Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:00, реферат

Описание работы

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында

Работа содержит 1 файл

Реферат.doc

— 114.00 Кб (Скачать)

Егер техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер  мен жабдық негізгі құралдардың  белгілі бір объектісіне қызмет көрсету үшін ғана пай-даланылса және олар тұрақты түрде пайдаланылмайды деп болжамдайтын болса, олар негізгі құралдар ретінде есепке алынып, олар қызмет көрсетуге арналған негізгі құралдардың тиісті объектісінің пайдалы қызмет ету мерзімінен аспайтын кезең ішінде амортизациялануға тиіс. Егер объектінің құрамдас бөліктерінің әр түрлі қызмет ету мерзімі болса немесе жекелеген бөліктерін түрлі схемалар бойынша қолданудан пайда алынса, құрамдас бөліктер бөлек амортизацияланатын актив ретінде көрсетілуге тиіс[30].

Әдістемелік ұсынымдарда  жоғарыда көрсетілген 16-ХҚЕС ережесіне  түсініктеме беретін барынша  көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту жүйесі олардың пайдалы  қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуы тиіс .

Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде  сатып алынған активті дұрыс  жіктеу үшін тағы бір негізге алынатын факторды бөліп көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.

Бірден мынаны айтқымыз келеді: негізгі құралдардың алдағы уақытта күтілетін қызмет ету мерзімі туралы мекемесінің шешімі бір маманның шешімі болып табылмайды, өйткені маман активтің пайдаланылу процесінің барлық ерекшелігін  бермеуі мүмкін. Іс жүзінде бұл шынында да осындай. Бухгалтер есеп жүргізген кезде объектілердің пайдаланылу саласы туралы көп жағдайда толық және дұрыс мәліметтер бермейтін, оларды сатып алу жөніндегі бастапқы құжаттарда көрсетілген ақпаратты ғана біледі.

Қызмет ету мерзімін айқындау бойынша жауапкершілік негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға жүктелуі тиіс. Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрудың бастамашысы мекемесінің бухгалтерлік қызметі бола алады. Объектіні қарап шығатын және қабылдайтын комиссияның құрамын және жұмыс тәртібін кәсіпорын:

лаузымды адамдардың аты-жөнін;

олардың міндеттерін;

тиісті құжаттаманы  ресімдеу тәртібін көрсете отырып, өз бетінше реттеп               отырады.

Объектіні есепке қабылдаған кезде, негізгі құралдардың қызмет ету мерзімін айқындауды мекеме жүйелі негізде, активті пайдаланудың техникалық шарттарын, субъект белгілеген нормаларды немесе басқа да шарттарды ескере отырып жүзеге асыруға тиіс.

16-«Жылжымайтын мүлік,  үйлер, жабдық» ХБЕС-на сәйкес  негізгі құралдар объектісі тану көзінде сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс. [26]

Негізгі құралдар объектісін сатып алуға жұмсалған нақты  шығындарға сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық баж салықтары  және сатып алуға салынған өтелмейтін салықтар, сондай-ақ мақсатқа пайдалану үшін активті жұмыс істейтін қалыпқа келтіру бойынша кез келген тікелей шығындар кіреді. Сатып алу бағасын айқындағанда кез келген сауда жеңілдіктері шегеріледі.

Тікелей шығындардың  мысалдары: алаңды дайындауға жұмсалған шығындар, жеткізу және түсіруге жұмсалған бастапқы шығындар, орнатуға жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып табылады.

АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қызметі барысында  негізгі құралдар объектілерін ұстауға  және техникалық қызмет көрсетуге, жөндеудің барлық түрлеріне, түрлендіруге және қайта құруға қосымша шығындар жұмсау қажеттілігі туындайды деп болжайық . 

АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қолданылып жүрген есеп саясатына сәйкес негізгі құралдар объектілеріне байланысты кейінгі  шығындар, активтің өнімділігін арттыра отырып, оның құнын жақсартқанда немесе осы активтің қызмет ету мерзімін ұзартқанда актив ретінде танылады.

16-ХҚЕС-ның 49-тармағына  сәйкес негізгі құрал объектілерінің  ұтымды қызмет мерзімі кезең  сайын қайта қарастырылуға тиіс  және егер ұсыныстар алдыңғы бағалаулардан елеулі түрде ерекшеленетін болса, ағымдағы және болашақ кезеңдердің амортизациялық аударымдарының сомасы түзетілуге тиіс. Активтің қолданысы кезеңінің ішінде оны ұтымды пайдалану мерзімін бағалау дәл болмауы мүмкін.

Мысалы, ұтымды қызмет мерзімі негізгі құралдың жағдайын бастапқыда есептелген нормативтерден тыс жақсартатын кезекті шығындардың нәтижесінде ұзартылуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда  ұтымды қызмет мерзімі және тиісінше амортизация нормасы ағымдағы және болашақ кезеңдер үшін түзетіледі іс жүзінде кәсіпорындардың негізгі құрал объектілерін пайдаланудың ұтымды мерзімі өсу жағына қарай қайта қарастырылады.

Ұтымды пайдалану  кезеңінің ұзақтығын бағалау  есептілікті халықаралық стандарттар  бойынша жасайтын маманның кәсіби пайымдауына байланысты болады. Осыған байланысты кәсіби бухгалтердің оны сипаттау үшін де, қолайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін де пайдалы шару-ашылық жағдай туралы әділ пікірін кәсіби пайымдау деп түсіну керектігіне назар аударғым келеді.

Бірден айта кететін жайт - мекеменің негізгі құралдардың күтілген қызмет мерзімі туралы шешімі маманның активті пайдалану процесінің бүкіл ерекшеліктерін біле алмайтынына орай бір маманның шешімі болып табыла алмайды.

16-ХҚЕС активті  пайдаланудың ұтымды мерзімін  анықтаған кезде негізгі құрал объектісінің ұтымды қолданыс мерзімінің ұзақтығына ықпал ететін мынадай факторлардың кешенін назарға алуды ұсынады:

- активті пайдаланудың  күтілетін қарқындылығы;

- күтілетін физикалық  тозуы;

- жоспарлы моральдық  тозу;

- заңдық шектеулері.

Практикада компанияда қызметті қайта кәсіптендіру және елеулі техникалық жаңғырту жүргізу ниеті  пайда болған кезде, ұтымды қызмет мерзімі  қайта қаралады, осыған байланысты кейбір активтерді оларды ұтымды пайдаланудың бастапқы жоспарланған мерзімінен неғұрлым қысқа мерзімде пайдаланудан шығару жоспарланады [31].

Негізгі құрал дегеніміз - қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын және келешекте экономикалық пайданы әкелетін ұзақ мерзімді материалдық  активтер болып табылады. Негізгі  құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және ХҚЕС негізінде нақты құнмен бағаланады.

Негізгі құралдардың  бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық  құны, қалдық құны келісілген құн болп бөлінеді.

Халық шаруашылық қай  салада болмасын өндірістік өнімнің  өсуі ондағы негізгі құралдардың  көбейуі мен олардың сапасына байланысты болады. 

Айырбастау бірдей мақсатқа пайдалануға арналған және сол мезгілде ағымдағы құны бірдей ұқсас активтер де, сондай-ақ әр түрлі мақсаттағы ағымдағы құны әр түрлі активтер де жатады.

Негізгі құралдарды жаңартып, толықтырып ескергендігін  және шаруашылыққ қажет емес пайдаланылмай  тұрғандарын дер кезінде шығысқа  шығарып отырудың маңызы өте зор  негізгі құралдарды кіріске алу және шығысқа шығару операциаларының талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы олардың қозғалысына бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асырытын шаруашылықтың  басшысының бұйрығымен немесе өкілімен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктердің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімінің өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру мамандарының бухгалтерлердің ж.б. мамандық иелерінің қатыстырыл-ғандығын анықтау қажет.

Негізгі құралдарды пайдалану барысында олардың  құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне  елеулі әсер еткен өзгерістерге байланысты қосымша сипаттамалар көрсетіледі. Мүліктік карточкалардағы көрсетілген  мәліметтер бастапқы құжаттарындағы мәліметтерімен сәйкес келтіуі тиіс.мүліктік карточкаларға және бастапқы құжаттарындағы мәліметтерін салыстыра отырып, негізгі құралдардың пайдалану және тұрған орындары бойынша қорытынды есеп ақлараттарындағы жағдайына сәйкестігін анықтауға болады. 

Жұмысымның тәжірибелік  бөлімін мен негізгі құралдар есебін 2005ж, 2006 ж, 2007 жылдарын талдауға және практикалық өзектілігі жайлы зерттеуге арнадық, яғни мекемесінің негізгі құралдар есебінің ауытқуларын есептедік. Пайыздық түрде 2007 жылға негізгі құралдар түрлеріне талдау жасағанда ғимараттар мен құрлыс жайлар 13,9 % құрайды, ал машиналар мен жабдықтар 64,7 %, көлік құралдары 19,8 % басқа да негізгі құралдар 1,6 % . Негізгі құралдар бойынша барлығы 100 % құрайды.

2007 жылды 2006 жылмен  салыстырғанда негізгі құралдар 98,8 млн. теңгеге өсті. 98,8 млн.теңгеге негізгі құралдар өсуі, негізінен негізгі құралдардың активті бөлігінің өсуі есебінен болды.  

- мекеме өзінің  қаржылық жағдайын жақсарту үшін  негізгі активті бөлігін өсіруі  тиіс;

- көбінде тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыруға үшін сапалы негізгі құралдарды сатып алу;

- жобаланған бизнес  жоспарларды жүзеге асыруда инновациялық  бағыттарға көбірек көңіл бөлу.   

Қолданылған әдебиеттер   

Қазақстан Республикасының  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауы, 2008 жылғы.

Бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібі. ҚР қаржы министрлігінің 22 маусым 2007 жылғы №224 бұйрығы.

ҚР-ның «Бухгалтерлік  есеп жане каржылык есептеме туралы» 2007ж. 28 ақпандағы №234-3 заңы

Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы: Экономикс, 2003 ж.

Бухгалтер бюллете

Информация о работе Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері