Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:56, творческая работа

Описание работы

Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 419.00 Кб (Скачать)

Екі жақ конфронтация қорытынды бермеген кезде жэне пайда болмаған кезде келіссөздің болу керектігін мойындайды. Келіссөздің екі түрін ерекшелеп көрсетеді: шиеленісті қарым-қатынастарды бастауы жэне эріптестік қарым - қатынаста болады. Келіссөздер әріптестікке негізделген, егер жақтар арасында келіспеушіліктер болса, бұл қақтығысқа әкеледі. Бірақ тіпті, керісінше болуы да мүмкін екі қарсылас жақ келіссөзден кейін шиеленісті шешіп, әріптестік қарым-қатынастарды бастайды. Келіссөздер - бірігіп шешім қабылдау үшін қажет. Келіссөздердің қатысушылары берілген ұсынысқа келісетінін немесе келіспейтінін өзі шеіпеді. Бірігіп шешім қабылдау - бұл ортақ шешім, екі жақ үшін бұл осы жағдайдағы ең жақсы шешім болып табылады.

Келіссөздер - бұл шиеленісті шешу тәсілі, ол қиыншылықтарды шешкенде күшті қолданбай, қиындықтардың шешілуін қамтамассыз етеді. Келіссөздер төмендегідей себептермен жүргізіледі: келісім шарттың мерзімінің ұзақтатылыуы, қарым-қатынасты қалыпқа келтіру, жаңа жағдайлар туғызу, орындарды ауыстыру, қорытынды эффектілерді талқылау. Келіссөздердің функцияларының ішінде ең маңыздысы : информациялық, коммуникациялық, регуляциялық және іс-әрекеттерді реттеу, бақылау, көңіл аудару, жэне көптеген сымша функциялары.

Келіссөздер динамикасында  ерекше периодты дайындық фазасы алады, яғни ол, организациялық және мазмұндық сұрақтар, келіссөздерді жүргізу периоды, келіссөздер қорытындыларын талқылау жэне келісілген міндеткерліктерді орындау.

Келіссөздік процесстің психологиялық механизмі, ол мақсаттар мен қызығушылықтар келістіру, билікті ортақ бақылауды келістіру. Келіссөздер технологиясына ол позицияларды анықтау, бірігіп қарсыласқа қарсы іс-әрекет жасау мүмкіндіктері. Келіссөздердің сәттілігі психологиялық аспектілер қатарына да байланысты.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

    1. Келіссөздер шиеленістерді реттеу құралы ретінде?

Әдебиеттер: 1,2,3, 12, 15,18, 20,22,23.

 

Тақырып 9. Таяу шығыс шиеленісі:шығу және шешу жолдары

Дәріс мақсаты:  Таяу шығыс шиеленісі:шығу және шешу жолдары туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру туралы түсінік беру

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

  1. Таяу шығыс шиеленісі:шығу және шешу жолдары

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Әлемдегі шиеленістердің ішіндегі ұзаққа созылғаны Таяу Шығыс міселесі еді.Таяу Шығыс мәселесінің шығу себебі және тарихы 40- хылдарға сәйкес келеді.Негізінен Израйль мен Палестина аймақтарын Құдіретті жер деп санайды. Бұл 3 түрлі дін ,яғни мұсылман ,християн, индуизм кең тараған. Таяу Шығыс міселесінің негізгі себебі Палистиндік арабтар мен еврейлер арасындағы шекара мәселесі .Бірақта ертеректе арабтар мен еврейлер тату –тәтті өмір сүрген ,бірақ мұсылман діні басты күшке айналған кезде көптеген еврейлер Палестинадан кетіп , Таяу Шығыста Солтүстік Африка мен Европа жерлеріне қорыстанды.Өздерінің отанында жергілікті халықпен қуғыналды.

Сонымен 19-ғасырда осы  еврейлер Палестина жеріне өз мемлекеттерін орнатпақ ойларымен Қасиетті жерге келе бастады.

1914 жылы Палестинадағы  санақ бойынша 90 мың еврейлер  қорыстанғаны анықталды. Бірақ  бірінші ,әсіресе екінші дүние  жүзілік соғыстан кейін бұл  жағдайлар өзгерді.

1948жылы 14 мамырда бүкіл  әлемдегі еврейлер үшін ұмтылмас күр болды.2000 жыл өткеннен кейін еврейлердің тіпті барлығы Палестинаға жақсылап орналасты.Міне, осы кезден бастап арабтар мен еврейлер арасындаәскери қарсылықтар пайда болды.1948 жылы БҰҰ-ның жоспарында емес Израйль Батыс Палестинаның шекарасының 50 процентін , яғни төрт есе көп жерге өз бақылауын орнатты. Жүз мыңдаған Палестиндық арабтар Ливанға, Иордан өзенінің жағалауына қашып, қашқындарға арналған лагерлерде қоныстанды.

1967 жылы 5-10 маусымда -Алтыкүндік  соғыс болды, яғни бұл соғыс бір жағынан  Таяу Шығыс пен Израйль арасында,екінші жағынан Египетпен ,Сириямен, Иордания ,Ирак,және Алжир елдері арасында болды.

1979 жылы -Египеттің Кэмп-Дэвидте  жерінде Израйльмен Бейбітшілік  конференциясы болды.

1987 жылы -Палестинаны  Азат ету Ұйымы азаматтық бас имеушілік компаниясының құрылуына себеп болды.

1988 жылы -Батыс жағалауда  Палестина мемлекеттінің құрылуын  жариялады.

1991 жылы -Мадридтік конференция.  Израйль Палестинаны Азат ету  Ұйымының қатал бағытынан бас  тартты.

1993 жылы  -Израйль мен Палестина өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады. Нәтижесінде Палестина автономия статусына ие болды.

2000 жылы- интифада Аль-акса

2005-2006 жылы-елде дағдарыс.Ливан  мен Израйль арасында шиеленіс.

Таяу Шығыс жанжалының бейбіт жолмен шешілуі және онда тұрақты ахуалдың орнау нәтижесінде сол өңірдегі елдермен түрлі салада өзара тиімді қарым – қатынастар дамыту Қазақстанның ұлттық мүддесіне жауап береді. «Жол картасының іске асуын қошеметпен қарсы алып, біздің ел барлық халықаралық шиеленістер дипломатиялық жолмен шешілуі керек деген айнымас ұстанымын білдірді.

Қазақстан, Ресей, ТМД  елдері Таяу Шығыс шиеленісін әділ реттеуге бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдеріне сәйкес төмендегі  принциптерді ұстанды:

  1. Бөтен жерлерді агрессия арқылы басып алуға жол бермеу принципі қатал түрде сақталуы қажет;
  2. Палестина халқы өз тәуелсіз мемлекетін құруға құқылы;
  3. Иерусалимнің Шығыс бөлігі арабтарға қайтарылып, ол Палестина мемлекетінің бір бөлігі болуы қажет;
  4. Аймақтағы барлық мемлекеттердің бейбіт, тәуелсіз өмір сүруіне құқы бар;
  5. Израиль оккукпациялаған араб жерлерінен әскерін шығаруы керек.

Ұлттық қауіпсіздік, сондай – ақ халықаралық және аймақтық тұрақтылық тұрғысынан қарағанда,Таяу Шығыс шиеленісінің бейбіт реттеу үрдісінің  тұйыққа тірелуі, Норвегия келісімдеріндегі қол жеткізілген уағдаластықтар нәтижеге жетпеуі еліміздің алаңдатушылығын туғызуда. Осы ретте аймақта әділетті және тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған халықаралық күштердің (БҰҰ, ЕО, АҚШ және Ресей) іс - әрекеттерін қолдайды.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Таяу шығыс шиеленісі:шығу және шешу жолдары.

Әдебиеттер: 1,2,3, 12, 15,18, 20,22,23.

 

Тақырып 10. Абхазия және Грузияға шиеленістаердің шығуы және реттеу жолдары

Дәріс мақсаты:  Балқандағы шиеленістаердің шығуы және реттеу жолдары туралы түсінік беру

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

    1. Балқандағы шиеленістаердің шығуы және реттеу жолдары

     Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

  1801 жылы Шығыс-грузин патшалығы Александр 1 бұйрығымен жойылып, ол территория (яғни қазіргі Грузия территориясы) Ресейге қосылған болатын. 19 ғасырдың 2 жартысынды Ресей отаршылдық саясатының нәтижесінде, абхаз қоғамының наразылығы туды. Грузия саяси күші – социал-демократия еді.

1921 жылы Грузия - Кеңестік  Федеративтік Социалистік Республикасының  Закавказье аймағы (онымен қоса  Әзербайжан мен Армения) жатты. 1936 жылы оңтүстік Кавказда үш  одақтық республика - Әзербайжан, Грузия  және Армения КСР болды. Яғни, бұл елдер автономды республика ретінде қалыптасты. Автономды Грузия КСР-ның бетұстар абхаз ұлты болды. Грузияда Кеңес КСР-нан бөлек шығу конституциондық егемендік құқығы болса, Абхаз АССР-ның ондай құқығы болмады. Кеңес Одағы мен Абхазия, Грузия қатынасы шиеленісті болды, өйткені Сухум(и), Тбилиси, Мәскеудің саяси лауазымдары орыс (орыстанған) өкілдері  болды. Кейбір Кеңес лидерлері (Иосиф Сталин, Лаврентий Берия) грузин өкілдері болғанын ескерсек абхаз ұлтына орыстармен қоса грузиндар да басқыншылық жасады. Абхазия көзқарасында, абхаз демографиялық балансы (грузиндармен салыстырғанда) қысқартылуы осы саяси отаршылдықтың нәтижесі делінеді. 1991 жылы шамамен 500 мың адам ішінде абхаздар 18%, грузиндер 45%. Грузин халқының көзқарасында абхаздарды Мәскеу билігінің ойыншығы болып көрінді. 1977 жылы грузия халқының жаңа конституциясы қабылданды. Кеңес билігі «Мемлекеттік» тілді орыс тіліне ауыстыруға бағытталды. Бұл жағдай ұлттық мәдениетке қауіп төндіріп және орыстандырудың жүзеге асуы мүмкін еді. Бірақ жаппай грузиндік протестік демонстрациядан кейін тіл саясаты  жүзеге аспады.

  20 ғасырдың 80 жылдарында  М.Горбачевтың демократизациялау  саясаты да Абхазаияның ұлтаралық  қатынасына өз әсерін тигізді.  Жалпы грузиндік ұлттық қозғалысында  мынадай көзқарастар қалыптасты:

1. Абхазиядағы Кеңестік  дәуіріндегі басшылық билік демографияға  байланысты еместігін мойындады.  Грузия демократиясы – абхаздардарды  автохтонды тұрғындар екенін  ескере, олардың билік басына  келуіне де келісімдерін берді.  Алайда бұл Грузия КСР-ның саяси  және мәдени гегемониясына әсер етпеу керек.

2. Ал кейбір беделді  өкілдер грузин ертеден тұрып  келе жатқан жергілікті халық,  абхаздарды автохтонды қоғам  емес, бірнеше жүз жыл бұрын  солтүстік Кавказдан ауып келгендер  деп санады. Бұндай тарихи көзқарас  абхаздарды бағындыруға қажет етілген.

  Сонымен, Кеңестік Федеративтік жүйеге кіріп тұрған абхаздар да, грузиндар да өздерінің мәдениетіне, ұлттық болмысына қауіп төніп тұрғанын сезді. Абхаздар ұлттық қозғалысының мәні – картвелизацияны болдырмау, грузиндар – орыстандыру саясатына қарсы тұру. Осы екі жағдай екі республикада радикалдық келіспеушілік көзқарас қалыптастырды.

  Абхаздардың көзқарасында, ұлттық дәрежені көтеру үшін автономиялығын одаққа көтеруді қарастырды. Бұл ресми түрде бөлініп шығуға және егемен мемлекет болуға ұмтылыс. Абхаз басшылары өз өкіметінің толық бақылауға алу күресін 20 ғасырдың 80 жылдарында Кеңес Одағының кұлдырау кезеңінде бастайды. Бұл талаптар абхаз ғалымдарының пайымдауынша, Абхазия Грузия бөлігінде үнемі болмаған деп тарихи жағдайлармен дәлелденді. Ал грузиндар жағы, абхаздар ешқашан тәуелсіз мемлекет болмағанын, үнемі грузин саяси сферасының бөлігі болғанын дәлелдейді.

       1989 жылғы санақ бойынша, Грузия КСР-нда 5,4 млн адамның (525 мың азаматтары Абхазияда, соның ішінде 240 мың грузин, 93 мың абхаз, 76 500 армян және 75 мың орыстар) 30%-ы грузин еместер мекендеді. Оңтүстік Осетия ұлттық қозғалысы Грузияда жатқан автономиялы оңтүстік Осетия мен Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялы солтүстік Осетиямен бірігуге бағытталды. Грузин жоғарға таптары бұл жағдайды оңтүстік осетин ұлттық қозғалысын Мәскеу жетегінде деп қарастырды.

      1991 жылы сәуірде Грузияның тәуелсіздігінің жариялануы, ұллтық рухты Звиада Гамсахурдианың жаңа президент боп сайлануы абхаз, осетин қоғамына тиімсіз және өте қауіпті болды. Үрей тудырған жағдай – енді Мәскеу билігіне босатылған грузин басшылығы осы ұлттардың автономиясын, құқығын тартып алуға мүмкін еді. Тарихи әділетсіздік қорқынышы туды. Оңтүстік Осетияда жергілікті грузиндардың білім, тіл, жұмыспен қамтамасыз ету саласында құқықтарын шектеді. Жауап ретінде Грузия парламенті 1990 жылы 11 желтоқсанда оңтүстік Осетин Автономиялы облысын жойды. Шиеленіс соғысқа айналып, 1992 жылы маусымда ғана тоқтатылды.

      Звиад Гамсахурдиа абхаз басшыларымен тура конфронтацияда болған емес, абхаз сайлау реформасын қолдады. 1991/92 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде барлығы өз орнына қайтарылды. 1992 жылы Грузия КСР-ның бұрынғы коммунистік лидері, Горбачев тұсында КСРО Сыртқы істер министрі болған Эдуард Шеварнадзенің басшылығындағы Жаңа Мемлекеттік Кеңес 1978 жылғы грузин Конституциясының орнына «кеңеске дейінгі» яғни, Абхазия автономия статусы туралы сөз айтылатын Конституциясына ауыстырылды. 1925 жылғы Конституциясында Абхазия егемен мемлекет боп жариялануы тиіс еді. Абхазия Тбилиси бақылауынан тая бастады.

      1992 жылы 14 тамыз грузин қаруланған тобы (қолбасшысы Тенгиз Китовани Шеварнадзе басқару кезеңдегі Грузияның мемлекет Кеңесінің мүшесі). Абхазия жеріне теміржолды Гамсахурдиа қарулы күштерінен сақтаймыз деп кіреді. Анық жүзінде, Сухум(и)-ға еніп, территорияны әскери бақылауда ұстауды мақсат етеді.

Сыртқы күштердің ықпалы.  Ресей тарапынан, екі ұлт арасындағы жауласуды тоқтатуға бірнеше рет делдал болып отырды. Бастапқы кезеңде саны аз абхаздар қарсы тұра алмайтындай көрінгегімен, солтүстік Кавказдықтардың, орыс әскери көмегі арқасында жеңісті түптей өз жағына ауыстырды. 1993 жылы грузин әскері Абхазиядан шығарылып, бітімгершілікке қол жеткізді. Бұл жағдайды толығымен шешу үшін ТМД-ның халықаралық бақылауы – БҰҰ-ң қарусызданған күші арқылы қадамдар жасалды. Алайда қазіргі уақытқа дейін БҰҰ араласуымен де ешбір саяси тұрақтандыруға қол жеткізілген емес.

  Соғыс нәтижесінде  Абхазия тұрғындарының саны күрт  қысқарды. Абхазия территориясындағы  грузиндар қуылды. БҰҰ-ң санағы бойынша 1998 жылы Абхазия халқы небәрі 200 мың адам құрды (соғысқа дейінгі халықтан екі есе аз). Мұнда соғыстың әсері ғана емес, абхаз билігінің саясаты да өз әсерін тигізді: қашқындарға қайта оралу құқығы берілмеді. Халық әлауқаты тіптен құлдырауда болды, көлік байланысы үзілген, қаражат жетіспеді. Жағдайды реттеге ешбір халықаралық ұйым қолдау көрсетпеді. Абхаз билігінде де тәуелсіздікке жетуге нақты мақсаты болмады. Ал қазіргі уақытта Абхазия Ресеймен ашық авто және теміржол қатынасын орнатты. 2003 жылы абхаздар ресей азаматтығын алды.

      Яғни,  Абхазияның ресми түрдегі статусы Ресйде, ал территориялық бүтіндігі Грузия қолында болды деп білеміз.

       1995 жылы қабылданған Шеварнадзенің саясаты Конституция бойынша– Абхазия беделін Грузия сферасында көтеру. Абхазия, Аджария, Оңтүстік-Осетин Автономиялы республикаларына Грузия федерациясы құрамында өзін-өзі басқаруға құқық беру. Грузия жағдайы бейбіт тұрақтанады, федерализация және регионализация (аймақтану) жергілікті билікті нығайтады,  онда трансшекаралық серіктестік бұған кепіл болар еді. Шеварнадзе Грузия федерациясын орнату жолында – 2000 жылы Конституцияға «Аджар автономиялы республикасын» ресми түрде енгізуі болды. Ал абхаз билігі оңды қарамады. 1994 жылы абхаз парламенті өзінің Конституциясын жариялады. Абхаздар өздерін жеке, егеменді, тәуелсіз ұлт ретінде таныды. Оған тек Грузияның және кейбір халықаралық ұйымдардың мойындау қажет еді. Сондықтан абхаздардың тиімді шешімі – Грузия Федерациясының құрамындағы маңызды рол атқаратын беделді мемлекет болу. Абхазия халықаралық қатынастағы АҚШ  пен Маршалл аралдарын теңеу қылып алады. Маршалл аралдары АҚШ иелегіндегі тәуелсіз республика. Яғни АҚШ  пен Маршалл аралдары сияқты Ресейдің Абхазияға деген позициясын болуды қалайды. Міне осы жерден абхаздардың ресей азаматтығын алғанын түсіндіруге болады. Келесі әлемдік тәжірибеден АҚШ қорғауындағы Тайваньды айтамыз. Тайвань тәуелсіздігі әлеммен мойындалмаса да, тәуелсіздігін өз бетімен АҚШ көмегімен жүргізіп жатыр. Сыртқы әлеммен қалыпты сауда қатынасын ВТО арқылы орнатты.

Информация о работе Қақтығыстар және оларды шешу тәсілдері