығы жоқ. Бұл міндет қолданыстағы  заңдылықтар талап еткен жағдайға қолданылмайды.

4.              Егер Банк Клиенттің немесе басқа бір үшінші тараптың шотына Клиенттің нұсқамасы бойынша ақша, құнды қағаз, чектер, аккредитивтер немесе басқа құжаттар жіберсе, аударса, басқа жағдай жазбаша келісім бойынша қарастырылмаса оның жауапкершілігі тек қана Клиентте болады.

 

ІІ. Банкілік операциялар түрлері

5.              Есеп айырысу операциялары

 

Есеп айырысу жайын бақылауды тиімді ұйымдастыру келісім  шарт және есеп айырысу тәртібін нығайтуға, көрсетілген ассортимент бойынша және сапалы қызмет көрсетуге,төлем тәртібінің сақталу дәрежесін көтеруге, дебеттік және кредиттік  бережақтарды қысқартуға, айналып келгенде кәіспорынның қаржылық жағдайының жақсаруына алып келеді.

Есеп айырысу жайын бақылауды материалдарды түгендеу есептерін талдаудан бастаған жөн. Есептерді түгендеу тиісті құжаттардың қалдықтарын талдау және осы шоттардағы қалдықтың дұрыстығын мұқият тексеруден басталады. Мекемелердің есеп айырысу жайын төмен сапада тексеретінін ескере отырып, (кейде мүлде тексеру жүргізбейді) аудитор алажақ-бережақтың пайда болған уақытын, оның нақтылығын және уақыты өткен алажақ-бережақтың пайда болуына кінәлі тұлғаны анықтайды (азаматтық кодекс бойынша алажақ-бережақ 3 жыл бойы тұрса мерзімі өткен болып есептеледі).    Қажеті болған жағдайда алажақ-бережақтарға салыстырулар жүргізіліп, салыстырмалы   акт жасақталады. Бұл жұмыс үшін тексеру жүріп жатқан кәсіпорынның есеп қызметкелерін пайдалануға болады. 

Жалпы алғанда  есеп айырысудың дұрыстығына бақылау жүргізген кезде төмендегі жағдайларға баса назар аудару қажет:

-         Қабылданған немесе жіберілген материалдар үшін төлемнің дұрыстығы;

-         Осы  операцияларды жүзеге асыру үшін негізге алынған құжаттар және олардың дұрыс толтырылуы;

-         Келген материалдың толық кірістелуі және дұрыс есептен шығарылуы.

 

6. Несие операциялары

 

«ЦентрКредитБанк» жеке және заңды тұлғаларға төмендегідей несие түрлерін береді.

Жеке тұлғалар үшін:

1.               «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» бірлесіп ипотекалық несиелер;

2.               Ипотека-Стандарт

3.               «Әртүрлі қалалар» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелер;

4.               Ипотека-Люкс

5.               Коммерциялық объектілер сатып алу үшін ипотекалық несиелер;

6.               «Пәтер плюс» ипотекалық несиесі

7.               Жеке тұрғын үй құрылысы үшін

8.               Автокөлік сатып алу үшін несиелер

9.               Тұтыну несиесі

10.           Жеке қолма-қол  ақшамен

11.           Кепілсіз несие

12.           Жылдам жағдайдағы несие

13.           Корпоративті несие

14.           Депозитті кепілге қою   арқылы несие беру

15.           «Қажетті жағдайлар үшін» лимит белгіленген тұтыну несиесі 

Банк Еуропалық даму банкісінің, Азиялық «CROSSROADS» несие компаниясының , Орталық-Азия-Америка  Кәсіпкерлік Қорының шағын бизнесті несиелендіру бағдарламаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыруға қатысады.

Бұдан басқа Банк Азия Даму Банкінің 2-траншын орналастыруға өкілді банк болып тағайындалды.

 

Заңды тұлғалар үшін қолданыстағы қаржыландыру бағдарламалары:

1.      Жобалық қаржыландыру

2.      Шағын және орта бизнесті несиелендіру

3.      «Уақыт-Ақша»  лимитті несиесі

4.      «CROSSROADS» Азия Несие Компаниясының, Орталық-Азия-Америка Кәсіпкерлік Қорының шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары

5.      Азия Даму Банкінің ауылшаруашылық секторына арналған заем бағдарламасы

6.      Бүкіләлемдік Банк қаржысы есебінен ауыл шаруашылығын жекешелендіруді қолдау бағдарламасы 

 

 

 

 

Банктің өз қаржысы есебінен қаржыландырылатын жобалар:

2.       Несие жөнінде кеңестер беру

3.       Қаржылық жағдайын талдау, технико-эконмикалық негіздемелер

4.       Кепілге қойылған ғимараттар мен жабдықтарды зерттеп, бағалау, қорытынды беру;

5.       Несие алушының қоймадағы тауар қалдығын тексеріп, шығару;

6.       Бережақтары туралы анықтама беру;

7.       Ұсыныс хаттар беру (қаржылық жағдайы, несие тарихы жөнінде)

8.       Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды   қаржыландыру ;

9.       Қайтарымы  тез болатын инвестициялық жобаларды талдау және тексеру консалтингін, оның мониторингін жүргізу;

 

Несие алу үшін кәсіпорын төмендегідей жағдайы болуға тиісті:

 

1.      Несие қайтару үшін қажетті қаржы көзі

2.      Несиенің толық қамтамасыз етілген

3.      Қаржыландырылатын жобаға өз қаржысымен  қатысуға;

4.      Қатаң қаржы тәртібін сақтау;

5.      Кәсіптік менеджмент жолға қойылған болу керек

 

Несие алу үшін кәсіпорын төмендегідей құжаттар жиынтығын банкке тапсыру қажет:

 

1.      Несие алуға өтініш;

2.      Бизнес-жоспар немесе технико-экономикалық негіздеме;

3.      Басшының фотосуретімен несие алушының анкетасы;

4.      Соңғы 3 жылғы және несие алуға өтініш берудің алдындағы   соңғы тоқсанның  қаржылық құжаттардың түпнұсқасы немесе салық инспекциясымен  куәландырылған көшірмесі (№1,2,3  формалары ОКУД бойынша)

5.      Қай мезгілде пайда болғандығы және қандай қызмет түрі  немесе тауар үшін екендігі көрсетілген алажақ-бережақтың талдамасы;

6.      Ссудалық қарызының бар-жоқтығы жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы;

7.      Бюджетке бережағы бар –жоқтығы жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы

 

 

7. Депозиттік  операциялар

 

Банк жеке тұлғалар үшін төмендегідей депозит түрлерін ұсынады:

 

1.      «Жүлдегер»

2.      «YIP»

3.      «Ұзақ мерзімдік»

4.      «Мерзімдік жинақ»

5.      «Талап етілмелі депозиттер»

6.      «Зейнетақылық»

7.      «Раньте»

8.      «Мерзімдік»

9.      «Менің үйім»

 

 

Депозит жөніндегі жалпы ақпарат

 

Депозит қызметі банктің барлық филиалында бірдейлендірілген (унифицировано)

 

Барлығында бірдей үстеме ақы

Барлығында бірдей депозиттік өнімдер

Барлығында бірдей сапалы қызмет көрсету

 

Бұл банктің клиенті болған кезде,Сіз бірден төмендегідей құқықтарға ие боласыз:

 

Депозит шоттардың қозғалысы жөнінде ақпарат алуға;

Депозит шоттарды басқа тұлғаға басқаруға беруге;

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес депозит шоттағы соманы мерзімінен бұрын алуға:

Басқа банктегі  депозит шоттардағы қаржыңызды осы банкке аударуға;

Депозитті алынған несиенің қаматамасыз етілуі үшін кепілге пайдалануға;

Депозиттегі қаржыны немесе оның бір бөлігін үшінші адамға өсиет  етіп қалдыруға.

 

 

Банк құпиялылығы

Депозит шоттардың номері, қалдық ақшасы мен қозғалысы және шот иесі туралы ақпараттар банк құпиясы болып табылады. Банк өзінің клиенті мен оның шоттары арқылы жүргізілген операциялардың құпия ұсталатындығына кепілдік береді. Банк құпиясы тек қана  шот иесіне, клиенттің жазбаша өтініші бойынша ғана кез-келген үшінші адамға және қолданыстағы заңдылық бойынша тиісті органдарға ғана ашылады.

 

«ЦентрКредитБанк» Қазақстанның салымдары кепілдігі жүйесінің мүшесі болып табылады және «Қазақстанның депозиттер кепілдігі қоры» акционерлік қоғамының нормативтік акттерін қатаң сақтай отырып жұмыс жасайды.   (2002 жылдың 16 ақпанындағы №2  Сертификат)

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі