Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….....….................4

1-БӨЛІМ. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1.1. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ

МӘНІ...............................................................................……….........5

1.2. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.................................8

1.3. КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ

ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................................12

2- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ

2.1 ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨНДІРУ

ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ……………........16

2.2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ……………….…….......20

2.3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ БАҒАНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ

РӨЛІ….....…........................................................................................23

3- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЕСЕПТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ

ӘДІСТЕРІ..............................................................................................26

3.2. КӘСІПОРЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ

РЕЗЕРВТЕРІ.........................................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………...............................42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..............……………………...............................43

Работа содержит 1 файл

МАХАТАЕВ АМАНТУР.doc

— 84.51 Кб (Скачать)


 

                                                           

                                                          

 

 

 

 

 

 

                                                    КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:«Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау».

 

 

 

 

 

 

                                        

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


МАЗМҰНЫ

 

    КІРІСПЕ………………………………………………………………….....….................4

  1-БӨЛІМ.  ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰННЫҢ   ТЕОРИЯЛЫҚ      

                     НЕГІЗДЕРІ

1.1. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ

  МӘНІ...............................................................................……….........5

                         1.2.   ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.................................8

                         1.3.   КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ                         

                                   ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................................12

   2- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ

          2.1    ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨНДІРУ  

                     ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ……………........16

          2.2     ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ……………….…….......20

              2.3.    ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ БАҒАНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ

                                    РӨЛІ….....…........................................................................................23

   3- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

                        3.1. ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЕСЕПТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ  

                                  ӘДІСТЕРІ..............................................................................................26

                        3.2.  КӘСІПОРЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ

                                  РЕЗЕРВТЕРІ.........................................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………...............................42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..............……………………...............................43

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   КІРІСПЕ

             

              Кез-келген  кәсіпорын  (фирма) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады. Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  талдау  болып  табылады.

              Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

              Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

              Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

              Курстық  жұмыс  барсында  қарастырылатын  тақырыптар:  өндіріс  шығындары  және өнімнің  өзіндік   құныны түсініктіеріне жалпы  сипаттама; өзіндік   құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын  калькуляция баптары бойынша топтау;  өнімнің  өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу;  өнімнің өзіндік  құнын  азайту  жолдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

           1- БӨЛІМ.  ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰННЫҢ   ТЕОРИЯЛЫҚ      

                                                               НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МӘНІ

 

              Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

              Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

              Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

              Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

              Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті-жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші. Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негзгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы-ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорын да  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді-бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

              Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

              Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың  көбейуі  2 түрлі факторға  байланысты болады: бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.

              Өнімнің  өзіндік  құны –синтетикалық, кәсіпорын  қызметінің  барлық

жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен де анықталады:

              1) Өзіндік  құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік  құны  арқылы өндіріс құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

              2) Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру  мүмкін  болмайды.  

              3) Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі , яғни олардың өндіру мақсаттылығы  есептелінеді.

              Өнімнің  өзіндік  құнын құрайтын шығындар  2  түрлі  негізгі белгілер  бойынша  жіктеледі:

1.       Шығындардың  алғашқы  элементтері  бойынша.

2.       Пайда болу және  бағытталу  сипаттамасы  бойынша.              

              Шығындарды экономикалық элементтері  бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі  шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.

              Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

              Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары бойынша  топтау, яғни  өндіріс процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

              Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері

шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар;  өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.

              Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді. Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік  құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

              Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді:

              а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);

              б)жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша;

              c)өнім өндірісімен байланысты барлық шығындар жиынтығы екі негізгі элементтерге бөлінеді:

       материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);

       тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік   

сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге  төлемдер және т.б. );

               д) шығындарды басқаша топтастыру оларды мүмкін болатын өнім өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары бойынша бөлістірілуі мүмкін:

       материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау шығындары);

       еңбекақыға тікелей шығындар(өндіріс процесінде жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы );

       жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар;

       құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;

       цехтық (өндірістік) шығындар;

       жалпышаруашылық шығындар;

е) дайын өнім шығындар құнын  аудару  әдісі  бойынша:

       тікелей шығындар;

       жанама  шығындар;

              f) қалыптасу уақыты бойынша:

       ағымдық  шығындар;

       болашақ кезең  шығындары (өндірістің келесі кезеңінде қолдануға арналған ағымдық кезеңдегі өндіру );

Қазақстан       экономикасындағы     барлық     салалары        бойынша

кәсіпорындардағы жұмыс пен қызметке қосылатын өзіндік құнына қосылатын шығындарды бірегей  анықтау  мақсатында  1992  жылдың  30  шілдесінде  Министрлер  Кабинетінің  Нұсқауы негізінде  жүзеге асырылады. Қазақстанда өзіндік құнның қалыптасуы толықтай жетілмеген, ол өтпелі экономика және соған сәйкес мәселелермен байланысты. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындар бухгалтерлік есептің жаңа басты есептеу жоспарына көше бастады.

 

1.2. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

 

      Шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәнге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.

Информация о работе Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау