Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….....….................4

1-БӨЛІМ. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1.1. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ

МӘНІ...............................................................................……….........5

1.2. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.................................8

1.3. КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ

ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................................12

2- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ

2.1 ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨНДІРУ

ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ……………........16

2.2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ……………….…….......20

2.3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ БАҒАНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ

РӨЛІ….....…........................................................................................23

3- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЕСЕПТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ

ӘДІСТЕРІ..............................................................................................26

3.2. КӘСІПОРЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ

РЕЗЕРВТЕРІ.........................................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………...............................42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..............……………………...............................43

Работа содержит 1 файл

МАХАТАЕВ АМАНТУР.doc

— 84.51 Кб (Скачать)

«Кайдзен» сөзі жапон тілінен аударғанда «кішкентай қадаммен жетістікке жету» дегенді білдіреді. «Кайдзеннің» мақсаты – ірі-ірі кәсіпорындардан инвестиция тартпай, кәсіпорындардың ішкі резервтерінің көмегімен қызметті жетілдіру. Бұл жүйе өте күрделі және көптеген элементтерден тұрады:

-          Тұтынушыларға бағыттану;

-          Өнім сапасын бақылау;

-          Автоматизация;

-          Сапаны жақсарту үйірмелері;

-          Новаторлық ұсыныстар жүйесі;

-          Жұмыс орнындағы тәртіп пен қарым-қатынас;

-          Көп станокты жұмыс орындары;

-          Канбан жүйесі;

-          «Дәл уақыт» жүйесі;

-          Ахуалдардың болмауы;

-          Шағын топтардың қызметі;

-          Өнімділікті жоғарылату;

-          Капитал мен еңбектің қатынасы;

-          Жаңа өнімді құрастыру;

-          Жалпы эксплуатациялық жүйе.

«Кайдзен»жүйесінің негізгі бағыты – шығындарды минимализациялау. Ол шығындар кәсіпорын қызметі барысында, қайта өндірісте жарамсыз бөлшектерден шығуы мүмкін, яғни өндірістік жоғалтулар пайда болады.

 

              Қайта өндіріс жоғалтулары               Тұтынушыға бағыттану

 

              Қор жинаумен және

              тасымалдаумен байланысты               «Дәл уақыт» жүйесі

              жоғалтулар 

              Жөндеумен, құралдардың

              босқа тұруымен байланысты              Жалпы эксплуатация жүйесі

              жоғалтулар                                         (ЖЭЖ)

 

              Ахуалмен байланысты

              жоғалтулардан сақтану                      Сапаны жақсарту жүйелері

 

2–сурет - Жоғалту түрлері және оларды минимализациялау жүйелері

 

Осы жоғалтуларды төмендету жүйелерін қарастырайық. Мысалы, Жапония кәсіпорындарында қайта өндірумен және дайын өнімді қоймалаумен байланысты жоғалтуларды жояды. Олар тұтынушыларға бағытталып, жалпы өндірістен кіші сериялы өндіріске көшті.

Сонымен қатар, «Дәл уақыт» жүйесі іске асады. Бұл жүйеде өндіріске қажетті құрал-жабдықтар цехта қажет мөлшерде тура уақытысында жеткізіледі.

«Дәл уақыт» жүйесі жұмыс істеу үшін 100 % сапалы өнім жеткізілуі қажет. Сондықтан, бұл жүйе сапаны жақсартумен, оның ішінде сапа жақсарту үйірмелері, ахуалдарды болдырмаумен байланысты болады. Бұл автоматизация деп аталады.

Қазіргі кезде өндірісті автоматизациялау кең тараған. Ол еңбек күшін үнемдейді, өндіріс қуатын қысқартады және өнім сапасын жоғарылатады. Бірақ, құрал-жабдықтардың сынып қалуынан оларды қайта жөндеуге қажеттілік туады. Құрал-жабдықтардың бұзылуын кетіргенде ғана өнім сапасына кепілдік беруге болады. Құрал-жабдықпен жұмыс істеу үшін жалпы эксплуатациялық жүйе іске асырылады. Оның ерекшелігі – операторлар өз құрал-жабдығына өздері қызмет көрсетіп басқарады, сонымен қатар ОЭС бұзылуынан болған шығындарды минимализациялайды.

Сөйтіп, «кайдзен» жүйесі көп жақты қолданыс табады. Қазақстанда бұл жүйені жүзеге асыру үшін, алдымен, бірқатар бөгеттерден өту қажет. Олар:

1.       Корпоративті рухты жоғарылату. Қазақстандық кәсіпорындарда әр жұмысшы өзінің жеке мақсаттарына жетуге ынталы, ол бір мақсаттық, онда жанұя рухы мүлдем жоқ.

2.       Кәсіпкердің ерекше менталитеті. Кәсіпкерлер табысқа салынатын салық мөлшерін азайту мақсатында әдейі шығындарды жоғалтады, бұл жағдайды тоқтату қажет.

3.       Нарықтық инфрақұрылымның толық дамымауы, сонымен қатар транспорттық коммуникацияның дамымай қалуы. Бұл маркетингтік жүйеге қатысты нақты мәліметтердің жоқтығы, ол «таргет-костинг» жүйесін ендіргенде қажет.

4.       Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін өндіріс деңгейінің техникалық жағынан төмендігі.

5.       Сапаны қадағалау үрдісінің төмендігі.

6.       Келісім-шарттардың өз уақытында орындалмауы.

Біздің ойымызша, Қазақстан жағдайына сай, «кайдзен» жүйесіне қарағанда, «таргет-костинг» жүйесін енгізу жағымды болар еді.

 

      3.2.  КӘСІПОРЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ РЕЗЕРВТЕРІ

 

Кәсіпорындардың өндірістік–шаруашылық қызметін басқару үшін және бағаны қалыптастыруда тек өндірістік шығындарын ғана емес, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын бөлу қажет, яғни өзіндік құнды калькуляциялау керек. Калькуляция - өнімнің бір бірлігін және жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын анықтау есебі болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік шығындарды есептеудің бірнеше үрдісін ендірудің технологиясына және ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты қолданылады:

1.       Жай әдіс – өнімнің өзіндік құн калькуляциясын және өндірістік шығындарды қарастырады, бірақ біртекті өнімдерді өндіру үшін практикада көп қолданылады (көмір, мұнай, және тағы басқа). Өндірістік кәсіпорындардың ережесі бойынша аяқталмаған өндіріс және өз өнімдерінің жартылай фабрикаттары жоқ. Берілген әдістің мағынасы келесіде: инвентарьлық жолмен, аяқталмаған өнімге кезең шығындарының бөліктерін бөлу арқылы шығарылған өнімнің көлеміне жай әсер ету жолымен есептеледі, кәсіпорын өндіретін өнімнің барлық шығындары жатады (аяқталмаған өнім көлемін қайта есептеу жолымен жүреді). Егер өндірілген өнім көлемінің номенклатурасы аса да үлкен болмаса, онда тікелей шығындардың қасиеті бойынша аралас қатынасы болады (материалдар, шығындардың әдісін анықтау қиынға соқпайтын, шартты жалақы және басқа да тікелей шығындар), ал қалған шығындарды тікелей шығындар құнына пропорционалды бөледі (өндірістік персоналдың жалақысы, өндірістің қосымша шығындары).

2.       Тапсырыс бойынша есептеу әдісі – барлық тікелей шығындар әр тапсырысқа жеке–жеке есептеледі, ал өндірістің қосымша шығындары әр тапсырыс құнына пропорционалды бөлінеді. Сонымен қатар, қосымша шығындарды аяқталмаған тапсырысқа орындалған денгейіне байланысты бөлу керек. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі аз сериялы, жеке өндірісті кәсіпорындарға, жөндеу кәсіпорындарында және тәжірибелік цехтарда қолданылады.

3.       Қайта өңдеуді есептеу әдісі - өнім сатуға түспей тұрып, дайын өнімді алар алдында бірнеше өңдеуші деңгейлерден өтетін әдіс. Бұл әдісті рационалды деп есептеуге болады, егер әр өңдеуші деңгейде тауар болып табылатын және оны өткізу үшін өзіндік құн туралы мәліметтерді талап ететін аралық тауар шығарып отырса. 

4.       Нормативтік әдіс – өнімнің бір данасына кеткен нормативті калькуляциялық немесе жоспарлық және өнімнің бір данасына кететін технологиясының негізделген нормаларды құрайтын, массалық және сериялық өндірісте қолданылатын әдіс. Бұл әдісті қолданғанда өндіріске материалдарды жіберу алдын-ала шектеліп анықталған лимиттармен жүзеге асады, ол ауытқуларды есептеп және оларды шығару  құжаттарына негізделе отырып, қосымша шығарылады.

5.       Стандарт-кост әдісі –– нормативтік әдістің шығыс нұсқауы, стандарт-кост  жүйесінің негізгі ерекшелігі - өндірістік үрдістің басына дейін, өндіріске кететін шығындар алдын-ала есептелінеді. Ол негізгі өндірістің алдын-ала есептелген өндірістік схемасынан тұрады, көп жағдайда олар несиелік сызықтағы немесе инвестициялық жобадағы арнайы дайындалған бизнес-жоспармен байланысты болады. Инфляция жағдайында ауытқуларды минимализациялау үшін стандарт–кост жүйесі құндылық көрсетілімсіз, тек натуралды көрсеткіште толығымен есептеледі немесе аса тұрақты валюта курсында қайта есептеледі. Стандарт–кост жүйесінің белгіленген нормасы және нормативтері базистік (уақыт өтісімен өзгермейтін, сапа негізінде берілген және технологиялық үрдіспен байланысты), теоретикалық (оған жету үшін фирма ұмтылады), ағымдағы (нақты жағдайды ескере отырып, белгілі бір мерзімге нақтыланады) болып бөлінеді.

6.       Директ–костинг әдісі бойынша шығындар тұрақты және ауыспалы деп бөлінеді. Бұлай бөлінудің мақсаты - тұрақты шығындар деңгейінде тұрып, кәсіпорын қаншалықты максималды өнім шығара алатынын анықтау үшін шығындардың артынан кәсіпорынның басқарушылық қадағалауын орнату. Белгілі бір деңгейдегі кәсіпкерге өнім көлемін ұлғайту тиімді, себебі тұрақты шығындардың өзгермеуі ауыспалы шығындардың өзгеруіне пропорционалды өссе, онда ол экономикалық пайдаға жетеді, бірақ белгілі бір кезеңде осы тұрақты шығындарды қолдану өндірістің төмендеуіне әкеледі, яғни кәсіпорындағы өнім көлемі көбейіп-ұлғаюды талап етеді (жаңа түрінің дамуы үшін тұрақты шығындардың амалсыздан ұлғаюы). Шығындарды толығымен өндіріске қосу жүйесі мен директ–костинг жүйесінің арасындағы негізгі айырмашылығы - бұндай жүйедегі өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығындар бойынша анықталады.

Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп жүргізу және калькуляциялау мақсатымен қолдануды келесідей түрге бөледі:

1.       Өндірістің түріне байланысты: негізгі және қосалқы;

2.       Өнім түріне байланысты: жеке бұйым, бірдей (біртекті) бұйым топтары, тапсырыс, қайта жасау (жөндеу), жұмыстар, қызметтер;

3.       Шығынның түріне байланысты: калькуляция баптары (өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін және аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін) және шығын элементтері (шығынның проеткілік сметасын құру үшін және өнімге кеткен шығындардың есебін құрастыру үшін);

4.       Шығынның қалыптасқан орнына байланысты: жер, участок, цех, өндіріс, шаруашылық есеп бригадасы.

Өндірістік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың келесідей негізгі әдістерін қолданады:

1.       Тікелей есеп;

2.       Нормативті есеп;

3.       Аналитикалық есеп;

4.       Параметрлік есеп.

Осылардың ішіндегі ең қарапайымы әрі нақтысы бұл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Бұл әдіс бойынша өнімнің өзіндік құнының бірлігі жалпы шығын соммасы мен дайындалған өнімнің санына бөлумен анықталады. Бұл әдіс біртекті өнім ғана өндіретін кәсіпорындар үшін қолайлы, өйткені ол калькуляцияның әр бабына кеткен шығындарды анықтап бере алмайды.

Нормативті әдіс - әр ресурс түріне кеткен шығындар өзгергенде оған әрдайым есеп жүргізілуі қамтамасыз етілген кәсіпорындар үшін қолданылады. Ол еңбекті, материалдарды және қаржылық ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілерге негізделген. Оның үстіне, осы ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілер прогрессивті және ғылыми дәлелденген болуы керек.

Ең нақты және жиі қолданылатын әдіс – аналитикалық есеп әдісі. Бұл әдіс кезінде жалпы өндіріс жағдайы туралы жан–жақты талдау, сонымен қатар ол жерде болатын өзгерістерді қарастыру жүзеге асырылады. Өнімнің өзіндік құнына қандай факторлар әсер етеді және ол қалай әсер етеді деген сұрақтар зерттеледі. Нормалар мен нормативтердің негізіне технико–экономикалық және жұмыстың ұйымдастырылу жағдайы кіреді.

Ал біртекті, бірақ сапа жағынан әр түрлі дайындалатын бұйымдарды калькуляциялағанда параметрлік есептеу әдісі қолданылады. Оның себебі: мұнда шығындар өнімнің сапасына байланысты өзгереді. Осылайша, кез келген бұйымның өзіндік құнын анықтауға болады, яғни ол бір кг немесе бір тоннамен есептеліп сатылатыны анықталады. Осындай өнімдерге сәйкес, басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады және осы әдіс арқылы өнімнің сапасын жақсартуға кеткен қосымша шығындарды анықтауға болады.

Қазіргі жағдайда нарық экономикасына көшуімізге байланысты көптеген кіші және орта кәсіпорындар калькуляциялық баптың қысқартылған түрін қолданады. Ол өз алдына мыналарды қамтиды:

 Материалдық шығындар (шикізат, материалдар, техникалық мақсаттарға арналған отын және энергия);

       Еңбек ақыға кеткен шығындар;

       Басқа да тікелей шығындар;

       Өндірісті басқаруға және қызмет көрсетуге кеткен шығындар (жанама шығындар);

Кез келген кәсіпорын алдында мына мақсат тұрады: өндірістік шығындар туралы неғұрлым тез әрі шынайы ақпарат алу. Сондықтан да, кейде кәсіпкер белгілі бір ұсыныстар арқылы шығындарға калькуляция беруі керек болады. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару да маңызды болып табылады.

Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру үрдісі  кезінде қолданылатын табиғи ресурстардың, еңбек ресурстарының және басқа да шығындардың бағасы. Оған қоса, мынадай анықтама беруге болады:

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындар мен өндіріс саласының өнім өндіруге және оны сатуға кеткен шығындарды ақшалай бейнелейтін өндірістегі қоғамдық шығындардың бір бөлігі болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар тек қана калькуляция баптарында ғана көрінбейді. Сонымен қатар, олардың экономикалық мазмұнына байланысты топталады да, келесідей элементтерден тұрады:

-          Материалдық шығындар;

-          Еңбек ақыға кеткен шығындар;

-          Әлеуметтік қажеттіліктерге кеткен шығындар;

-          Негізгі қорлардың амортизациясы;

-          Басқа да шығындар;

Олардың құрылымы әр түрлі факторлардың әсер етуінен қалыптасады:

  1. Өндірілген өнімнің және қолданылатын материалды–шикізат ресурстарының мінездемесінен;
  2. Өндірістің технико–экономикалық негізінен;
  3. Оның ұйымдасу және орналасу формасынан;
  4. Өнімді сатудан және қамтамасыз ету жағдайынан және тағы сол сияқты факторлардан.

 

   12-кесте - 2005 жылғы Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерліктің өнім өндіргендегі кеткен шығындарының құрылымы

 

Шығын түрлері

Қазақстан экономикасы

Сонымен қоса

Өнді

ріс

Ауыл шаруашылығы

Құрылыс

Көлік

Сауда және көлік жөндеуі, жеке тұтыну заттары

1

Материалдық шығындар

46,2

55,6

59,1

55,9

27,6

27,6

2

Төлем ақыға төленген шығындар

11,6

10,7

13,4

9,2

9,9

9,9

3

Негізгі құрал-дардың тозуы

2,7

3,9

4,3

1,1

2,5

2,5

4

Басқа да шығындар

39,5

29,8

23,2

33,8

60,0

60,0

Барлығы:

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Информация о работе Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау