ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
I бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы....................................................................................................................4
1.2Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын сипаттау.......................................................................................................................5
II бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау
2.1.Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау.......................................................................................................................11
2.2.Коммерциялық банктердің нарық экономикасындағы ерекшеліктері............................................................................................................20
III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................23

Қорытынды..............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Работа содержит 1 файл

КУРСАВОЙ.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

    Ұлттық  банктің қысқа мерзімді ноталарды  шығарушы эмитенті болуының негізгі мақсаты Қаржы министрлігі бағалы қағаздар нарығында ақша массасына оперативті ықпал етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары бойынша жүргізілетін операциялары аталған ақша массасын реттейтін жанама операцияларға жатады.

    Инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларының  тағы бір тиімді түрі, мемлекеттік  қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді  сатып алу- сату келісімшартымен  рәсімделетін, мемлекеттік қысқа  мерзімді міндеттемелерді сатып алу- сату операциялары (МЕККАМ) болып табылады.

    МЕККАМ- мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер. Үкімет атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және орнатылған заңдылықтарға сәйкес Қазақстанның екінші бағалы қағаздар нарығында еркін айналысқа түседі. Материалдық емес нысанда мерзімі үш, алты, он екі айға шығарылады, қаржылық агенттің депозитариндегі немесе алғашқы диллердің суб депозитариндегі оларды ұстаушылардың депошотына сәйкес жазуларды жүргізу жолымен орналастырылады және айналысқа түседі. МЕККАМ- мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерінің номиналдық құны- 100 теңге. МЕККАМ ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезиденттік заңды және жеке тұлғалары болып табылады. МЕККАМ иелері оны кепілге беруге, екінші нарықта сатып алуға және сатуға құқығы бар.

    Мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді (МҚМ) тарту көптеген факторлармен қамтамасыз етіледі. Оның негізгілеріне төмендегілер жатады:

  • Сенімділіктің жоғары деңгейі. Эмитентті Қаржы министрлігі болып табылатын облигацияларды өтеу, мемлекеттік Үкіметімен кепілденеді. Сонымен қатар, осы қағаздардың қызмет еткен 1994 жылдың сәуір айынан бастап, Қаржы министрлігінің МҚМ өтемеуі болған емес. Алдындағы облигация сериясын өтеу бөлшектеніп немесе жаңа қарызды орналастыру есебінен толық жүзеге асырылады.
  • Абсолюттік өтімділік. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүше мемлекеттер шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар арасында, Қазақстанның мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері жетекші орында келеді. Қазіргі уақыттағы олардың төмен инвестициялық тартылуына қарамастан, МҚМ нарығы шетелдік қаржыландыру аймағында зерттелініп отыр. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдың сәуірінен бастап қалыптасты. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Үкімет атынан 3 айлық айналым мерзімі бар дисконтталған қысқа мерзімді қазынашылық вексельдер шығарылды. 1995 жылдың мамыр айы мен тамыз айларының аралығында үш айлық МҚМ-ге сұраныс ұсыныстан 4,8- 5,4 есе көп болды. Осы жағдайға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айналысқа алты айлық МҚМ шығару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар 1996 жылы әр кезеңінде оларға деген сұраныс ұсыныстан 4,5- 3,5 есе көп болды. Бұл жағдай айналым мерзімі ұзағырақ- 12 айлық мемлекеттік құнды қағаздардың көлемін арттыруға қажетті жағдай туғызуға мүмкіндік берді. Одан басқа республикалық бюджет тапшылығын жабу мақсатында 1996 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрін– мемлекеттік ішкі қарыздың ұлттық жинақ облигацияларын шығарды. 1997 жылдың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы Қазақстанның қор нарығында басымдылық жағдайға ие болды. 1997 жылдың маусымында айналым мерзімі 2 жылға тең алғашқы мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер- МЕОКАМ айналысқа шығарылды.

    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық  операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден- өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма- қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден- олардың алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.

    Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына  қарай үш түрге бөлінеді:

    - дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

    - купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2- 4 ретке дейін төленеді.

    - аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бүл жағдайда инвестор- банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

    Демек, қандай да бір бағалы қағазды сатып  алу барысында банк инвестор ретінде  эмитенттің қызметіне байланысты туындайтын және оған қатыссыз болатын тәуекелге  баратыны сөзсіз. Мұндай тәуекелді  екі түрге бөледі:

    1)жүйелік тәуекел, яғни эмитент компанияның қызметіне байланыссыз нарықтағы өзгерістерге тиесілі экономикалық факторларға негізделген тәуекел. Мұндай тәуекел әртараптандыруға жатпайды, сондықтан оны әртараптандырылынбайтын тәуекел деп атайды.

    2)жүйелік емес, яғни эмитенттердің қызметіне негізделген тәуекел. Мұндай тәуекелдерді инвестициялық қоржынды әртараптандыру арқылы немесе өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражат салу арқылы қалыпқа келтіруге болады.

    Тәуекелдің  алдын- алу үшін банктер қор нарығына мынадай талдаудар жүргізеді: түпкілікті талдау; техникалық талдау.

    Түпкілікті  талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен пассивін, меншікті капиталға  қатысты пайдасын және менеджментінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді білдіреді. Талдау көзіне эмитенттің пайда немесе зиян туралы есебі, балансы және өзге құжаттары жатады.

    Техникалық  талдау эмитенттің бағалы қағазына деген  сұраныс пен ұсынысты, олармен  жасалған операциялар көлемі және бағамын бағалауды сипаттайды.

    Сонымен қатар халықаралық банктік тәжірибеде банктер бағалы қағаздармен операциялар  жүргізуде бағалы қағаздардың рейтингіне мән беруге тиіс.

    Банк  қаражатарының бір бөлігін мемлекеттік  емес бағалы қағаздарға орналастырады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға корпоративтік бағалы қағаздарды жатқызамыз.

    Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік  қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және өзге де кәсіпорындар мен ұйымдар  шығарады. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады: акциялар; облигациялар; ипотекалық куәліктер; фьючерс және опцион; депозитарлық қолхаттар.

    Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

    Акциямен  келесідей құқықтар байланысты: белгілі жағдайда  пайдаға қатысу; акционердің жалпы жиналысына қатысу; акционердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы; капиталдың көбеюі кезінде жаңа акцияларды алуға артықшылық құқығы.

    Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай  және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акция, оның иесіне акционерлік  қоғамының табысына байланысты табыс  әкеледі және қоғамды басқару  ісіне немесе жалпы жиналысқа  қатысуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция, иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы- қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

    Акцияға инвестициялаудан банк дивидент түрінде  табыс алады. Жай акция бойынша  дивидент мөлшері белгіленбейді  және оның көлемі акционерлік қоғамның пайдасына тікелей тәуелді болып  табылады.

    Акцияның  түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары болып қарастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі.

    Мұндағы ссудалық пайыз ретінде Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің қайта  қаржыландыру мөлшерлемесін немесе коммерциялық банктердің депозит бойынша  белгілейтін сыйақы мөлшерлемелерін  пайдалануға болады. Акциялар шығару формасына қарай : құжатты түрде және құжатсыз болып келеді.

    Облигация- оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

    Қазақстандағы айналыста жүрген корпоративтік облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

    Купондық  облигация– инвестор- банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;

    Дисконттық облигация- инвестор- банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

    Банктік сертификаттар- ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда белгіленген салым мерзімі аяқталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға, ал жинақтық жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.

    Депозиттік  сертификат бойынша пайыз түріндегі алынған табыстар белгіленген тәртіпте осы табыс көзіне салық салынады. Банктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық банк лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құралы бола алмайды. Ол кепіл заты, сатып алу- сату объектісі бола алады. Сертификаттарды сатып алу- сату бойынша есеп айырысуларды қолма- қол және қолма- қолсыз түрде заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Депозиттік талап ету мерзімі келгенде банк сертификатты иемденушінің алғашқы талабы бойынша сертификатты ұсыну кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс бойынша жүзеге асырылады:

    1)Жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы;

    2)Салымның басқа түрлеріне қолма- қолсыз аударымдар;

    3)Қолма- қол ақша.

           1996 жылы 19 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы депозиттік сертификаттардың шығарылуы мен айналымының» жалпы Ережесіне сәйкес сертификаттар тек мерзімді болуы мүмкін. Төленуге ұсынылған сертификаттар уақытында өтелмеген болса, банк депозиторға айыппұл төлейді, олардың көлемі мен төлену тәртібі эмитент- банктің бақылау кеңесі бекітетін сертификаттардың шығарылуы, айналуы мен өтелуі Шартында көрсетілуі қажет. Сертификат эмитент- банктің орналасқан жерінен басқа да жерлердегі банк атынан операцияларды жүзеге асыра алатын кез- келген бөлімшесінде өтелуі мүмкін. Банк пайыздарды төлеудің келесі жағдайларын қарастыра алады: сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанға дейін кезең бойынша; сертификатты өтеу күнінде. Банктік сертификаттың міндетті деректемелері келесілер болып табылады: «депозиттік сертификат» атауы; депозитті енгізу күні; сертификатты өтеу күні; депозит сомасы; эмитент- банктің депозит сомасы және ол бойынша тиісті пайызды қайтару туралы міндеттемесі; депозит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме; тиесілі пайыз сомасы, эмитент- банктің атауы және орналасқан жері; депозиттердің аты- жөні, орналасқан жері; эмитент- банктің сертификаты уақытында өтеу туралы міндетін орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы; банк мөрімен бекітілген, эмитент- банктің екі уәкілетті тұлғаларының қолдары.

    Сертификат  бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің  біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп танытады. Сертификаттар  бланкісі қатаң есептілік бланкі болып табылады және банктегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына сәйкес баланстан тыс шотта есептеледі. Депозиттік сертификаттар бланкісі ақша қоймаларында немесе өртенбейтін шкафтарда сақталады. Шығару жағдайында сертификаттарды тиімді орналастыруды қамтамасыз ету үшін, сертификаттардың айналымы мен өтелуі кезінде келесі сәттер ескерілуі мүмкін: жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі; шығарудың стандартты шарттары; номиналды төлеу және пайыздарды есептеу кепілі.

    Депозиттік  және жинақ сертификаттарын банктердің өздері шығарады және оған инвестиция жұмсайды.Банктік сертификаттар бағалы қағаз болып табылатындықтан, олар инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Шетел тәжірибесінде банктік сертификаттар мемлекеттің бағалы қағаздарынан кейін тұрақтылығы мен өтімділігі жағынан екінші орынды алады.

    Ипотекалық  куәліктер - бұл ипотекалық несиенің қамтамасыз беру барысында кепілге алынған жылжымайтынмүлік құнымен бағаланатын, яғни базалық активті жылжымайтын мүлік болып табылатын туынды бағалы қағаз.

    Қазақстанда мұндай бағалы қағаздарды Қазақстан  Ипотекалық компаниясы екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп шығарып отыр. Банктер мұндай қағаздарды сатып  алуға ынталы, себебі олар өтімді және тұрақты, сондай- ақ табысты бағалы қағаздар түріне жатады.

    Депозитарлық  қолхат- депозитар банкте сақталған шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.

    Мұндай  бағалы қағаз сертификат немесе құжатсыз формада айналысқа шығарылады.

    Шетел тәжірибесінде екі депозитарлық қолхат кеңінен қолданылады:

    АДР- американдық депозитарлық қолхат, яғни тек америка қор нарығына айналысқа жіберілген.

    ГДР- ғаламдық депозитарлық қолхат, онымен Еуропа қор нарығында және өзге елдерде  операциялар жүзеге асыруға болады.

    1927 жылы ағылшынның ұлттық компанияларының  бағалы қағаздарын сыртқа шығаруға тыйым салуымен байланысты, американдық инвесторлардың ондай бағалы қағаздарға деген сұранысының туындысының арқасында алғаш рет АДР пайда болды.

    АДР- бұл АҚШ банктерінің бірінде  қандай да бір шетелдік компаниялардың акцияларын иеленгендігін куәландыратын туынды бағалы қағаз. АДР арқылы шетелдік компаниялар американдық инвесторларға шыға алады. Ал американдық инвесторлар шетел қор нарықтарынан шетел компанияларының акцияларын сатып алудың орнына АҚШ- та шығарылған АДР формасындағы субституттарға ие болады. АДР- дің базалық активіне тек акциялар жатады.

Информация о работе ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары