ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
I бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы....................................................................................................................4
1.2Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын сипаттау.......................................................................................................................5
II бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау
2.1.Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау.......................................................................................................................11
2.2.Коммерциялық банктердің нарық экономикасындағы ерекшеліктері............................................................................................................20
III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................23

Қорытынды..............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Работа содержит 1 файл

КУРСАВОЙ.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

    Мазмұны 

Кіріспе.........................................................................................................................3 

I бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы

1.1Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық   құрылымы....................................................................................................................4

1.2Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын сипаттау.......................................................................................................................5 

II бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау

2.1.Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау.......................................................................................................................11

2.2.Коммерциялық банктердің нарық экономикасындағы ерекшеліктері............................................................................................................20 

III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................23  
 

Қорытынды..............................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

    Коммерциялық  банктер-нарықтық экономикада несие  жүйесінің негізгі буыны. Олардың  міндеті ақша айналымы мен капитал  айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

    Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің  басқа буындары сияқты клиенттерге  көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекмесі (Мысалы, Жапония банктері).

    Курстық жұмыстың тақырыбы - «Коммерциялық банктер-нарықтық экономиканың дербес кәсіпорыны ретінде».

    Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің функционалдық құрылымы, екінші бөлімде коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары,үшінші бөлімде коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық қызметінің дамуын,жетілдіру жолдары қаралды.

    Коммерциялық  банктердің  қызметінің дамуы үшін банктің ұйымдастырушылық –құрылымдық қызметі маңызды болып табылады.

    Коммерциялық  банктердің ұйымдастырушылық құрылымдық қызметіне банк төрағысы, акционерлер, басшылар, бөлім қызметкерлері, қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік- шаруашылық бөлімі және тағы сол сияқтылар кіреді.

    Ал, банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады.

    Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымдық қызметін және оның даму ерекшеліктерін талдап зерттеу.

    Курстық жұмыстың әдістемелік  базасы: арнайы әдебиеттер, нормативті-құқықтық заңдар, актілер, ережелер тағы басқалар, сонымен қоса отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері тұрғысынан қаралды. 
 
 
 
 

           I Бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.

    1.1 Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы 

    «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертерек  даму кезеңінде банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ, өнеркәсіптің  және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағанда банктің коммерциялық деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын береді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыстарға қызмет етуі олардың қызметттерінің саласына байланысты.

    Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әртүрлі саласында жан-жақты әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

    Коммерциялық  банктер нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

    Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы  ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің обьективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

    Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамыту үстінде және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекемесі (мысалы, Жапония банктері).

    Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны  қалыптастыру жөнінен, банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.

    Екіншіден, жүргізетін операциялары жөнінен, коммерциялық банктер әмбебап және маманданған болып бөлінеді.

    Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен, банктер федералдық, республикалық және аймақтық болып бөлінеді.

    Төртіншіден, экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен, салалық және салааралық болып бөлінеді.

    Дүниежүзілік  тәжірибе дәлелдегендей қазіргі  коммерциялық банктер өзінің қызметтерінде  осы аталған өзгешіліктердің аралас варианттарын қолдануда.

    Ұйымдық тұрғыдан алғанда коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы - акционерлердің жылдық жиналысы болып табылады. Кезектегі жиналыс банктің құрылтайшыларының, кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды. Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі сайланады. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші комитеттерден құрылып, нақты іс-әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп-несие комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.

    Коммерциялық  банктер бірнеше басқарма (департаменттер) мен бөлімдерден құрылады. Мысал  ретінде ірі американдық банкті ұйымдастырудың типтік үлгісін келтіруге болады. Ол өзіне мынадай басқармаларды және бөлімдерді: салымдар жинақтау (осы жинақтарды қабылдау және төлеу); депозиттік және кассалық операциялар (кіріс және шығын кассалары, ағымдағы шоттарды жүргізу, чектермен операциялар, инкассалық және клирингтік операциялар, ақша аудару); есеп несиелік операциялар (несие қабілеттілігін тексеру және несие беру, вексельдерді есептеу), инвестиция және бағалы қағаздар (акцияларды, облигацияларды сатып алу және сату т.б.), шетелдермен операциялар (валюталарды сатып алу және сату, халықаралық есеп айырысу, аккредитивтер мен жол жүру чектерін беру); жарнама және сыртқы байланыс (жаңа клиенттер тарту); сенімділік операциялар (сенімхатпен мүлікті басқаруға қабылдау), бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы негізгі құрылымның ішінде жұмыс территориялық немесе салалық принциппен ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады. 
 

    1.2.Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын талдау 

      Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері мынадай болып

    келеді:

  • ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
  • несие беру;
  • шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
  • төлем құралдарын шығару;
  • бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
  • сенімхат бойынша клиентердің мүлкін басқару, яғни траст операциясын жүргізу;
  • клиенттерге кеңес беру;

    Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру

    - банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.

          Коммерциялық банктердің атқаратын келесі бір қызметі - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін.

    Коммерциялық  банктер қарыз беруші мен қарыз  алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әртүрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.

    Ұйымдасқан  және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу  жүйесінсіз тұрақты экономика болуы  мүмкін емес. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойнша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.

    Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдіруін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы бакнтердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жире жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент-банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерді төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.

    Коммерциялық  банктердің ерекше қызметі төлем  құралдарын шығару арқылы айналымдағы  ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты болып келеді. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 мың доллар салып, оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 мың долларға өседі, ал пассивінде депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына ауысты.

    Келесі  мысал. Банк қарыздарға 100 мың доллар сомаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептеді дедік. Онда шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі 100 мың долларға өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.

    Дегенмен, банк өзінің қызметі барысында ақша шығарумен қатар ақшаның бірсыпыра  бөлігін «жоюмен де» айналысады. Бұл біріншіден, клиент банктегі шотынан қолма-қол ақша алғанда (бірақ жалпы ақша массасы өзгермейді), екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл жағдайда жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды сатқанда алынады-ақша салушылардың шотындағы салым (депозит) сомасы және шаруашылықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.

Информация о работе ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары