Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 21:23, курсовая работа

Описание работы

Жал деп бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................4

1. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны.........................................................................................................................6
1.1. Жалдың экономикалық мазмұны мен мәні..........................................6
1.2. Нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері..........10

2. Ұйымда жал есебін ұйымдастыру......................................................14
2.1. ҚХЕС – на сәйкес жал есебін ұйымдастыру есебі............................14
2.2. Операциялық жал есебі........................................................................17
2.3. Қаржылық жал есебінің ерекшеліктері..............................................21

3. Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау......................29
3.1. Жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері..............29
3.2. Жал операцияларын талдау.................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................40

Работа содержит 1 файл

Омарова Айгерім Жал есебі..doc

— 375.50 Кб (Скачать)
yle="text-align:justify">а) ішкі;

ә) сыртқы.

Орта мерзімді жалдау («хайринг») – жалдаушыға меншік иесі құқығын бермей, мүлікті бір жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге жалдау.

Қысқа мерзімді жалдау («рейтине», «чартер») – жалдаушының мүлікті бұдан кейін сатып алу құқығынсыз жалға алуы. Жалдау мерзімі 1 жылға дейін. Рейтине бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда жоғарырақ. Чартер әдетте рейсті, куекті бірнеше рейісті, белгілі бір мерзімге («тайм – чартер») жалдауға жасалады (ұшақ,  кеме). Чарторлерді алдын – ала немесе жедел түрде («промт – чартер») және тіпті кеменің  шұғыл жүруін талап етіп («спот – чартер») те жасауына болады.

Сонымен, № 17 ХҚЕС сәйкес жалдау -  жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.

 

 

 

2 Ұйымда жал есебін ұйымдастыру

 

2.1 ҚХЕС – на сәйкес жал есебін ұйымдастыру сипаты

 

Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт  ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.

Жалды қабылдау күні – бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау.

Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іске асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Бұл – жалдауды бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті активтердің,  міндеттемелердің, табыстың немесе шығыстың танылуы).

Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.

Жалдаудың ең төменгі төлемдері - жалдау мерзімі бойындағы төлемдер, жалға беруші төлейтін және оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:

- жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен;

-   жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен:

- жалгер;

- жалгермен байланысты тарап;

- осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалгерден  тәуелсіз үшінші тараппен.

Экономикалық қызметінің мерзімі –  бұл:

- бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалық пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;

- ұйымның активті пайдалануынан күтетін өндіріс бірліктерінің көлемі немесе осыған ұқсас бірліктер.

Пайдалы қызмет мерзімі – ұйымның активте болатын экономикалық пайда алуды көздейтін жалдау мерзімімен шектелмейтін жалдау мерзімінің басынан қалған, есеп  кезеңі.

Кепілдік берілген жою құны - бұл:

- жалгер үшін: жалгер немесе онымен байланысты тараптың кепілдік берілетін жою құнының бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез келген жағдайда төленуге тиіс болатын  ең көп сомаға тең);

- жалға беруші үшін: кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттемелерді орындауға қабілетті жалгер немесе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін жою құнының бір бөлігі.

Кепілдік берілмеген жою құны - жалға алынған активтің жою құнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.

Жалдауды анықтауға келісілген талаптарды орындағаннан кейін жалдаушыға активті меншігіне алу құқығын беретін ережесі бар активті жалға өткізу шарты кіреді. Бұл шарттар кейде сатып алу құқығы бар жалдау шарты деп аталады.

Бастапқы тікелей шығындар жалдау шартын дайындауға және жасауға байланысты, мұндай шығынды өндірушілердің немесе дилерлердің атынан жалға берушілер көтерген жағдайды қоспағанда,  қосымша шығындарды білдіреді.

Жалдауға салынатын жалпы инвестициялар:

- жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын  ең аз жалдау төлемдерінің

- жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген жою құнының жиынтығы.

         Жалдауға салынған таза инвестиция жалдау шартында қарастырылған пайыз ставкасы бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді. Алынбаған қаржылай  кіріс – бұл мыналардың:

- жалдауға салынған жалпы инвестиция

- жалдауға салынған таза инвестиция арасындағы айырманы білдіреді.

Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз ставкасы – қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде ең төмен жалдау төлемдері және кепілдік берілмеген жою құнының жалпы дисконтталған құны жалданған активтің әділ құнына және жалға берушінің бастапқы тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт ставкасы.

Заемдық капиталға пайыздың өсу ставкасы – жалгердің бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз ставкасы, немесе осындайды анықтау мүмкін болмаса, онда жалдауды қабылдау күніне активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтамасыз етілуге алынған заем бойынша жалгер төлеуге міндетті болған ставка.

Шартты жалдау ақысы – белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін, бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактордың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ  деңгейі, бағалардың болашақ  индексі, пайызды.

Жалдау туралы шартқа немесе жалдаудың негізгі талабына қатысты  міндеттемеге ғимарат немесе меншікті жалға алу құнының өзгеруіне, немесе шығын және құнның басқа кейбір бағаларының өзгеруіне, мысалы, жалдауды қабылдау күні және жалдау мерзімінің басталуы арасындағы кезең ішінде жалдауды қаржыландырудағы бағалардың жалпы деңгейі, немесе жалға берушінің шығындары, жалдау төлемдерінің түзетуін қарастыратын ережені қамтуы мүмкін болашақ нарықтық ставкасы).

Операциялар және басқа да жағдайлар, жай ғана заң нысаны бойынша емес,  олардың мазмұны мен қаржылай нақтылығына сәйкес есептелуге және тапсырылуы тиіс. Жалдаудың заң нысанындағы шарт бойынша жалдаушы жалдаған активке өзіндік құнының заңдық құқығын қабылдамауына  болса да, қаржылық жалдау болған жағдайда шарттың мазмұны және қаржылық нақтылығы экономикалық қызметі мерзімнің үлкен бөлігі аралығында жалданған активті пайдаланудан жалдаушы активті қабылдау күнгі активтің әділ құны және тиісті қаржылық есептеудің экономикалық пайдасына ие болады.

Жер учаскелерін және үйлерді жалдау кезінде  учаскелер мен үйлер  жеке элементтер ретінде қаралады, мұның өзі  жалдауды жіктеу ұғымынан туындаған. Егер осы екі элементке де меншік құқығы жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалдаушыға көшсе, онда жер де, үй де бір немесе осы екі элементті иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі үлестерін осы жалдау көтермейтіні туралы куәландыратын басқа белгілері болған жағдайларды қоспағанда, жасалған шарттардың санына қарамастан, қаржылық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.  Жердің экономикалық қызмет мерзімі белгісіз болып табылса, онда бұл элемент, егер жалдау мерзімінің аяғында оған  меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе ғана,  операциялық жалдау объектісі ретінде жіктеледі. Бұл жер учаскелерін және үйді жалдауды жіктеу және есепке алу мақсатында қажет болған жағдайда ең аз жалдау төлемдері (кез келген біржолғы аванстық төлемдерді қоса алғанда)  жалдауды қабылдаған кезде жер учаскелері мен үйлердің арасында жерді жалдау элементінде және үйді жалдау элементінде мүдделердің әділ құнының мәндеріне теңбе - тең  қатысты бөлінеді. Егер жалдау төлемдері осы элементтердің арасында сенімді бөлінуі мүмкін болмаса, онда барлық жалдау осы екі элемент те операциялық жалдауды білдіретіні айқын болған және, тиісінше, барлық осы жалдау операциялық ретінде жіктелетін жағдайдан басқа уақытта қаржылық ретінде жіктеледі [10, 383 б].

№ 17 ХҚЕС – ке сәйкес қабылданған жалдауды жіктеу жалдауға алған активке меншік құқығына тән тәуекел мен пайданы жалгер мен жалға берушінің қандай дәрежеде мойнына алуына негізделеді. Тәуекелге активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты пайданың ауытқуынан болатын залалдар жатады. Пайда активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың және оның құнының артуынан немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін.

2.2 Операциялық жал есебі

 

Операциялық (ағымдағы) жалдау деп қаржылық жалдаудан басқа кез келген жалдаудың (жалгерліктің)  түрін айтады. Бұл жалгерліктің уақытша мұқтажын қанағаттандыру үшін бұрын алынбаған мүлікті белгілі мерзімге  жалдау (жалға беру).

Операциялық жалдаудағы жалдау төлемдері жалдау мерзімінің ішінде,  басқа жүйелі негізді пайдаланушының пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, біркелкі бөлінген шығыс ретінде көрінуі тиіс.

Операциялық жалдауда жалдау төлемдері (қызмет көрсетуді сақтандыруға кеткен шығындарды қоспағанда), басқа жүйелі негізді қолданушы пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, бұл төлемдер осы негізде жүзеге асырылмаса да, біркелкі бөлінген шығыстар ретінде көрінеді [10, 391б].

Операциялық жалдаудан түскен табыс, өзге жүйелі түрде бөлудің пайдаланушының жалдауға өткізілген активтен алынатын пайданың азаюы уақытша кестесін жақсы беруін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жал мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде табыстар құрамында танылуға тиіс.

Операциялық жалдау шарттарын дайындау және жасаумен байланысты

жалға берушілердің бастапқы тікелей шығындары жалданған активтің баланстық құнына қосылуы тиіс және жалдау табысы сияқты осындай негізде  жалдау мерзімі ішіндегі шығыстар ретінде танылуы тиіс. 

Жалдаушылар 17 ХҚЕС талаптарын орындаумен қатар операциялық жалдауға сәйкес мынадай:

- бір жылдан кейін, бірақ бес жылдан кеш емес;

- бес жылдан кейінгі кезеңдер үшін;

- шартты жалдау төлемдері және қосалқы жалдау бойынша төлемдерінің, сома, төлемдерінің              төменгі жалдау төлемдері үшін сомалардың жеке ұсынысымен кезең ішінде шығыс ретінде танылған жалдау және қосалқы жалдау бойынша төлемдер;

- жалдаушының келісілген жалдаудың елеулі шарттарының жалпы сипаты;

- шартты жалдау төлемі анықталатын негізді;

- жаңару опциондарының болуы және талаптары немесе құбылмалы бағалардың сатып алынуы;

- жалдау шартымен белгіленген, соның ішінде дивидендтерге, қосымша қарыз және әрі қарайғы жалдауға  қатысты шектеулер туралы ақпаратты қоса алып, бірақ онымен шектелмей,  ақпаратты ашу керек.

Енді операциялық жалгерлікке байланысты операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.

Жалға беруші кәсіпорында:

 

1 кесте

 

Кәсіпорындар мен ұйымдарда жалға беруге байланысты жүргізілетін  операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы

 

Шаруашылық операциялар мазмұны

Сомасы,

теңге

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1.

Ағымдағы жалгерлік келісім шарты бойынша негізгі құралдар 12 айға берілді

500000

2412 - 2416

 

2412 - 2416

2.

Жал ақысы есепптелінді. Ай сайын жыл бойына ҚҚС есептелінді (12%)

3000

480

2160

2160

6280

3130

4.

Жалға алушыдан жал ақысы келіп түсті (ай сайын)

3480

1050, 1030,1010

2160

5.

Ай сайын есеп беру кезінде болашақ кезеңнен түсетін табыс жабылып отырады:

-         есептік кезеңнін табысы

-         есептелген ҚҚС (12%)

3000

480

3520

6280 - 3130

6.

Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмысының шығындары жалға берушіге тегін берілді

17000

2412 -2416

6280

7.

Жасалған күрделі жөндеу шығындары негізгі құралдың қызмет ету мерзімін ұзартады және ол сомаға жал төлемі де азаяды

17000

2412 -2416

3390

8.

Бір – біріне қарызы зачет жатқызылды

19720

3390

2160

9.

Жалға берілген негізгі құралдар бойынша амортизациясы есептелінді

2500

7450

2421 - 2429

10.                               

Жал мерзімі біткен соң, негізгі құрал өз иесіне қайтарылды:

-                     объектінің қызмет ету мерзімі ұзартылған, яғни күрделі жөндеуден өткен негізгі құрал ретінде

 

 

 

517000

 

 

 

 

 

 

2412 -2416

 

 

 

 

 

 

2412 – 2416

 

 

 

 

Ескерту* – кесте мәліметері 15 әдебиеттің негізінде алынды

Информация о работе Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау