Аскорбин қышқылы (С витамині)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 08:59, лекция

Описание работы

Бұдан басқа, бояуды тұрақтандырғыш, қышқылдауыш (қышқылды реттеуіш) қызметін атқарады.
Өнімдердің сақтау мерзімін бірнеше рет арттырып, шараптың, сыраның және алкогольсіз сусындардың ферментативті қышқылдануын тежейді. Мұнымен қоса, жемістерді, көкөністерді және оларды қайта өңдеу арқылы алынатын өнімдерді мұздатқан, консервілеген және өлшеп ораған кезде қараюдан қорғап, құрамындағы витаминдерді сақтайды.

Работа содержит 1 файл

Аскорбин қышқылы.doc

— 80.00 Кб (Скачать)

Аскорбин қышқылы (С витамині) - антитотықтырғыш (антиоксидант) және антитотықтырғыштардың синергисті.  
Бұдан басқа,  бояуды тұрақтандырғыш, қышқылдауыш (қышқылды реттеуіш) қызметін атқарады.  
Өнімдердің сақтау мерзімін бірнеше рет арттырып, шараптың, сыраның және алкогольсіз сусындардың ферментативті қышқылдануын тежейді. Мұнымен қоса, жемістерді, көкөністерді және оларды қайта өңдеу арқылы алынатын өнімдерді мұздатқан, консервілеген және өлшеп ораған кезде қараюдан қорғап, құрамындағы витаминдерді сақтайды. Антототықтырғыштың ет өнімдеріне қосылуы жиналатын нитриттер мен нитраттардың  мөлшерін үштен бірге азайтуға мүмкіндік беріп, тұрақты әрі біртегіс тұздалуын қамтамасыз етеді, консервілеу процессін тездетеді.  
 
Түсі ақтан ашық сарыға дейін өзгеретін кристаллды ұнтақ болып табылады. 

Қолданылатын  саласы: кондитерлік тағамдар, карамель, сағыз, сүт өнімдері, қойыртылған  сүт, құрғақ таңғы астар, дән үлпегі,  печенье,  балық өнімдері,  қайта өңделген жеміс пен көкөніс өнімдері, мұздатылған көкөністер мен жемістер,  құрғақ картоп, көкөніс пен жеміс консервілері, шарап, шампан, сыра, алкогольсіз сусындар, шырын, минералды су, ет өнімдері, ветчина, ысталған өнімдер, сарделькалар,  өңделген ұннан жасалған тағамдар, көпіршікті таблеткалар, татымды заттар концентраттары.  
Сондай-ақ косметика мен жануарларға арналған азықтар.   
 
Доз алануы - 0,02% дейін.   
 
Қолданылу әдісі . Шарап, сыра, шырын және алкогольсіз сусындарды өңдеу кезінде аскорбин қышқылы соңғы дайын өнімге қосылады. Ет және шұжық өндірісінде ерітінді түрінде тартылған етке қосылады, ал балық өнімдерін дайындаған уақытта тұздық суға кіреді. Жаңа мұздатылған жемістер мен көкөністерге араластырылған ерітіндісін себу немесе өнімді концентратталған ерітіндінің ішіне салу арқылы өңдейді. Аскорбин қышқылы өнімнің ішінде толығымен ерітілу тиіс. Антитотықтырғыш өнімге неғұрлым ерте қосылған сайын, соғұрлым жоғары нәтиже күтуге болады.

Сақтау шарттары: құрғақ, салқын, жарық түспейтін  жерде сақтау қажет.

B тобының  витаминдері  табиғи ортада әрдайым бірге болатындықтан, осындай жиынтықталған атқа ие болған.  
В тобының витаминдері бірігіп, өзінің басты қызметін – ұлпаның тыныс алуына және энергия қуатының шығарылуына қатысады. Ойлау және эмоциялық жүктеме көп түсірілетін, созылмалы аурулармен ауратын қазіргі заманғы адамға В тобының витаминдері көп мөлшерде қажет.  
 

В тобының витаминдері  мына жағдайларда қажет:   
Иммунитет жүйесін күшейту  
Тұмау және жіті вирустық аурулар

Созылмалы шаршау синдромы    
Жүйке жүйесін нығайту  
Депрессия  
Мазасыздық  
Ұйқысыздық

Зейіннің нашарлауы және/немесе гипербелсенділік  
Бас ауру (бас сақинасының ұстауы)  
Бас ауру  
Ұмытшақтық  
Жүрек-қан тамыр жүйесін нығайту  
Кардиомиопатия және іркілген жүрек жетіспеушілігі

Гепатиттер  
Остеопороз  
Қант диабеті  
Гипогликемия  
Гипотиреоз  
Алкоголизм  
Анемия  
Семіру  
Жіті фарингит  
Бронхиттер мен пневмониялар  
Синусит  
Отит  
Тері денсаулығын жақсарту  
Қызғылт бездер   
Себорея дерматиті  
Афтозды стоматит   
Көру қызметінің жақсаруы   
 
Мұнымен қоса В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: ойлау және дене күшіне көп түсетін жүктеме; психоэмоционалдық стресстер; созылмалы және жіті инфекциялық аурулар; екінші рет қайталанған  иммунитет тапшылығы, аллергиялық және аутоиммундық аурулар, монотерапия кезінде В тобы витаминдерінің жекелеген түрлерімен емдеу.

 
B тобының  витаминдерін  ағзаға жинап алу мүмкін емес, сол себепті оны күн сайын арттырып отыру қажет. Осы витаминдердің күші бәрі алкогольмен, рафинад қантпен, никотинмен және кофеинмен жойылады, сол себепті көптеген адамдардың ағзасы осы топтағы  витаминдерге тапшы болатыны таң емес.  

Майда еритін витаминдер

А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.

D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

[өңдеу] Суда еритін витаминдер

С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

[өңдеу] Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары

Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде  құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада  өңдегенде С витамині жойылып, В  тобындағы витаминдердің мөлшері  азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады.

Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.[2] [3][4] 

[өңдеу] В1 витаминi

В1 витаминi (тиамин ) организмде дұры с зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда нерв жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда организм В1 витаминін көп қажет етеді.

[өңдеу] В2 витамині

В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

[өңдеу] В6 витаминi

В6 витаминi (пиридоксин) белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин организмде жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну организмнің өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

[өңдеу] В12 витамині

В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда организмде қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.

[өңдеу] В15 витаминi

В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялықтабиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.

[өңдеу] Е витаминi

Е витаминi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқала, сүттің құрамында бар.

[өңдеу] К витаминi

К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.

[өңдеу] Р витаминi

Р витаминi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витаминімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р витамині шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.

[өңдеу] РР витамині

РР  витамині (никотинамид, никотин қышқылы) организмде биологиялық қышқылдану процестерінің жүзеге асуы үшін қажет. Жеткілікті мөлшерде бауыр мен бүйректе, ашытқыла, ет пен сүтте, сонымен қатар бұршақта, ірі бұршақта, бидай ұнының құрамында бар. РР витамині әсіресе қарақұмық ұнтағында және саңырауқұлақта көп. Өсімдік өнімдерінен гөрі, мал өнімдеріне!! жасалған тағамдардың құрамындағы витаминдерді адам организмі жақсырақ сіңіреді.

Информация о работе Аскорбин қышқылы (С витамині)