Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 21:23, курсовая работа

Описание работы

Жал деп бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................4

1. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйым қызметіндегі жалдың орны.........................................................................................................................6
1.1. Жалдың экономикалық мазмұны мен мәні..........................................6
1.2. Нарық жағдайында жал есебін ұйымдастыру ерекшеліктері..........10

2. Ұйымда жал есебін ұйымдастыру......................................................14
2.1. ҚХЕС – на сәйкес жал есебін ұйымдастыру есебі............................14
2.2. Операциялық жал есебі........................................................................17
2.3. Қаржылық жал есебінің ерекшеліктері..............................................21

3. Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау......................29
3.1. Жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері..............29
3.2. Жал операцияларын талдау.................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................40

Работа содержит 1 файл

Омарова Айгерім Жал есебі..doc

— 375.50 Кб (Скачать)

 

Сыйақы мен жалдау ақысы бойынша төленетін міндетті сомалар төмендегідей болып бөлінеді:

-         1 жылдың аяғында: 7500 * 12,5% =  937,5 – сыйақы сомасы; 2500 – 937,5 =  156, - жалдау ақысының міндетті сомасы;

-         2 жылдың аяғында: 5937,5 * 12,5% = 742,2 – сыйақы сомасы; 2500 – 742,2 = 1757,8 – жалдау ақысының міндетті сомасы ж.т.б.

Қаралған жағдайға байланысты алғашқы жалдау ақысы келісім шарт жасалысымен төленеді. Компанияның қабылдаған есеп саясаты мен счеттардың жұмыс жоспарына  сай, счеттарды корреспонденциялаудың жалпыға бірдей түрі төмендегідей болады:

Дт            Кт

2410       4150 – жабдықтардың құнына;

2920       4160 – пайыздық сомаларға (сыйақы);

4150       4110 – жалдау құнының міндетті сомаларына;

4160       4110 – сыйақы сомасына;

4110       1030 – жалдау ақысына;

7310       2920 -  пайыздық шығындарды есептеуге.

Жалға алушы жалдау мерзімі аяқталған кезде мүліктік меншік  өзіне ауысатынына объективті түрде сенімді болса, соған орай жалға алған мүлікке амортизация есептеледі. Жалға алушы үшін кепілді қалдық баға дегеніміз – ол жалға алған кезде анықталған, сатуға толық кепілдік бере алатын баға. Соған сәйкес, кепілді емес қалдық баға дегеніміз – ол жалға берілген ативтің жалға беруші кепілдік бермейтін қалдық құны. Мысалы,  жалға берілген активтің әділ бағасының сомасы 1 100 мың теңге, кепілдік берілмейтін қалдық құны – 100 мың теңге, жалға алушы жабдықты кіріске 1000 мың теңге бағасымен қабылдайды [15, 72 б].

Жалға берушінің жүргізетін есебі. Жалға беруші үшін активтерді қаржылық жалға беру, тәуекелділік пен экономикалық пайданы да арендаторға бру болып табылады. Осыған байланысты жалға берушінің балансында алға беру төлемақылары бойыша дебиторлық қарыз мөлшері көрсетіледі, ол жалға берілген таза инвестиция мөлшеріне тең. Жалға берудегі таза инвестицияның көлем жалпы инвестициядан қаржылық табысты алып тастау арқылы анықталады. Жалға берілген жалпы инветицияның мөлшері, жалдау құнының төменгі сомасы (жалға берушінің есебі бойынша) және соған тиесілі жалға берілетін активтердің кепілдік бермейтін қалдық құнынан тұрады. Мысалы, жалдау құнының төменгі сомасы жалдау келісім шарты бойынша 1 250 мың теңге, ал активтің жалға беру кезеңінің соңында кепілдік бермейтін құны 100 мың теңге болғанда, онда жалға берілетін жалпы инвестицияның сомасы 1 350 мың теңгеге тең болады. Мүліктің кепілдік берілмейтін құнының мөлшері, жалға алушының активтері қалай пайдаланғанына байланысты, соған орай жалға беруші жалға беру кезеңі аяқталған кезде, оның бағасына кепілдік бере алмайды. Егер активтің кепілдік берілмейтін бағасы азаятын болса, айырмасы табыс есебінде танылады [16, 85 б].

Жалға берушінің бухгалтерлік есебінде төмендегідей бухгалтерлік проводка жасалады (жалдау ақысын төлеу графигіне сәйкес):

Дт 2180

Кт 2410 жабдықтың құнына 10 000 мың теңге;

Кт 4420 сыйақы сомасына 2 500,0 мың теңге.

Жалға берудің бастапқы жылында:

Дт 2180

Кт 2160 алғашқы жалдау ақысының сомасына 2 500 мың теңге;

Дт 1040

Кт 2180 жалдау ақысының сомасына 2500 мың теңге.

Бірінші жылдың соңында  сыйақы бойынша табысы есептеледі:

Дт 4420

Кт  6010 сомасы 937,5 мың теңге және әрі қарай жыл сайын, жалдау мерзімі аяқталғанша төлемақы графигі осылай толтырылып отыырады.

Екінші жылдың басында кезекті төлемақының есебі жасалады:

Дт 2160

Кт 2180 кезекті төлемақының сомасына 2 500 мың теңге.

Екінші жылдың соңында:

Дт 4420

Кт 6010 сомасы 742,2 мың теңге, төлемақы төлеу кестесі бойынша және сол сияқты, әрбір есепті кезең бойынша, жалпы жалға алу кезеңінде.

Қаржылық жалдау амортизацияланатын активтер үшін амортизациялық шығыстарды және әрбір есеп кезеңі үшін қаржы шығыстарын тудырады. Амортизациялық саясат  амортизациялық жалдау активтері үшін міндетті түрде меншіктегі амортизациялық активке қатысты қолданылуға сәйкес болу керек, амортизацияның танылатын сомасы міндетті түрде 16-«Негізгі құралдар» және 38-«Материалдық емес активтер» Халықаралық стандарттарына сәйкес есептелуі тиіс. Егер жалдаушының жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығына ие болуы негізделген сенімі болмаса, онда актив міндетті түрде  жалдау немесе пайдалы қызметтің ең қысқа екі кезеңінен  толықтай амортизациялануы керек. Қаржылық жал есебінде жалгер бухгалтерлік есебінде мүлікті актив ретінде, ал төленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі [17, 124 б].

 

3        Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау

 

3.1  Жал операцияларын аудиттеу маңызы мен ерекшеліктері

 

Жалдағы негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:

1)            Жалдағы негізгі құралдардың бар болуын  сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;

2)            Жалдағы негізгі құралдардың қолда қолда бары мен сақталуы;

3)            Жалға алған  мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;

4)            Жалдағы негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі;

5)            Жалға алған негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі. «Амортизация» (кейінгі латынның «өтеу» сөзінен) – негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны – өндіріс шығындарына немесе негізгі қорлардың жай немесе кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына көшірудің объективті процесі;

6)            Бухгалтерлік есеп пен есеептілік регистірлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелілігі;

7)            Жалға алынған негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б.

Жалға алынған негізгі құралдар аудитінің жоғарыда көрсетілген процедураларының мазмұнын ескере отырып, мыналарды зерттеп білу қажет:

- жалдағы негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданды ма, кәсіпорын басшысының бұйрығымен материалдарға жауапты адамдар (МЖА) тағайындалды ма, олармен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы жазбаша келісім – шарт жасалды ма;

- негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз еу үшін, МЖА – ға жағдайлар жасалды ма, жабылатын қойма ғимараттары бар ма, олар күзет сигнализацияларымен жарақтандырылған ба?

- кәсіпорын аумағын тауарлық – материалдық құндылықтарды тасып –шығару тәртібі ұйымдастырылған ба, басшының бұйрығымен негізгі құрал – жабдықтардың сақталуын тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия тағайындалды ма?

         - жалға алған негізгі құралдардың сақталуын түгендеу (инвентаризация) мен іріктемелі тексерулер жүргізілді ме, олардың қорытындылары ресімделген бе, кем шыққан жағдайларда айыптыларға қандай шаралар қолданылды? (қосымша 1)

Жалдағы негізгі құралдардың қозғалысын тексергенде мыналарға ерекше назар аудару керек:

- мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу мен оларды тиістілік жағынан (меншікке әлде жалға алынған), өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша (іс жүзіндегі не жұмыс істеп тұрмаған), белгіленуі бойынша (өндірістік пен өндірістік емес), өндірістегі рөлі бойынша (белсенді – активті немесе бәсең – пассивті) және т.б. жіктеудің дұрыстығы;

- бастапқы құнды, тозуды, келісу немесе сатып алу бағасын (ұлттық валютамен сатып алу сәтіндегі қайта есептеу бағамы бойынша шетелдік валюта үшін) көрсету тізбесін;

- кәсіпорынның негізгі құрал құрамына кірмейтін, бітпеген құрылыс ретінде ескерілетін, уақытша пайдалануда тұрған күрделі құрылыс объектілері;

- әдетте, баланстан кем болмайтын нарықтық құнды белгілеу;

- негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға тиістілігіне, бұған өндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге  иелікке алынғанды өтеусіз беру кірмейді [18, 182 б].

Жалдағы негізгі құралдарды беру нәтижесінде болған шығындардың орнын толтыру ықтимал көздерге, «Табыстар» мен «Шығыстар» бөліктерінің шотына есептен шығарудың заңдылығына ерекше көңіл бөлінеді.

Негізгі құралдарды ағымды жөндеу бойынша шығындар бухгалтерлік жөндеу бойынша шығындар бухгалтерлік есепте түп – түгел кезең шығыстарына, ал салықтық есепте – шегерілімге жатқызылады.

Күрделі жөндеу шығындары бухгалтерлік есеп пен құндық баланста салық есебіндегі негізгі құралдардың тиісті тобы активтің жағдайын алғашында есептелген нормативтен артық өнімділікті арттырып, жақсартқан кезде ғана (мәселен, автомобильге жаңа двигатель қойылады) объектілерді бастапқы құнын ұлғайтады.

Өндірістік объектілер үшін төленген жалдау ақысы қосымша шығындарға қосылады. Жалпы шарушылық мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдар үшін төленген жалдау шығындары, кезеңдік шығын болып саналады. Құндылықтардың өзіндік құнын дәл есептеу үшін, мүліктерді жалға алуға байланысты төленген пайыздық төлемақылардың кезеңдік шығындар қатарына қосылатынын ескеру қажет. Көбінесе, мекеменің жалдауға төленген төлем ақылары тікелей өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы қате, оларды іріктеп, өзіндік құнға апаратын бөлігін және жалдауға төленетін пайыздық мөлшерін бөлек есептеу қажет, себебі ол сома өзіндік құнға қосылмайды. Жалдау бойынша есепті жүргізу барысында, өзіндік құнның құрамына өндірістік объектілер үшін төленген жалдау  ақысы  ғана кіреді.

Жалдау активтерінен шығарылып тасталған сома ретінде міндеттемелерді жалдау активі бойынша қаржы есебінде көрсетпеген жөн. Егер бухгалтерлік баланста міндеттемелерді көрсету үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелердің арасында айырмашылықты көрсетсе, онда осындай айырмашылық жалдау бойынша міндеттемелер үшін жасалу керек.

Бастапқы тікелей шығындар көп жағдайларда жалдау келісімдерін жасау және орындау сияқты ерекше жалдау қызметімен байланысты туындайды. Қаржылық жалдаумен байланысты жалдаушы жүзеге асыратын қызметімен тікелей байланысты ретінде анықталған шығындар жалдау активінің құнына кіреді.

Шығындар, оның ішінде жалдау табысын алу кезінде шеккен амортизациялық шығыстар құрамына кіреді. Жалдау табысы (сақтандыру мен қызмет көрсетулер сияқты қызметтер үшін түсім қаражаттарын қоспағанда), тіпті егер төлемдер, өзге жүйелі түрде бөлу активін өткізуден пайда алудың азаюының уақытша кестесін беруді қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жалдау мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде шығыстар құрамында танылады.

 

6 кесте.

 

«Жалдау ақысы» бойынша жүргізілетін шаруашылық операцияларының шоттар байланысы

 

    Шаруашылық операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

1.Есепті кезеңдегі есептелген жалдау ақысы.

8110

3390, 3540.

4170, 4430

2.Есептелген жалдау  ақысының пайыздық жалдау ақысы.

7310

3360, 4150

3.Жалдау ақысының ҚҚС

1420

3390, 3540.

4170, 4430

4.Жалдау ақысы

3360, 4150;

3390, 3540,

4170, 4430

1030

Ескерту* – кесте мәліметтері 12 әдебиеттің негізінде алынды

Информация о работе Ұйымның жал операциясын аудиттеу және талдау