Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 21:23, курсовая работа

Описание работы

Жал деп бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................4

1. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны.........................................................................................................................6
1.1. Жалдың экономикалық мазмұны мен мәні..........................................6
1.2. Нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері..........10

2. Ұйымда жал есебін ұйымдастыру......................................................14
2.1. ҚХЕС – на сәйкес жал есебін ұйымдастыру есебі............................14
2.2. Операциялық жал есебі........................................................................17
2.3. Қаржылық жал есебінің ерекшеліктері..............................................21

3. Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау......................29
3.1. Жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері..............29
3.2. Жал операцияларын талдау.................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................40

Работа содержит 1 файл

Омарова Айгерім Жал есебі..doc

— 375.50 Кб (Скачать)

Мысалы. Мекеме – жалға алушы кеңсе жай мен өндірістік цехты 24 айға жалға алған. Кеңсеге төленетін жалдау ақысы жалпы кезеңде 300000 теңге, өндірістік цех үшін – 800 000 теңге. Жалдау ақысын төлеу – 1 шілде 2008 жылдан басталады. 2008 жылғы жалдау ақысы бойынша кеңсеге төленген кезеңдік шығынның сомасы 75 000 теңге (300 000 / 24 * 6), 2008 жылғы өндірістік  шығындары 200 000 теңгені құрайды (800 000 / 24 *6).

Жалдау ақысы. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда жалға берудің төлемақысы жалға беруші үшін табыс болып саналады және жалға алушы үшін шығын болып есептеледі.

Жалға беру міндеттері бойынша келісім шарт жасау кезінде, олардың заңға сәйкес жасалуына байланысты тараптардың табысты болуы немесе зиян шегуі мүмкін. Жалға алынған мүлікке төлемақы төлеу тәртібі, ҚР Азаматтық кодексі мен заң актілеріне сай келісім шартта анық көрсетілуі тиіс.

Азаматтық заң актілеріне сәйкес, жалға беру операциясына қатысушыларға келісім шарт жасау кезінде жалдау ақысын төлеудің тәртібін, шартын және мерзімін анықтауда толықтай бостандық берілген.

Жалға алынған мүлікке төленетін  төлемақы ақшалай түрде, басқа мүліктерді, өнімдерді беру, жұмыстарды орындап қызмет көрсету арқылы да төленуі мүмкін.

ҚР Азаматтық кодексінде жалдау құнын төлеудің бірнеше түрлері келтірілген. Сонымен бірге келісім шартты жасаушы тараптар басқа да түрлерді таңдап алуға құқылы. Жалға алған мүлікке төмендегі түрде төлемақылар төлеу көзделген:

- ақшалай қаражат түрінде, бір мезетте немесе бірнеше кезеңде бөліп төлеу. Бұл мүлікті жалға пайдаланғаны үшін төленетін ең көп таралған төлемақы болып табылады. Бір ескертетін жай, жалға беру келісім шарты бойынша тек қана осы аталған түрдегі төлемақы ғана төленеді;

- жалға алынған мүлікті пайдаланудың нәтижесінде алынған өнімнің өлшеулі бөлігі арқылы есептесу. Мысалы: жалға алушы кондитерлік өнімдер өндіру үшін жабдықты жалға алып пайдаланған. Келісім шарт бойынша, жалға алушы жалға берушіге жалға алғаны үшін төлемақы орнына, жабдықты пайдалану арқылы өндірген өнімнің 10 пайызын беру арқылы есептеседі;

- жалға берушіге қажетті қызмет түрін көрсету. Мысалы: консалтингілік фирма А мекемесімен кеңсені жалға алу туралы келісім шарт жасасқан. Мүлікті жалға алғаны үшін консалтингілік фирма, жалға берушіге салық төлеу мен шарушылықтық құқықтар саласы бойынша консалтингтік қызмет көрсету арқылы есептеседі;

- жалға берушіге жалға алушы жалдау ақысы ретінде басқа бір мүлікті береді. Мысалы: жалға беруші жалға алушыға ғимаратты пайдалануға 2 жылға пайдалану үшін береді. Жалға алушы жалға пайдаланудың ақысының орнына жалға берушінің меншігіне трактор беруге келіседі;

- жалға беруші келісім щарт бойынша жалға алушыға жалға алған мүлікті жақсарту туралы шарт қояды. Мысалы: жалға алушыға ғимаратты жалға алып пайдалану құқығы берілген. Мүлікті жалға беру келісім шарты бойынша, жалға алушы жалға алу құнының орнына ғимаратқа қосымша құрылыс салып беруді міндетіне алады.

Егер жалдау құнын төлеу кез келген түрде қабылданған болса (ақшалай қаражат түрінен басқасы), төлемақы төлеуге қатысты жайларға сәйкес, есептеу тәсілдері, жалдау құнының орнына берілетін мүліктің бағасы, орындалатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтің сомасы көрсетіледі. Сонымен қатар, жалға алушының жалдау ақысын төлеу туралы міндеттерді орындағанын қуаттайтын құжаттардың дұрыс рәсімделуі маңызды орын алады (жүкқұжаттар, орындалған жұмыс туралы актілер ж.т.б.) [6, 153 б].

Жалға беру операцияларына қатысушылардың арасында, жалдау төлемақысын төлеудің аталған формалары аралас түрде қолданылуы мүмкін.

Жалдау құнын есептеу тәртібі мен төлемақы төлеудің Азаматтық кодексте көрсетілген шарттарына назар аудару қажет. ҚР АК 546 бабына сәйкес, келісім шартта  басқаша қаралмаса, олардың төлем мөлшерін жылына бір - ақ рет өзгертуге рұқсат етіледі. Ақы төлеу мөлшерін өзгерту туралы келісім шартқа қатысушы тұлғалардың бірі тарифтердің өзгеруіне орай, талап қоя алады, егер мүлікті пайдалану барысында оның жағдайы нашарлап, олар келісім шарттың мүлікті пайдалану талабына сәйкес келмейтін болса. Егер жалға алушы төлемақы төлеу мерзімін кешіктірсе, жалға беруші одан уақытынан бұрын төлеуді талап етуге құқылы, (егер келісім шарт бойынша басқаша жағдай қарастырылмаса). Ол жағдайда жалға беруші төлем ақыны қос мерзімнен артық уақытқа төлеуін талап ете алмайды.

ҚР АК 545 бабына сәйкес, мүлікті жалға беру туралы келісім шарт бойынша, тараптардың бірі жылжымайтын мүліктерді жалға бергенде үш ай бұрын және басқа мүліктерді жалға берген кезде бір ай бұрын ескерту арқылы келісім шарттан бас тартуына болады (егер келісім шарт бойынша басқаша қаралмаса).

Сонымен, жалдау - бұл кәсіпорындар мен өзге де мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы.

 

1.2 Нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Жалдау  - жалға берушінің дүниені жалға алушыға уақытша пайдалану үшін ақы төлеп тұруға беру. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Халықаралық практикада жалдаудың үш түрі бар:

- Ұзақ мерзімді;

- Орта мерзімді;

- Қысқа мерзімді.

Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) – мүлікті 3 жылдан астам мерзімге жалдау. Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру”.  Жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық болып бөлінеді. Жай лизинг жалдау шартының мерзімі біткен соң мүлікті жалға берушіге қайтаруды көздейді. Қаржылық лизинг (қаржылық жалдау) жалгерлікті ұзақ мерзімді несиелеу нысаны. Жалдаушы мүлік құнын жылдық төлемдер арқылы өтейді. Қаржылық лизингтің 3 түрі болады:

         - лизинг «стандарт»  - жабдықты дайындаушы өнімді қаржыландыратын қоғамға сатады, ол өзінің лизинг фирмасы арқылы оны тұтынуға жалға береді.

        - лизинг «лиз – бек» - жабдықтың меншік иесі оны лизингтік фирмаға сатады және бір мезгілде одан жалға алады (жалға берушінің қаржылық жағдайын уақытша жақсарту тәсілі);

Лизинг «жабдықтаушы  (жеткізуші)» негізгі құрал – жабдықтарды сатушы «лиз – бек» лизингідегдей жалдаушы болады, брақ  жалға алған жабдықты өзі емес, басқа жалдаушылар пайдаланады [7,139 б].

Қазақстан Республикасының субъектілер тәжірибесінде жай лизинг кең таралған.

Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда - саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропада лизинг нарығы дамып келеді [8].

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады

Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу - сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты - жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинг нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу - сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым - қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.         

Қаржылық лизинг - жалға берушінің (лизинг берушінің) белгілі бір сатушының алдын - ала келісімді мүлікті меншікке алып, бүл мүлікті жалға алушыға (лизинг сатушыға) мүліктің құнын төлеу қүқығымен бірге, төленетін ақымен беру. Негізгі құралдарға жататын мүліктің қай - қайсысы да және кез келген басқа тұтынылатын заттар, сондай - ақ құнды қағаздар мен табиғи ресурстар (ҚР АК 566 б.) лизинг объектісі бола алады. Лизинг келісім шартына сәйкес төленуге жататын мезгіл - мезгіл төлемдер шарт жасасқан сәттегі (ҚР АК 540 б.) баға бойынша мүлік кұнының барлығын немесе елеулі бөлігін амортизациялауды ескере отырып, есептелуі мүмкін.

Лизинг құкылық жағынан ҚР-ның 5.07.2000 ж. «Қаржылық лизинг» Заңымен, ҚР-ның Азаматтық кодексімен (Ерекше балім) 565-572 б; 17 «Жал есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарымен, ҚР-ның 5.07.2000 ж. № 75-ІІ «Лизинг мәселелері бойьшша ҚР-ның кейбір заңнамалык актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен реттеледі.

Лизинг көбіне үш немесе одан да көп жақтың катысуын көздейді: лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы. Алайда мәміле екі тараппен де жасалуы мүмкін. Лизинг алушы жабдықтаушыдан өзіне қажетті құралдарды тауып, лизинг беруші сатушыдан сатып алынатын зат жайлы келіседі.

Салық кодексінің 74 б. 1 т. сәйкес амортизацияга жататын негізгі құралдары шарт бойынша қаржылық лизинг болып табылады, егер мына талаптарға сай келсе косылған кұн салығынан босатылады:

- лизинг алушының меншігіне  негізгі  құралдар беру және  (немесе)  негізгі құралдарды кесімді баға бойынша алу кұкығы лизинг шартымен белгіленсе;

- қаржылық лизинг мерзімі негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімінен артса;

- лизинг алушы мүлікті негізгі қүрал ретінде алады [9, 228 бап].

Қаржылық лизингке берілген (алынған) негізгі кұрал құны лизинг шарты жасалған сәтте анықталады. Мұндай мәміле осы құралдардың иесі болып табылатын лизинг алушының негізгі құралдарды сатып алуы ретінде, ал лизингтік төлемдер - лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлем болып табылады, есептеледі.

Лизингтік жалдама мынандай топтар бойынша жіктеледі:

1.              Жалға алынған мүлікке байланысты:

а) таза лизинг шарты - мүлік бойынша қызмет етудің барлық шығындарын лизинг алушы өзіне алады;

ә) толық лизинг шарты - лизинг алушы өзіне техникалық қызмет жасауды және объектіні пайдалануға байланысты басқа да шығындарды алады;

б) ішінара лизинг шарты кезінде - лизинг берушіге мүлікке қызмет көрсетуді тек кейбір функциялары ғана жүктеледі.

2.              Қаржыландыру түрі бойынша:

а) қауырт - бір рет жалға алу;

ә) жаңартылатын (револьверлік) 1 мерзім өткен соң шарт келесі кезеңге ұзартылады.

3.              Мәмілеге қатысушылар құрамына байланысты:

а) тікелей лизинг - мүлікті дайындаушы немесе иесі оны лизингке тапсырушы тұлға болып шығады;

ә) жанама лизинг - мүлікті тапсыру үшінші тұлға арқылы жасалады;

б) жеке - жеке  бөлінетін  лизинг – лизинг объектісін сатып алуга қажетті соманың бірен - саранын ғана қамтамасыз етеді. Әр жерден кредиторлардың және лизинг берушінің сенім білдірген өкілдері қатысады.

4.              Мүлік өтелім дәрежесіне байланысты:

а) толық немесе толық өтеуге жуық болса - лизингтік шарттың іс-әрекет ету мерзімі ішінде мүліктін толық немесе толыққа жуық амортизациясы болады;

ә) түгел өтелмейтін лизинг - шарттың іс - әрекет ету мерзімі ішінде жарым жартылай, бірен – сараң амортизация болады және инвестицияның тек бір бөлігі ғана өтеледі.

5.              Өтелімдік тұрғысынан қарағанда:

а) каржылық лизинг;

ә) шұғыл (оперативті) лизинг.

6.              Нарык секторына қарай:

Информация о работе Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау