Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июля 2012 в 21:00, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы біртіндеп жоғарылау фазасына келеді.Бірақ ары қарай оның даму қарқыны жоғарылай береді. Стратегиялық тұрғыдан республика әлемдік технологияларды енгізуді мақсат етеді.

Содержание

Кіріспе 4



1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның өндірісті басқаруын ұйымдастыру 6

және экономикалық сипаттамасы

1.1 «Асыл-Дизайн» ЖШС -ның басқару құрылымы 6

1.2 «Асыл-Дизайн»» ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық

көрсеткіштерін талдау 10

1.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС-ның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

формалары мен әдістері және оны дамыту перспективасы 18



2 Қаржылық есеп беру 21

2.1 Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 21
2.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа 22

да дайындық жұмыстары 24
2.3 Қаржылық есеп беруді жасау
2.4 Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп
беруді жасау 30



3 Қаржылық қорытынды есеп беруді талдау 45

3.1 Шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістері

және оның мазмұны 45

3.2 Қаржылық есеп беру және оны талдау 46

3.3 «Асыл-Дизайн» ЖШС қаржылық тұрақтылығын талдау 48

3.4 «Асыл-Дизайн» ЖШС табыстылығын талдау 51

3.5 «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің

тиімділігін талдау 54

3.6 «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және 56

кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау



Қортынды 64



Қолданылған әдебиеттер тізімі 66



Тіркемелер 69

Работа содержит 1 файл

Абдымұратов Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауыАсыл Дизайн.doc

— 651.00 Кб (Скачать)

             

14 кестеден көрініп тұрғандай, 2008 жылы жалпы зиян 956мың тг. құрады,  бұл өткен жылмен салыстырғанда 956 мың тг көп, нәтижесінде негізгі қызметтен түскен табыстың көлемі де азайды. 2008 жылы берілген кәсіпорында негізгі қызметтен түскен қаржы нәтижесі кезеңдік шығындардың аз болуына байланысты 180,8 мың тг. пайдаға шықты. Мерзім шығындары 2008 жылы өткен жылмен салыстырғанда -2109,9 мың тг азайды. Осыған және негізгі қызметтен түскен табыстың төмендеуі есебінен кәсіпорындағы таза зиян 2008 жылы 744 мың теңгеге көбейіп, 956 мың теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өткен жылмен салыстырғанда табыстарының төмендеп отырғанын көрсетеді. Кәсіпорынның соңғы екі жыл қатарынан зиян шегуіне  нарықтағы  қаржы қиыншылығы әсер етуде, серіктестіктің шығаратын өнімдері аса бағалы сапалы өнімдер сондықтан оның бағасы да жоғары болғандықтан  тұтынушы сұранымы да төмендеп тұр.

      Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді: жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекеленген элементтері; ә)   өнімдер; б)  ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кестеде берілгендей, сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті 2006 жылы +0,29 коэффициентке көбейді. Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:      

 

                                                                     Таза табыс

Да                     (4)

Барлық активтер (авансталған, жиынтық капиталбаланс валютасы).

 

Кесте 14 - Сатылған өнімнің табыстылық коэффициентін талдау

 

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем

бірлігі

Нақты

Абсол.

Ауытқу  +;-

2007 ж.

2008 ж.

1

Жалпы табыс

мың тг.

2335,4

406,5

-1928,9

2

Өнімді сатудан түскен табыс

мың тг.

2919

4049

1130

3.

Жалпы активтердің орташа жылдық құны

мың тг.

895

895

-

4.

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі

%

50,6

8,3

-42,3

5.

Сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті

коэф

0,23

0,52

+0,29

 

 

 

 

 

 

                                                                                                   

Кесте – 15 Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер ететін көрсеткіштер

 

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем

бірлігі

Нақты

Ауытқу

(+,-)

2007 ж

2008 ж

1.

Жалпы табыс

мың тг

2335,4

406,5

-1928,9

2.

Өнімді сатудан түскен табыс

мың тг

2919

4049

1130

3.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

мың тг

895

895

-

4.

Материалдық айналым қар-жыларының орташа жылдық қалдықтары

мың тг

612,3

1305,9

+693,6

5.

Өндірістік қорлардың орташа жылдық құны

мың тг

895

895

-

6.

Өнімнің қор сыйымдылық

коэффициенті

Коэф

0,07

0,91

+0,84

7.

Сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін табыс – сатылған өнім-нің табыстылық  коэффициенті

Коэф

0,23

0,52

+0,29

8.

Өндірістік қорлардың табыс-тылық деңгейі

%

174,7

20,1

-154,6

 

              15 - кестенің мәліметтері көрсеткендей, меншікті капиталдың табыстылық деңгейі 2008 жылы -49,7 пунктке кеміп 15,0 пайызды құрады. Бұған әсер еткен жалпы табыстың деңгейінің өсу қарқынының төмендеуі.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есеп беру жылы өткен жылмен салыстырғанда 154,6 пайызға азайды, ал сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті керісінше 2008 жылы +0,29 коэффициентке көбейді. Өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті 2007 жылы 0,07, 2008 жылы 0,91-ті құрады.

 

3.5  «Асыл-Дизайн» ЖШС іскерлік белсенділігін және қызметінің тиімділігін талдау

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығы оның іскерлік белсенділігіне де тікелей байланысты. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің басты сандық және сапалық критерийлері болып келесілер табылады: экспортқа тауар шығаруды қосқанда өнімді өткізу нарығының кеңдігі, кәсіпорынның беделі, шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің жоспарының орындалу деңгейі, олардың өсу ырғағын қамтамасыз ету, ресурстарды (капиталды) пайдалану тиімділігінің деңгейі, экономикалық өсу тұрақтылығы.

Акционерлік кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі әлемдік тәжірибеде экономикалық даму немесе өсудің тұрақтылығы деңгейімен сипатталады.

Экономикалық өсу тұрақтылығы кәсіпорынға банкроттық қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, кәсіпорын жетекшілері мен менеджерлер алдында салмақты мәселе – экономикалық өсудің тұрақты ырғағын қамтамасыз ету тұрады.

Есеп-талдау тәжірибесінде негізгі қызметті меншікті қаражаттарды қайта инвестициялау есебінен кеңейту бойынша кәсіпорын мүмкіндіктері пайыз түрінде көрсетіліп, келесі формуламен есептелетін тұрақты өсу коэффициентінің (Кур) көмегімен анықталады: 

 

              КУР = ( PR – Д ) / ИС * 100% = РПР / ИС * 100%,  (5)

 

              Бұл жерде               PR – кәсіпорынның меншігінде қалған таза пайда;                                          

                              Д – акционерлерге төленген дивидендтер;

                                РПР – өндірісті дамытуға бағытталған пайда;

                    ИС – меншікті капитал (капитал және резерв).

 

Кесте – 17 Тауар шығару бойынша жоспардың орындалуы

 

 

Өлшем бірлігі

2008 жыл

2007 жыл

(+,-)

%

жоспар

нақты

(+,-)

%

Тауар шыға-ру көлемі, барлығы

мың тг

10000,0

10275,7

+275,7

102,8

786,6

+9489,1

1306,3

Оның ішінде

 

 

 

 

 

 

 

 

Тауар өнімі

мың тг

2000,0

1990,0

-10,0

99,5

184,0

+1806

1081,5

Басқа да қыз-мет түрлері

мың тг

460,0

505,0

+45,0

110,0

32,0

+473

1578,1

 

Экономикалық өсудің тұрақтылығы коэффициенті кәсіпорынның экономикалық потенциалының орташа қандай ырғақпен өсетінін көрсетеді.

Қаржы-шаруашылық қызметтің тиімділігін бейнелейтін факторлардың кәсіпорынның тұрақты даму деңгейіне әсерін бағалау үшін келесі модельді қолданады:

                              РРП         PR        QP        В

              КУР   =   ------  *  -----  *  -----  *  -----  *  100%      (6)

                               PR          QP         B         ИС

              немесе

              КУР = КПР  *  КQ  *  f  *  КФЗ          (7)

 

              Бұл жерде КПР – кәсіпорынның дивиденттік саясатын бейнелейді;

                            КQ  – сатылған өнімнің рентабельділігін бейнелейді;

                            f      – қор қайтарымын сипаттайды;

                            КФЗ – заемдық және меншікті қаржы көздері арасындағы қатынасты сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффициенті;

2008 жылы жалпы тауар шығару көлемі 10275,7 мың теңгені құрады, жоспар 10000,0 мың теңге болған немесе 102,8 пайызға артық орындалды.

 

Кесте – 18 Өнім өткізу көлемінің орындалуы

 

 

Есеп беру кезеңіне жоспар

нақты

Жоспардан ауытқу

өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны, %

2008

2007

сомасы

%

жоспар

Нақты

Тауар шығару көлемі

10 000,0

10275,7

786,6

+275,7

102,8

1271,3

1306,3

Тауар сату көлемі

10 000,0

10275,7

786,6

+275,7

102,8

1271,3

1306,3


 

Тауар өнімін өндіру, қызмет көрсету жоспарға қарағанда -10,0 мың теңгеге кем орындалса, өткен жылмен салыстырғанда +1806 мың теңгеге артық орындалды, бұл құрылыс-жөндеу жұмыстарының азаюына байланысты. Сала бойынша талдағанда тауар өнімін шығару бойынша жоспар 99,5 пайызға, құрылыс бойынша 97,4 пайызға кем, ал ауыл шаруашылығы бойынша 104,7 пайызға артық орындалды.

Кестеде берілгендей, өнім шығару көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1306,3 % артық орындалды, ал сатудан түскен табыс 110,9 % артық орындалды. Қоймадағы дайын өнім қалдығы 7069 мың теңгені құрады.

 

3.6. «Асыл-Дизайн» ЖШС потенциалды банкроттылығын және кәсіпкерлік тәуекелдігін талдау    

 

Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекелділік қандайда бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Кәсіпкерлік тәуекел - бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.

Өндірістік тәуекел - бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметтін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу және т.б.

Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себеп-тері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің үнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың ара қатынастарының көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.

Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.

Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықгық тәуекел.

Информация о работе Ұйымның қаржылық есебі және оның талдауы