Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 00:40, курсовая работа
Төлем балансы — елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектісі экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………........…3
1 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операциялардың
мәні мен құрылымы...................................................................................5
1.2 Төлем балансыныңесеп айрысу және ақша-несие, валюталық
әдістері........................................................................................................7
1.3 Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық
операциялардың жүргізу тәртібі..............................................................10
2 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем балансының экономикада
алатын орны...............................................................................................17
2.2 Ақша-несие және валюталық операциялардың орындалуындағы
заңнамалық негіздері................................................................................19
2.3 2008-2010 жылдардағы төлем балансының ақша-несие және
валюталық операцияларына талдау........................................................21
3 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларын
жүргізуде кездесетін өзекті мәселелер...................................................24
3.2 Төлем балансының ақша-несие және валюталық
операцияларындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары және
оны жетілдірудің бағыты.........................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................33
ҚОСЫМШАЛАР............................................................................................35
Валюталық бағамдарды реттеуге бағытталған ресми валюта үстемділігін жүргізген кезде Орталық банк бірнеше мақсатты көздейді: валюта нарығының ретсіз жағдайына қарсы тұру; валюталық бағамның қысқа мерзімді ауытқуын бәсеңдету; валюталық бағамның экономикалық негізделген деңгейге дейін түзеті.[2,б-251]
Ереже бойынша Орталық банк үстемділігін ақиқат мақсаттарын жария етпейді. Ол «ағысқа қарсы тұру» принципін ұстанатын, шетел валютасын сатып алса, әлгі валютаның бағамы төмендеген кезде оларды қайтадан сатып жібереді. Валюталық үстемділік туралы ақпараттың жариялылығы жайында Орталық банктердің мамандары арасында ортақ пікір жоқ. Біреулері мәліметтердің құпиялылығы үстемділіктің тиімділігін орташа арттырады десе, екіншілері ақпараттардың жоспарын болуын олардың тиімділігін барынша кемітеді деп санайды. Ереже бойынша, валюталық үстемділік спотты валюталық нарықта жүргізіледі. Орталық банк форвард нарықтада іс жүргізе алады. Форвардтық валюталық курс проценттік мөлшерлеменің тепе-теңдігінің жәрдемімен валюталық бағаммен байланысты болып, басқыншылық форвардтық нарықтың ағымдағы бағаға әсер ете алады. Форвардтық нарықтың басқыншылықтың маңызды артықшылығы сол, қолма-қол жедел есеп айырысу талап етілмейді. Жағдай өзгерген кезде орталық банк үстемділіктен бастартып, қарсы операцияны жүзеге асырады. Басқыншылық мақсатта айырбас мәміле жүргізілетінде вариант болуы мүмкін. Валюталық айырбас валюталық бағамға айтарлықтай ықпал етпейді. Айырбас операция валюталық басқыншылықтың бөлігі ретінде де бой көрсете алады. Мысалы, Авсртияның Резевтегі Банкі айырбастарды споттық операцияларды айықтыру ушін пайдаланады. Форварттық рыноктағы өтемақылы қарапайым споттық операция қарағанда мұндай құрамдастыру басқыншылықтың мейлінше икемді болуына мүмкіндік береді. Форвардтық және айырбас мәмілелердің басқа орталық банк туынды құралдар опциондарға да дем қояды. Ұлттық ақша бірлігінің құнсыз-дануын болдырмау үшін орталық банк европалық «пут» опционды жекеменшік валютаға несие «колл» опционды шетел валютасына сата алады.
Орталық банк опциондармен іс жүргізе отырып, алыпсатарлардың ойынан споттық нарықтан опциондық нарыққа аударады. Сол арқылы ол валюталық сақтық қорының зиян шегуінен аулақ болады. Испания банкі құнсызданудан қашу үшін 1993 жыл бойына «пут» опционды песетке сатса, Мексиканың банкі валютаның сақтық қорын қорландыру үшін 1996 жылы «пут» опциондарды АҚШ долларына сатты.
Басқыншылықты
жүргізген кезде Орталық банк
өз активтерінің ғана емес, сонымен
бірге міндеттемелерінің
Дүниежүзінің экономикасын қамтыған дағдарыс 1998 жылдың басынан бастап Қазақстанның төлем балансының жағдайына жағымсыз әсер етіп, соның нәтижесінде ұлттық валютаның айырбас бағамы қымбаттады. Ресей қаржы нарығының 1997жылғы тамыздағы дағдарысы Ресей рубілінің бағамының тамыз-желтоқсан айларында үш еседен астам төмендеуіне апарып тіреді. Сол уақыттардағы рубілдің шұғыл құнсыздануы кезінде тұтыну бағасының өсуі 84,4%, ал өндірушілердің бағасы 25% болды. Ресей өндірушілерінің сыртқы нарықтарда, соның арасында Қазақстан нарықтарында баға басымдылығына ие болуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде Қазақстандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтарды бәсекелестік қабілеттері нашарлады. Америка долларына шаққанда валюталық бағамды 76-84 теңге аралығында ұстап тұру үшін 1,1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі алтын валюта қорын жұмсауды талап етті. Елеулі басқыншылықтар және халықаралық валюта қорының несиелерін өтеу алтын валюта резервтерінің сомасын 2584,14 млн. доллардан 1998 жылдың басында 1628,09 млн. долларға дейін азайтып, үш айдағы импорттың құнын жаба алмады. Валюталық бағамды ұстап тұру үшін ұлттық банк 214,66 млн АҚШ долларын жұмсады. Ол ішкі нарықтағы жылдық сауда көлемінің 48% құраған.[18,б-80]
Тұрақты айырбас бағамының есебінен болатын елеулі нақты нығайту отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттерін жоғалтып, олардың өнімдерін импорт тауарладың ішкі нарықтан ығыстыруына, соның салдарынан өндірістің құлдырауынан апарып тірейді. 1997-1998 жылдары теңгенің жоғары нақты бағамы мемлекеттік қысқа мерзімді бағалы қағаздар нысанында елге қойылған капиталдың есебінен ұстап тұрылды. Сөйтіп, отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігі төмендеп, тұтыну импорты шапшаң өсіп, ағымдағы операциялардың сальдосын 1998 жылдың орта шеніне қарай бірте-бірте теріс мәнді аймаққа ауысты. Халықаралық қаржы нарықтарының жағдайлары ауысқан мерзімде мемлекеттік борышты өтеуге қызмет көрсетудің құны шамадан тыс жоғарылап, дағдарыс өткір кезеңге ауысты. Ресейдегі дағдарыстың ізінше ТМД елдерінің валюталарына арақатынасына қарай теңгенің елеулі түрде нақты қымбаттауы 1998 жылдың аяғында ресей рубліне қатынасы бойынша 69%, ал ТМД елдерінің валюталарының арақатынасына қарай 61% құрайды. 1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарық жағдайында анықтайтынын білдіреді. Яғни, валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуге тиіс. Валюталық бағамның деңгейін төлем балансының тұрақты міндетіне сәйкес деңгейге, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайға жеткізу қажет болғанда ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді. Құбылмалы бағамға өткен сәттен бастап Ұлттық банк шетел валютасын белсенді сатып алушы болып, Ұлттық банктің сатып алғанының көлемі 1998 жылдмен салыстырғанда 40 еседей өсті. Сол уақытта сату көлемі 2,5 есе қысқарды. 1999 жылдың 30 желтоқсандағы жағдайдың нәтижесінде алтын валюта резервтері 2008 млн. АҚШ долларына бағаланып, тауарлар мен қызмет көрсетудің 3,6 айдағы импорттын қаржыландыруды қамтамасыз етті. Одан кейінгі 2000, 2001, 2002 жылдары Ұлттық банктің ішкі валюталық нарықта таза сатып алушы ретіндегі беталыс басымдылығы сақталады. Сөйтіп, жаңа валюталық тәртіптеме Ұлттық банктің елеулі валюталық резервтерді үнемдеуіне мүмкіндік туғызды. Коммерциялық банктер үшін депозиттер бойынша ұлттық және шетелдік валюталар мен міндетті резервтердің сараланған нысандарын белгілеуге Ұлттық банктің мүмкіндігі барды. Депозиттер бойынша шетел валютасымен резервтік талаптарды ұлттық валюталы резервтік талаптардан жоғарылатса, шетел валютасына деген сұранысты арттырып, өзге де тең жағдайларды ұлттық валютаны құнсыздандырады және керісінше болады.
Елде таңдап алынған құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесі валюталық бағамның елеулі түрде ауытқуына жол беруі мүмкін. Экономикалық саясат мақсатына жауап бермейтіндіктен Ұлттық банк ондай жағымсыз ауытқуларды оқшаулауға мүмкіндік беретін жеткілікті алтын-валюта резервін қалыптастырады. Ұлттық бағамды (оның ішінде ресми) белгілей отырып ұлттық валютаның деңгейін нарыққа көрсеткен сыңай танытып, бағамның қажетті бағытын көрсетіп, нарық оны қабыл алады. Мұндай беталыс 2000 жылдың басынан астап айқын көрінеді.
Құбылмалы
валюталық бағаның
Валюталық бағам экономикалық өсуге тікелей емес жанама жолдармен ықпал етеді: тауар бағаларын өзгерту, ішкі нарықта отандық өнімдер бағамын бәсекеге қабілеттілігі; экспорт пен импортты ынталандыру; ішкі және дүниежүзілік проценттік мөлшерлеменің арақатынасын өзгерту; халықаралық төлем пайыздықты алтын-валюта резервтерімен қамтамасыз ету.
Айырбас бағамы тәртіптемесі ауысқаннан кейін Қазақстанның экономикалық дамуы валюталық бағам аясындағы экономикалық саясаттың өзгерісі ретінде өнеркәсіп өндірісінің өсуіне, экспортты және импорттың орнын басуды алтын-валюта авуарларды жинақтауға әсер етеді. Өнеркәсіптің 1999 жылғы дамуын қарастырамыз. Бірінші тоқсанда нақты сектордың дамуында 1998 жылдағы экономикалық белсендіктің құлдырау беталысы сақталды.
2 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ТАЛДАУ
2.1
ҚР төлем балансының
Төлем балансы — елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінетің тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындагы шекті қатынасы.Еліміздегі төлем балансы мынадай бөлімдерді қамтиды:
А. Ағымдағы шот.
В. Капитал және қаржымен жасалатын операциялар тобы.
С. Қателер мен калып органдар
Д. Жалпы баланс.
Е. Қаржыландыру.
Ағымдағы шотта мыналар көрсетіледі:
1) Сауда балансы:
- Экспорт;
- Импорт.
2)Таза қызметтер:
- жүк тасымалдау;
- адамдар тасымалдау;
- байланыс қызметі;
- туризм;
- басқа.
3) Табыстар:
- займдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру);
- резервтер бойынша сыйақы (мудделендіру);
- басқа да.
Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шотында мыналар көрсетіледі:
Қателер мен қалып қойғандар шотында ресми түрде резидент еместермен ескерілмей қалғандарды, оған қоса «көлеңкелі бизнесті» есепке алады.
Жалпы
төлем балансы операциялар
Жалпы төлем балансы әрдайым теңесіп отырылады, яғни оның активтік және пассивтік операциялары бірыңғай шамалы құрады.
Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:
Қазақстанда төлем балансын Ұлттық банк жасайды. Төлсм балансының басты ерекшелігі — мұнда қаражаттардың ағымы, олардың мерзім ішіндегі өзгерісі ғана керсетіліп, босалқы бөлшектер меи қорлар есепке алынбайды. Мұндағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдықтың болуы тауарлар мен қызметтердің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсімін білдірсе, ал теріс қалдықтың түзілуі тауарлар мен қызметтер импортын, төленген табыстар мен трансферттердің болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткіш сол елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің өсуін және резиденттер жағынан резидент еместерге деген талаптардың қысқаруын сипаттаса; ал теріс шама елдің резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қоданылмайтын талаптардың өсуін сипаттайды.
Төлем
балансынан есеп айырысу балансын ажырата
білу қажет. Есеп айрысу балансы –
елдің шетелге қатысты
2.2 Ақша-несие және валюталық операциялардың орындалуын-дағы
заңнамалық негіздер
Заңға сәйкес туындайтын қаржы құралдарының барлық активтеріне қатысты құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады. Резидент жеке тұлғалар коммерциялық банктерде шоттар ашады.
Жеке тұлға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алуға байланысты ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізетін кезде жеке тұлғаға Ұлттық Банкке валюта операцияларын жүргізу туралы хабарлау қажет емес. Жеке тұлғаның көрсетілген ақша төлемдері және аударымдары туралы сәйкес уәкілетті органдарға хабарлайды. Резидент өз операциялары туралы хабарламаны қосымшаның 1,3 бөлімдерін толтыра отырып, осы ережеде белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банкке ұсынады. Резиден хабарламада барлық қажетті ақпарат болған кезде осы ережедегі нысан бойынша белгіленген үлгідегі хабарлама туралы куәлікті алады. Хабарламада барлық қажетті ақпарат болмаған кезде, сондай-ақ мәмілелердің жағдайларын және операция жіктеулерін және оның қатысушыларын нақтылау үшін Ұлттық банк валюта шартының көшірмесін сұратуға құқылы. Хабарлама туралы куәлік тараптар міндеттемелерін (оның ішінде валюта шартының қолданылу мерзімі аяқталатын күнге орындалмаған міндеттемелер) толық орындағанға дейін қолданылады. Резидент қолданылу кезінде туындайтын тіркелген валюта шартына барлық өзгерістермен толықтырылады. Мұндай өзгерістермен толықтырулар енгізген күннен бастап 30 күн тізбелік күннен кешіктірмей валюта операциясы туралы хабарламаны орны бойынша хабарлайды. Хабарлама туралы жаңа куәлік бұрын берілген хабарлама туралы куәлікте көрсетілген мынадай көрсеткіштер өзгерген кезде талап етіледі: