Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 21:23, курсовая работа

Описание работы

Жал деп бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................4

1. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны.........................................................................................................................6
1.1. Жалдың экономикалық мазмұны мен мәні..........................................6
1.2. Нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері..........10

2. Ұйымда жал есебін ұйымдастыру......................................................14
2.1. ҚХЕС – на сәйкес жал есебін ұйымдастыру есебі............................14
2.2. Операциялық жал есебі........................................................................17
2.3. Қаржылық жал есебінің ерекшеліктері..............................................21

3. Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау......................29
3.1. Жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері..............29
3.2. Жал операцияларын талдау.................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................40

Работа содержит 1 файл

Омарова Айгерім Жал есебі..doc

— 375.50 Кб (Скачать)

Жалға алушы кәсіпорында:

2 кесте

 

Кәсіпорындар мен ұйымдарда жалға алуға байланысты жүргізілетін  операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы

 

Шаруашылық операциялар мазмұны

Сомасы,

теңге

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Негізгі құралдар ағымдағы жалға қабылданды

5000

001

 

2.

Жал ақысы есептелінді

3000

8410, 7110, 7210

3390

3.

Жал ақысы жалға берушіге төленді

3480

3390

1050, 1030, 1010

4.

Төленетін жал ақысы болашақ кезеңдердіңшығысына жатқызылды

38280

1630

1050, 1030, 1010

5.

Жал ақысы есептік  кезеңдері жеткеннен кейін есептік кезеңнің шығыстарына жатқызылды

3000

8047, 7110, 7210

1630

6.

Жалға алынған негізгі құралдарға мердігерлер жөндеу жұмысын жүргізді

2000

7210

1630

7.

ҚҚС – ның сомасын шот -    фактурасында көрсетілген сомасы бойынша)

320

1420

3310

8.

Жөндеу бойынша көрсеткен қызмет ақысын мердігерлергетөледі

2320

3310

1050, 1030, 1010

9.

Мердігерлердің күшімен негізгі  құралға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген

17000

7210

1630

10.

ҚҚС – ның сомасы (12%), мердігерлердің ұсынған шот – фактурасы бойынша

2720

1420

1630

11.

Күрделі жөндеу жұмысы бойынша мердігерлердің шоттары төленді

19720

1630

1050, 1030, 1010

12.

Жүргізілген күрделі жұмыстар жал берушіге тегін берген жағдайда, есептелген ҚҚС сомасы

2720

7210

3130

2 кестенің жалғасы

13.

Жалға алушы өзінің жүргізген күрделі жөндеу жұмысы бойынша жұмсалған шығындарына жалға берушінің жал төлемін азайту үшін шотын ұсынды

17000

2160

6160

14.

ҚҚС – ғы есептелінді

2720

2160

3130

15.

Бір – бірінің арасында пайда болған  қарыздар зачетқа жатқызылды

19720

3390

2160

16.

Жал мерзімі біткенен кейін негізгі құрал өз иесіне қайтарылды

500000

-

001

Ескерту* – кесте мәліметтері 15 әдебиетттің негізінде алынды

 

Операциялық (ағымдағы) жалдаудан алынатын кіріс жалдау мерзімінің ішінде тікелей желі негізінде кірістердің құрамында көрсетіледі.

Операциялық  жалдаудағы жалдау төлемдері жалдау мерзімінің ішінде,  басқа жүйелі негізді пайдаланушының пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, біркелкі бөлінген шығыс ретінде көрінуі тиіс. Операциялық жалдауда жалдау төлемдері (қызмет көрсетуді сақтандыруға кеткен шғындарды қоспағанда), басқа жүйелі негізде қолданушы пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, бұл төлемдер осы негізде жүзеге асырылмаса да, біркелкі бөлінген шығыстар ретінде көрінеді.

Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемдену деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиесілі субшоттарында,  яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.

Алынуға жататын жал ақысы келісілген келсім – шартқа сәйкес 6200 «Басқа да» (6260) (Операциялық жалдан алынған табыстар) щоттың дебетінде және 6100 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса) шоттарының кредитінде көрініс табады.

Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатын болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 7400 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.

Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп, 6260 шоты кредиттеледі.

Жалға берушілер нақты активтер сипатына сәйкес операциялық жалдауға берілген активтерді өздерінің бухгалтерлік теңгерімінде (балансында) ұсынуға тиіс.

Операциялық жалдаудан түскен табыс, өзге жүйелі түрде бөлудің пайдаланушының жалдауға өткізілген активтен алынатын пайданың азаюы уақытша кестесін жақсы беруін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жал мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде табыстар құрамында таңылуға тиіс.

Шығындар,  оның ішінде жалдау табысын алу кезінде шеккен амортизациялық шығыстар құрамына кіреді. Жалдау табысы (сақтандыру мен қызмет көрсетулер сияқты қызметтер үшін түсім қаражаттарын  қоспағанда), тіпті, егер төлемдер, өзге жүйелі түрде бөлу активін өткізуден пайда алуының азаюының уақытша кестесін беруді қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жалдау мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде шығыстар құрамында танылады.

Операциялық жалдау шарттарын дайындау және жасаумен байланысты жалға берушілердің бастапқы тікелей шығындары жалданған активтің теңгерімдік (баланстық) құнына қосылу тиіс және жалдау табысы сияқты осындай негізде жалдау мерзімі ішіндегі шығыстар ретінде танылуы тиіс.

Жалға беруші рөлінде қатысатын өндіруші немесе дилер операциялық жалдау шартын жасау кезінде сатудан түсетін пайданы танымайды, өйткені ол сатудың баламасы болып табылмайды.

Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі  құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.

Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді [11, 97 б].

Сонымен, операциялық жалгерлік кезеніңде жалға алынған мүліктің иесінің меншік құқықтары мен міндеттері жалға берушіде қалады, ал жалгерге тек жалға алынған мүлікке уақытша  ие болу құқы қалады. Жалгерлік шарт мерзімі аяқталған соң, мүлік жалға берушіге қайтарылады

 

2.3  Қаржылық жал есебінің ерекшелігі

 

«Жалдау есебі» туралы № 17 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес қаржылық жал – бұл мүлікке берілетін меншік құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдің едәуір бөлігін жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүліктерді өзінің балансында көрсетеді. Меншік құқының өзі жал мерзіміне берілуі де, берілмеуі де мүмкін. Жалданған негізгі құрал объектілері белгіленген келсім бағасы бойынша несие жалдау мерзімі аяқталғанға дейін өтемі төленіп алынған жағдайда, жалгердің меншігіне берілуі мүмкін.

Жалдаушылар қаржылық жалдауда, өздерінің бухгалтерлік баланстағы активтерін қабылдауы тиіс және оларды жалдауға таза инвестициялық сомаға тең дебиторлық қарыз сияқты ұсынуы тиіс.

Қаржылық жалдау кезінде  иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі үлесін жалдаушы береді, осылайша алынуға тиісті жалдау төлемдері бойынша берешекті жалдаушы негізгі борыш сомасын қайтару және жалдаушының инвестициялары мен қызметі үшін өтемақы және сыйақыға арналған қаржылық табыс ретінде көрсетеді.

Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқымен біршама немесе жалдау мерзімінің  соныңда белгіленген бағасы бойынша  өтемін төлеп алуға құқылы болса; сондай – ақ егер:

1. Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соныңда белгіленген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің соныңда белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса;

2. Жалдау  мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет көрсету мерзімінің 80 пайызынан астам болса;

3. Жалдау ақысының жалдық барлық кезеңіндегі дисконтталатын құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90 пайызынан асатын болса;

4. Жал  мерзімінің соңында жалданған активті меншіктен құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса жал қаржылық болып табылады.

Осы шарттарға сәйкес келмейтін жалдаудың қай – қайсысы да ағымдағы жал болып табылады.

Қаржыландыратын жал мерзімінің ішінде жалға берілген мүлік баланста бір баға бойынша көрініс табады.

Жал төлемі екі төлемнен тұрады: қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша төленетін шығысынан) және жалгерлік міндеттемесінен, демек объектінің баланстық құнын азайтатын төлемнен негізгі міндеттемесін өтеуден.

Жалгерлік төлем: ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша (активті пайдаланғаны үшін төленетін пайызын ескере отырып) есептелінуі мүмкін.

Жалдау мерзімінің басында жалдаушылар қаржылық жалдауды активтер және өздерінің баланстарындағы жалға алынған меншіктің әділ құнына тең сомадағы міндеттемелер ретінде қабылдаулары тиіс, немесе – бұл сомалар аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконтты құнынан төмен болса, әрбіреуінің шамасы қабылданған жалдауда анықталады. Аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконттық құнын есептегенде дисконттаудың мөлшері, егер олар анықталуға берілсе, жалдауға салынған пайыз ставкасы болып табылады, бұлай болмаған жағдайда жалдаушының әрбір заемдық капиталға пайыздың өсім ставкасы пайдаланылуы тиіс. Жалдаушының кез келген бастапқы тікелей шығындары актив танылған сомаға қосылады.

Дисконтталған құн бойынша есептелген кезде жал ақысының өте аз (минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын өсіп (отыратын) пайыздық мөлшерлемесін қолданады [12, 154 б].

Жалгерлік мерзімінің барысында келісім – шартқа сәйкес берушіге минималды жал ақысын төлейді.

Минималды жал ақысы – бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімнің барысында, жалға алушы жүзеге асырады (көрсетілген қызмет құны мен салық сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек). Қаржыландырылатын жал жағдайында қабылданған жалгерлік актив, 2400 бөлімшесінің тиісілі шоттарының дебеті бойынша және 4150 «Жал бойынша ұзақ мерзімді борыштар» шотының кредиті бойынша көрініс табады. Жалгерлікке берілген активтер үшін төленетін пайыздар сомасына 7320 «Қаржыландырылған жал бойынша пайыздар төлеуге арналған шығыстар» шоты дебеттеліп және 4160 «Төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар» шоты кредиттеледі. Ал олар өтелген кезде 4160 шоты дебеттеледі де, ақша қаражаттары 1000 шоттары бөлімшесі кредиттеледі [13].

Лизинг есебі Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңының 22 б. талаптарына сәйкес жүргізіледі. Есеп тәртібі 17 «Жал есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарымен, оларға әдістемелік ұсыныстармен және 17 «Жал» ХҚЕС-мен белгіленген.

Информация о работе Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау