Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 21:23, курсовая работа

Описание работы

Жал деп бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................4

1. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны.........................................................................................................................6
1.1. Жалдың экономикалық мазмұны мен мәні..........................................6
1.2. Нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері..........10

2. Ұйымда жал есебін ұйымдастыру......................................................14
2.1. ҚХЕС – на сәйкес жал есебін ұйымдастыру есебі............................14
2.2. Операциялық жал есебі........................................................................17
2.3. Қаржылық жал есебінің ерекшеліктері..............................................21

3. Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау......................29
3.1. Жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері..............29
3.2. Жал операцияларын талдау.................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................40

Работа содержит 1 файл

Омарова Айгерім Жал есебі..doc

— 375.50 Кб (Скачать)


26

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................4

 

1. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны.........................................................................................................................6

1.1. Жалдың экономикалық мазмұны мен мәні..........................................6

1.2. Нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері..........10

 

2. Ұйымда жал есебін ұйымдастыру......................................................14

2.1. ҚХЕС – на сәйкес жал есебін ұйымдастыру есебі............................14

2.2. Операциялық жал есебі........................................................................17

2.3. Қаржылық жал есебінің ерекшеліктері..............................................21

 

3. Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау......................29

3.1. Жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері..............29

3.2. Жал операцияларын талдау.................................................................32

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................38

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................40

 

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

Жал деп  бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы.  Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.

Шаруашылық субъектісі өзінің балансында тұрған,  бірақ уақытша падаланылмай немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған негізгі құралдардан басқа субъектілерге уақытша жалға берулеріне болады. Ол үшін екі шарушылық субъектілерінің, яғни негізгі құралдарды жалға алушы және жалға берушілердің арасында келісім - шарт жасалуы тиіс. Бұл келісім - шартта жалға алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталуы, техникалық жағдайы, бастапқа құны, тозу құны, жалға берілетін немесе жалға алынатын мерзімі, жалдық төлем ақысының мөлшері, егер осы жалға алнынған немесе берілетін уақытта бұл негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған жағдайда кім жөндейтіндігі және қайсы субъектінің есебінен жүргізілетіндігі, тағы да басқа мәліметтер көрсетілуі қажет.

Жалдау жөнінде келісім  - шарт екі жақты жасалған мәміле болып табылады, сол бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері анықталады.  Заң талаптары бойынша жалдау келісім шарттары ақылы болып саналады. Жалға беруші мүлікті келісім шартта көрсетілген тәртіппен, белгіленген мерзімге ақылы түрде пайдалануға береді. Егер келісім шартта олар анықталмаған болса, әдетте, бір  тектес мүліктерді жалдау кезіндегі шарттарды салыстырмалы түрде негіз етіп алады [1, 147 бап].

Жалдау туралы мәмілелер қаржылық – шаруашылық операцияларының ішіндегі кең тараған келісім түрі болып саналады. Жалдау келісім шарттарын жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да жасауға құқылы.

Экономикалық жағдайлар бойынша жал ағымдағы және қаржыланатын болып бөлінеді. № 17 «Жалдау есебі» ХҚЕС – на сәкес негізгі құралардың ағымдағы жалы негізгі құралдардың жалға берушіге міндетті түрде қайтарылуын көздейді, яғни жалдау кезеніңде жалгерге жалданған негізгі құралдарға иелік ету және олардың пайдалануы мен жалға берушіге уақытылы қайтарылуын бақылау құқы ғана өтеді. Талдамалы есебі журналда жүргізледі, онда есеп талаптарына сәйкес қажет көрсеткіштер болады [2].

Ағымдағы жалгерлік – қаржыланырылатын жалгерліктен басқа кез  келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезенінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі.

Қаржыланатын жал – бұл активті иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдермен алынатын пайданы жалгерге беретін жал болып табылады.

Қазіргі нарықтық экономика  жағдайында жалгерлік қатынастар өте кең дами алады. Сондықтан да бұл  тақырыпты зерттеу өзекті деп санаймын.

Курстық жұмыстың мақсаты. ХҚЕС – на сәйкес жал түрлерін зерттеу және нарықтық қатынастар жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген курстық жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды:

- жалдың экономикалық мазмұны мен мәнін зерттеу;

- нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін ашу;

- ҚХЕС – на сәйкес жал есебінің ұйымдастырылуын қарастыру;

- жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктерін анықтау;

- жал операцияларына талдау жүргізу.

         Курстық  жұмыстың әдістемелік негізі. Курстық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, заңдық актілері, Халықаралық қаржылық  есеп  беру  стандарттары, Cалық кодексі, бухгалтерлік   есептің   типтік  шоттар   жоспары, жалдау есебін ұйымдастыруға байланысты отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары, бухгалтерлік және қаржылық есеп пәні бойынша оқулықтар, ұйымның бухгалтерлік есеп мәліметтері, ұйымдағы жал операцияларын аудиттеу және  талдаудың ерекшеліктері мен әдістері қолданылады.

Курстық жұмыс бойынша алынған нәтиже:

- жалдың экономикалық мазмұны мен мәні зерттелді;

- нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері толығымен ашылды;

- ҚХЕС – на сәйкес жал есебінің ұйымдастырылуы қарастырылды;

- жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері анықталды;

- жал операцияларына талдау жүргізіліп, нәтижелер алынды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралған. Кіріспеде курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты және оларды шешу жолдары көрсетілген. Бірінші тарауда нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны зерттелді. Екінші тарауда ұйымда жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері қарасытырылды. Үшінші  тарауда  ұйымның жал операцияларына аудиттеу және талдау жүргізілді.

 

 

 

1 Нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны

 

1.1  Жалдың экономикалық мазмұны мен мәні

 

Жал – бұл активтің меншік иесі (жалға беруші) екінші тұлғаға (жалгерге) өзара келісілген ақыға белгілі бір уақытқа активтерді пайдалану құқығын беру шарты.

Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай – ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.

Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе  жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық  ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.

Жалдау шарты – бұл тараптардың еркінділігі мен толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге әкеп соқтырмайды.

Жалдауға байланысты қарым – қатынастарды реттейтін басты заңды құжат ҚР Азаматтық кодексі, оның 29 тарауы толықтай мүліктерді жалдауға байланысты туындайтын сұрақтарға арналған. Сонымн бірге ҚР Азаматық кодексінің 22 – 24 тарауларына да көңіл аудару қажет, онда келісім шарт жасаудың жалпы ережелері қарсатырылады. Қаржылық жалдауға (лизинг) қатысты қырым  - қатынастар ҚР «Қаржылық лизинг туралы» Заңымен және басқа да нормативтік құжаттармен реттеледі [3, 542 бап].

Келісім шарты жасаушы тараптар жалға алушы және жалға беруші болып екіге бөлінеді. Жалға алушы келісілген мөлшерде төленген ақымен мүлікті уақытша пайдалану үшін өз меншігіне алады, жалға беруші ол мүлікті жалға алушыға беруді міндетіне алады.

          Жалға беру объектілері. Жалға берілетін объектілерге пайдаланып кетуге мүкін емес мүліктер жатады.

Пайдаланып кетуге мүмкін емес мүліктерге пайдалану кезінде өзінің натуралдық қасиеттерін жоғалтпайтын мүліктер жатады. Ондай талаптың қойылатын себебі, жалға берілу мерзімі аяқталғаннан кейін, жалға берілген мүлік жалға берушіге қаз – қалпында қайтарылып берілуге тиіс.[4, 190б].

Заң талаптарына сай кейбір жалға берілетін мүліктер бойынша жасалған келісім шарттарда, әрбір объекті бойынша ерекше жағдайлар қарастырылады. Мысалы, жалға беру келісім шарты бойынша, жалға алушының пайдалануына тек қана қозғалмалы мүліктер беріледі. Жылжымайтын мүліктерге жататын объектілер жалға берілмейді.

Мүлікті жалға беру кезінде, жалға беру уақыты аяқталғаннан соң, жалға алушы жалға алған мүлкін, жалға берушіге сол қалпында қайтарып беретініне келіседі. Сондықтан, кейіннен сатылып кететін, болмаса өндіріске жұмсалатын өндірістік – техникалық мақсаттарда пайдаланылатын материалдар, жалға беруге болатын объектілер қатарына кірмейді

Осыған  байланысты жалдау келісім шарты жасалған кезде, жалға берушіге қайтарылып берілетін мүліктің толық сипаты, ол туралы мәліметтер тегіс көрсетілуге тиіс. Егер ондай мәліметтер көрсетілмесе, мүлікті жалға беру туралы келісім шарт жасалмаған болып табылады.

Мүлікті жалдаудың түрлері. Мүліктік жалға берілетін объектілердің қатарына: жер учаскелері; ерекшеленген табиғи объектілер; кәсіпорын және басқа да кешендер; ғимараттар; құрылғылар; адам тұрмайтын және тұрғын үй жайлары; жабдықтар; көлік  құралдары; инвентарьлар, аспаптар және пайдалану кезінде натуралдық сипаттарын жоғалтпайтын басқа да заттар жатады.

Жалға беру келісім шартына сәйкес, жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақылы түрде уақытша пайдалануға береді. Мүлікті жалға беру келісім шарттарына лизингке, жалға беру туралы және басқа да  уақытша пайдалануға орай жасалған келісім шарттар жатады [4, 191б].

Көлік құралдарын жалдау. Көлік құралын жалға беру келісім шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға көлік  құралын ақылы түрде уақытша иелік етіп, пайдалануға береді.

Азаматтық кодексте, көлік құралдарын жалға беру келісім шартымен көлік құралдарын жүргізушісіз және жүргізушімен жалға беру, оны басқару және техникалық құрал ретінде пайдалану құқықтары қарастырылған. Жалға берілген көліктің жүргізушісі, көлікті техникалық тұрғыдан басқарып, пайдалануға байланысты жалға  берушінің бұйрығын  орындауға міндетті. Көлік құралының экипажы көлікті жалға берушімен еңбек қатынастарына сәйкес байланысты болғандықтан, ол қатынастар көліктің жалға берілген уақытында да сақталып қалады.

Мысалы. Жалға келісім шарт бойынша А мекемесі (жалға беруші) Д мекемесіне автобусты уақытша пайдалануға береді. Жалға беруші автобусты басқарып, қызмет көрсету мақсатында оны жүргізушілермен қамтамасыз етеді, олар жалға берушінің жұмыскерлері болып саналады, сонымен қатар автокөлікті техникалық тұрғыдан бақылап, жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етеді. Мұндай келісім шарт, көлік құралдарын экипажымен қоса жалдау деп аталады.

Егер көлікті жалға беру келісім шартында экипажбен қамтамасыз ету шарты қаралмаса, онда ол экипажсыз жалдау келісім шарты болып саналады. Ондай жағдайда жалға берушінің міндетіне көлікті күтіп, жөндеу тәрізді қызметтер кірмейді. Жалға алушы экипажды немесе жүргізушіні өзі таңдап алады.

Мысалы. Жеке кәсіпкер көлік құралын жалға беру туралы келісім шартына орай, автомобильді күту және техникалық эксплуатация жасау қызметтерін көрсетуді өз міндетіне алмайды.

Көлік құралдарын жалға берушінің есебінде, жалға берілген көліктер негізгі құралдардың арасында сақталып қала береді. Жалға алушы есебі бойынша жалға төленген төлем ақының сомасы есептеледі, егер келісім шарт бойынша келісілген болса, оның құрамын жанармай, басқа да материалдарға (тосол, май ж.т.б.) кеткен шығындар қоса есептеледі. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жалға беруші өзі жүргізуге міндетті.

Ғимараттарды немесе құрылғыларды жалдау. Ғимараттар мен құрылғыларды жалға беру келісім шарты бойынша жалға беруші ол объектілерді жалға алушы уақытша пайдалануына беруді міндетіне алады. Ғимараттар мен құрылғыларды жалға беру келісім шарты бекіткен формаға сәйкес келмесе, ол келісім шартты заңсыз деп жариялауға мүмкіндік береді. Келісім шартта жалға берудің төлем ақы мөлшері көрсетілмесе жалға беру келісім шарты бір жылдан кем уақытқа жасалған болса, ондай келісім шарттар мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап келісім шарт жасалған болып танылады.

Ғимараттар мен құрылғыларды жалға берушіден жалға алушыға алым – берім актісімен  немесе басқа құжаттар бойынша беріледі. Ондай құжатқа қос тарапта қол қоюға тиіс. Егер бір жағы ондай құжатқа қол қоюдан бас тартса, онда ол келісім шарттарды орындаудан бас тарту болып саналады. Ғимараттар мен құрылғыларды жалға беру келісім шартының уақыты аяқталғаннан кейін, олар жалға берушіге алым – берім актісімен немесе басқа құжаттар бойынша қайтарылып беріледі, оған екі жақта қол қояды [5, 47 б].

Жалпы ереже бойынша ағымдағы жалға берілген ғимараттар мен құрылғылар түріндегі мүліктер, жалға берушінің балансында негізгі құралдар есебінде сақталып қала береді, және оларға амортизациялар есептеледі. Жалға алушының есебінде ол мүліктер баланстан тыс есепке алынады. Ағымдағы кезеңдегі (операциялық) жалдау шығындарының есебі, әрбір есепті кезеңде жүргізіліп отырады.

Информация о работе Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау