“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

  

   

   Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарын бәрәншә болып өткізген Бірінші дилер статусына ие Банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында келесідей қызмет түрлерін көрсетеді:

      Бірінші Дилердің/Бірінші агенттің стандартты қызметтері;

      Клиенттердің МБҚ сатып алуға/сатуға тапсырыстары;

      Инвестордың МБҚ қоржынан басқаруға сенімдері ;

      МБҚ қамтамасыз етуге банкаралық нарықтағы операцичлар;

      Кепілге МБҚ ала отырып несиелеу;

      МБҚ нарығының қызметтері туралы кеңес беру және т.б. қызмет көрсетулер;

      Комиссиондық қызмет көрсету келісім-шартына сәйкес брокерлік операцияларды жүзеге асыру.

2005 жылы  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі вальюталық бағалы қағаздарды шығарғанда, жоғары өтімді мемлекеттік қарыз міндеттері және нарығындағы жұмыстарды активтендіру көлемі өсті.                                                                            

                                                                                                                                                        

                                                                                                                            Кесте4,2

                         

МЕАКАМ

 

Арнайы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер

                        1  

1%

МЕОКАМ

 

Орта мерзімді  мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер

 

                         2

8%                      

ҚР

Евробонды

Қазақстан Республикасының сыртқы нарыққа айналымға шығарылған сувенирлі облигациялар

                         5

5%

Корпоративтік бағалы қағаздар

Қазақстанның қор биржасының «А» листигісіне енгізілген қазақстандық корпорациялар облигациялары

                         6

%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк құрылымының ұйымдық-құқықтық негізі

 

2004-2005 жылдары үшін Банктің баса назар аударған мақсаттарының бірі – қызметкерлерінің жоғарғы дәрежеде кәсіптік маман иесі болуы,  клиенттерге толық және тиімді қызмет көрсету  үрдісін ұстануы болды. Осы мәселелерді шешіп алмайынша Банк өзінің алдына қойған іргелі мақсаттарына қол жеткізе  алмайтын еді. Осы асуларды алу үшін Банк адам ресурстарын дамытуға арналған арнайы бағдарламалар қабылдады. Аталған бағдарламаға сәйкес алдағы 5 жыл ішінде адам ресурстарын дамытудың төмендегідей негізгі бағыттарына баса назар аударылады:

1.      Мамандарды тексеру. Адам ресурстарын дамытудың бұл бағытының негізгі мақсаты  ұйымның құрылымдық және мамандармен қамтамасыз етілуінің сол ұйымның алдына қойған мақсатына  және алдағы даму жоспарына жету жолындағы сәйкестігіне баға беру. Қойылған мақсатқа жету үшін Банк жыл сайын өз күшімен мамандардың біліктілігін, атқарып отырған қызметіне сәйкестігін талдап, таразылап, сүзгіден өткізіп отыруды көздеуде.

2.      Мамандарды іріктеу, дұрыс орналастыру  және жоғарылату. Бұл бағыттың басты мақсаты мамандарды іріктеу саясатын жетілдіру және жұмыс сатысына   көтерілудің  барлық дәрежедегі мамандар үшін жеке жоспарын  жасақтау.    Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Банк алдағы 3 жыл ішінде мамандарды іріктеу саясатын дамыту, банк менеджерлеріне кешенді бағдарламалар бойынша тренингтер өткізу,  болашақта қажеті болатын барлық дәрежедегі  мамандардың  кәсіптік біліміне  талдау жасауды жоспарлауда.

3.      Қызметкерлерді бағалау.  Жоспарлы кезең ішінде Банк өз қызметкерлерін бағалаудың тиімді жүйесін енгізуді  мақсат етіп қойып отыр. Бұл бағыттың көздегені ұйымдық құрылымның барлық деңгейінде қызметкерлерді басқарудың тиімділігін арттыру. Негізінен, мамандарды бағалау жүйесі кәсіби мамандарды іріктеу,  оқыту, резервке қою міндеттерін табысты шешуге ықпал  етеді.

4.      Марапаттау жүйесі. Банк барлық деңгейдегі  қызметкелерін әділ де тиесілі дәрежеде марапаттау үшін, алдағы 3 жылда жаңа еңбек ақы төлеу жүйесі енгізілмек (грэйдинговая система), таза пайда алуды қамтамасыз еткені үшін  және марапаттаудың бонустық жүйесі пайдаланылмақ.

5.      Корпоратив мәдениеті. 2006-2008 жылдары Банк алғашқы кезекте корпоратив мәдениетіне көңіл бөлмек. Банк өзіне қызметкерлерді де клиент пен инвесторларды да қызықтырып, тартатындай корпоратив мәдениетін дамытуда алдына мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты игеру-корпоративті басқару кодексі, клиенттер үшін корпортивті журнал шығару арқылы халықпен байланысты дамыту сияқты батыл қадамдарды жүзеге асыруға мүмкіндік ашадаы.

 

 

1.      Банктің жоғарғы органдарымен және басқа банктермен, құрылтайшылармен, клиенттермен қарым-қатынасы

 

 

1.            «ЦентрКредитБанк»АҚ Қазақстан Республикасында алдыңғы қатарлы, жетекші банктердің бірі. Ұлттық және шетел  валюталармен банк операцияларын жасауға берілген Ұлттық банктің бас лицензиясымен қолданыстарғы заңдылықтарға сәйкес өз ісін халықаралық банк істері стандарттары негізінде жүргізіп келеді.

2.            Жалпы шартында қолданыстағы заңдылықтар басшылыққа алынып, банк саясаты ескеріле отырып жасақталған. Олар негізінен Жаплы шартта көрсетілген, есеп шоттарды ашу, жабу және  жүргізу, төлем ақыларды іске асыру тағы да басқа Ережерлерге қатысты. Ыңғайлы болу үшін ол барлық клиенттерге таратылады.

3.            Жалпы шартта банкте бір немесе бірнеше шоты бар клиенттер үшін түрлі  топтама қызмет көрсетуде Банк пен Клиент арасындағы қарым-қатынас реттеледі. Қандай қызмет түрлерін қажет ететіндігін  Клиент таңдайды. Банк клиентттен қызмет ақысынтек қана нақты көрсеткен қызметі үшін ғана ұстайды. Егер клиент банк ұсынған топтамада көрсетілген қызмет түрлерін толық пайдаланбаса да, осы Жалпы Шарт толық кшіндеболып,  әрекет етуі жалғаса береді .

4.            Келісім шарттың соңғы бетіндегі  клиенттің қолы, клиенттің осы Жалпы Шартты алып, танысып, оны қабылдап келіскендігін куәладырады.

5.            Кейбір қызметтер, оның ішінде салымдар (депозиттер), кепілдіктер, аккредитивтер, несиелер және құнды қағаздармен жұмыстардың шарттары бөлек, арнайы келісім шарттармен  реттеліп, келісілуі  мүмкін. Бұлжағдайда екі келісім-шартта қолданылады. Жалпы шартпен арнайы шарт аралығында пікір қайшылығы туған жағдайда, арнайы шарттың күшібасым болады.

6.            Жалпы шарт мәтінінде  бас әріппен  жазылған терминдер, егер басқа түсініктер мәтінбойында берілмегенболса, осы Жалпы шартта оларға берілген түсінікті иемденеді.

 

Шоттарды ашу және жүргізу.

 

1.      Банк клиент пен  банк арасындағы шоттарды ашу туралы келісім шарттқа сәйкес, шот ашутуралы хабарламада көрсетілген барлық қажетті құжаттарды алып болғаннан кейін клиент шоттарын ашады.

2.      Өз кезеңінде банк егер Қазақстан заңдылығы немесе Банк саясаты талап еткен жағдайда   шот ашу үшін жинақталатын құжаттар тізіміне өзгерістер енгізуге құқылы.

3.      Шотқа қатысты өзгерістер болған жағдайда (компанияның заңды тұлғалық статусы өзгерсе, клиент атынан қол қою құқығы берілген тұлғалардың аты, жөні өзгерсе) Клиент кешіктірмей Банкке жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Кез-келген мұндай өзгерістер, Банк өзгеріс енгізілгенін растайтын құжаттарды  алғаннан  кейін ғана күшіне енеді. Банк өзгеріс енгізілгені тұралы құжаттарды сұрауға құқылы, ал Клиент жинақтап әкеліп беруге міндетті.

4.      Клиент  үшін шот қолданыстарғы заңдылықтар аясында және Жалпы шартта көрсетілгендей басқа шоттарға  қаржы аудару үшін немесе қолма-қол ақша алу үшін қажет.

5.      Банк пен Клиенттің келісімі бойынша қаржы қай филиалдағы шотқа түссе,тек қана сол филиалдан беріледі.

6.      Банк Клиенттің тапсырмасы бойынша шоттағы ақша көлемінде  келісілген Овердрафт қалдығы шеңберінде ғана, егер бұндай Овердрафт қолданыстағы заңдылықтарға қайшы келмесе есеп айырысу жұмыстарын жүргізеді.  

7.      Егер клиент шотындағы қаржы жеткіліксіз болса, Клиенттің тапсырысын Банк кері қайтаруға құқылы. Банк бөлшек-бөлшек төлем аударуға міндетті емес.

8.      Банк шоттқа келіп түскен сомаға сол күні несие бермейді (осы аударым үшін қызмет ақысын ұстап қалғанда), Шотқа қатысты,  өсім есептелетін қалдық үшін валютирования күні, сол мезгілде әрекет етуші валютирования ережесіне сәйкес болады (ол алдын-ала хабарлаусыз мезгіл-мезгіл өзгеріп тұрады).  Бұндай аударымдар үшін төленетін қызмет ақысы мезгіл-мезгіл нақтыланып отырады. Келісім-шартқа қол қойғаннан кейін қызмет ақысы шоттан Клиенттің қосымша келісімінсіз  алынып отыруы мүмкін.

9.      Шот бойынша әрбір кредиттік қимыл (проводка) Банк кредиттейтін соманы растайтын құжат алғаннан соң ғана  жүргізіледі. Бұл растаушы құжат Банкке мезгілімен және бекітілген тәрті бойынша берілуі керек. Чекпен жұмыс кезінде егер растаушы құжат Банкке өз мезгілінде және белгіленген тәртіп бойынша түспесе, Банк  осы қимылды жоюға (аннулировать) құқылы.

10. Банк клиент шоты бойынша іс-қимылдан қате жіберген жағдайда шоттың көшірмесін растаушы құжаттарды және басқа да ақпараттарды бергенде Банк Клиентке хабарлауға міндетті және тез арада қате жасалағн есеп айырысуларды түзеп, орнына келтіруге тиіс. Банк кредит немесе дебет іс-қимылдары арқылы  клиентпен алдын-ала келісімсіз-ақ  қателерді түзеуге құқылы. Егерде бұндай қателер банк қызметкерінің салақтығынан, сауатсыздығынан болмаса, қателерді түзету барысында болған шығын үшін  Банк жауапты болмайды.

11. Банктен берілген шоттағы іс-қимыл көшірмесі клиенттің бұндай қателердің орын алғандығы жөнінде  білетіндігінен хабардар етеді.

          Егер клиент шоттағы іс-қимыл көшірмесін алғаннан кейін қарсы

          уәж айтпаса, кейін бұл жөнінде хабарсызбын айта алмайды.

12. Клиент банктен алған барлық ақпаратты сол мезетте толық тексеру керек(растаушы құжаттар, шоттағы іс-қимыл көшірмесі, т.б.) Бұдан басқа клиент Банк өткізген әрбір іс-қимылдң, тапсырыстың дұрыстығына көз жеткізуі тиіс. Егер клиент қандай да болмасын кемшілік байқаса, ол тез арада Банкпен хабарласып, анықтауға, нақтылауға міндетті.

13. Егер тапсырыс орындалғаннан кейін, қаржы  аударылғаннан соң  3 ай бойы клиент тарапынан Банктен алынған ақпараттар  бойынша ешқандай қарсы уәж айтылмаса, клиент жүргізілген іс-қимылдардың дұрыстығын құптаған болып есептеледі. Бұдан соң клиент Банктен сол уақытта жасалған қате іс-қимылды  түзетуді талап ете алмайды және осы жіберілген қате іс-қимыл нәтижесінде болған  шығынды өндіруге де  дәрменсіз болады. Егер құжатта арифметикалық қателер  болса, 3 ай өтіп кетсе де Банк бұндай қателерді түзетуге құқылы және міндетті.

14. Шетел валютасымен операциялар жүргізуге арналған шетел валютасындағы шотты ашу және жүргізу кезінде шетел валютасына байланысты мемлекеттік органдар тарапынан болуы мүмкін  шектеулер мен шетел валютасына бақылау, және  шоттағы тұрған ақшаға қатысты салық , басқа да міндетті төлемдерге байланысты клиент өзі  жауапты болады.

15. Шетел валютасына қатысты барлық операциялар басқа заңдылқтар қарастырылмаса, банктегі шоттар арқылы қолма-қол ақшасыз, аудару арқылы жүргізіледі.

Ақша қаражатын аудару

1.       Егер заңдылықта басқаша қарастырылмаса, банк барлық операцияларды клиент белгілеген кезек бойынша жүзеге асырады.

2.       Клиент  шоттағы ақша қаражатын өзі құқық берген жеке тұлға  (сенімді өкіл)  арқылы, Банкке белгіленген стандарт түріндегі жазбаша тапсырыс беру негізінде шот ерекшеліктеріне қарай, егер басқаша келісім қарастырылмаса, шоттағы қаражатын толық пайдалана алады. Жазбаша тапсырысқа қол үлгісінде көрсетілген жауапты тұлғалардың қолдары қойылуы міндетті.

3.       Кез-келген басқа тапсырыс беру әдістері Банк пен Клиент арасында арнайы жазбаша түрде келісілуі тиіс, содан кейін ғана Банк мұндай тапсырысты орындауға қабылдайды.

4.       Егер тапсырыс анық, толық толтырылмаса, жауапты тұлғалардың қолы қойылмаса, немесе қолданыстағы заңнамаларға сәйкес талап етілетін мәліметтер болмаса, қарындашпен толтырылса, өзгертулер мен түзетулер болса, және шетел валютасына қастысты қолданыстағы заңдылыққа қайшы келетін болса, ондай тапсырыстарды Банк орындауға қабылдамайды.  Мұндай жағдайда қабылдамау себептерін көрсетіп, клиентке тапсырысты қайтарады және нәтижесінде болған шығындар үшін  Банк жауапты болмайды.

 

Конвертациялау қызметі

 

1.      Клиент конвертациялау  және конвертацияланған қаржыны пайдалану шарттары бойынша қолданыстағы заңнамаларды сақтауға міндетті.

2.      Конвертация   шоттағы қалдық ақша көлемінде, белгіленген немесе Банк пен Клиент арасында келісілген үлгіде дайындалған сұраныс негізінде  жүзеге  асырылады.

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі