Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_386671762.docx

— 153.37 Кб (Скачать)

 

Операциялар мазмұны

сома

дебет

кредит

Негізгі өндірістің цехына босатылған материалдар

360 000

8110

1310

Көмекші өндірістің цехына босатылған материалдар

20 000

8310

1310

Негізгі өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы

1 300 000

8110

3350

Көмекші өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы

850 000

8310

3350

Негізгі өндіріс қызметкерлерінің табысына есептелген әлеуметтік салық (232 000/(1 300 000+850 000)*1 300 000)

140 279

8110

3150

Сол сияқты көмекші өндіріс

91 721

8310

3150


Келтірілген мәліметтер бойынша  ай ішінде шығарылған негізгі өндірістің өзіндік құны: 360,0+1300,0+140,279=1800279теңге.

Сол сияқты бір дана өнім =1800279/90=20003 теңге

Ай ішіндегі көмекші  өндіріс өнімінің өзіндік құны: 20,0+850,0+91,721=961721 теңге.

Сол сияқты бір дана өнім =961721/40=24043теңге.

 

 

    1. Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу

 

Дайын өнім қозғалысын есептеудің алғышарттары үшін нормативті-анықтамалық ақпарат  қажет.

Дайын өнім запасының жағдайын жан-жақты  бақылау, оның өндіру және жеткізу жоспарын орындау, әрбір бұйымның атауын, көлемін, сортының қозғалысын қадағалауын қажет  тұтады. Есептеуді осылай детальдап  қарау дайын өнімді есептеу мен  оның қозғалысын  ұйымдастырудың міндетті алғышарты болып табылатын номенклатураны жобалау жолымен жасалады.

Номенклатура деп кәсіпорынмен немесе біртекті кәсіпорындар тобымен өндірілетін өнім түрінің қолданыстағы белгілеу жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелендірілген тізімі аталады. Номенклатураның әр позициясына номенклатуралық номер беріледі, ол оның коды болып табылады. Кодтағы белгілер саны минимальды болу қажет, бірақ өндірілетін өнімнің барлық тізіміндегі белгілерді қамту үшін жеткілікті болу қажет.

Өнімнің осындай түрде жасалған номенклатуралық тізімі әрбір номенклатуралық  позицияның коды мен сөзбен жазылған түсініктемесінің арасындағы байланысты орнататын ақпараты бар анықтамалық  материал болып табылады.

Есепті жеңілдету мақсатында бір  номенклатуралық номерге бағасы бірдей немесе бір-біріне жақын бірнеше  өнімдердің размерін, сорттарын немесе түрлерін бекітеді, осылайша номенклатураны бекітеді. Бірақта есеп мәліметтерінің ақпараттылығын көтеруін және бақылауын  жақсарту мақсатында номенклатураның  жайылған түрі тартымдырақ болады.

Көптеген бухгалтериялар есептеу  бағасы ретінде кәсіпорынның көтерме  бағасын қолдануды қалайды (айналымнан салықсыз) немесе бөлшектеу бағасын  қолданады, егер соңғысы болса. Есептеу  бағасы үшін өнімнің орташа жылдық жоспарлы өндірістік өзіндік құнын  қабылдайтын бухгалтерия бар  кәсіпорындарда аз емес.

Нығайтылған топтық ассортименті бойынша  кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізетін өнімнің талдамалық есебі болған жағдайда есептік баға осы топ  үшін орташа болып есептеледі және бағалау шамасының нормативті-анықтамалық  массиві бойынша жеке дара позиция  болады. Дайын өнім есебін ұйымдастырудың алғышарттары нормативті-анықтамалық  ақпараттың бар болуы ғана емес, сонымен қатар осыған барлық қызығушылығы бар тұлғалардың қол жетуін қамтамасыз етуі екенін ескеру қажет. Көптеген көздер бойынша бөлінген бұл ақпаратты  рационалды ұйымдастыру қажет, олардың  әрбірі белгілі пайдаланушыға қажетті  нақты мәліметтерді массивте біріктіреді.

Материалды-жауапты тұлғалар номенклатуралық  парақ ұстау қажет, онда барлық өнімнің  түрі, өнімнің позициялық коды, өлшеу  бірлігі және есептеу бағасы болады. Нақты осы деректемелерді материалды-жауапты тұлғалар өнімнің қозғалысын көрсететін басқы құжаттарды толтырғанда белгілеу міндетті.

Жедел жұмыс жасау үшін өткізу бөлімінің  қызметкерлері дәл осындай номенклатуралық  парақты қажетсінеді, бірақ онда сату бағасы көрсетіледі және де сол  бағалар прейскуранттың позициясы  мен номеріне сілтейді, олар сатып  алушыларға берген шоттарда белгіленеді. Сонымен қатар, оларға сатып алушылардың, келісім-шарттардың коды бойынша дифференциалды өнімдердің жеткізуі бойынша кәсіпорынның міндеттері мен жоспарлық тапсырмалары туралы анықтамалық құжаттың мәліметтері  керек.

Пайдаланушылардың мүдделеріне сай  нормативті-анықтамалық ақпаратты  ұйымдастырудың рационалды әдістері арнайы әдебиеттерде экономикалық ақпаратты  механикалық өндеуді жобалау  және басқаруды автоматизацилау  жүйесімен байланыста қарастырады. Бірақ бұл әдістердің негізгі  идеяларын өнім және оның қозғалысы  туралы жоспарлық және есептік ақпараттар компьютерлендірілмесе де қолдануға  болады.

Дайын өнім туралы ақпаратты компьютерлік өндеу жағдайында алғышарттары техникалық тасымалдаушыларға нормативті-анықтамалық  мәліметтерді салу болып табылады, оларды ыңғайлы тәртіппен ұйымдастыру  және өзгерістер және толықтырулар қажет  болған жағдайларда уақытылы жаңартып отыру жүйесін жасау.

 

    1. Қаржылық есеп беруді ұсыну

 

Қаржылық есептер субъектінің  қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелері мен ақша құралдарының қозғалысын объективті білдіруге тиіс. Дұрыс  беру үшін операциялардың нәтижелерін, өзге де оқиғалар мен жағдайларды  активтердің, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды танудың анықтамаларына және өлшеулеріне сәйкес әділ көрсету  талап етіледі.

Халықаралық Қаржылық Есеп Стандартына сәйкес қаржылық есептерді жасайтын субъект  бұл туралы ескертпелерге сәйкес баяндайды. Қаржылық есептер осы Стандартта баяндалған барлық талаптарға сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, Стандартқа сәйкес келетіндей етіп баяндалмауға тиіс

Басшылық осы Стандарттың сол  немесе өзге талабына сәйкес келу қаржылық есептіліктің мақсатына қайшы келетіндей жаңылуға әкелуі мүмкін қорытындыға  келетін сирек жағдайларда субъект бұл талаптан, егер тиісті регулятивті база мұндай шегіністі талап ететін болса немесе қандай да болмасын өзге де тәсілмен тыйым салса, осы Стандарттың 51-тармағында белгіленгендейден шегінеді.

Субъект осы Стандарттың талаптарынан шегінген жағдайда субъект мынадай мәліметтерді ашады:

1) басшылық қаржылық есептер қаржылық жағдайды, қызметтің қаржылық нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын дұрыс беретіндігі туралы қорытындыға келгендігін көрсету;

2) субъект дұрыс беруге қол  жеткізу мақсатында қандай да  болмасын нақты талаптан шегінгеннен  басқа жағдайларда, осы Стандартқа  сүйенгендігін көрсету;

3) осы Стандартта ұйғарылған есепке алу тәртібін сипаттауды қоса алғанда, мұндай шегіністің сипаты туралы мәліметтер; ұйғарылған есепке алу тәртібі осы Стандарттың 2-бөлімінде көрсетілген қаржылық есептердің мақсатына қайшы келетін дәрежеде жаңылысуға әкелетін себептерді түсіндіру; пайдаланылған есепке алу тәртібі;

4) берілген кезеңдердің әрқайсысына талап сақталған кезде көрсетілген қаржылық есептердің әрқайсысына шегіністің қаржылық әсері.

Егер субъект алдыңғы кезеңде  осы Стандарттың талабынан шегінсе  және осы шегініс ағымдағы кезеңдегі  қаржылық есептерде танылған сомаға әсер етсе, онда ол осы Стандарттың 51-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес ақпаратты ашуға тиіс.

Басшылық Стандарттың сол немесе өзге талабына сәйкес келу қаржылық есептіліктің мақсатына қайшы келетіндей жаңылуға әкелетін, бірақ тиісті регулятивті  база осы талаптан шегінуге тыйым  салатын қорытындыға келген ерекше сирек жағдайларда субъект мынадай ақпаратты аша отырып, мүмкіндігінше талаптарды сақтағандықтан жаңылысуға әкеледі деп санайтын аспектілерді төмендетуге тиіс:

1) сөз болып отырған осы Стандарт талаптарының сипаты және басшылық осы талапты сақтау осындай жағдайларда бұл қаржылық есептіліктің мақсатына қайшы келетін жаңылысуға әкелетіні туралы қорытындыға келген себептер;

2) басшылықтың қорытындысы бойынша дұрыс беруді қамтамасыз ету үшін қажетті қаржылық есептердің әрбір бабы бойынша түзетудің әрбір берілген кезеңі үшін.

Қаржылық  есеп берудің тұжырымдамасын 7 элемент (активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер, шығыстар, пайда, зияндар) белгілейді.

Қаржылық  есеп берудің негізгі саналық  сипаттамалары:

1) түсініктілік;

2) орындылық;

3) сенімділік;

4) шынайы көрсету;

5) мәннің формадан артықшылығы;

6) бейтараптылық;

7) байқампаздық;

8) толықтылық;

9) салыстырмалық;

10)уақытылық;

11)пайда  мен шығын арасындағы баланс;

12)сапалық  сипаттаулар арасындағы баланс.

Қаржылық  есептер мәмілелер  мен басқа қағидалардың қаржылық нәтижелерін оларды  экономикалық сипаттамаларына  сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар – қаржылық есептердің элементтері деп аталады.

Субъектінің  қаржылық жағдайы  бағасына тікелей байланысты элементтер  болып активтер,   міндеттемелер  мен меншікті  капитал табылады.

Активтер  – болашақта табыс  әкелетін, құндық  бағасы бар, өткен операциялар  немесе оқиғалар нәтижесінде  алынған мүліктік  және жеке  мүліктік емес игіліктер  мен құқықтар. Активке айналған  болашақ  экономикалық  пайда  келесілерден  алынуы мүмкін:

1) егер  актив  жеке  немесе субъект  өткізетін  дайын өнім  өндірісінде  басқа активтермен  үйлесіп пайдаланылса;

2) басқа  активтерге айырбасталса;

3) міндеттемелерді  өтеу үшін қолданылды;

4) субъектілерді  меншіктеушілер араында бөлінеді.

Міндеттеме - өткен операциялар  немесе оқиғалар  нәтижесінде  пайда болған  және құндық бағасы, жеке тұлға  немесе ұйым пайдасына  белгілі  бір әрекет етуші, мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша  және басқасын төлеуге, әлде  өтеу экономикалық  пайдалы активтің  кемуіне  немесе ресурстың жылыстауына әкелетін белгілі  бір  іс-қимылдан  қағыс қалуға міндеттілік.

Меншікті  капитал-  міндеттемелерді  есептен шығарғандағы актив.

Қаржылық  есеп жасамас бұрын оның ақпараттарының шынайылығын  қамтамасыз ету үшін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңға сәйкес  субъект мүлікті және міндеттемелерді  түгендеуге міндетті. Түгендеуді жүргізу келесі жағдайларда міндетті:

- жылдық бухгалтерлік есеп  беруді жасау алдында;

- мүлікті жалға, сатуға, сатып алуға және шаруашылық  жүргізуші субъекті қайта құрылғанда;

- материалдық жауапта адам  ауысқанда;

- төтенше жағдайлар болған кезде;

- негізгі құралды және тауарлы-материалдық  қорларды  қайта бағалауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ

 

«Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғамда түгендеу жылдық түгендеу туралы бұйрық шыққаннан кейін жүзеге асырылады. Бұйрықта көрсетілген белгілі мерзімде есептік жылға түгендеу жүргізілуі тиіс. Бұл түгендеуді директордың орвнбасары немесе бас бухгалтер ұйымдастырады. Осы лауазымды адам тугендеу жүргізілуінің комиссия төрағасы болып табылады. Осы жылдықтүгендеудің дұрыс және уақытылы орындалуын кәсіпорын басшысы қадағалайды.  

Мемлекеттік мекемелер түгендеуді мынадай мерзімдерде:

1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей;

2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей;

3) кітапхана қорларын - бес жылда бір рет, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімдерде;

4) жұмыс істейтін және өнім беретін малдарды, малдың төлдерін және бордақыдаға малдарды, құстарды, үй қояндарын, терісі бағалы аңдарды, омарталарды, сондай-ақ тәжірибелік жануарларды - тоқсанына кемінде бір рет;

5) аяқталмаған құрылыс - жылына кемінде бір рет, бірақ 1 желтоқсаннан кешіктірмей;

6) оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдарды, шаруашылық материалдарын және кеңсе мүліктерін, дәрі-дәрмектер мен байлап-таңу заттарын, отынды, жанар және жағар материалдарын, мал азығы мен жемдерін, ыдыстарды, жолүсті материалдарын, машиналарға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды, өзге де материалдарды, арнайы киімді және өзге де жеке пайдаланатын заттарды - бір жылына кемінде бір рет, бірақ 1 қазаннан кешіктірмей;

7) тамақ және спирт өнімдерін - тоқсанына кемінде бір рет;

8) өндірістік (оқу) шеберханаларындағы және қосалқы (оқу) шаруа қожалықтарындағы аяқталмаған өндірісті және өзіндік жартылай фабрикаттарды, ұйымдармен шарттар бойынша орындалатын аяқталмаған ғылыми зерттеу жұмыстарын - есепті жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, және бұдан басқа, кезең-кезеңмен тиісінше бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілейтін мерзімде;

9) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды - 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жылына екі рет;

Информация о работе Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы