“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

 

2005 жылдың мамыры

Есеп айырысу -кассалық бөлімшелерінің жүйесі 100 –ге  жетті.

 

2005 жылдың ақпаны

Банк өзінің алғашқы 200 млн АҚШ доллары мөлшерінде шығарған үшжылдық  еурооблигацияларын халықаралық  капитал нарығына орналастырды.

 

2004 жылғы қараша

28 шетелдік банктерден тұратын синдикатпен  70 млн АҚШ доллары көлеміндегі синдикатталған несие мерзімін ұзарту жөнінде келісім шартқа қол қойылды.

 

2004 жылғы қазан

1986 жылдың қыркүйегінде құрылған «ЦентрКредитБанктің» 16 жылдығы қарсаңында, банктің  активтері 1 млрд АҚШ долларынан асты.

 

2004 жылғы тамыз

«ЦентрКредитБанк»   республиканың 7  ірі банктерімен бірге Қазақстанда алғаш құрылған Несие Бюросының құрылтайшысы болды.

 

2004 жылғы маусым

21 халықаралық коммерциялық банктер қатысқан синдикаттан   45 млн АҚШ доллары көлемінде банк тарихындағы  алғашқы ірі синдикатталған қарыз (заем) тартылды. 

 

2004 жылғы сәуір

Банктің аты «ЦентрКредитБанк» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

 

2004 жылғы наурыз

«ЦентрКредитБанк» мемлекеттік тілді банк-қаржы саласына енгізудің мәселелері  туралы конференцияны ұйымдастырып, өткізді. Ұйымдастыру жұмыстарына Республикамыздың Ұлттық Банкі

және Қазақстан Республикасының Қаржыгерлер Ассоциациясы атсалысты.

 

 

 

2003 жылғы желтоқсан

Еуропаның нарықтық қатынастарды талдау орталығының Құрметті Кеңесі «ЦентрКредитБанк» ашық акционерлік қоғамына «Шағын және орта кәсіпкерлік үшін өте тиімді банк» номинациясында «Еуромаркет-2003» жүлдесін берді.

 

2004 жылғы қыркүйек

Банк құрылғанына 15 жыл толды. Мерейлі датаға орай «Жылдармен шыңдалған, сенімділік»  атты естелік кітап шығарылды.

 

2003 жылғы тамыз

Банк «American Express» төлем  жүйесінің карточкаларын таратуға кірісті.

 

1996 жылғы қараша

Банк «ЦентрКредитБанк» ААҚ-ы болып қайта тіркелді.

 

1993 жылғы қараша

Банк Қазақстандық Биржа Қорының мүшесі болды.

 

1991жылғы тамыз

Банк Қазақ Акционерлік «ЦентрБанк»  болып қайта тіркелді.

 

 

 

Банктің  несиелік саясаты  Қазақстан Респуликасының заңдылығына және «Қазақстан Халық Банкі»  АҚ – ның   Жарғысына сәйкес жасалған.Саясаттың негізгі  мақсаты  болып Банкпен  тәуекелдерді  төмендету  мақсатымен,және соның есебінен  Банк  портфелінің  жоғары  сапасын  ұстап,басқара отырып, Банк клиенттеріне құраладар берудн табыстардың  тейімді  деңгейін  алу  табылады.Банк  саясаты  келесі  негізгі  принциптерге  негізделеді:         

1.      құралдарды беруде  тәуекелдермен   басқару;

2.      құралдарды беру процесін рациолды ұйымдастыру;                        

3.      берілген құралдардың мониторингі;                         

4.      берілген  құралдардың сапасын объективті бағалау және сәйкес түзету әрекеттерін жүргізу.

«Құралдарды беруде  тәуекелдермен басқару» негізгі принципін  ұстану тәуекелдерді келесі әдістерді қолдану жолвмен ерекше тиянақтылықпен зерттеумен қамтамасыз етеді:             

1)     тәуекелдерді диверсицикациялау;                                                       

2)     тәуекелдерді  идентификациалау

3)     құралдарды беру бойынша қызыметті  бақылау.

     Тәуекелдерді    диверсицикациялау  әдсі  Банк  құралдарды  беруде өз  қызыметінде  тәуекелдерді    келесі  категориялар  бойынша   диверсификациялауын  білдіреді:

1)     клиентер(контрагенттер)

2)     бизнс  категороясы

3)     экономика салалары

4)     географиялық  аймақтар

5)     құралдың  валютасы

6)     құралдың  мерзімдері

7)     қамту  түрі

8)     құрал берудің өкілетті  органы

9)     қаржыландыру  лимиттері

10) қарызды  өтеу  мерзімдері

        Тәуекелдерді  идентификациалау  әдсі Банк  құралдарды  беруде  келесі   тәуекелдердің   бағалауын   жүргізуін  білдіреді:

1)     клиентпен  байланысты   тәуекел:

-         клиенттің құқыққабілеттілігімен  байланысты  тәуекел;

-         клиенттің  қаржылық  жақдайының  тәуекелі;

2)     міндеттемелердіорындауды  қамтамасыз  ету  әдісімен  байланысты  тәуекел;

3)     жүйелі  тәуекел;   

4)     форс-маржолы  тәуекел;

                 Құралдарды  беру  бойынша  қызыметтібақылау  әдісі  Банкте  құралдарды  беруде  тәуекелдерді  бақылаудың  көп  деңгейлі  болуын білдіреді.

«Құралдарды беру процесін рационалды  ұйымдастыру » негізгі приципін ұстану келесі әдістерді қолдану жолымен қамтамасыз етіледі:

1.             банк клиентерін таңдау;

2.             құралдың негізгі белгілерін ұстану ;

3.             шешім қабылдаудағы ұжымдылық ;

4.             бөлімшелер арасында қызыметтерді және тәуекелдерді бөлу.

«Берілген  құралдардың мониторингі»негізгі принципін ұстану келесі әдістерді қолдану жолымен қамтамасыз етіледі:

1.             берілген құралдың мақсатты қолданылуының мониторингі ;

2.             клиент жағдайының мониторингі ;

3.             қамыту заттарының мониторингі ;

    «Берілген  құралдардың сапасын объективті бағалау және сәйкес түзету әрекеттерін

жүргізу» негізгі принципін ұстану келесі әдістерді қолдану жолымен қамтамасыз етіледі:

    1)құралдың сапасын бағалау;

    2)проблемді құралдармен жұмыс;

    Облыстық және аймақтық филиалдармен заңды тұлғаларға,сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге бизнес-мақсаттарға банктік қарыздар беру келесі негізгі сатылар бойынша жүргізіледі:

1)     банктік қарызды алуға өтінішті бағалау ;

2)     банктік қарыздар беру туралы шешім қабылдау ;

3)     банктік қарыздар беру ;

4)     банктік қарыздың мониторингі ;

Несиелік процеске филиалдың келесі құрылымдық бөлімшелері қатысушылар болып табылады:

-         клиенттермен жұмыс бойынша бөлім ;

-         несиелік талдау бөлімі ;

-         несиелік операцияларды есепке алу әкімшілдендіру бөлімі ;

-         коммерциялық сауда бойынша риск-менеджер ;

-         заң бөлімі ;

-         кепілдік қамтамасыз етуді бағалау ;

-         қауіпсіздік бөлімі ;

-         бухалтерия ;

-         операциондық бөлім ;

-         кепілдіктердің бірегей базасын жүргізу бойынша маман.

Облыстық және аймақтық филиалдармен банктік қарыздарды беру ұлттық жіне шетел валютасында жүзеге асырылады.Әрбір банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі облыстық және аймақтық филиалмен бекітіледі және ол базалық сыйақы мөлшерлемесінен кем болмауы керек .

     Банктік қарыздарды беру мерзімділік , қайтарымдылық , төлемділік , қамтамасыздық және мақсатты бағыттылық шарттарында жүзеге асырылады .

     Банктік қарыздар (соның ішінде несиелік линиялар )мақсаттыбағыты бойынша келесілерге бөлінеді:

- айналым капиталын  толтыру (шекізат сатып алу; еңбекақы төлеу;бюджеттік  емес  қорларға  ағымды  төлемдерді өтеу;компанияның ағымды қызыметімен байланысты,

келесілерден басқа барлық шығыстар:мерзіәмі өткен кередиторлық берешекті өтеулер,

соның ішінде еңбекақыны және бюджетке және бюджеттік емес қорларға төлемдерді,

байланысты компанияларға және құрылтайшыларға қаржылық көмек төлеу,банктегі және

басқа банкеттердегі қарызды қайта құрылымдау);

-қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік сатып алу.

Несие портфелін басқару-Банктің несие саясатының маңызды бөлігі

 

Несие алу мен беру саласындағы  стратегиялық жоспарлары мен әдістері  Банктің несие саясатының негізін қалайды. Әр банк  саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа факторларны ескере отырып, өзінің жеке  несие саясатын қалыптастырады. Несие саясатын қалыптастыруда Банк берген несиелері  банк табысының негізгі бөлігін қалыптастыратынын назарда  ұстайды. АҚШ-тың депозиттерді сақтандыру Федеральды корпорациясының жасақтаған , несие саясатының негізгі бағыттары жинақталған құжатты талдай отырып, банктің несие саясаты  негізінен несие портфелін қалыптастыру мен басқаруға байланысты.

Атап айтқанда:

-Несие портфелі анықталатын мақсаттар (түрі, қайтару  мерзімі, көлемі, несие сапасы);

- Пайыздық үстеме белгілеудің тәжірибесі мен саясатын талдап көрсету;

- Барлық несиенің сапасы анықталатын стандардтарды  талдап көрсету;

- берілетін несиенің жоғарғы шегін белгілеу;

- Несиенің негізгі  бөлігі берілетін бөлікті, қызмет көрсететін аймақты, саланы, экономикалық секторды талдап көрсету;

- «Қиын» (проблемный) несиелердің мінездемелерін,    оларды талдау нәтижелерін және  пайда болған қиындықтардан шығу  жолын толық қарастыру.

Банктің несие портфелін қалыптастыруға әсер етуші  факторлардың бірі банк қызмет ететін нарықтың ерекшеліктерін баса айтуға болады.  Әрбір банк өзі таңдаған экономика секторындағы негізгі    клиенттердің қандай несиеге сұранысы барына ерекше көңіл бөліп, қадағалап отыруы тиіс. Несие саясатын талдауда банк ,  оптималды несие саясатын қалыптасыруды анықтап алу мақсатында   несие портфелін қалыптастыруда ерекше көңіл бөлінуге тиіс салаларды белгілейді . Ол төмендегідей түрлерге бөлінуі мүмкін:

Заңды тұлғаларға несие беру саясаты (өндіріс орындар, кәсіпорындар, ауылшаруашылығы, сауда, т.б) және жеке тұлғаларға несие беру саясаты. Бұдан басқа  несие портфелінің құрылымы банк капиталының мөлшеріне де қатысты.  Несие алушыға берілетін ең жоғарғы сома осы банк капиталына тікелей байланысты.

Несие портфелін басқаруда актив пен пассивтің  мерзімдерін басқару жүйесін өзгерту, тиісінше үстемелердің айырмасы және соңында табысты басқару үлкен маңызға ие.     Әрбір табыс көзінің өзіне  ғана тән мінездемелері, өзгермелілігі, талаптары бар. Оларды басқаруға жол – қаржы ресурстарын конверсиялау  әдісі, олардың әрқайсысын жеке дара қарастырады. 

 

Валюта тәртібінің либеризациялануы  - валюта  ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырды, инвестиция тартудың аясын кеңейтті, ұлттық валютаның толық конвертация жасалуына жолашты.

1 этап (2003-2004)

1. Валютаны қайтару мерзімі ұзартылды /120 күннен 180күнге дейін/

  2. Лицензияланатын және паспортталатын келісімдер мөлшері көбейтілді.

3. ОЭСР және ФАТФ елдерінде жеке тұлғаларға шот ашуды лицензиялау тәртібі  жойылды.

 

2 этап (2005-2007гг.)Күтілетін нәтижелер:

 

1.      Валюталық опреацияларды лицензиялауды толық алып тастау керек.

2.      Экспорттық және импорттық операциялар бойынша нақты мерзімде валютаны репатриациялаудың талаптарын сақтау;

3.      Ақпараттық базаны жетілдіру, үшінші жақтың қатысушылары мен сомасы, келісім шарттарын, көлемі  мен жүзеге асыру әдістері жөнінде жүйелі мәлімет алып отыру.

 

Экспорттық-импорттық  валюталық операцияларды бақылау жөніндегі қолданыстағы заңдылық акттер:

-         «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 маусымдағы Заңы;

-         2006 жылғы 18 тамыздағы «Экспорттық-импорттық валюталық  бақылауды жүзеге асыру жөніндегі» Ереже

-         2006 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру»туралы Ереже

Өкілдік  берілген банктің негізгі міндеттері:

 

-         Төлемдер мен аударымдарды өткізгенге дейін валюталық бақылау құжаттарын экспортер немесе импортердің тапсырған құжаттары мен мәліметтерін  келісім шарттағы реквизиттері мен келісім төлқұжатын салыстырып, сәйкестігін тексереді;

-         Реквизиттері мен келісім төлқұжатында импортер немесе экспортер тапсырған құжаттармен сәйкес келмейтін жағдайлар кездессе, өткізуден бас тартады;

-         Кірістелетін құжаттар бойынша банкаралық қатынаста реквизиттері мен келісім төлқұжатында сәйкессіздік байқалса, экспортер/импортер жазбаша растағанда  ғана ақшаны шотқа  кірістейді;

-         Шамамен  көрсетілген валютаның түсу мерзімінің сақталмауы,банкүшін төлем өткізуден бастартуға негіз болаалмайды;

-         Бейрезиденттің экспортер/импортер алдындағы өз міндетін шамамен белгіленген мерзімде сол  айдың соңғы күніне 10 мың АҚШ доллары мөлшерінен асатын  көлемде орындамаған жағдайда және міндетінорындау жөнінде болмаса жағдайдың өзгерісі жөнінде растайтын құжат бермеген жағдайда өкіл банк әр айдың 5-і күні, экспортер/импортератына жазбаша сұрау салады.

-         ПС  құжаттары тіркеу куәлігі немесе алғандығы жөнінде куәлік қажетті болған жағдайдада дайындалады, бірақ бұл қаражат аудару тәртібіне қолданылмайды;

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі