Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есептілік Акционерлік Қоғам «Caspian Group»

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:33, отчет по практике

Описание работы

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.

Работа содержит 1 файл

отчет о практике.docx

— 113.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есеп айырысу шоты операцияларының есебі.

Барлық шаруашылық субъектілер  ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма — қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма — қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім — шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім — шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып блінеді.

Корреспонденттік шоттар — (банктер мен ұйымдардың) банктік операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ  шоттары — жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың  негізінде ашылады:

1)  шотты ашу жүніндегі өтініш;

2)  қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгісі бар карточка;

3)  субъектінің    салықтық    есепке    қойылу    фактісін    растайтын    салық органының анықтамасы;

4)  мемлекеттік тіркеу туралы кәэліктің көшірмесі;

5) жарғы мең құрылтай шартының  күшірмесі (егер құрылтайшылар  саны 1-ден көп болса).

Есеп айырысу шотын ашқан  шаруашылық субъектісі оның иесі болыи  табылады. Ол үзіне берілген құқықтардың  шегінде осы шоттағы қаражаттардың  барлығына иелік жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде  орындайды:

1. Қолма-.қол ақшаларды;кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мэлімдемесі ресімделеді. Қолма — қол ақша салымының мэлімдемесі түскен түсімді, депоненттелген еңбек ақыны және қолма — қол ақшадағы басқа да сомаларды өз шотына қабылдау туралы шот иесінің банкке деген бұйрығы. Мәлімдемені сиямен бір данада  толтырады;   қабылданған   ақшаға  банк   квинтация   береді,   ол шығыс касса ордеріне тіркеледі.

2.   Әртүрлі   мақсаттар   үшін   кассаға   алынғанда-чек   ресімделеді.    Чек ресімделуі   — чек берушінің чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнің жүзеге асуын білдіреді.

3.  Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма — қызмет көрсететін банкке өз ақшасын тапсырмада күрсетілген сомада бенефициар пайдасына аудару жөнінде төлеушінің тапсырмасы.

4.   Субъект     босатылған     өнімдердің,      орындалған     жұмыстар     мен қызметтердің қүнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда — төлем    талап    тапсырмасы    жасалады.    Төлем    талап — тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін дәлелдеуші құжаттар негізінде ақша аударушыға төлем ақыны жүргізу туралы талабы.

5.  Шаруашылық істері жүніндегі комиссияның бұйрығы, сот органдарының атқарушы   қағаздары   есеп   айырысу   шотынан   қаражаттар   есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне  қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк түлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл- мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан күшірме жолымен құлақтандыру жасайды. Күшірмеде банк кодтайтың, қатаң түрде белгіленген күрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған күшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.

Банктің көшірмесі есеп айырысу  шоты бойынша талдамалы есептің  тіркелімін үздігінен алмастырады  және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берещекті  көрсететін пассивтік шот болып  табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын күрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субьектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты актңвтік болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен шығару) кредит бойынша күрініс табады. Банк көшірмесінің деректері бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 441 — шотта жүргізіледі.

Төлем тапсырмалары арқылы есеп айырысулар.

Төлем тапсырмалар тауарлы материалдық  қүлдылықтар, орындалған жұмыстар және күрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу кезінде және тауарлар мен  қызметтердің алдын ала төлемін, келісім шартта немесе заңмен қарастырылған аванстық төлем жағдайжірында қолданылады.

Түлеуші белгіленген нысан бланкілерінде  тапсырманы банкке үсынады. Тапсырмадан  басқа банк талабы бойынша түлеуші  келісім-шарттарды, шот фактураларды, төлемнің мақсаттылығын дэлелдейтін  басқа да құжаттарды күрсетуі тиіс. Төлем тапсырмалар онда күрсетілген күннен бастап 10 күн ішінде банк-алушымен қабылданады. Олар түлеушінің шотында қажетті қаражаттар болған жағдайда ғана іске асады. Төлем құжаттары электронды да, қағаз бетінде де болуы мүмкін. Негізінен төлем тапсырмалар екі данада болу толтырылады: біріншісі — банкте қалады, екіншісі — ақша түлеушіге қабылданғаны жүнінде банктің мүр таңбасымен қайтарылады.

Төлем тапсырманы толтырған кезде келесі реквизиттері көрсетіледі:

-    төлем тапсырма номері;

-    төлем тапсырма күні;

-    жеке идентификациялық код (ИИК) — аударушы мен бенефициардың банктік шотының номері;

-    ақша аударушы коды (КОд) және бенефициар коды (Кбе) — ол екі символдан тұрады, біріншісі — резиденттік белгісі, екіншісі экономика секторы;

-    бенефициар — ақша қаражаттарды алушы;

ақша аудару жүнінде клиенттен тапсырма алатын банк аударушының атауы

-    банк бенефициар — ақша қаражаттарды келісім-шарт негізінде қабылдаушы банк;

-    аударушының банктік идентификациялық коды (БИК)9

-    филиалдар арасындағы айналымдар коды (МФО)

-    төлем мақсатының коды — ҚРҮБ нормативті — құқықтық актілерімен белгіленген үш символдан тұратын, жүзеге асатын төлемдердің кодтык белгісі;

-    бюджеттік сыныптау коды — салықтардың (төлемдердің) қайтарылуы жүзеге асатын коды;

-    валюталау күні — бенефициар банктік шотына ақша қаражаттардың кіріске алыну күні, оны төлемді жүргізуші субъект белгілейді.

Төлем құжатында еш бір түзетулерге жол берілмейді. Егер олар болатын болса, онда банк бүл тапсырманы орындаудан бас тартып, үш күн ішінде құжатты клиентке қайтарады.

Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі

Кәсіпорындар ұйымдар, фирмалар үздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнайы шот ашуына болады.  Бұл  шотта ашылған аккредетивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар және басқа да ақшалай қаржылыр есептелінеді.

Аккредитивтермен  есеп айырысу. Шаруашылық субъектілер 421-«Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» — деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы (субъекті орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді.  Бұл  есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет күрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредетив ашады. Есеп айырысудың бүл түрі 1931 жылдан қолданылып келеді. Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Аккредитив — сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің күрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек  бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.  Бұл  шартта мыналар күрсетілуі қажет:

1.    Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің    (банк имитенттің) аталуы

2.    Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдалануының әдісі мен тәсілі

3.    Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары

4. Тауарларды, материалдарды  тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді    орындағаннан    кейін    қүлсаттардың    банк    мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.

5.    Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің «өтелінген» (депоненттелген) және «өтелінбеген» (депоненттелінбеген) — деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бүлінеді.

Тапсырыс берушінің үзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған күрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет күрсететін банкке келісім — шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы — «Өтелінген аккредетив (депоненттелген)» болып есептеледі.

Ал сатып алушы  кәсіпорын мен жабдықтаушы кәсіпорындарға қызмет көрсетуші банк мекемелері арасында аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім-шарт жасалынып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса онда бұл — «Өтелінбеген аккредитив» түрі қатарына жатқызылады.

Аккредитив ашу  жайлы келісім-шартта қарастырылған келісімдерді өзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни қаржы төлеуші шаруашылық субъектінің ғана құқы болса, ондай аккредитив . — «Кері шақырылатын аккредитив» болып саналады.

Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын үзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:

1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің аты.

2.  Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.

3.   Аккредитив ашылатын банктің аты.

4.  Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.

5.  Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.

6.  Аккредитивтің түрі.

7.   Аккредитивтің  қандай  тауарға,   затқа  немесе   орындалатын  жұмысқа төлем түлеуге арналғандығы және оны төлеу үшін банк мекемесіне табыс етілетін құжаттардың тізімі.

8.  Аккредитивтің сомасы.

Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын тауарды тиеп жібергеннен кейін аккредетивтің шартында қаралған құжаттарды банк мекемесіне табыс етеді.  Бұл  құжаттар аккредетивте күрсетілген шарттарды толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредетивте қарастырылған бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы түленбейді. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды күрсетуі қажет:

1.     Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.

2.     Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.

3.     Өзінің қолтаңбасының үлгісі.

Жабдықтаущысының баңкісінде аккредитив мынадай жағдайларда жабылады:

1.  Аккредитивтің мерзімі біткенде.

2.  Аккредитивті жабу туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша. Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының (төлеуші субъектінің) банкісіндегі тиісті шотына аударылады.

Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) үзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белгілі бір сомасын аудару жүнінде үзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді. Чектер алынған өнімдер, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқанда және «Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу ережесінде» көзделегн басқа жағдайларда қолданылады. Чектер үтелген және өтелмеген болып бүлінеді. Біріншісі — депозитпен өтелген, екіншісі — алдын-ала депозитпен үтелмеген. Сонымен қатар чектер түленуі жүнінде банк кепілдемесіне ие болуы мүмкін, соның ішінде өтелмеген чектер бойынша да. Чек беруші мен банктің құқықтары мен міндеттері чекті қолдану келісім — шарты негізінде туындайды. Яғни, чек беруші банкі клиенті — чек берушінің (заңды немесе жеке түлға) чектерін төлеу міндеттерін өзіне алады, ал клиент өзіне банктің белгілеген чекті беру және қолдану тәртіптерін сақтау міндетін жүктейді. Чек ұстаушы қүқықтары чек берушіден чекті алу моментінен бастап туындайды.

Чек кітапшасын алу үшін банкке үтініш беріледі. Лимиттелеген чек кітапшасы иесінің жеке шотындағы қаражаты депоненттеуге арналған, субъектінің шоты бойынша операциялар жасауға арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардың қолы қойылған төлем тапсырмасы мүртаңбасы қойылып, оған қоса беріледі. Чек кітапшасының лимиті чек жазып беріле алатын және банк түлеуге тиісті шекті соманы білдіреді. Ол банк белгілеген сомадан кем болуы мүмкін емес, бірақ тауарлар мен қызметтерді түлеуге арналған қаражаттардың айлық тұтынысынан әдетте көп болуы да мүмкін.

Информация о работе Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есептілік Акционерлік Қоғам «Caspian Group»