Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есептілік Акционерлік Қоғам «Caspian Group»

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:33, отчет по практике

Описание работы

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.

Работа содержит 1 файл

отчет о практике.docx

— 113.00 Кб (Скачать)

Вексель қаражаттарының есебі. Вексель (қарыздық қолхат, міндеттеме) -бүл вексель берушінің вексель ұстаушыға (вексель иесіне) белгілі бір соманы мерзімі жеткен бойда қарыздық міндеттемені сөзсіз төлеуді куәландыратын бағалы қағаз.

Вексель - бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі (вексельдің бір иегерден басқасына берілуін ақша алмастырады). Вексельдің екі түрі болады:

1. Жай вексель — оны борышкер жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады: вексель беруші және вексель ұстаушы. Вексельде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы сомасы немесе % төлеу жүніндегі міндеттеме бөлек түрде, төлемнің мерзімі мен орны, алушының атауы, екі тараптың қойған қолдары күрсетіледі.

2. Аудармалы вексель  (тратта) — бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленген  мерзімде үсынушыға немесе үшінші  тұлғаға  (эмитентке)  төлеу

жүнінде кредитордың (трассантың) борышкерге (трассатқа) берген бұйрығы. Аудармалы вексельді төлеуші (трассант) табыстау қолының (индосаменттің) көмегімен акцептеуге тиіс. Вексель бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін, сүйтіп әмбебап несиелік-есеп айырысу құжатының рөлін атқарады. Вексель қаражаттардың айналымын, банктегі вексельдегі есебін (дисконттауды) жылдамдатады. Мұндай жағдайда вексель ұстаушы индосаменттің көмегімен вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін банкке табыстайды және банк пайдасына берілетін процентті (дисконтты) шегеріп тастап, вексель сомасын алады. Бухгалтерлік есепте вексель емес, вексельді қамтамасыз ететін берешек сомасы көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 Төлем карточкаларының есебі.

Инкассация шығындарын төмендету, бухгалтерия жүктемесін азайту, Қазақстаннан әлемнің кез — келген жеріне ақшаны автоматты тез түрде аудару мақсатында кәсіпорындар төлем карточкаларын қолданады. Төлем карточкасы — карточка үстаушыға төлемді жүзеге асыруға, қолма — қол ақшаларды алуға, валюта айырбастауға және карточка шығарушы банкпен белгіленген басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар элетронды терминал немесе үзге де қондырғылар арқылы ақша қаражаттарға қол жеткізу әдісі.

Төлем карточкаларының түмендегідей түрлері бар:

Дебеттік - осы карточканы үстаушыға карт — шоттағы (төлем карточкасын қолдану арқылы іске асатын төлемдерді күрсететін ағымдағы шоттар) ақша қаражаттар сомасының шегіндегі төлемді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін карточкалар. Сонымен қатар, олар үхтаушыға банк үсынған заем сомасының көлемінде де төлемді жүргізуге мүмкіндік береді.

Кредиттік — банктік  заемдық келісім-шарт негізінде төлем карточкасын шығаруды жүзеге асыратын банкпен үсынған заем сомасының көлемінде ғана карточка иесіне төлем жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кәсіпорын іс-сапар, кеңсе, үстеме шығындарын түлеу үшін корпоративті төлем карточкаларын аша алады.

Корпоративті карточка — банк пен заңды түлға — карт-шот иесі арасындағы келісім-шарт негізінде ұстаушыға берілетін төлем карточкасы. Корпоративті төлем карточкасын қолдану арқылы жүргізілген төлемдер заңды түлғаның карт-шотындағы ақша сомасының шегінде ғана немесе аталған заңды түлғаға үсынылған заем шегінде ғана жүзеге асады.

Бүгінгі таңда 2 млрд. астам карточкалар әлемнің барлық елдерінде қаржылық қүрал ретінде қолданыста жүр. Әлем бойынша 14 млн. астам төлем карточкаларын қабылдайтын кәсіпорындар бар.

Қазақстан Республикасының территориясында төлем карточкаларын ҚР Ұлттық Банктің карточканы шығаруға лицензиясы бар банктер ғана шығара алады. Келісім — шартқа банк мекемесіне заңды (жеке) түлғаның үтініші негізінде отырады, оның мазмүлы келесідей болу керек:

-    төлем карточкаларын беру шарттары;

-    төлем карточкасын қолдану арқылы төлемді жүзеге асыру шарттары;

-    қосымша карточка берілетін түлғалар тізімі немесе түлғалар тізіміне сілтеме;

-    төлем карточкасын жою шарттары;

-    төлем карточкасы жүніндегі келісім — шарттың мерзімдері; т   екі жақтың қүқықтары мен міндеттері;

-    екі жақтың жауапкершілігі;

Төлем    карточкаларын   қолдану   арқылы    жүретін   төлемдер   төлем құжаттары   мен   төлем   карточкасының   реквизиттері   арқылы   жүзеге   асады.

Қазақстан   Республикасы   территориясында   төлем   карточкаларын   қолдану арқылы жүретін төлемдер тек ұлттық валюғада жүзеге асады.

Егер төлем басқа валютада, ал карт — шот басқа валютада жүргізілсе, карт — шоттан ақша алу төлем валютасының конвертациясынан кейін ғана жүзеге асады. Төлем валютасын шот валютасына конвертациялау төлем карточкаларының жүйесінің қатысушылары арасындағы келісім — шарт негізінде, төлем карточка жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асады.

Төлемді жүргізудің алдында кәсіпорын төлемнің авторизациясын жүргізу қажет. Авторизация автоматтандырылған (кәсіпорын төлем терминалын қолдану) немесе дауысты (телефон байланысын қолдану) жағдайда жүзеге асады.

Авторизация — төлем карточкасын қолдану арқылы төлемді жүзеге асыруға банктің рұқсат беруі.

Карточка қолдану арқылы төлем жүзеге асқанда, төлем құжаты ресімделеді. Авторизация берілгеннен кейін банк алдында осы төлем құжатын түлеу бойынша міндеттеме туады.

Төлем құжаты — сатып алынған тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін ақша төлеу жүнінде эквайерге тапсырмасы.

Эквайер — төлем карточкасы бойынша қолма — қол ақшаның берілуін, сонымен қатар, карточка иесі пайдасына түскен ақша қаражаттарды қабылдауды немесе келісім — шартта күрсетілген басқа да шарттарды жүзеге асыратын банк мекемесі.

Қазақстан Республикасында тауарлар мен қызметтердің ақысының төлем карточкасын қолдану арқылы төлемі сатып алу сомасына сауда чектерінің екі данасымен немесе слиппен расталуы тиіс.

Слип — қағаз бетінде ресімделеген төлем құжаты. Ол үш данада ресімделеді: біріншісі банкке беріледі, екіншісі кәсіпорында (тауар сататын, қызмет күрсететін) қалады, үшіншісі — төлем карточкасының иесіне беріледі.

Төлем құжатында келесі реквизиттер болу керек:

-    төлем құжатының номері, оның ресімделу күні, айы, жылы;

-    операцияны жүзеге асырып жатқан ұйымның және банктің толық атауы;

-    төлем карточкасының реквизиттері;

-    төлем сомасы;

-    төлем валютасы;

-    карточка үстаушының қолы;

-    эквайер немесе үкілетті түлғаның қолы;

-    төлем мақсатының коды;

Қағаз бетінде құрылған төлем құжаттарында еш бір түзету рұқсат етілмейді.

Төлем карточкаларын қолданумен жүзеге асқан. операциялар карточка ұстаушының карт — шотында күрсетіледі. Орын алған төлемдер жүнінде ақпараты бар банк күшірмелері үхтаушыға үсынылып отырады. Төлем карточкаларын қолдану жағдайларына сәйкес шоттар корреспонденциясымен мысал келтірейік: 

Ақша қаражаттар қозғалысының есебі.

Ақша қаражаттар қозғалысының есебі №4 БЕС сәйкес жасалынады. Есеп беруді құрудың қажеттілігі ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығуы бойынша ақпарат алуда және қаржылық қызметі жүнінде мәліметке ие болуда жатыр.

Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі ақпарат қолданушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы үзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді, шаруашылық субъектінің операционды, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша есепті мерзімде ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығысы туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Операционды қызмет — заңды тұлғаның табыс табу мақсатындағы негізгі қызметі, сонымен қатар инвестициялық және қаржылық қызметке жатпайтын басқа да қызмет.

Инвестициялық қызмет — ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату.

Қаржылық қызмет – нәтижесінде меншіктік капитал мен заемдық қаражат құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі.

Операционды қызметтен түскен ақша қаражаттардың қозғалысын кәсіпорында тікелей және жанама әдістерді қолдану арқылы көрсетеді.

Тікелей әдіс ақша қаражаттардың келіп түсуі мен төлемдердің негізгі түрлерін ашып қарастыруды және олар қызметтің қай түріне жататынын анықтауды күздейді.  Бұл  әдіс бойынша қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі туралы есеп берудің әр бір бабына түзету жасалынады. Мысалы, өнімді сатудан түскен түсімнен материалдарды сатып алу бойынша төлем ақыларын, тасымалдау шығындарын, материалды сатып алуға алынған несие үшін пайыздарды төлемін, бюджетке төлемдер сомасын азайтып тастайды.

Тікелей әдісті қолданған кезде операционды қызмет нәтижесінде ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығысы өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсімнен, алынған аванстан, проценттен, дивидендтен, роялти және басқа да табыстардан; жабдықтаушы мен мердігерлер алдындағы қарызды үтеуден, берілген аванстардан, еңбек ақы, бюджеттік мекемелерге және бюджеттен тыс қорларға төлемдерінен тұрады.

Жанама әдіс — бұл тәсілді қолданған кезде таза табыс немесе зиян ағымдағы активтер мен міндеттемелер, қаржылық емес операциялар, сонымен қатар алдыңғы есеп беру мерзімімен салыстырғандағы табыстар мен шығыстар өзгерісіне түзетіледі.

Тәсіл баланстағы және қаржы — шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша есеп берудегі ақпаратқа негізделіп қолданылады. Бұнда қаржы -шаруашылық қызмет нәтижесі бойынша есеп берудегі әр бір бап түзетілмейді, есепті мерзімде алдыңғы есеп беру мерзімімен салыстырғандағы үзгерістер сомасына тек таза табыс (зиян) қана түзетіледі.

Түзетуді жүргізу операциялары.

Негізгі құралдар мен материалды емес активтерге тозуды есептеу.

Есептелген амортизация  сомасы таза табыс (зиян) сомасына қосылады, себебі олар ешқандай шығынға әкелген жоқ

Ағымдағы активтер сомаларының өзгерісі: дебиторлық борыш, қорлар, болашақ кезең шығындары, басқа да ағымдағы активтер және т.б.

Ағымдағы активтердің артуы есепті кезең мерзімінде ақша қаражаттар ағымын төмендетеді де олардың шығысын үлғайтады және керісінше ағымдағы активтердің азайуы ақша қаражаттар ағымын ұлғайтып, олардың келіп түсуін білдіреді

Ағымдағы міндеттемелер (қысқы мерзімді банк несиелерін қоспағанда) кредиторлық қарыз, салық төлемдері және басқа да ағымдағы міндеттемелер сомаларының үзгерісі

Ағымдағы міндеттемелер сомасының үлғайуы ақша қаражаттардың ағымын үлғайтады және олардың түсімін білдіреді; ағымдағы міндеттемелердің азайуы ақша қаражаттар ағымын азайтып, олардың шығысын білдіреді.

Инвестщиялъщ  және қаржылъщ цызмет.

Инвестициялық қызмет — ұзақ мерзімді активтерді алу және сату, үтелетін несиелерді беру және алу. Инвестициялық қызметке жататындар:

-    материалды емес активтерді, негізгі  қүралдарды басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға кеткен ақша қаражаттардың шығысы;

-    қаржы   инвестициялярын   сатып   алу;   басқа   кәсіпорындарға   заемдар үсыну; басқа да төлемдер.

Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді активтерді енгізетін бөлімшеде күрсетіледі. Бүған, сонымен қатар қаржылық ивестицияларға әсер ететін опреацияляр да жатады, олар бухгалтерлік баланстың — ағымдағы активтер бөлімшесінде күрсетіледі. Акцияларды, негізгі құралдарды үткізумен байланысты табыстар немесе шығындар күрсетілген жағдайда ғана инвестициялық қызмет ақша қаражаттары қозғалысы туралы есебінде өз орнын табады.

Қаржылық қызмет — нәтижесінде үзіндік капитал мен заемдық қаражаттардың құрамы мен мүлшері үзгерген қызмет.

Оған жататындар:

-    акция   және   басқа   да   құнды   қағаздарды   шығарудан   түскен   ақша қаражаттары,   банктік  және  банктік  емес   кредиттерді  алу,   басқа  да түсімдер;

-    банктік   және   банктік   емес   ақша   қаражаттардың   шығысталуы,   өз акционерлерден акцияларды сатып алу, дивидендтерді түлеу, басқа да төлемдер.

Кәсіпорын ақшалай емес инвестициялық және қаржылық операцияларды жүзеге асыру мүмкін. Оларға:

-    материалды емес активтерді, негізгі қүралдарды ұзақ мерзімді несие есебінен сатып алу;

-    кредиторларға  акция  мен  басқа да  құнды  қағаздарды   беру  арқылы кредиторлық қарызды үтеу;

-    басқа кәсіпорындардың акциясын оларға эквивалентті дайын өнім мен сатып алынған тауарларға айырбастау арқылы иемдену т.б.

Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебін жасағанда арнайы үңделген таблицалар қолданылады, оларда келесі ақпарат келтірілген (ақша қаражаттар қозғалысын есептеудің жанама әдісі)

-    алдыңғы жыл және есеп беру жылы бойынша баланстар, олар әр бір бап бойынша   мәліметтерге   салыстыру   жүргізіп,   әр   қайсысы   бойынша ауытқуды (+;-) табуға мүмкіндік береді;

-    қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша алдыңғы жыл мен есепті жылдың есеп берулері, бүлар табыс пен шығыстың, сонымен қатар есепті жыл соңындағы бүлінбеген пайданың (зиян) барлық баптары бойынша мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Мәліметтерді салыстыру арқылы ақша қаражаттардың келіп түсуі немесе шығысын арттыратын не кемітетін сомалар қызметтің қай түріне жататынын (операционды, инвестициялық, қаржылық) анықтауға болады.  Бұл  мэліметтер үңделген кестеге жалпыланып, есеп беруге сэйкес түзетулер енгізуге мүмкіндік туғызады.

Информация о работе Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есептілік Акционерлік Қоғам «Caspian Group»