Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Курсовая работа, 06 Декабря 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Эканомиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен маатериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Работа содержит 1 файл
жабды0таушылар.doc
— 235.00 Кб (Скачать)КІРІСПЕ
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалар мен ережелерінің негізінде құралады жіне ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шарушылық жүргізуші субъектінің күрделі эканомикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай – ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Эканомиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен маатериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке
алынған ақпараттардың
Эканомиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Курстық
жұмыс үш бөлімнен тұрады: бухгалтерлік
есеп, салық және салық салу және
аудит. Осы курстық жұмыс бухгалтерлік
есебін игерушілер үшін жақсы демеу
бола алады деп үміттенемін.
1 БУХГАЛТЕРЛІК
ЕСЕП
1.1
Ақшасыз есеп айрысудың
негізгі нысандары
Төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма талап төлемдері; кеден мен салық қызметіні органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айрысу нысандарын келісім- шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа жатқыза алады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы- материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айрысу кезінде, сондай ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке берілген нысандағы банкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтық шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды бірге тапсырады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 үкн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының номері;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған ) коды( ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының номері;
- бенефициардың коды ( БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар 2 символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономикалық секторын көрсетеді;
- бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім- шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды( ЖТБК немесе ИИК ) – филиаларалық айналымдардың коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік – құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
- бюджеттік классификацияның коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні – ақша қаражатын бенифициардың банктікшотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлар анықталса.
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);
- чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клиринктік платаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады.
Вексель – бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді
Жай вексель ( соло вексель)
– талап етуі бойынша немесе
белгіленген мерзімде
Аударма вексель (тратта) – вексель
берушінің үшінші тұлғаға
бірінші вексель ұстаушыға
1.2
Жабдықтаушылармен
және мердігерлермен
есеп айырысу есебі
Кәсіпорын өз өндірісінің
Демек, кәсіпорын
Өнім жеткізушілер мен есеп айрысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айрысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот-факураларды алдымен « Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қойады. Журналдың деректерін 671 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлерді, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі , акцептелген бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактура ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номерін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүргізіледі.
Бірінші кезеңде журналға
Екінші кезеңде журналға
Кіріс құжаттары мұқият
Сондай-ақ журналда жұмыстар
Үшінші кезеңде журналда шот-
Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептеледі және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Журналдың қорытындысы төрт
Жабдықтаушылар мен және
- Тауарлы- материалдық құндылықтарды алғаны үшін ( ҚҚС есебінсіз) акцептелген шот-фактураларына: 201-208, 222-223 шоттары дебеттеледі, сондай-ақ осымен бірге шот-фактурасына енгізілген ҚҚС сомасына 331 шоты да дебеттеліп, 671 шот кредиттеледі
- Жабдықтаушылардың төленген шот-фактурасына: 671-шот дебеттеліп, 441,431,432 шоттар кредиттеледі.
- Төленген шот-фактура бойынша ҚҚС сомасы есепке алынады, ол кезде: 633- шот дебеттеліп, 331- шоты кредиттеледі.
- Жабдықтаушылардың орындалған жұмыстар мен қызметтері үшін акцептелген шот-фактурасына сондай-ақ 671- шоттың кредиті бойынша жүргізілген басқа да жазулар мына төмендегі шоттардың дебеті бойынша көрініс табады: