Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….....….................4

1-БӨЛІМ. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1.1. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ

МӘНІ...............................................................................……….........5

1.2. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.................................8

1.3. КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ

ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................................12

2- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ

2.1 ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨНДІРУ

ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ……………........16

2.2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ……………….…….......20

2.3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ БАҒАНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ

РӨЛІ….....…........................................................................................23

3- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЕСЕПТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ

ӘДІСТЕРІ..............................................................................................26

3.2. КӘСІПОРЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ

РЕЗЕРВТЕРІ.........................................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………...............................42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..............……………………...............................43

Работа содержит 1 файл

МАХАТАЕВ АМАНТУР.doc

— 84.51 Кб (Скачать)

              Осы кестеден көріп отырғанымыздай, ең көп шығынды материалдық шығындар құрайды, ауыл шыруашылығында 59,1 %, өндіріс және құрылыс саласында 55,6-55,9 %-ды құрап тұр. Еңбек ақыға орташа есеппен 10 % шығын кеткен. Негізгі құралдардың тозуына 3 %, ал басқа да шығындар 30- 35 %, көлік және сауда шығындары 60 %-ға дейін өсетінін көреміз.

Осындай шығындармен қатар, тағы да көптеген салаларға байланысты шығындар болады. Ол салалар:

       Материалды сиымдылық (азық–түлік өндірісі, ет өндірісі);

       Еңбек сиымдылығы (сауда);

       Қор сиымдылығы (көлік, өңдеуші өндіріс);

       Энергия сиымдылығы (түсті металлургия).

Шығындардың құрылымы тұрақты болып қалмайды, ол үнемі өзгеріп отырады. Шығын құрылымының өзгеріп отыруы экономика, өндіріс, ресурс пен тауарларға байланысты инфляцияның әр деңгейлі болуы салдарынан өзгерістің бірде болып, бірде тоқтап қалуынан болады. Ал экономикасы тұрақты дамыған мемлекеттерде шығын құрылымы макро деңгейде өзгеріп отырады.

Материалдық шығындар – ұлттық шаруашылықтың барлық салаларында (өндіруден басқа) өзіндік құнның негізгі бөлігін құрайды. Материалдық шығындарға: шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, топталған бұйымдар, көмекші материалдар, отын, энергия, ораушы материалдар, құрал–сайман, қосымша бөлшектер, арнайы киім және тағы басқалары жатады. Шикізаттар мен негізгі материалдар құрамына шет жақтан алынатын ресурстардың құны кіреді. Ол ресурстар өнімнің негізін құрайды, яғни «өнім денесін» құрап, оның қажетті компоненті болады.

Жалпы, ел экономикасында өнім өндіруге кеткен шығын 27 % немесе материалдық шығын бағасының жартысынан көбін құрайды, ауыл шаруашылығында 75 %, жоғарғы құрылым саласында 72 %-ды құрайды. Сатып алынған жартылай фабрикаттар және топталған бұйымдар кәсіпорындарда қосымша өңдеуге жіберіледі. Көмекші материалдар негізгі материалдарға қосылып, оның сыртқы түрін немесе басқа да жерін өзгерту үшін қолданылады, сонымен қатар өндіріске қызмет көрсету кезінде қолданылады (жағу, бояу). Оның шығын кезіндегі құрайтын бөлігі 4–5 %.

Шет жақтан сатып алынатын отын (қатты, сұйық, газ түріндегі) және энергияның барлық түрлерін (электрлік, жылулық, қысылған ауа, азықтар) материалдық шығындар ішінен олардың ұлттық шаруашылық маңызына байланысты ерекше атап айту керек. Өйткені, жыл сайын энергия тасығыштардың бағасының жоғарылауына байланысты оларға кететін шығын да өсіп барады. Кейінгі жылдары орташа есеппен 8–8,5 %, өндірісте 10 %-ға жуығы, қалған материалдық шығындарды құраушылар 5–6 %-ды құрайды.

Материалдық шығындардың элементтерінің құрамынан тек қана ресурстарды сатып алуға ғана шығын шығады. Егер де кәсіпорын сол өзіне керекті ресурстарды сатып алып, ары қарайғы жұмыстарды өзі жүзеге асырса (мысалы, жұмыс күші арқылы өздері материалдарды түсіріп алса, басқа да жұмыстарды өзі ары қарай жалғастырса), онда оларға деген шығын арнайы баптар бойынша белгіленеді, яғни еңбек ақы, амортизация.

Төлем ақыға кеткен шығындар – жұмысшыларға төленетін еңбек ақы. Бұл шығындар негізгі өндіріс персоналдарының еңбек ақыларынан тұрады, сонымен қатар негізгі қызметке кіріп, бірақ штатқа кірмейтін жұмысшылар ақысынан тұрады. Төлем ақыға жататындар: кәсіпорында берілген ереже бойынша әр жұмысшының міндетті окладтары және тарифтік ставкалары бойынша еңбек ақы, өнім құны, қосымша төленетін ақы, жұмыста жақсы ынтасымен көрінгені үшін сый ақы беру, қосымша демалысқа төлем ақы, тегін көрсетілетін қызметтің құны, көп жыл жұмыс істегені үшін сый ақы беру, жұмысты басқа аумақтарға істегені үшін қосымша ақша төлеу және басқа да шығындар. Кәсіпорынның жұмысшыларына төленетін ақы өзіндік құнға кірмейді. Өйткені, ол тікелей төлем ақымен байланысты емес, яғни бұл жердегі төлем ақының негізгі қайнар көзі - арнайы қорлар, мақсатты түсімдер, кәсіподақ ұйымдарының қорлары және тағы басқа.

Әлеуметтік қажеттіліктерге шығындарды есептеу – қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін ұлттық байланыстағы қайта бөлу формасы болып табылады. Жалпы шығын көлеміндегі аударымдардың сыбағалы салмағы еңбекке төленетін шығындардың деңгейіне байланысты. Ол мемлекет бойынша 5,8 %-ды құрайды, құрылыста 8,5 %, ал саудада 11%-ды құрайды.

Ұйымда есептелген құралдардың барлығы бюджеттен тыс қорларға жіберіледі де, заңмен көрсетілген мақсаттар үшін қолданылады. Сонымен қатар, бұл шығындар елде болатын мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, медициналық сақтандыру қорларына, жұмысқа орналастыру қызметіне және тағы сол сияқты салаларға есептеледі.

Өндірістік шығындар құрамына кіретін негізгі қорлардың амортизациясы экономика бойынша 8,4 %-ды құрайды, ауыл шаруашылығында 4,5 %, көлікте 13 %-ға жуық болып отыр. Шығын құрамындағы амортизация бөлігі реформа жылдары тез өзгеріп кеткен. Мысалы, 1993 жылы өндіріс бойынша 0,9 % ғана құраған болса, мұның бәрі негізгі қорларды қайта бағалау үшін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу және баға деңгейімен байланысты. Толық қалыптасудағы амортизация өнімнің өзіндік құнына кіреді және амортизациялық нормаларды аударумен, қорлардың баланстық құнымен анықталады.

Тозу болса, жеке қорлар мен жалға берілген қорларға саналады. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына және медициналық көмек көрсететін кәсіпорындарына тегін берілетін жайлардың құнына саналады.

Басқа да шығындарға әр түрлі және сансыз жұмсалған шығындар жатады.

Өткен 10 жыл ішінде шығындардың құрамындағы осы және басқа да  шығындар деңгейі қатты өсіп кетті. Экономиканың барлық секторларында да қатты өсіп, еңбек ақының бөлігінен (ауыл шаруашылығынан басқа) асып кетті. Ал саудада ол тұрақты болып қалған. Басқа шығындардың негізін салықтар, алымдар, төлемдер, сақтандырудың міндетті төлемдері, қоршаған ортаны ластайтын заттарды шығарып тастау, сонымен қоса резервтік және басқа да міндетті қорларды аудару құрайды. Маңызды бөлігі - несие пайызын төлеу, байланыссыз қызметтерін төлеу, басқа да ұйымдарға өрттік және түзету қызметтерін көрсеткені үшін, өнімнің сертификаты үшін, кепілдемелік жөндеу жұмыстары үшін және басқа да қызмет көрсетулердегі шығындар құрайды. Сонымен бірге, басқа да шығындарға жұмысшылардың ойлап шығару жұмыстары мен жаңашаландыру ұсыныстары үшін сыйлықтар беру, іс-сапарға кеткен шығындар және де негізгі қорлардың объектісін жалға алғаны үшін кеткен шығындар, материалды емес активтер бойынша амортизация, жөндеу жұмыстарына есептеулер (егер ондай кәсіпорында жүргізілсе) жатады.

1996 жылдан бастап басқа да шығындардағы өнімді сатумен байланысты жұмсалған шығындардың жеке элементтерін - мүлікті сақтандырудағы төлемдерді, басқа категориядағы жұмысшылардың өмірі мен денсаулықтарын сақтандыру шығындарын алып тастауға рұқсат беріледі.

Бухгалтерлік есептердің №7 стандарттарына сай, «тауарлы-материалды қорлардың есебі» өнімнің өзіндік құнына кіреді:

1.       Шығарылатын өнім сапасына және өндіріс шығындарына бақылаудағы өндірісті ұйымдастырумен және технологиямен байланысты тікелей өнім өндіруге қатысты шығындар. Сонымен қатар, эксплуатация процесінде белгіленген кемшілікті жою және өнімді бақылау кепілдігі;

2.       Табиғат шикізаттарын пайдалануға байланысты шығындар;

3.       Өндірісті дайындау және меңгеру шығындары;

4.       Өндірістік процесс кезінде жасалатын эксплуатациялық ерекшеліктерін және өнімнің сапасын жақсарту, оның сенімділігін көтеру, сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру және технологияларды жетілдірудегі капиталдық емес шығындар;

5.       Өндірісті рационализациялау және ойлап табумен байланысты шығындар;

6.       Өндірістік процесте қызмет көрсету шығындары (өндірісті еңбек затымен және еңбек күшімен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорды жұмыс жағдайында ұстау, санитарлық–гигиеналық талаптарды орындауды қамтамасыз ету);

7.       Өндірістік цехтардағы қауіпсіздік технологиясына байланысты және еңбек жағдайын жақсы қамтамасыз етуші шығындар;

8.       Табиғатты қорғаудағы қорды эксплуатациялау мен қолда ұстау шығындары және тағы басқа ағымдағы табиғат қорғау шығындары;

9.       Вахталық әдіспен жұмысты орындауға байланысты қосымша шығындар;

10.   Өндірісте жұмыс істеген уақытқа, еңбек туралы заңында қарастырылған, төленген және қосымша, кезекті демалыс, қолданылмаған кезекті демалыстың орнын толтыру ретінде және басқа да төлем түрлері;

11.   Зейнетақы қорына аударымдар, өндірістік жұмысшылардың сақтандыруға кеткен шығындарынан жұмыспен қамтылған жарғылық мемлекеттік қорға, денсаулықты сақтау және әлеуметтік қорға ықпалы;

12.   Маркетингтік, дилерлік, брокерлік, валюталық қор биржасының, жеке тауарлық қызметтің бағасы;

  1. Ақауларға байланысты жоғалтулар;
  2. Кепілдік уақытты қолданылған өнімнің кепілдік қызмет етуі және кепілдік жөндеуге кеткен шығындар;
  3. Ішкі өндірістік есептерге байланысты жұмыс істемеу, үзілуден болған жоғалтулар;
  4. Өндірісті қайта ұйымдастырудағы жұмыскерлерді босатумен және жұмыскерлерді қысқартумен байланысты төлемдер;
  5. Әлеуметтік салаға шығындар және тағы басқа.

Өндірістік-шаруашылық қызметті және баға қалыптастыруды басқару үшін тек қана кәсіпорынның, оның бөлімшелерінің және өнім түріне кеткен шығындарын біліп қана қоймай, сонымен қатар оның өнім бірлігіне, яғни өндірістік құнын калькуляциялауды білу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

              Сонымен,  кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері,  жұмыстары  нарық  жағдайлары  мен  өндірістік шығындар  арқылы анықталады.  Кәсіпорын  табысы  өндірісіне  шығындар  тәуелді  болады.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар- ол  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

              Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

              Өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

              Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді. 

              Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады. Кәсіпорын өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік  құн  төмен  болса,   соғұрлым   өндіріс   тиімділігі   жоғары   болады.

              Кәсіпорынның  өндіріетін  әрбір  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  біле  отырып, сатып алушыға  осы  өнімнің  өткізілу  бағасын  немесе  құнын  анықтауға  болады. Өзіндік   құнды    азайтудың    ерекше    мәні   бар,  ол   пайданы   молайтудың   басты   көзі.

                Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.       Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика  предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.

2.       Грибов В.Д., Грузинов В.П. .  Экономика  предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.

3.       Жалпы  экономикалық  теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы  ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004

4.       Калдыбаев О., Темирбаев А.  Экономика  предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.

5.       Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие  успеха/ В помощъ  предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000

6.       Сабырбаев Б. Экономикалық  орысша-қазақша  түсіндірме  сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995

7.       Экономика  предприятия: Учеб. Для  вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.

8.       Экономика  предприятия: Учебник/ Под  ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.

9.       Экономика  предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.

10.   Экономика  предприятия: Учебник/ Под  ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999

11.   Экономика  предприятия: Учеб. Для  вузов  / Под  ред. Проф  В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд, перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000

 

 

             

 

42

 



Информация о работе Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау