Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_386671762.docx

— 153.37 Кб (Скачать)

Берешектер борышы дегеніміз ұйымның алашағы, осыған сәйкес ұйымның берешегі алашақ қарызы деп аталады.

Ұйым есебінің нақты болуын қамтамасыз ету үшін, мүліктер мен қаржылық қоға тугендеу жасалады. Тугендеу – дегеніміз бухгалтерлік есептің бір тәсілі және арнаулы бір уақыттағы бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, нақты бар мүліктермен салыстыру болып табылады.

Ұйымның есеп саясатын дайындаған кезде, бас бухгалтер мен бухгалтерия  кызметкерлерінің лауазымдық нұсқамасы  қоса дайындалады, онда олардың орнындайтын  жұмыстары, міндеттері, құқықтары мен  жауапкершіліктері көрсетіледі.

Әрбір іс жүзінде атқарылған экономикалық факт шаруашылық операция деп аталады.

Өлшем бірліктерін пайдалану бухгалтерлік есепті жүргізудуің шаруашылық негізгі  шарттарының бірі болып табылады. Өлшем бірліктерін қолдану арқала ұйымның қаржалақ –шаруашылық қызметтерінің  өрісіне байланысты сандық, сомалық  және басқа да көрсеткіштер анықталады. Өлшем бірілктері натуралдық, еңбек  өлшемі және ақшалай өлшем бірліктері болып бөлінеді.

Натуралдық өлшемдер (кг, м, дана, м2 , м3 және басқалар) негізгі құралдар мен құндылықтарды, дайын өнімдерді және т.б. өлшеуі үшін қажет. Меншік түрлеріне қарамастан, натуралдық өлшемдердің көмегімен, олардың сақталуы бақылауға алынады, өнім дайындау барысында өндіру және сату көлемін анықтауға қолданылады. Өндірістік тапсырмалар мен есепптік көрсеткіштер салыстырылып және сараптаулар жүргізіледі.

Еңбек өлшемдер (сағат, күн, ай және т.б.) еңбек етуге кеткен уақытты аныөтауға мүмкіндік береді. Солардың негізінде нормалар белгіленіп, еңбек ақы есептеліп, еңбек өнімділігін анықтау үрдісінде пайдаланылады.

Ақшалай өлшем – ортақ көрсеткіш. Бұрын натуралды және еңбек өлшемдері түрінде есптелген шығындары, ұйымның мүліктік құқығының көлемі, ұлттық валюта арқалы (болмаса стандарт бойвыша көрсетілген, қолданыстағы басқа валюта) анықталып, сметалар, өндірістік тапсырыстар, есептер және баланстар жасаланады.

Шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін объектілер құрамына төмендегілер кіреді:

Негізгі құралдар – ғимараттар, машиналар, құралдар, көлік құралдары, инвентарь және басқалар, олар шаруашылық қызметінде, сыртқы түрін өзгертпестен, ұзақ уақыт пайдаланылады (12 айдан артық). Бұл құрадлар бірте – бірте тозатындықтан, олардың бағасын өнімнің және қызметтің өзіндік құнына, пайдалы қолдану кезеңінің нормативтік мерзіміне сәйкес, арнаулы есептеп шығарылған амортизациялық нормалар бойынша біртіндеп қосуға болады.

Материалдық емес активтер – ұзақ мерзімде пайдаланылатын (1жылдан астам), бағалық құны бар және қолмен ұстауға жатпайтын объектілер (жер телімдерін, суды, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқысы, патенттер, авторлық құқық, және басқа да мүліктік құқықтар, оның ішіне өнеркәсіптік және интелектуалдық меншіктер де кіреді). Материалды емес активтер де, негізгі құралдар сиақты,өндірілген жаңа өнімдер үшін жұмсалған шығындар құрамына өзінің бастапқы құнын, ұйым бекіткен норма бойынша амортизация түрінде біртіндеп беріп отырады.

Құндылқтар – шикізат, материалдар, құрамдас заттар, ыдыс, жанар май және басқалары өндірістік үрдіске бір ақ рет қатысады, сондықтан олардың құны толығымен жаңадан өндірілген өнімнің өзіндік құнына қосылады. Осы ерекшелігіне байланысты ұйым құндылықтарды тұрақты түрде сатып алып,  толықтырып отыруға тиіс. Бұл топқа сонымен қатар, ұйымның құрылымдылығы аяқталмаған өндірістің қалдығы, дайын өнім мен тауарлардың құны кіреді.

Ақшалай қаражаттар – отандық және шетелдік валюта түрінде, есептегі, арнаулы есеп шоттағы, валюталық шоттағы, кассадағы ақшалар, сонымен қатар аккредивтер, чектер, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, векселдер) және басқада ақшалай қаражаттар.

Түсуге тиісті қаржылар – жөнделтілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көсетілген қызметтер, алған вексельдер үшін заңды және жеке тұлғалардың осы мерзімге дейін төлемеген жабдықтаушылардың берешек борыштары.

Жоғарыда атап өтілген шаруашылық қаржылардың барлығы, ұйым балансының активін құрайды. Енді шаруашылық қаржыларының қандай көздерден құралып, алынатынын талдап көрейік.

Жарғылық капитал – құрылтайшылардың (меншік иелерінің), акционерлердің, ұйымды құрған кезде жарғыда көрсетілген экономикалық үрдіске пайдалану үшін, үлес қосу мақсатында, құрылтай құжаттарына сәйкес салған қаражат көздері (негізгі құралдар құны, материалды емес активтер, құндылықтар мен ақшалай қаражаттар).

Пайда – есепті кезең басталып, аяқталғанға дейін ұйымның өнімді сатудан, орындаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінен, құндылықтар мен басқа да активтерінен түскен табыс мөлшерінің шығынынан асқан бөлігі.

Пайда (залал) ұйымның есепті кезеңдегі  барлық шаруашылық операцияларының  бухгалтерлік есеп негізінде анықталған, қорытынды қаржылық есебінің нәтижесі болып табылады.

Резервтік капитал немесе резервтер  ұйымның пайдасы есебінен жасалып, күмәнді шығындар мен шегетін  шегетін зиандарды жабуға пайдаланылады, немесе ұйым облигацияларын өтеуге және акционерлік қоғамның өз акцияларын сатып алуға, дивиденттер жұмсалады. Меншікті қаржы көзі есебінде, негізгі құралдарды және ұйымның басқа да активтерін, бекітілген тәртіп бойынша қайта бағалаудың есебінен құралады.

Эмиссиялық табыс – орналастырылған немесе сатылған акциялардың номиналдық бағасынан тыс алынған сомалар.

Бөлінбеген пайда – өткен жылдардан алынған пайда, меншік иелері ұйымды дамыту үшін қалдырады, дивиденттер мен ұйымның қаржылық инвестиция және қаржылық қорының көзі болып табылады.

Меншікті капитал сонымен қатар, төленбеген капиталдың сомасы, өзге де резервтер және меншік иелерінен  жинақталған қаражат көзделінен құрылады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде  қолданылатын әр түрлі тәсілдер мен  амалдардың жиынтығы бухгалтерлік есеп әдісі деп аталады. Бұл әдіс біонеше  элементтерден құралады, оның ішінде ең негізгілері құжаттандыру, инвентаризация, счеттар, екі жақты жазу принципі, баланс, есеп беру, бағалау және калькуляция  жасау.

Құжаттандыру  – атқарыдған операцияларды жазбаша түрде куәландыру. Бастапқы құжаттар ұйымның орындаған шаруашылық қызметін толық жіне үздіксіз түрде көрсетіп отырады.

Есепті құжаттарға қойылатын басты  талаптар – ақпараттарды дер кезінде  жасау, толық және дәлме – дәл  көрсете отырып, ұйымның қаржылық – шаруашылық қызметіне алдын  ала, ағымдағы бақылау жасауды қамтамасыз ету.

Құжаттарды рәсімдеу барысында  жіберілген қателерді түзету тәртібі. Әсіресе бастапқы құжаттар мен есеп регистірлерінде жіберілген қателерді  түзетуге баса назар аудару қажет. Мысалы, бастапқы құжаттар мен есеп регистірлерінің  мәтіні мен сандық көрсеткіштерін өшіруге  және ескертілмеген түзетулер енгізуге жол берілмейді.

Түгендеу. Ұйымның ішкі бақылау тәсілі ретінде, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қорғау принциптеріне негізделген, оның ішінде екі жақты жазу, баланстық топтастыру, бақылау, аналитикалық талдау және басқа функциялар кіреді. Сонымен қатар, инвентарларды, негізгі құралдарды, ақшалай қаржыны, өндірістік қорларды, ақшалай қаржыны, өндірістік құнжылықтар түріндегі материалды активтерді іс жүзінде тексеру немесе түгендеу принциптері кеңінен қолданылады.

Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 22 маусым 2007жылғы №221 «Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бухгалтерлік есеп деректерінің дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында, мүліктер мен ақшалай қаржылардыжылына кем дегенде бір рет түгендеп отыру қарастырылған. Іс жүзінде кей кәсіпкерлер, мекеме басшылары және ұйымның меншік иелері бұл қағиданы естерінен шығарып, түгендеу жұмыстарын тек қана қажетті шара деп санайды. Ал шындап келгенде түгендеу тек қана ішкі шаруашылықтық бақылаудың құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен бірге өндірістік резервтерді табуға, ұйым мүлкінің талан – таражға түсуінің алдын алып, қажетсіз шығындарға жол бермеудің амалдарын қолдануға мүмкіндік береді.

Түгендеу жолдары төмендегі  жағдайларға байланысты, міндетті түрде  жүргізіледі:

  • Материалды жауапты тұлғалардың ауысуы кезкезінде;
  • Құндылықтардың бүлініп және ұрлану фактілері орын алған кезде;
  • Төтенше жағдайларға байланысты (өрт, апат, табиғи апаттар);
  • Мекеме таратылып немесе қайта құрылғанда.

 

Счеттар мен  екіжақты жазу. Бухгалтерлік счеттар дебет және кредит деп аталатын екі бөліктен тұрады. Актив счеттарындағы операция дебет бойынша көрсетілсе, онда ол оның көбейгенін, ал кредит бойынша көрсетілсе кемігенін білдіреді. Ал пассив счетында ол керісінше болады. Счеттың дебеті көрсеткіштің азайғанын, ал кредиті көбейгенін көрсетеді. Мысалы: әлі жіберілмеген тауарлар үшін, алдын ала ақшасы келіп түсті делік. Ондай жағдайда ақшалай қаржыла счетының дебеті ұлғаяды, яғни, басқа мекеменің ұйымынан алшақ қарызы көбейеді. Сонымен қатар ол ақшалай қаржы көздерін көбейтеді. Тауар жіберілгеннен кейін, оның ақшалай көлемі азаяды, ол актив счетының кредитінде көрсетіледі, сонымен қатар, ұйым міндеттері счетының дебеті осы сомаға ұлғаяды және ол алашақ қарыздардың немесе міндеттердің өтілгенін көрсетеді.

Счеттың дебеті мен кредитінің тең  болуы, ол счетта қалдықтың жоқтығын білдіреді. Егер счеттың бір жағы екіншісінен көп болса, онда сол  счет бойынша қалдық (сальдо) пайда болады. Мысалы, қаржы есебі счетының дебеті бойынша 200 000 теңге болды делік, одан кейін ол 50 000 теңгеге азайды, яғни ақшалай есеп бойынша счеттың қалдығы 150 000 теңгені құрайды. Актив счеттарының қалдығы тек қана дебет түрінде болады, сол сияқты пассив счеттарындағы міндеттер мен меншікті капитал тек қана кредит түрінде болады. Олай болса, актив счетында, мысалы қалдықтар бойынша счетта кредиттік қалдық көрсетілсе, ол бухгалтердің қателігі немесе құндылықтар есебінің дұрыс жүргізілмегендігін көрсетеді. Артық заттар пайда болды деп топшылауға да болады. Соған орай, құндылықтардың қозғалысы мұқият зерделеніп, есептің дұрыстығын тексеру қажет.

Бухгалтерлік есептің счеттары арасындағы байланыс, операциялар әр түрлі счеттарда көрсетілген  кезде, оны корреспанденциялау деп атайды, ал ол счеттарда сомалық көрсеткіштер жазылған кезде, оны бухгалтерлік проводка деп атайды.

Баланстың активі мен пассиві бірнеше  бөлімдерден тұрады. Олар экономикалық тұрғыдан біртектес қаржылардан  құралады. Баланстың жалпы жиынтығы валюталық баланс деп аталады және актив сомаларының жиынтығы міндетті түрде пассив сомаларына тең болады.

 

    1. Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

 

Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылыкез келген операцияны жүргізуге боладыжәне міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен, дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатының есебін жүргізу  үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1010 – 1060 счеттарының тобы пайдаланылады.

Ақша қаражатының есебін жүргізетін счеттар, актив есебін жүргізетін счеттарға жатады, сондықтан счеттың дебетіндегі сальдо, счеттың қалалдығындағы сомаға тең болады. Дебет бойынша өсуі немесе соманың айналымы, ұйымға қаржының түскенін, немесе ақшаның көбейгенін көреседі. Соған сәйкес, кредит бойынша айналуы, ақшаның азайғанын көрсетеді. Ақша қаражаты сатылған өнімнің құнынан, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметке төленген ақының есебінен көбейеді. Кемуі – ақша қаражатының құндылықтарды, шикізатты, негізгі қорларды сатып алып, басқа да операциялыө немесе инвестициялық мақсаттарға жұмсалғанын көрсетеді.

Есептесу счетындағы келіп түскен және шығарылған сомалардың айналымы, немесе жиынтығы, есеп регистрлеріндегі, болмаса журнал – ордеріндегі  сомалармен сәйкес келуге тиіс. Оған қоса, есептесу регистіріндегі ай соңындағы  қалдық, банкілік құжаттағы ай соңында  көрсетілген сомамен кең болуы  тиіс. Банкілік құжаттығы қалдық сомасы оның төменгі оң жақ бұрышында  көрсетіледі, әрбір банкілік операция құжат түрінде расталып отырады, құжат болмаған жағдайда, оны ұйым шығындарының ішінен алып тастап, оған қосымша салық салынуы мүмкін.

Заң бойынша, басқа да қолма –  қол ақшасыз есептесудің түрлері  бар. Оларға чектер, вексельдер немесе оларды шетелдік индоссаментке төлем карточкаларымен, инкассалық жарлықпен беру түрлері жатады. Ақшалай төлем жасап және оны аударудың ережелері мен қолдану тәртіптерінің ерекшеліктері, ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік актілері бойынша бекітіледі.

Ерекше жағдайларда банк ұйымның  есептесу счетынан басқа ұйымдардың құжаттары бойынша, қаражатты мәжбүрлеп  аудара алады. Мысалы, салық органдарының жарлығына сәйкес, ұйвмның дер  кезінде төленбеген салықтары мен  төлемдерін аударады. Банк, одан басқа  да келісім шартқа сәйкес, ұйымның  бұйрығынсыз, оның есеп счетынан ақша аудара алады. Мысалы, ссуданы пайдаланғаны үшін төленетін үстеме пайыз, уақытында қайтарылмаған ссуданың сомасы, банк қызметі үшін төленетін ақы және тағы басқалары.

Төлем құжаттырының түрлері:

  • төлем тапсырысы;
  • чек;
  • вексель;
  • талап тапсырмасының төлемі;
  • инкассалық жарлық, салық қызметі мен кеден органдарының инкассалық жарлығы;
  • ұлттық банктің құқықтық актілерімен бекітілген басқа да төлем құжаттары.

Информация о работе Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы