Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:54, курсовая работа
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кіріспе.
1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер.
1.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік.
1.2 Жұмысшының өнім өндіруі – кәсіпорынның негізгі тиімділік көзі.
2. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі.
2.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
2.3 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау.
Еңбек ақы шығындары 2010 жыл 5083,3 мың теңгегі құрады, ал 2011 жыл 5069,2 мың теңге болды, сонда 14,1 мың теңгеге көбейді. Әлеуметтік аударымдар 2010 жыл 1734,2 мың теңгені құраса, ал 2011 жыл 1730,4 мың теңге болды, сонда 3,8 мың теңгеге азайған. Амортизация 2010 жыл 2134,4 мың теңгені құраса, ал 2011 жыл 2316,5 мың теңге болды, сонда 182,1 мың теңгеге көбейді. Басқада шығындар 2010 жыл 3335,0 мың теңгені құраса, ал 2011 жыл 3907,4 мың теңге болды, сонда 572,4 мың теңгеге жоғарылады. Барлығы 2010 жыл 26680,0 мың теңгені құраса, ал 2011 жыл 27910,0 мың теңге болды, сонда 1230,0 мың теңгеге жоғарылады.
Нарық экономикасы жағдайында кәсiпорынның шаруашылық қызметiнен келетiн негiзгi де соңғы көрсеткіш ол - табыс. Ал ендi осы атаулы кәсiпорынның абсолюттi табыс көрсеткiштерiн талдап көрейiк.
Абсолюттi табыс көрсеткiшiнiң бiрiншiсi болып өткiзген өнiмнен түскен пайданы айтамыз. Одан барлық салым-салық төлемдерi, өтпей қайтарылған өнiмдер мен жеңiлдiк жасалған өнiмдер бағасын алып тастағаннан қалған сомманы айтамыз.
7 - кесте
Кәсіпорынның өнiмдi өткiуден түскен табыс жоспарының негiзделуi
№ | көрсеткiштер | есептiк бағасы бойынша мың тг. |
1 | өткiзiлмей қалған дайын өнiмнiң жыл басындағы нақты қалдығы | - |
2 | Тауарлы өнiм шығару | 31030,0 |
3 | өткiзiлген өнiмнiң жыл аяғындағы қалдығы | - |
4 | өнiмдi өткiзуден алынуы мүмкiн табыс | 3120,0 |
5 | Жоспар бойынша өнiмдi өткiзуден алынатын табыс | 2981,5 |
6 | ауытқуы | 138,5 |
Кестеден кәсiпорынның өнiмдi өткiзуден түсетiн табыс көлемiн 138,5 мың теңгеге көбейгенi көрiнедi. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнiмнiң шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнiмдi өткiзуден түсетiн табыс 2981,5 мың теңгенi емес, 138,5 мың теңгеге көп, яғни 3120,0 мың теңгенi құрауы керек едi. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас едi.
Абсолюттi табыс көрсеткiштiң екiншiсi - жалпы өнiм табысы. Ол негiзгi қызмет арқылы өнiмдi тарату мен өндiрiстiң өнiмiнiң өзiндiк құнымен санағандағы қаржылық қорытынды. Жалпы табысқа мына факторлар әсер етедi:
- таратылған өнiмдердiң бағасы;
- таратылған өнiмнен түскен табыс;
- таратылған өнiмнiң 1 теңгеге шаққандағы шығыны.
Жоғарыда көрсетiлген факторлардың есептi жыл табысының ауытқуына қаншалықты әсер ететiндiгiн салыстыру үшiн келесi кестенi қарастырайық.
8 - кесте
Кәсіпорынның өткен жылғы табысынан ауытқуына әсер еткен факторлар бойынша мәлiмет
Көрсеткiш | жылдар | Ауытқулар | ||
2010 | 2011 | +,- | % | |
Өткiзiлген өнiмнен түскен түсiм | 29770,0 | 31030,0 | +1260 | 104,23 |
Толық өзiндiк құн | 26680,0 | 27910,0 | +1230 | 104,6 |
Жалпы пайда | 3090,0 | 3120,0 | +30 | 100,8 |
Баға индексi | 1,00 | 1,05 | - | - |
Өткiзiлген өнiм табысының салыстырмалы бағасы | 29770,0 | 31030,0 | +1260 | 104,23 |
2010 жылы өткiзiлген өнiмнен түскен түсiм 259770,0 мың теңгеден есептi жылы 31030,0 мың теңгеге өскен, яғни 104,23 пайызды құрайды. Толық өзiндiк құн есептi жылы, өткен жылға ғарағанда +1230,0 мың теңгеге өстi, яғни 27910,0 мың теңгеге. Жалпы пайда 3120,0 мың теңгеге, яғни 100,8 пайызды құрайды. Баға индексi есептi жылы 1,00, ал өткен жылы 1,05-ке тең.
9 - кесте
Кәсіпорынның жалпы табысын бағалау(мың тг)
Көрсеткiш | жылдар | ауытқулар | ||
2010 | 2011 | +,- | % | |
Тауарлы өнiм | 29770,0 | 31030,0 | +1260 | 104,23 |
Өндiрiс шығындары | 26680,0 | 27910,0 | +1230 | 104,6 |
Жалпы табыс | 3090,0 | 3120,0 | +30 | 100,8 |
Рентабельділік өнім өндірудің әр бір теңгесіне кеткен шығыннан кәсіпорын қанша пайда алатынын көрсетеді. Бұл көрсеткіш жалпы өндіріс бойынша және өнім түрлері бойынша есептелуі мүмкін.
Талданып жатқан кәсіпорында есеп беру жылында өнім рентабельділігі 0,4 пайызға төмендеп 11,18 пайыз болды. Рентабельділіктің төмендеуіне негізгі өндірістік қорлардың және өнімді өткізуден түскен түсімнің жоғарылау себеп болды.
10 - кесте
Рентабельділікті талдау
№ | Көрсеткіштер | 2010ж
| 2011ж
| Ауытқу | |
1 | Өткізуден түскен түсім | 29770,0 | 31030,0 | 1260 | |
2 | Негізгі өндірістік және айналым қорларының орташа жылдық құны | 9081,0 | 9092,0 | 11,0 |
|
3 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | 26680,0 | 27910,0 | 1230,0 | |
4 | Өнімді өткізуден түскен пайда | 3090,0 | 3120,0 | 30,0 | |
5 | Өнім рентабельділігі | 11,58 | 11,18 | -0,4 |
Қорытынды.
Сөйтіп, біз нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді жан-жақты талдадық.
Кәсіпорын (қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің ақпараттық көздері бар.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайды талдауда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, қаржылық жағдайды терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізуге болады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржы тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Өнімнің өзіндік құны өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Оның деңгейіне кәсіпорын қызмет етуінің қаржылық нәтижелері, кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқындары, шаруашылық жүргізетін субъекттердің қаржылық жағдайы тәуелді болады.
Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын талдау аса маңызды мәселе болып табылады. Оның арқасында берілген көрсеткіштердің, оның деңгейі бойынша жоспар орындалуының өзгеру тенденцияларын айқындауға, оның өсіміне факторлардың ықпалын анықтауға болады және осының негізінде мүмкіндіктерді пайдалануы жөніндегі кәсіпорын жұмысына баға беруге және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің резервтерін орнатуға болады.
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының бүкіләлемдік халықаралық нарықтық қатынастарға, стандарттарға өту кезеңінде кәсіпорын кызметінің тиімділігін талдаудың сонымен бірге бухгалтерлік есепті қамтитын басқа да бөлімдері халықаралық есеп стандарттарына сәйкес келуі сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуының сақталуы аса маңызды мәселе болып отыр. Мен білікті маман болуға ұмтылып, осы үрдіске өз үлесімді тигізуге үміттенемін.