Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:54, курсовая работа
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кіріспе.
1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер.
1.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік.
1.2 Жұмысшының өнім өндіруі – кәсіпорынның негізгі тиімділік көзі.
2. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі.
2.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
2.3 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау.
Мазмұны:
Кіріспе.
1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер.
1.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік.
1.2 Жұмысшының өнім өндіруі – кәсіпорынның негізгі тиімділік көзі.
2. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі.
2.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
2.3 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау.
Қорытынды
Кіріспе.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттігі (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер.
1.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік.
Кәсіпорын (қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1) қорытындылаушы;
2) техника-экономикалық.
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі (еңбек сыйымдылығы) қор қайтарымдылығы (қор сыйымдылығы), материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы), капитал салудың қайтарымдылығы (капитал сыйымдылығы) жатады. Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т.б; энергия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындары арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қаркынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікгі жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру - оның тиімділігін артгырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
1.2 Жұмысшының өнім өндіруі – кәсіпорынның негізгі тиімділік көзі.
Өз кезегінде, бір жұмысшының жылдық орташа өнім өндіруіне экстенсивті және интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының қорын пайдалануға, ал интенсивтіге - уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін себептер жатады. Бұлайша бөлу тек шартты түрде қажет, өйткені жұмыс уақытын пайдалану негізінен еңбек пен өндірісті ұйымдастыруға, ал сағаттық өнім өндіру - өнімнің еңбек сыйымдылығы деңгейін анықтайтын кәсіпорынның техникалық және жұмысшылардың мамандығы деңгейіне байланысты.
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
1) бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
2) жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
3) бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Бұл жағдайда жұмыс күнінің орташа саны - негізгі сандық көрсеткіш, ал орташа жұмыс күнінің ұзақтығы әр жұмысшының жұмысқа шығуына байланысты болғандықтан - туынды көрсеткіш болып саналады.
Одан туындайтыны, тізбектеп ауыстыру тәсілін пайдаланғанда, көрсеткіштер шамасын алмастыру, олардың бір-біріне тәуелділігін назарға ала отырып жүргізіледі.
3-кесте де осы себептердің базистік шамасымен салыстырғанда бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнім өндірудің өзгеруіне әсерін есептеу келтірген.
1-кесте
Жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне әсерін есептеу.
рет нөмірі
| Өзара бірге әсер еттін жеке көрсеткіштер
| қорытындылау көрсеткіші
| Алдыңғы есептеуден ауытқуы, теңге | Ауытқу себебі
| ||||
Есеп теудің
| Ауыс тыру дың | Жұмыс күні саны | Жұмыс күнінің ұзақтығы | Орташа сағаттық өнім өндіру, теңге | Жұмысшының орташа жылдық өндіруі, теңге |
|
| |
1 |
| жоспар 248 | жоспар 7,6 | жоспар 22,45 | жоспар 42315 |
|
| |
2
| 1
| нақты 244
| жоспар 7,6
| жоспар 22,45
| есептеу 41631
| -684
| Жоспарыдан жұмыс күніннің орташа санының азаюы | |
3
| 2
| нақты 244 | нақты 7,2 | жоспар 22,45
| есептеу 39440 | -2191
| Жоспардағыдан орташа жұмыс күнінің ұзақтығының азаюы | |
4 | 3 | нақты 244 | нақты 7,2 | нақты 23,98 | нақты 42136 | +2696
| Орташа сағаттық өнім өндірудің жоспардағыдан артуы |
Кестеден, орташа сағаттық өнім өндірудің артуы нәтижесінде, жоспармен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі 2696 теңгеге өскенін көреміз. Алайда жұмыс уақытын ішкі және толық күндік жоғалтулар, жоспардағыға қарағанда оның шамасын 2875 теңгеге кемітті, бұл уақыт бірлігіндегі жұмысшының өнімділігінің оң әсерін жауып тастады.
Талдау есептеулері дұрыс жүргізілген, өйткені жеке көрсеткіштер шамасының өзгеруі әсер етуден болған ауытқулардың алгебралық сомасы қорытындылау көрсеткішінің жоспарынан ауытқуына тең. Ауытқулар балансы
42136 - 42315 = (- 684) + (- 2191) + 2696 = -179.
Сонымен, еңбек өнімділігі деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіш бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа өнім өндіру болып табылады.
Талдау мақсатында, осы көрсеткішпен қатар, бір жұмысшыға шаққандағы орташа өнім өндірудің бір жылдағы, адам-күн және адам-сағаттағысын есептеу қажет. Талдауда бұл көрсеткіштердің барлығын пайдалану керек, өйткені олар бір-бірімен байланысты және олардың индекстерін салыстыру, еңбек өнімділігі жоспарын орындауға әр түрлі себептердің алатын орынын анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің өзара байланысы мына формуладан көрінеді:
WR=Wсағат *B*C*a.
Мұнда: WR - бір жұмыс істеушінің орташа
жылдық өнім өндіруі;
Wсағат –сағат бір жұмысшының орташа сағаттық
өнім өндіруі;
В —жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
Wсағат *В = Wd - бір жұмысшының орташа күндік өнім өндіруі;
С — бір жылдағы жұмысшының орташа күн саны
Wd *C= WR - бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі;
а- жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы;
WR *а = WR - бір жұмыс істеушінің орташа жылдық өнім өндіруі.
Жоспардың орындалу пайызын бір жұмысшы мен бір жұмыс істеушінің орташа жылдық өнім өндіруінің көрсеткіштері бойынша салыстыру, еңбек өнімділігінің деңгейіне өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің құрамы сияқты себептің әсері бар екендігін дәлелдейді.
Өнім өндіруге тікелей қатыспайтын қызметкерлер тобының үлес салмағы төмен болған сайын, өндірісті ұйымдастыру мен технологияның сол деңгейіндегі, бір жұмыс істеушінің еңбек өнімділігі соғұрлым жоғары болады.
Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының өскенін бейнелейді.
Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты болуы мүмкін.
2-кесте
Өнім өндіру жоспарының орындалу көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер
| Жоспар
| Есеп беру
| Орындалуы, %-бен |
1.
| Жылына бір жұмыс істеушіге есептеген өнім өндіру, теңге | 27513
| 27020
| 98.2
|
2.
| Жылына бір жұмысшының өнім өндіруі, теңге | 42315
| 42136
| 99.6
|
3. | Күніне бір жұмысшының өнім өндіруі, теңге | 70.62
| 172.66
| 101.2
|
4.
| Сағатына бір жұмысшының өнім өндіруі, теңге | 22.45
| 23.98
| 106.8
|