Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есептілік Акционерлік Қоғам «Caspian Group»

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:33, отчет по практике

Описание работы

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.

Работа содержит 1 файл

отчет о практике.docx

— 113.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
КОЛЛЕДЖІ

 

Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есептілік

 

Мекеменің атауы: Акционерлік Қоғам «Caspian Group»

Мекеменің орналасқан жері: Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 211

 

 

Есептілік қорғалды                                           

“----”--------------2013ж

------  -----------  ------------                                   Мамандық:  Есеп және аудит    

Колледждегі тәжірибе жетекшісі

                                                                                      Курс, топ: 3, УАК-306

                                                                                          Оқушы: Сакен Б.С.

 

 

 

 

 

Алматы қаласы, 2012-2013 оқу жылы

 

 

 

Акционерлік қоғам «Caspian Group» Алматы қаласының Әділет министрлігінде 2005 жылдың 07 қыркүйегінде тіркелді (мемлекеттік тіркелу бойынша куәлік № 72677-1910-АО, меншік құқығы-жеке.Заңды мекен-жайы: ҚР, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы,211).

БИН 050940000764 Алматы қаласының  Алмалы ауданы бойынша Салық комитетімен  салық төлеушінің куәлігі желтоқсанның 1-күні берілді. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде Салық комитетінің Алмалы ауданы бойынша 2005 жылдың 1-желтоқсанында топтамасы 60305, №0092399 бойынша тіркелді.

Жарғы бойынша  акционерлік қоғамның негізгі қызметі  болып:

  • инжинирингтік қызметтер архитектуралық шеңберде, градоқұрылыстық және құрылыстық қызметте;
  • нысандардың құрылысы азаматтық және өндірістік мақсатта және өзге құрылыстық жөндеу жұмыстарында;
  • архитектуралық-құрылыстық жұмыстар, соның ішінде тұрғылықты және тұрғылықт емес ғимараттардың жобалары;
  • металл бұйымдар, металл құрылғылар,пластикалық өнімдер,құрылыс материалдарнын өндірісі, сатып алынуы және оларды шығару;
  • дистрибьюторлық қызмет атқарулардың сервисті және қызмет атқарудың сыртқы көріністерінің ҚР заңнамамен тыймаған қызметтерді көрсету;
  • басқару, менеджмент қызметтері;
  • маркетингтік және өкілдік қызметтер;
  • талдамалы қызметтер;
  • өкілдік қызметтер;
  • қаржылық менеджмент, зерттеме немесе қаржы басқармасының түрлі пішінінің жүзеге асуы(енгізу);
  • рекрутинг,ҚР заңнамасына сәйкес басқару;
  • түрлі қаржылық, шаруашылық, индустриялық инфрақұрылымның нысандарын іздеумен байланысты қызмет түрі;
  • кеңес беру қызметтері;
  • интеллектуалдық меншіктегі нысандарды құру;
  • франчайзингтік қызмет;
  • азық-түліктің және биік технологияның қазіргі бағдарламасының енгізуінің, Интернет-проект
  • бизнес-серіктестерді іздеу;
  • методикалық, делдалдық және жарнамалық көмектің ҚР маркетингтік кәсіпорындарына және шетел компанияларына, кооперативтерге,жеке тұлғаларға;
  • сыртқы экономикалық қызметте жаңа үлгіде дамуға қатысу және дамыту;
  • белгіленген тәртіпте ҚР аумағында және одан тыс жерлерде  біріккен кәсіпорын құру;
  • маркетингтік және мәдени зерттеулер жүргізу;
  • жал,лизингтік операциялар;

Акционерлік қоғамның басты мақсаты  болып басты қызметтен табыс  табы және оны қрылтайшылардың мүдделеріне  жұмсау болып табылады. Акционерлік  қоғамның өзінің жеке балансы бар,ағымдағы және шетел валютасында шоттар бар, қазақ және орыс тіліндегі мөр  таңбасы бар.    Штаттық кестеге қарай Акционерлік қоғамның орташа 61 (алпыс бір) қызметкерлері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары  жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде  ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан  нарық экономикасына түгелімен  күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық  та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың  деңгейі де жоғарлай береді.  Бұл  бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады.  Бұл  қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.

Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау  жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі  жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай — ақ сенімді  экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі  мен оның ішкі аудиті өзекті болып  есептелінеді.

Бухгалтерлік есепті халықаралық  стандарттардың талабына сай жүргізу  қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі  болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда  ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.

Ақша қаражаттардың есебін зерттеп  бақылай отырып кез — келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің  кім екендігін, олардың қандай тауар  сататынын, қызмет көрсететінін, олармен  қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.

Бұл  жерде тағы маңызды бір нәрсе — банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым — қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады.  Бұл  жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі  жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

 Барлық шаруашылық жүргізуші  субьектілерде өндірілген өнімді  сату барысында, сондай-ақ материалдық  қүндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе  бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кассадағы, есеп айырысу  шотындағы ақша қаражаттарының және есепті тұлғалармен есеп айырысу  есебі

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші  субьектілерде касса болады.  Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мүрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс.  Бұл  сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мүрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мүр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқүрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бүйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы керек. Касса операцияларының есебі ҚР ¥лттық Банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен  ақша чектері бойынша алады.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай  операциялар бойынша негізгі  бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға  қабылдау бас бухгалтер немесе ол үкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса  ордері бойынша жүргізіледі. Қолма  қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері (ІПКО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның түл құжатын немесе үзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса   қызметкері   осы   күрсетілген   құжаттарда   берілген,   яғни   жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның алы-жүнін, құжатының нүмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.

Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса ордері мен  оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен  басылуға тиіс.  Бұл  құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кэсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жэрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады.  Бұл  ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кэсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті.  Бұл  операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «төленді» жазуымен өтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.

Касалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында  жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек  бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген  және мөрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас  бухгалтердің қолдарымен расталған  болу керек. Кітаптың соңғы бетінде  келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта  барлығы … парақ номерленген». Және басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның  кассасына келіп түскен, кірістелген  немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған  құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кірістелген  немесе шығысталған сомалар касса  кітабына жазылуы тиіс. Жүмыс күнінің  соңында кассир күн бойындағы  операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге  қалатын ақша қалдығын шығарады.  Бұл  деректерге үзгеріс енгізуге, үшіруге, түзетуге жол берілмейді. Касса кітабындағы жазулар күшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Кассалық кітаптың әр бір беті екі бірдей бүліктен тұрады: біреуін (горизонталды сызығымен) кассир толтырады (бірінші дана ретінде ол кітапта қалады); екіншісін (горизонталды сызықсыз) беттік және теріс жағына күшірме қағазы арқылы толтырады (ол парақтың жыртпалы бүлігі). Кассалық операциялардың жазбалары парақтың жыртылмайтын бөлігінде («жұмыс күнінің басындағы қалдық» жолынан кейін) беттік жағына жазылады. Парақты алдын ала бөлу сызығы бойынша бүктейді, сонда жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігінің астында болу керек. Жазбаларды парақтың жыртпалы емес бөлігінің келесі теріс жағына жалғастыру үшін жыртпалы бөлігін беттік жағына қарай қайта бүктеп, горизонталды сызықтар бойымен жаза береді. Есеп беру бланкілері күннің соңғы операциясына дейін жыртылмайды.

Екінші даналары жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса  опреациялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бүхгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа кұжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бүл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектнінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін активтік 451, 452-шоттар қолданылады.  Бұл  шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша — берілуі күрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне ұқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы күрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған.

Информация о работе Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есептілік Акционерлік Қоғам «Caspian Group»