Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_386671762.docx

— 153.37 Кб (Скачать)

Қоғам өз қызметінің нәтижелерін есепке алуы, қолданыстағы заңнамамен бекітілген есепте бухгалтерлік және қаржылық есебін жүргізеді. Қоғамның бас есепшісі жауапкершілік  жүргізеді және кәсіпорындар мен  ұйымдардың бас есепшілері үшін белгіленгіен құқықтарды қолданады. Ұйымның бас  есепшісі тікелей ұйымның диркторына және Серіктестіктің бас есепшісіне бағынады.

 

 

 

6. САЛЫҚ САЛУ

 

Салықтар мемлекетпен бірге  пайда болды және мемлекеттің  өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде  айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының  өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық  жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың  қоғамдық-экономикалық құрылысы мен  саяси іс-бағытына  қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты  қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың  шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің  экономикалық мазмұны  нақты түрде көрінеді, ал салықтардың  әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың  түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен  және функцияларымен айқындалады. Белгілі  философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республиксы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген  салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп  жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін  бөлудің екі қағидаты қалыптасқан :

  1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты
  2. ″қайыр көрсету″(төлем қабілеттілігі) қағидаты

          Тұңғыш  рет Қазақстан Республиксында  заңнамалық деңгейде салық салудың  қағидаттары баянды етілген . Қазақстан  салық заңнамасында  сонымен бірге салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдерді төлеудің міндеттілігі , салық салудың айқындығы , әділдігі ,салық жүйесінің біртұтастығы  және салық заңнамасының жариялылығы  қағидаттары негізделеді.

Салық төлуеші  салық заңнамасына  сәйкес салықтық міндеттемелерін толық  көлемінде және белгіленген мерзімдерде  орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер айқын  болуға тиіс. Салық салудың айқындығы  салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық  заңнамасында белгілеу мүмкіндігін  білдіреді.

 Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

 Қазақстанның салық жүйесі  оның бүкіл аумағында  барлық  салық төлеушілерге қатысты   бірыңғай болып табылады.

Мемлекет салық саясатын – салық  саласындағы шаралар жүйесін  қоғамның  оның нақтылы кезеңіндегі  әлеуметтік – экономикалық мақсаттар  мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.          

7. АУДИТ

 

Аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем – есептеу  құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі  қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін  бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы – шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға  қызметтер ұсынып аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі  болып табылуында.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты  – аудиторға қажылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар  мүлікті пайдалану, жұмыстар мен  қызметтерді көрсетулерді орандау, коммертциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инветициялардың  займын жүргізу бойынша сан алуан  келісім – шартттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы  мәмілеге қатысушылар арсындағы  осы қатынастардың нақтылығын тексеру  нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор  ғана дәлелдей алады.

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың  мүдделеріне қол жеткізуде болып  табылады. Атап айтқанда:

  • Экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
  • Салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
  • Қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
  • Аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беру мақсатында.

 

 

 

 

Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар



 

Ішкі пайдаланкшылар




 

Сыртқы пайдаланушылар






 

 

 

 

 

 

 

 

 

-сызба.  Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар

 

Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ аудитті  жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.

Аудиттің    мазмұнын    қарастыру   барысында   оның   нақты   құрамы  айту    қажет.  Олар   мыналар:

  1. шаруашылықтағы   субъеккт;
  2. мәлімет;
  3. аудитордың   мамандығы ;
  4. фактілерді   жинау  және бақылау;
  5. аудит стандарты;
  6. аудитор ақпараты.

          Осы  көрсетілген аудит  элементтерін  жеке-жеке    қарастыру   қажет.

Шаруашылықтығы  субъект. Аудит  жұмысын  орындау  үшін  міндетті  түрде  сол   субектінің   шаруашылық   бағытын, көлемін  анықтау  қажет. Оны  сол  субъектінің    шаруашылық  параметірлері  құрайды. Оған  аудит   барысында   нақты   болжам   жасау  үшін   аудит   қамтитын   объектілердің  көлемі,  мақсатты   қарастырылыуы    қажет. Мысалы,  заң   субектілері немесе эканомикалық  объектіге   қосылмайтын   мәлімет жүйесі.

Мәлімет. Аудит   жұмысы   барысында   тапсырушылар  берген  мәлімет  қарастырады. Аудитор  олардың   дұрыстығын   дәлелдеп, өзінің жаңа   мәліметтерін    құрайды. Сол  жұмыс   барысында   олардан  кемшілік   табуы  немесе   дұрыс  еместігін   анықтауы   мүмкін.  Ол   негізінде   екі   түрлі   себептен  болуы   мүмкін;

  1)   ақпаратта  кейбір   мәліметтердің   жетіспеушілігінен;

  2)   ақпарат   дұрыс  жасалғанбағандықтан.

Аудитордың   мамандығы .  Аудит   жүргшізуші   жоғары  дәрежедегі, өз  мамандығын  жақсы    меңгерген,  сарапшы, білгір  адам    болуы  қажет. Аудит  барысында   ол  өзіне   қажет   фактілерді   жинап    талдау  жасайды, бір   тұжырымға   келтіріп, қортынды  жасауына   пайдалана    алатын   болуы  қажет.

Фактілерді  жинау  және  бақлау.Аудитордың   негізгі  мақсаты  ол- фактіні  жинау. Себебі  сол  фактілер арқылы  ол  өзінің аудиторлық  ақпаратын жасайды.

Аудит стандарты. Жиналған  фактілер, мәліметтер  өз  кезегінде   бір жүйеге  келтірілуі  қажет. Оған  негіз аудит стандарты. Стандарт дегеніміз мәліметті бір жүйеге  келтіру әдісі немесе  нормативтік ереже-нұсқау  талабына  сәйкес  бір қалыпқа келтіру.

Аудитор  ақпараты. Аудитор  өз  жұмысының  қорытындысын тексеру  барысында   анықталған  кемшіліктердің мазмұнын, өзінің  аудиторлық  қортындысын  ақпаратында  көрсетеді.

      Қорыта  келгенде, жоғарыда  келтірілген   аудиттің  міндетті  құрамын   қарастырмай, нақты  аудит   жүргізу  мүмкін  емес. Аудиттің  міндеті  мен  мақсаты   толық  орындау  үшін  оның  принціптерін  білу  қажет. 

 

 

7.1 Ақша қаражатының аудиті

 

Ақша қаражатымен операциялар  жүргізу жеткілікті түрде заңдық, ведомствалық және басқа да нормативтік  құжаттармен реттелген. Сонымен  бірге, оларға елеулі қателер жіберуге алып келуі мүмкін бақа да циклдар  әсерін тигізеді. Себебі, шаруашылық операциялары циклдарында барлық уақытта дерлік шоттарды төлеу жүзеге асырылып отырады. Баланстағы ақша қаражаттарының шоттары бойынша сальдо үлкен болмайды,бірақ олардың келіп түсуі мен шығуы бойынша үлкен айналымдар орын алады. Ақша қаражаттары өтімді (ликвидті) активтерге жататын болғадықтан, олардың ұрлану ықтималдығы жағарарақ болады (ішкі тәуекелдік). Демек бухгалтерлік есептің 1010 «Кассыдағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшы», 1030 «Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша», 1030 «Ағымдағы корреспонденттік шоттағы шетелдік валта түріндегі нақты ақша» шоттары объектіге қатысты тексеру жүргізілетін категорияға жатады.

Объектіге қатысты тексеру жүргізуді орындау  алдында тәуекелдікті бағалау үшін аудиторға тексеру процедурларының  қолайлы көлемін анықтауға мүмкіндік  беретін клиент туралы ақпараттарды жинау немесе жаңлау керек.

Касса операцияларына аудиторлық тексеруді  объектіге қатысты төмендегі  реттікпен жүргізуге болады:

  • кассаға түгелдеу жүргізу және ақша қаражаттарының сақталу жағдайын тексеру;
  • операциялардың қаржылық рәсімделуінің дұрыстығын тексеру;
  • ақшанаң толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеру;
  • ақшаның шығысқа есептеп шығарылуының (жұмсалуының) дұрыстығына аудиторлық тексеру жүргізу;
  • операциялардық бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.

Тексеру жүргізу жоспарын құру кезінде  ақша қаражаттарың және кәсіпорын кассасындағы басқа құндылықтардың қозғалысы  мен сақталуына ішкі бақылаудың тиімділігін  бақылау керек. Тестілеудің көмегімен  аудитор кәсіпорынның касса операцияларын  жүргізілуіне алдын ала баға береді, осалырақ участоктарды анықтайды, негізгі бақылау процедураларының құрамын жоспарлайды, есеп жүргізу ерекшелігін анықтайды. Аудиторға мүмкіндігіне қарай касса операцияларына ішкі бақылаудың жағдайы туралы толық ақпарат алуы қажет. Ол үшін ең бірінші алдын – ала дайындалған сұраунама бойынша тест жүргізу керек.

 

7.2 Ұзақ мерзімді активтердің  аудиті

 

Үлкен кәсіпорындарды санамағанда, өндірістік қызметпен айналысатын көптеген кәсіпорындар азғантай негізгі құралдар мен материалдықемес активтерді қолданады. Сондықтан ұзақ мерзімді активтер мен оларға сәйкес шаруашылық ооперацияларға ішкі бақылау процедуралары жеке көлемді жасалмайды, өйткені арнайы бақылауға кететін щығындар көлемі өзін – өзі ақтамайды.

Ұзақ мерзімді активтерді пайдалануына, сақталуына тексеру жүргізу, олардың  бөлек объектілердің кімге бекітілгені, олардың пайдалануы мен күзетуін қалай ұйымдастырылғаны туралы мәлімет  алуды көздейді. Ол үшін өндірістік ғимараттарды қарап шығу керек немесе кәсіпорын жұмысшыларына сұрау жүргізу қажет.

Аудитор, есеп мәліметтерін зерттеу процесінде негізгі құралдар объектілерінің барын және оларды бөлек топтар бойынша жіктелуін анықтайды (өндірістік, өндірістік емес меншікті, жалдағы т.б.) орналасқан орындарына қарай (бөлімшелер, материалды жауапкершілігі бар тұлғалар).

 

Аудит жүргiзу шарты

      1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн  субъектiлер арасындағы қатынастар  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес шарт негiзiнде қалыптасады.

      2. Аудит жүргiзу және (немесе) аудиторлық  қызмет бейiнi бойынша қызмет  көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсiби ұйымға мүшелiгi көзделедi.

Информация о работе Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы