Авторлык кукык

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2013 в 10:39, реферат

Описание работы

Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.
Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т.б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады.

Работа содержит 1 файл

Авторлық құқық.docx

— 25.53 Кб (Скачать)

Авторлық құқық

Авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын  нормалар жиынтығы.

 Авторлық құқық ғылым,  әдебиет, өнер шығармаларын шығару  және пайдалануға байланысты  қатынасты реттейтін азаматтық  құкық тарауы; ол ұлттық құқық  пен авторлық құқықты қорғау  жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.

Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық  құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық  конвенциялармен реттеледі. Құқықты  калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген  залалды өтеу туралы талап арыздың  көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.

Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т.б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану  жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы  азаматтық заңнамалармен айқындалады.

Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.

Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.

Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық-құқықтық қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді. Көптеген уақыт бойы КСРО, одан кейін Қазақстан да Берн Конвенциясына қосыла алмады, себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін қамтамасыз ете алмады. Тек қазір ғана қазақстандық заңнамамен ұсынылатын қорғау деңгейі Берн Конвенциясының деңгейіне қол жеткізгенде ғана, Берн Конвенциясына қосылуға нақты мүмкіндік пайда болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың 10 қарашасында оның толық құқылы қатыушысы бола отырып жүзеге асырылды. Осындай құқықтық шешімдердің маңыздылығын тани отырып тәжірибе үшін анағұрлым маңызды болып келетін мынадай сұрақты анықтау қажет, яғни Конвенция заңының нормалары қолданыла ма? Олар қандай жағдайлар мен фактілерге қолданылады, қандай туындыларды шығаруда және пайдалануда олар күшіне ие болады, заң немесе халықаралық шарт өз күшіне енген уақыттан кейін шығарылған туындылар ғана қорғау объектісі болып табыла ма? Құқықтық жалпы теориясы заңның өз күшіне енгенге дейін орын алған жағдайларға немесе фактілерге таралуы ретінде, заңның кері күшін анықтай отырып жалпы ереже бойынша «заң кері күшіне ие бола алмайды» деген принцип жүзеге асырылатынын көрсетеді.

Жалпы қағиданы құрастырып құқық теориясы, оны нақтыландыруды құқықтың жеке салаларына қалдырылды.

Бұл оларды реттеу әдісімен және пәнінің ерекшеліктеріне байланысты. Яғни оларға құқықтың жаңа номаларының қолданысы таралатын жағайлар мен фактілерді дербес анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс авторлық құқық мәселелеріне арналған. Оның мақсаты-авторлық құқықтың сұрақтары халықаралық құқықтың деңгейінде және әртүрлі елдердің ұлттық заңнамаларында қалай шешілетінін көрсету, авторлық құқықтың түсінігін беру және қағидаларын қарастыру, оның пайда болу тарихын зерттеу, авторлық қатынастардың құқықтық тұрғыда реттелуін, сондай-ақ авторлық құқықтың объектілері мен субъектілерін қарастыру, авторлық құқықты қорғау механизмін зерттеу.

 

Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнама авторлық құқықты  – автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар түсініледі. Ал автор  өз кезегінде - шығармашылық еңбегімен  ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған  жеке тұлға, олардың бәрі міндетіне, мазмұнына және қасиетіне, және де олардың  білдіру әдістері мен нысандарына  байланысты емес, зияткерлік меншіктің  объектілері болып саналады. 

 

Қазақстан Республикасында  авторлық Қазақстан Республикасының  Конституциясымен, Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 971-984 баптарымен, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I «Авторлық құқық  және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң), 1942 жылғы 6 қыркүйектен  Дүниежүзілік (Женева) авторлық құқықтар туралы Конвенция нормаларымен (Қазақстан  оны бұрынғы КСРО-ның халықаралық  міндеттемелерін және келісім-шарттарын  заңды мұрагері ретінде таныған  болатын), 1996 жығы желтоқсанның 20-нан  авторлық құқықтар және орындау және фонограммалар бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Женевадағы Келісім-шарттың Ережелерімен (Қазақстан  оларға 2004 жылғы сәуірдің 16-нан №545 және №546 Заңдарымен қосылды) және тағы басқа Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерімен  реттелінеді.

 

 Қазақстан Республикасының  авторлық құқық саласында заңнамасы  басты мақсаттарға және міндеттерге  жетуіне бағытталған. Біріншіден, авторлық құқық ғылым, әдебиет  және өнер туындыларды жасау  бойынша қызметін ынталандыруы  қажет. Осы мақсаттарда авторлық  құқық шығармашылық еңбекпен  айналысуға жағдай жасап мүмкіндік  туғызады, жеткен шығармашылық нәтижелерінің  қорғауын, құқықтық тануын, және  авторлардың соңынан олармен  жасаған туындыларды қолдануына  құқықты бекіту және табысты  алуын қамтамасыз етеді. Екіншіден,  авторлық құқық қоғамның мүдделерінде  туындылардың кең қолдануына  жағдай жасайды. Басқа сөзбен  айтсақ, авторлық құқықтың қорғауын  күшейтуі және оны бұзғаны  үшін жазаның қаталдануы адамның  күнделікті өмірінде авторлық  құқықтардың объектілерін қолдануға  ешқандай бөгет жасауға қажет. 

 

 ҚР АК 3т. 963 бабында,  зияткерлік меншік ережелеріне  қатысты және «Авторлық құқық»  тарауына өз қолданысын тарататын,  автордың құқығы ажыратылмайды  және берілмейді, және тек қана  шығармашылық еңбекпен зияткерлік  шығармашылық қызметімен нәтижені  жасаған тұлғаға тиесілі болуға  мүмкін екенін анықтайды. Авторлық  құқық идеяларға, қағидаларға,  принциптерге, әдістерге, жүйелерге,  процесстерге және фактілерге  өз ықпалын таратпайды. Өзара  тең авторлар Егер туынды екі  немесе бірнеше жеке тұлғалардың  бірлескен шығармашылық еңбекпен  жасалған болса, олар өз ара  тең авторлар болып саналады  және бірдей құқықтары бар.  Тең авторлардың әр бірі өз  қалауы бойынша онымен жасалған  туындының дербес мағынасы бар  бөлігін қолдануға құқылы, егер  бақасы олардың арасындағы келісіммен  қарастырылмаған. Тең авторларға  туындыны толық қолдану құқығы  бірлесе жатады.

 

 Заңды тұлғалалардың  соңынан авторлық құқық мойындалмайды,  олар заңнамамен көзделген, немесе  авторлық келісім-шарт негізінде  туындыны қолдануға алғанда тек  қана құқық иеленушілер ретінде  бола алады. Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексіне және Қазақстан  Республикасының авторлық құқықтар туралы Заңның 7 бабына сәйкес авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:

 

1)әдеби туындылар; 

2) драмалық және музыкалық-драмалық  туындылар; 

3) сценарий туындылары;

4) хореография және пантомима  туындылары;

5) мәтiнi бар немесе  мәтiнi жоқ музыкалық туындылар; 

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;

7) кескiндеме, мүсiндеме,  графика және бейнелеу өнерiнiң  басқа да туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы  және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) суретке түсiру туындылары  және суретке түсiруге орайлас  әдiстермен жасалған туындылар; 

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға,  топография мен басқа ғылымдарға  қатысты үш өлшемдi туындылар; 

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; 

13) өзге де туындылар. 

 

 Авторлық құқық объектiлерiне  мыналар да жатады:

1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар,  музыкалық өңдеулер және басқа  да ғылым, әдебиет пен өнер  шығармаларын өңдеулер);

2) жинақтар (энциклопедиялар,  антологиялар, деректер базалары) және  материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық  еңбектiң нәтижесi болып табылатын  басқа да құрама туындылар. 

 

 Авторлық құқық объектілерінің  авторлары оларға өте мәнді  мүліктік (айрықша) және жеке мүліктік  емес құқықтары бар, авторлық  құқық автордың бүкiл өмiрi бойына  және ол қайтыс болғаннан кейiн,  автор қайтыс болғаннан кейiнгі  келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан  есептегенде, жетпiс жыл бойы  күшiнде болады. Бүркеншiк атпен  немесе жасырын атпен алғаш  рет жарыққа шыққан туындыға  авторлық құқық туынды жарыққа  шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан  есептегенде жетпiс жыл бойы  күшiнде болады. Туындыға авторлық  құқықтың қолданылу мерзiмi бiткеннен  кейiн ол қоғамның игiлiгiне  айналады.

 

 Қоғамның игiлiгi болып  табылатын туындыларды кез келген  тұлға авторлық сыйақы төлеместен  еркiн пайдалана алады. Дегенмен, бұл орайда авторлық құқық,  автор есiмiне құқық және туындыға  қол сұқпаушылық құқығы сақталуға  тиiс, өйткені осы құқықтар  ҚР АК 6 т. 982 бабына сәйкес авторлық, автордың есiмi және туындыға  қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады. 

 

Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн  туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:

1) қоршауға алынған латынша  «С» әріппен; 

2) айрықша авторлық құқықтар  иесінің есімімен (атауынан);

3) туындының бірінші жарияланған  жылынан тұратын авторлық құқықты  қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.

 

Авторлық құқтың және сабақтас құқықтардың объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылайтын уәкілетті мемлекеттік  орган – Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитет, ал авторлардың және орындаушылардың  құқықтарын белсенді қорғайтын ұйымдар  – олар «Қазақстандық авторлық қоғамы»  РҚБ және «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі қазақстандық ассоциациясы» ЗТБ. Одан басқа, Қазақстан  Республикасының №1141 2003 жылғы қарашаның 13-нен Қаулысымен Қазақстан Республикасымен 2001 жылы 11 мамырында бекітлген Зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылықтарды жолын кесу бойынша ынтымақтастық  туралы Келісімді орындауды міндетті органдардың тізімін бекітті, олар:

Қазақстан Республикасының  Әділет Министрлігі, Қазақстан Республикасының  Ішкі Істер Министрлігі, Қазақстан  Республикасының Бас Прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржы  полициясы және Кеден органдары.

 

Сонымен, жоғарыда айтылғаның қорытындысын шығарсақ, келесіні айтуға қажет, авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды заңсыз пайдалануы үшін азаматтық (ҚР АК нормалары), әкімшілік (ҚР ӘҚБК 129 бабы), және қылмыстық (ҚР ҚК 184 бабы) жауапкершілік  көзделген.


Информация о работе Авторлык кукык