Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:54, курсовая работа
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кіріспе.
1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер.
1.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік.
1.2 Жұмысшының өнім өндіруі – кәсіпорынның негізгі тиімділік көзі.
2. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі.
2.1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
2.3 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басалымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланылып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісінің шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивті), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі – онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекіткен орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінді, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
көлденең талдау;
тікелей талдау;
трендтік талдау;
салыстырмалы талдау;
факторлық талдау;
қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеппозициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткішердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Тереңдік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, олардың есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңестіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшілердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
2.3 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау.
Өнімнің өзіндік құны өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Оның деңгейіне кәсіпорын қызмет етуінің қаржылық нәтижелері, кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқындары, шаруашылық жүргізетін субъекттердің қаржылық жағдайы тәуелді болады.
Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын талдау аса маңызды мәселе болып табылады. Оның арқасында берілген көрсеткіштердің, оның деңгейі бойынша жоспар орындалуының өзгеру тенденцияларын айқындауға, оның өсіміне факторлардың ықпалын анықтауға болады және осының негізінде мүмкіндіктерді пайдалануы жөніндегі кәсіпорын жұмысына баға беруге және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің резервтерін орнатуға болады.
5 - кесте
Экономикалық элементтер бойынша шығындарды талдау
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | ||
Мың теңге | % | Мың теңге | % | ||
1 | Материалдық шығындар | 14407,2 | 54 | 14931,85 | 53,5 |
2 | Еңбек ақы шығындары | 5083,3 | 19 | 5069,2 | 18 |
3 | Әлеуметтік аударымдар | 1734,2 | 6,5 | 1730,4 | 6,2 |
4 | Амортизация | 2134,4 | 8 | 2316,5 | 8,3 |
5 | Басқада шығындар | 3335,0 | 12,5 | 3907,4 | 14 |
6 | Барлығы | 26680,0 | 100 | 27910,0 | 100 |
Келесі көрсеткіштер өнімнің өзіндік құнын талдаудың объекттері болып табылады:
тауарлық өнімнің жалпы алғанда және шығындар элементтері бойынша толық өзіндік құны;
тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар;
салыстырылатын тауарлық өнімнің өзіндік құны;
жеке бұйымдардың өзіндік құны;
шығындардың жеке элементтері және баптары.
Берілген кестеде материалдық шығындар 2010 жылы 14407,2 мың теңгені құрады, ал 2011 жыл 14931,85 мың теңгені құрады. Сонда 524,65 мың теңгеге көбейді.
6 - кесте
Калькуляция статьялары бойынша талдау
Экономикалық элементтер | 2010 жыл | 2011 жыл | Ауытқу | |||
Сумма, Мың тг. | Үлес салмағы% | Сумма, Мың тг. | Үлес салмағы % | +,- | % | |
1. Шикізат және материалдар | 15437,0 | 57,86 | 15961,7 | 57,19 | +524,7 | 103,4 |
2. Көмекші материалдар | 733,7 | 2,75 | 792,6 | 2,84 | +58,9 | 108,0 |
3. Отын және энергия | 304,2 | 1,14 | 393,5 | 1,41 | +89,3 | 129,3 |
4.Жұмысшылар еңбек ақысы | 1069,9 | 4,01 | 1267,1 | 4,54 | +197,2 | 118,4 |
5. Әлеуметтік сақтандыру | 165,4 | 0,62 | 203,7 | 0,73 | +38,3 | 123,2 |
6. Жанама шығындар | 1723,5 | 6,46 | 1763,9 | 6,32 | +40,4 | 102,3 |
Барлық өндірістік шығындар: | 19433,7 | 72,84 | 20382,7 | 73,03 | +949,0 | 104,8 |
Кезең шығындары соның ішінде: | 7246,3 | 27,16 | 7527,3 | 26,97 | +281,0 | 103,9 |
7. Жалпы және әкімшілік шығындар | 3980,6 | 14,92 | 4038,6 | 14,47 | +58,0 | 101,4 |
8. Өткізу шығындары | 3265,63 | 12,24 | 3488,7 | 12,50 | +223,07 | 106,8 |
Барлық шығындар: (Толық өзіндік құн) | 26680,0 | 100,0 | 27910,0 | 100,0 | +1230,0 | 104,6 |