ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
I бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы....................................................................................................................4
1.2Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын сипаттау.......................................................................................................................5
II бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау
2.1.Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау.......................................................................................................................11
2.2.Коммерциялық банктердің нарық экономикасындағы ерекшеліктері............................................................................................................20
III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................23

Қорытынды..............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Работа содержит 1 файл

КУРСАВОЙ.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

    Коммерциялық  банктердің депозиттерді (сонымен бірге  ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер  міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.

    Коммерциялық  банктер акция және облигация  түріндегі бағалы қағаздарды шығарып  және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.

    Сол сияқты  банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырылады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монопольды түрде жүргізеді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында онымен 6 коммерциялық және 13 инвестициялық банктер шұғылданады (қосымша-1).

    Банктер сенімхат бойынша клиенеттердің  мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу), құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және тағы да басқалар қызметтер атқаруы мүмкін.

    Бірақ бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын  мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде, ол көптеген капиталды  қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.

    Банк  бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.

    Экономикалық  мағлұматтарды өзіне жинақтауы  банктердің клиенттерге кеңес беруіне  мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне  талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.

    Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.

    Коммерциялық  банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады:

    - несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша ақша нарығындағы конъюнктура, проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы мен формасы туралы хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу,

    - бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша-бағалы қағаздар нарығы конъюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;

    - күрделі қаржы беру бойынша құрылыс қызметі нарығының конъюктурасы, құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-монтаж (құрастыру) жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін есептеу туралы анықтама.

    Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа  несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес, операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сөйтіп келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.

    Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті арқылы жүзеге асады.

    Мұндағы басты міндеттердің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиісді қолдану мәселесі туады:

    Бұл қашықтан қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.

    Қашықтан  қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.

    Ақпараттық  есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді  түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелділік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.

    Қаржылық  талдаудың мақсаты - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.

    Қашықтан  талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:

  1. банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру;
  2. банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау;

    Екінші  деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің

    қызметінің  қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақтарды қамтиды:

  1. капитал;
  2. активтердің сапасы;
  3. пайдалылық пен рентабельділік;
  4. өтімділік;

       Коммерциялық банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг операциялары жатады. Факторинг деген өнімдерді сату кезінде контрагенттер арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз тапсырмасын банкке сату. Ал лизинг дегеніміз – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, өндіріске, сауда-саттыққа, лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

           Факторинг алғашқы кезде ХІХ ғасырдың аяғында таман Америка Құрама Штаттарында пайда болды, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе, коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    II бөлім.  Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау

    2.1. Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау 
 

    Банктердің  инвестициялық операциясы бұл олардың  бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын  сипаттайды.

    Коммерциялық  банктердің бағалы қағаздарымен жасалатын  операцияларын мынадай үш топқа  бөлуге болады: банктің эмитент ретіндегі операциялары; инвестор ретіндегі операциялары; делдал ретіндегі операциялары.

    Коммерциялық  банктер эмитент ретінде төмендегідей бағалы қағаздарды шығарады: акция; облигация; банктік сертификат; туынды бағалы қағаздар.

    Акцияларды  шығару арқылы банктер акционерлік қоғам ретінде құрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастырады.

    Облигация мен сертификатты шығару арқылы банктер  қосымша қаражаттар тартады. Банктің  инвестор ретіндегі қызметінің нәтижесінде  банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады.

    Бұл жерді банктер табыс алу мақсатында өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына  қаражаттарын салады. Әрине қаражат  салуда мынадай факторларды ескереді: тәуекел деңгейі; өтімділік дәрежесі; табыстылық.

    Тәуекел–  бұл қор нарығындағы өзгерістердің  әсерінен бағалы қағаздардың нарықтық құндарының төмендеу қаупін сипаттайды. Тәуекел деңгейіне қарай бағалы қағаздар тәуекелсіз және тәуекелді деп екіге бөлінеді. Тәуекелсіз бағалы қағаздарға тек қана мемлекеттің бағалы қағаздарын жатқызуға болады. Қалған бағалы қағаздардың барлығы тәуекелді бағалы қағаздарға жатады.

    Мемлекеттің бағалы қағаздары – эмитенті мемлекет болып табылатын мемлекеттің ішкі қарызының формасын немесе борыштық бағалы қағаздарды білдіреді.

    Қазақстан Республикасында мемлекеттің бағалы қағаздарын мынадай мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер шығарады:

    а) Қазақстан Республикасы Үкіметі  немесе Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің айналысқа шығаратын  қазынашылық міндеттемелері,

    ә) Қазақстан Ұлттық банктің бағалы қағаздары, соның ішінде: Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы; Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы;

    Коммерциялық  банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен  жүргізілетін операцияның ішінде ең көп қолданылатын түрі Ұлттық банктің  қысқа мерзімді ноталарын сатып  алу- сату операциялары болып табылады.

    Муниципалдық  бағалы қағаздар– жергілікті билік органдарының жергілікті жерлерде әр түрлі шараларды қаржыландыру мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.

    1997 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің  қысқа мерзімді ноталарын орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу Ережесіне сәйкес Ұлттық банк айналысқа шығаратын және тоқсан күнге дейін айналым мерзімі бар мемлекеттік дисконтталған бағалы қағаздар. Алғашқыда атаулы құнынан төмен бағамен сатылады да, кейін атаулы құн бойынша өтеледі. Қысқа мерзімді ноталар айналымдағы ақша массасын реттеуге арналған ақша- несие саясатының құралы болып табылады.

    Ұлттық  банктің қысқа мерзімді ноталарының  атаулы құны 100 теңге деп шығарылады. Қысқа мерзімді ноталар табыстылығы  қазынашылық вексельдердің соңғы аукционындағы табыс деңгейінің шегінде белгілі. Қысқа мерзімді ноталар аукцион негізінде Ұлттық банк белгілейтін бағалы қағаздар нарығының маманданған қатысушылары- алғашқы агенттер арқылы орналастырылады.

    Алғашқы агент бағалы қағаздар нарығында  диллерлік және брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясынан алған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға коммерциялық банктер арыз жазады. Қысқа мерзімді ноталар айналымға түсетін бағалы қағаздар болып табылады.

    Екінші нарықтағы Ұлттық банктердің қысқа мерзімді ноталармен жасалынатын мәмілелері өтеу мерзімі белгіленген күнге дейін бір жұмыс күнінде аяқталады. Сонымен бірге, барлық операцияларды инвесторлар алғашқы агенттермен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында Ұлттық банкпен қысқа мерзімді ноталарды жасалынатын шарттарға қызмет етуге келісімге отыруы арқылы жүзеге асырады.

Информация о работе ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары