Адам санасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:24, доклад

Описание работы

Адамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр.

Работа содержит 1 файл

адам санасы психология.docx

— 13.00 Кб (Скачать)

Адам санасы

Адамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер.

Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 — 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған. Австралопитектердің екі аяғымен қозғалатындығын олардың табанының құрылысы дәлелдейді. Австралопитек миының көлемі (519 см3) қазіргі горилланікінен (498 см3) аздап үлкен болған.

Шамамен 400—200 мың жыл  бұрын Дюбуа «питекантропус эректус» — тік жүретін маймыл адам деп  атаған маймыл адам тіршілік еткен. Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250—400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен.

Неандертальдықты сүйек  қалдықтары бойынша қайта кұрастырған  кезде оның сыртқы түрінің қазіргі  адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.

Бұдан 40 — 38 мың жыл бұрын  неандертальдықтардың үрім-бұтағы —  қазіргі типтегі адамдар —  неантроптар (жаңа адам) тегі пайда  бола бастады. Олардың қалдықтары КроМаньоне (Францияда) табылған, сондықтан оларды кроманьоңдықтар деп атаған. Олар денелерін тік ұстап қозғалатын болған, маңдайлары кең, бет-әлпеті қазіргі адамдардікіндей. Бұлар ақыл иелері, ездерінен бұрынғылармен салыстырғанда көптеген түрлі еңбек құралдарын пайдаланған.

Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. «Адаммен бірге,— деп жазды Энгельс,— біз тарих саласына енеміз» .

Сөйтіп, табиғат аясында  сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық  жағдайлары бойынша адамға жақын  тұр және еңбек етудің арқасында  адамға айналған жануарлардың биологиялық  тегі пайда болады деу керек.


Информация о работе Адам санасы