Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_386671762.docx

— 153.37 Кб (Скачать)

 

Серіктестік стратегиясы. «Әрқашан ауыр жолы таңда, онда сіз бәсекелесшілерді кездестірмейсіз» .

(Шарль Де  Голь)

«Galanz Bottlers» - бұл ғұлама, дәйекті және қойылған тапсырмаларды творчествалық жолмен шеше білетін саналы мамандардың командасы. Серіктестік нарықта алдынғы қатарда орналасуға ұмтылады. Жұмыс жасап отырған мамандар шығарылған өнімнің сапасы мен сервистің деңгейі бойынша озығы болу үшін барыг салуда.

Серіктестік мақсаты. «Ең маңыздысы – бұл тұтынушылармен өзара байланысты қалыптастырып, олардан түскен мәліметтерден үнемі сабақ алу».

(Билл Гейтс)

Өндірістің алға қойған мақсаты  – пайдалы және сапалы өнімдермен қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандыру және өнімін өткізу арқылы табыс табу. Пайда табу негізінде  кәсіпорын қатысушыларының экономикалық – әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.

Серіктестік жетістігінің құпиясы. «Сіздің жетістігіңіздің жалғыз ғана дұрыс өлшемі – бұл сіздің нақты потенциялыңызбен салыстырмалы істеген ісіңіз».

(Пол Дж Мейер)

Сырттай қарағанда «жетістіктің құпиясы» - деген оңай сөйлемнің өз астарында  үлкен мағынасы бар және өз күшінің  сенімділігін арттырады. Табысты кәсіпкерлікті  жүргізудің құпияларын және оны шебер  пайдалана білу – ол оңай және нарықта  жетекші болудың бірден бір кілті. Galanz Bottlers-тың жетістігінің құпиясы – өз клиенттері (сауда желісі және бөлшек дүкендер) мен өз тұтынушыларының максималды қажеттілігін қанағаттандыру үшін өнім сапасының жоғары болуын өндірістің барлық кезеңдерінде қадағалап, өз портфелінің кеңейуіне қатал бақылау жүргізу.

Серіктестік құрамы. «Бренд көбінесе қоғамға ықпалын тигізеді».

(Томас Гед)

«Galanz Bottlers» АҚ – ПЭТ ораушысындағы сусындарды өндірушісі.

«Вера Ловаль»  ЖШС – дайын өнімді жүзеге асырумен айналысады.

«Адал Су»  ЖШС – ауыз су өндіреді.

«Напитки  на Дом» ЖШС – ауыз суды өндіру мен  жеткізу ісін жүзеге асырады.

«Chemolgan Food Stаstion» ЖШС – логистика жұмысын атқарады. Мамандардың айтуынша «Логистика кәсіпкерліктің философиясы және діні».

 

 «Galanz Bottlers» акционерлік қоғамы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық кодекс, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Қоғамының жеке фирмалық атауы көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді.

Компания Алматы қаласы, Сүйімбай көшесі №239 «б» орналасқан. Қызметінің жарғысы бойынша негізгі бағыттары:

    • алкогольсіз сусындар өндіру және шығару
    • сауда және сауда делдалдық қызметсатыа алу қамтамасыз ету қызметтері
    • халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
    • адвокаттық қызметпен байланысты емес және өзге де кеңес беру қызметтері
    • Біртұтас және бөлшектеп сату бөлімдері мен кәсіпорын ұйымдастыру

Кәсіпорынның өндірістік базасы қызметінің табысты жұмыс жасауға қажетті  алаңдары мен құрал-жабдықтары бар. Дайын өнімді өндіруге және олардың шикізаттарын сақтауға арналған цехтар мен қоймаларға ие. Өндіріске пайдаланатын шикізаттары сертификатталынған және үнемі қадағаланып, бақыланып отырылады. Компания сапалы сусын өнімдерін тұрақты жеткізу бойынша келісімдер жасасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 


 

 



 

     



 




 




 

 


 



 


 





 




 

 

 

 

Кәсіпорынның басқару құрылымы.

 

Зауыттың еңбек ұжымы тәжірибелі және осы салада көп жыл еңбек  істеген өндірісті өз дәрежесінде  білетін қызметкерлерден құрылған. Негізгі өндірісті ұйымдастыру  жалпы қағидаларды ұстанады. Ол ұйымдастырудың ағымдық әдісі, яғни жұмыс процесі  үзіліссіз қозғалыста және жиілікті қарастырады.

 «Galanz Bottlers» акционерлік қоғамының өнімдері тұтынушыларға салыстырмалы түрде төмен бағамен жеткізіледі. Зауыт ұжымы үнемі жаңа өнім түрлерін шығаруды алға қойып отырады.

 

    1. Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы

 

«Galanz Bottlers» акционерлік қоғамда құрылтайшы бекiтiлген есеп саясат қабылданған.

Қоғамның ұйымдық құрылымы мен  жалпы мәліметі осы есеп саясаттының  мақсаты болып табылады.

Осы есеп саясатының басты міндеті  бухгалтерлік есеп әдістері мен қағидаларын  орнату болып табылады. Саясатты қолдану  серiктестiктiң қызметiн теңбе-тең  бейнелеуге барынша мүмкiндiк бередi. Бұл қызметтi тиiмдi реттеуiнiң мақсаттары үшiн ол туралы толық, нақты және сенiмдi мәлiметтi серiктестiктердiң пайдасына құрастыру. Ол есептiк процесстiң әдiстемелiк, техникалық және ұйымдастыру тараптарын қамтиды.

Есеп сясаты 8 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (01.01.2005), Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талаптарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебін реттейтін нормативтік – құқықтық құжаттармен ұйымдастырылған.

Есеп саясаттың құрастырылуының негізі халықаралық қаржылық есеп стандарттары болып табылады.

Есеп саясатының әдiстемелiк бөлiгі бiрнеше ұсынылатын ХҚЕС № 2 бухгалтерлiк есептің жүргiзуiнiң нақтылы әдiстерiнiң таңдауы жолымен қалыптасады және шаруашылық операцияларды, активтерді, меншікті капиталды, кіріс пен шығысты ашып көрсету үшiн, орындықолданылуын анықтайды.

Есеп саясатының құрастыру негiзіне  келесi есеп принциптер салынған: есептеп шығару,  үздіксіз қызмет, түсініктілік, маңыздылық, салғастырымдылық тiзбек, аяқталғандық, алды-артын байқау, ақиқаттық, шын және алаламайтын ұсыныс.

Халықаралық қаржылық есеп стандарттарымен объекттер есепке алуды жүргiзудiң әдiстерi  орнатылмайтын жағдайларда, бухгалтерлiк есеп бойынша заң талаптары және нормативтiк актiлерге сүйене отырып, серiктестiк тиiстi процедуралар өз өндейдi.

Есеп саясат бағалы және инвестициялық саясатты өңдеу үшiн негiзгi қызмет көрсетедi.

Серiктестiктiң қызмет процессінде есеп саясатына экономикалық қисынды өзгерiстер енгізе  алады.

Келесі жағдайларда есеп саясатына  өзгерулер енуі мүмкін:

    • Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енсе;
    • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есептi нормативтiк реттейтін жүйесiнде өзгерістер болса;
    • Меншiк иелерiнің ауысуы.

Есеп саясаты және оған қатысты  өзгерістер жалғыз құрылтайшымен ғана берітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Меншік иелігінің түрлеріне  қарамастан, кез келген ұйым, қаржалақ есебін дәл және уақытында жасау  үшін, есеп сапасын арттыру мен  ішкі бақылау принциптерін басшылыққа алуға тиіс.

Кез келген ұйым меншік иелігінің  түрлеріне қарамастан, меншігіндегі мүліктерді, алған міндеттемелері және шаруашылық операциялары туралы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті.

Кәсіпкерлік субъектілеріне бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында, ҚР қаржы Министірлігі 1 қаңтар 2008 жылдан бастап күшіне кірген, бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін (әрі қарай Ереже) 22 маусым 2007 жылғы  №221 бұйрығымен бекітті.

Мемлекеттік мекемелер, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржылық есебінің жүйесі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік  мекемелерге арналған, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы құқықтық нормативтік актілер бойынша  реттеліп, бекітіледі.

Қазақстан Республикасының салық  туралы заңына сәйкес, бір реттік талон  мен потент негізінде қызмет жасап, арнаулы салықтық режимді қолданып, сонымен қатар, қысөартылған декларацияның  негізінде қызмет көрсетіп, жұмыскерлерді  жалдамайтын жеке кәсіпкерлер.

Есеп жүйесі үш түрлі құрамдас бөліктен тұрады.

Біріншіден, статистика, ақпаратты  жинап және өңдеудің ерекше тәсілдерін пайдаланады(топтастыру, динамикалық  қатар, индекстер және басқалары).

Екіншіден, оперативтік немесе басқару  есебі, сыртқа шығарылмай, ұйымның өз ішінде қолданылады. Оның қажеттілігі, оперативті басқару кезінде, кейбір жеке жұмыстар мен операцияларды  жүргізу барысында, тікелей бақылауды  қамтамасыз етуден туындайды.

Есептің негізгі түрі, меншік иелерін, акционерлерді, әкімшілікті, басқа да ұйымның және құрылымдық бөлімдерінің қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы ақпараттарды пайдаланушыларды өамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп болып табылады, сонымен қатар, ол басқару шешімдерін қабылдаудың ақпараттық негізін құрайды.

Бухгалтерлік есепті жүргізудің басты мақсаттары: инвесторлардың, құрылтайшылардың, берушілердің, сатып  алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттңк  органдардың, банктердің және де өзге де мүдделі тұлғалардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, сондай – ақ пайдалану  үшін қажетті; дара кәсіпкерлер мен  ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпараттарды қалыптастыру; шаруашылық операцияларды  жүзеге асыру және олар мақсатқа сай болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылау үшін қаржы есептілігін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен қамтамасыз есту; шаруашылық қызметтің теріс нәтижесін болдырмау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау; материалдық, нңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалана отырып, мүліктің болуы мен қозғалысына бақылау жасау болып табылады.

(Бухгалтерлік есепті жүргізу  ережесі ҚР ҚМ 22 маусым 2007 жылғы  №221 бұйрығымен бекітілген).

ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес жариялы мекемелер қатарына қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын қолданушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай – ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады.

Бухгалтерлік есепте мәліметтерді жинау, тіркеу және өңдеу үшін келесі тәсілдерді қолданады: бастапқы құжаттарды деректі түрде жасау және көрсету, инвентаризациялау, ақшалай бағалау, калькуляция жасау, топтастыру, екі  жақты есеп жүргізу принципін  сақтау, баланс жасау.

Әдетте бухгалтерлік есеп негізін  үйрену үшін, ертеден қалыптасқан  әдістерді пайдаланады. Олар: баланстық топтастыру, бухгалтерлік шоттар және екі жақты есеп жүргізу.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есеп саясатын құрудан басталады.

Есеп саясаты, ұйымда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті жасау үшін қолданылатын нақты приниптерден, негіздерден, ережелерден, қағидалар мен тәжірбелерден  тұрады («Бухгалтертік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ).

Бухгалтерлік есеп жүйесі барлық қаржылық – шаруашылық операцияларын міндетті түрде құжаттаудан тұрады. Бухгалтерлік құжатты жасаған кезде жазылған кез келген жазу, немесе, оларды бухгалтерлік есеп регистірлер деп атайды, операцияның жүргізілгенін растайтын құжаттың болуын талап етеді. Оларға тауар құжаттары, төлемдік тапсырыстар, шоттар, актілер және басқалары жатады, бастапқы құжаттар деп аталады. Бұл құжаттар атқарылған операцияла мен оқиғалардың болғандығын растайды және онда құжаттың жасалған уақыты, ұйымның аты, операцияның атауы, құжатты жасаған жауапты тұлғалардың лауазымдары көрсетіліп, қолдары қойылады және т.т. Олардың бәрі құжат деректері (реквизиттер) деп аталады.

ХҚЕС пен ҚЕҰС құжаттың экономикалық мазмұны заңдылық формасынан гөрі басыңқы  болу принциптерін басшылыққа алатынын атап өткен жөн. Олай болса, бұл талап, кейбір жекелеген жағдайларда, құжаттың бар жоғына қарамастан, экономикалық деректің есеп жүйесінде міндетті түрде  көрсетілуге тиісті екенін көрсетеді. Алайда, соңынан есептегі жазбалар құжат түрінде қуатталуға тиіс. Мысалы, айталық, мекемеге тауар ертерек  келіп, бірге жүретін құжаттар кешігіп  қалды делік. Есепте тауардың ұйымға келіп түскендігі жайлы экономикалық дерегі сол күнгі уақытпен көрсетілуге тиіс.

Бастапқы құжаттардың барлығы, тәтіп бойынша, операция орындалған кезде жасалады. Қаржалақ құжаттар жайлы айрықша атап айту керек. Ондай  құжаттарда қаржы қозғалысы көрсетіледі. Оларға, әдетте, кассалық және банктік құжаттар жатады. Олар міндетті түрде арнаулы журналдарда тіркелуге тиісті. Кассалық және банктік құжаттарға өзгерулер енгізуге тиым салынға.

Ұйым басшысы құжаттарға қол  қоюға құқысы бар тұлғаларды анықтап, бұйрығымен бекітеді. 

Құжаттардың қозғалысы, оларды жасау  немесе сырт мекемелерден алу, есепке кіргізу, өңдеу, мұрағатқа жіберу, құжатайналысы деп аталады.

Информация о работе Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы