Ауыр металдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:04, контрольная работа

Описание работы

Халықтың жағдайы əрдайым оны қоршаған ортаның қасиетіне тəуелді болғандықтан, қо –ны гигиеналық бақылаудан өткізіп отыру қажет. Қоршаған ортаның адам өмірінен əсері бірнеше факторлар жиынтығына тəуелді болады: қоршаған ортаның табиғаты, əлеуметтік жағдайы, өндірістік жəне тұрмыстық жағдайы. өз кезегінде
бұлардың барлығы адам өмірінің санитарлық жағдайы болып табылады. Осы санитарлық жағдайларды зерттеу үшін гигиеналық талаптар мен нормаларға сай екендігін анықтайтын əлеуметтік – гигиеналық жəне зерханалық санитарлы – гигиеналық əдістер қолданылады.

Работа содержит 1 файл

Тағамдық биотехнология мамандану студенттеріне арналған.docx

— 92.55 Кб (Скачать)

 

 Паштет өндіру технологиясы 

Мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалар организмінін биологиялық толық

тамақтануы үшін ВНИИМП жаңа өнім – паштетті шығарды, ол оңай сіңімді кальций жəне

темірмен  байытылған.  Паштетті  амитанды  қабықшамен  оралған клипстелген батончик

түрінде  шығарады.  Паштетті  кальций  тұздарымен  байыту,  оның  биологиялық

құндылығын арттыру үшін сүйек ұнтағын пайдаланады. 

Жануар  белогы  ретінде субөнімдер (бауыр,  жүрек)  пайдаланылады,  олардың

құрамында барлық алмаспайтын  аминқышқ.ры бар. Ет шикізаты ретінде  сіңірлі сиыр еті 

(дəнекер  ұлпасы,  майы 14%),  жартылай  майлы  шошқа   еті (майлы  ұлпасы 30-50%)

субөнімдер (бауыр мен жүрек), соя изоляты не құрғақ сүт, белоктық стабилизатор немесе

крахмал қосылады. Өнім белок-май құрамы жағынан теңгерілген (1:1-1.2 ).

Семей ғалымдары «Сергек» деген ет паштетінің технологиясын жасады, ол сүйектен

алынатын компонентпен байытылған, сапасы жақсартылған. Паштетті өндіруге: жартылай

майлы  шошқа еті,  жылқы етінің  қиындылары,  сиыр  бауыры,  белок комплексі (БК),

белокты-майлы эмульсия (БМЭ), жұмыртқа меланжы, дəмдеуіштер қосылады. 

 

5-лекция. Шарап жасаудың  екіншілік өнімдерін пайдаланудың  экономикасы. 

1.   ШАРАП ЖАСАУДЫҢ  ЕКІНШІЛІК ӨНІМДЕРІН УТИЛИЗАЦИЯЛАУДЫҢ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ 

Қазіргі  халық  шаруашылығының  динамикалық  өсімі  табиғи  ресурстарды  жылдам

пайдалануға  алып  келуде.  Ресурстар  шектеулі  болғандықтан,  оларды  экономды

пайдаланудың  өзектілігі  арта  түседі.  Шарап  жасаудың  қалдықтарын  өңдеу  халық 

шаруашылығы үшін құнды өнімдерді  алуға мүмкін береді: этил спирті, шарап  қышқылы,

жүзім майы, полифенолды концентраттар, əлсіз алкогольді жəне алкогольсіз  сусындар мен 

басқа да тағамдық, косметикалық жəне фармацевтикалық өнімдер.

Дəрістің  мақсаты  –  Дəрісте  дамыған  мемлекеттердің  шарап  жасаудың  екіншілік 

өнімдерін  пайдаға  жаратуындағы  жинаған  тəжірибесіне  анализ  жасау,  қиындықтар  мен 

оны шешу жолдарын  қарастыру. Жүзімді  қалдықсыз  өңдеу  технологиясын  енгізу шарап 

жасайтын  кəсіпорындарға  бəсекеге  қабілеттігін  арттыруға,  жұмыс  көрсеткіштерін

жақсартуға мүмкіндік  беретінін көрсету.

 

 

2.  Басқа елдердің тəжірибесі.

А) Дамыған елдердің тəжірибесі

Бұл  мəселе  көптеген  елдерде  əлдеқашан  бұл  мəселе

шешімін  тапқан. Францияның, Италия, Швейцария жəне  т.б.

елдердің  өндірушілері  жүзімнің  тұқымынан:  фураждық  жем,

тағамдық ұнтақ, абразивті  материалдар (ұсақ түйіршікті тығыз 

заттар,  оларды  металдардың,  ағаштың,  т.б.  бетін  өңдеуге 

пайдаланады),  энотанин  жəне  жүзім  майын (оның  құрамында  полиқанықпаған  май 

қышқылдары,  мысалы,  линоль  қышқылы  көп  болғандықтан  тағамдық  құны  жағынан 

күнбағыс, соя, жүгері майынан  асып түседі. Жүзім майын ультрафиолетпен  сəулелендіріп,

D  витаминін  алады.  Энотаниннің  негізінде  биологиялық   активті  заттар,  олардан 

медикаментоздық,  косметикалық  препараттар,  ауыл  шаруашылық  дақылдарының  өсуін 

стимулдейтін заттар алады. Жүзімдіктерді кескеннен соң  қалатын жүзім шоғын көптеген

ТМД  елдерінде  жай  ғана  өртеп  жібереді,  ал  Францияда  сүректі  плита  жасауға 

пайдаланады. Италияда шарап  жасаудың қалдығы – жүзім күнжарасынан (жмых)  граппа

дейтін –  бұрын  итальян  кедейлерінің  самогоны  болған,  ал  қазірде  таңдамалы  спиртті 

сусынды алады.

Дамыған  елдер  шарап  жасау  қалдықтарын  утилизациялаудағы  табыстарға

мемлекеттік бағдарламалардың, жəне мықты ғылыми-зерттеу базасының  арқасында жетіп 

отыр. Мысалы,  Ұлыбританияда  əлемдегі  ең  айтулы – шарап  магистрлерінің  Институты 

жұмыс  істейді, онда оқу Master of Wine дəрежесін береді. 1953 ж.  ашылғаннан бері оны 

бар  болғаны 300  адам  ғана  тəмамдады.  Германияда  жүзім  шаруашылығы  мен  шарап 

жасаудың мəселелерімен  Неміс шарап өндірісі институты (DWI) айналысады.

Қалдықсыз  технология  Болгарияда  да  енгізілген.  Болгардың  «Винпром»  бірлестігі

жүзімнің ақ сорттары басым  өсірілетін аудандарда арнайы утилизациялық  цехтар құрады,

олар жүзім  тұқымын  бөліп  алып  кептіреді,  ал  тəтті  сығындыдан  қант  экстракциялайды.

Экстракцияланған  сығындылар  агрокомплекстің мекемелеріндегі  жануарларды жемдеуге

жіберіледі. Ал қызыл сорттар  басым егілетін орындарда, жүзім  сығындыларын комплексті

өңдейді де, бояғыш зат, жемдік ұн жəне шарапқышқылды қосылыстар алады.

 

Б) Молдова тəжірибесі

Жүзімнен  шарап  алынған  соң  қалатын  екінші  шикізаттан  жоғарыда  айтылған

өнімдердің  барлығын  алады.  Жүзім  шырынын  ашытып  шарап  алған  соң  ашытқылар  қалады,  олардан  да  шарап  қышқылы  мен  оның  туындыларын,  спирт,  биогаз  өндіреді.

Коньяк  өндірісінің  қалдығы  –  бардадан:  шарап  қышқылы,  органикалық  тыңайтқыштар

жəне биогаз сияқты мынадай  өнімдер жасауға болады.

Молдовада  шарап  жсаудың  екіншілік  өнімдерін  өңдеп,  жаңа  өнімдер  алу  арқылы

мемлекет қанша кіріс  табатынына есептеулер жасалды. Бір  маусымдағы алынған 300 мың 

тонна сорты техникалық жүзімге  есептелген. Мысалы, жүзім майын (2,3 мың т) алып, оны 

70  лей/кг  сата  отырып, 160  млн  лей  табыс   табуға  болады  екен.  Егер  де  сол  көлемдегі 

тұқымнан энотанин де (1200 т) өндіретін болса (бағасы 1000 лей/кг) – бұл тағы да 1,2 млн 

лей табыс. Əлемдік нарықта  оған деген сұраныс зор, Молдова  қазірде экспорттап жатыр.

Ал  егер,  энотаниннің  өзін  емес,  соның  негізінде  алынған  өнімдерді  сататын  болса,

қосымша  құны  тағы  да  артады.  Оған  қоса, 45  мың  т.  Қызыл  жүзім  сорттарының 

сығындылары қалдық ретінде  шығады, одан бағасы 50 лей/кг тұратын 4500 т энобояғыш 

өндірсе, табыс 225 млн лей  болады. Бұл – бəрі емес. 

Тағы  бір  мемлекеттік  бағдарлама  редуктондар  деп  аталатын  тотықсыздандырғыш 

қасиеттері  бар  заттарды  алудың  жаңа  технологияларын  жасап,  ендіруді  көздейді.  Осы 

шарап  қылқылы  мен  оның  туындылары  фармацевтикада,  тағам,  химия  текстиль

өнеркəсібінде пайдаланылады. Батыс европа елдерінде осы өнімге деген сұраныс тек 40%

ға  қанағаттандырылған.  Редуктондардың  негізгі  өндірушілері –  Италия,  Франция,

Испания.  Осыдан  аз  уақыт  бұрын  бұл  дефицитті  қытай  бизнесмендері  компенсациялап

еді,  олар  шарап  қышқылын  мұнай  өнімдерінен  алатын.  Бірақ,  ЕО  оның  қолданылуына

тыйым  салды.  Енді  тек  табиғи  өнімге  ғана  сұраныс  жоғары,  ал  дəстүрлі  көзі  шарап 

жасаудық қалдықтары.

Молдовада  шарап  қышқылын  алудың  резервтерін  есептеу  бойынша: 600  мың  т 

жүзімді өңдегенде сығындыдан шарап қ.ның шығымы 156 т, ашытқыдан  – 200 т, бардадан

– 90 т. Барлығы – 446 т. Ішкі қажеттілік үшін 100 т, ал 346 т экспорттауға болады. Табиғи

шарап  қ.ның (99,9%) 1  кг-ның  бағасы  əлемдік  нарықта  фармация  саласы  үшін - $800,

тағам өнеркəсі - $30-40, басқа  салаларда - $4.

2  ж.  бұрын  испан   фирмасы "Agrovin"  шарап   ашытқысынан  шарап  қ.лын   алуға 

Молдовада  завод  салуды  ұсынған,  ал  өндіріс  рентабельді  болу  үшін,  испандықтар 

шикізаттың жартысын Украинадан импорттамакшы болған. Бірақ Молдова  заңы бойынша 

шарап  ашытқылары  екінші  өнімге  емес,  қалдыққа жатады,  қалдықтарды  кіргізуге  тиым

салынған. Экология Министерлігі жəне "Moldova-Vin" агенттігі осы  проектке теріс шешім 

шығарған  соң,  оны  Румынияда  жүзеге  асырды. "Ноу-хау"  технологияны  енді

итальяндықтар сатып алғалы жүр. 

Молдова химия Институында  энотаниннен  эноксил деген биологиялық  активті  зат 

алынған,  оның  негізінде  жасалған  препараттардың  медицина,  ветеринария  жəне  ауыл

шар.ғына  маңызы  зор.  Мысалы,  эноксилдің  төмен  дозасы P.аeruginosa  типтес

микробтарға  қарсы  антимикробты  қасиеттері  левомицетин  сияқты  антибиотикпен 

салыстырғанда  жоғары.  Оны  қант  қызылшасының  плантациясында  пайдаланғанда 

өскіндердің өнуі артты, тамыр  шірігімен зақымдалуы төмендеді, урожай мен қазылшадағы 

қанттың  мөлшері  артты.  Ол  жүзімдіктерді  мучнистая  роса  мен  сұрғылт  шіріктен

қорғайды. 

Эноксилді  медициналық  прапарат  жəне  тұқымды  өңдейтін  препарат  ретінде 

пайдаланудан келетін  табысты қайта есептесе: сол 300 т  жүзімнен кем дегенде 12 мың т 

тұқым алынады. Одан 720 т энотанин алынса, ал одан 540 т эноксил (70%) алуға  болады.

Бір кг эноксил 1800 лей тұрады. Оның 40 т-сы тұқымды өңдеуге жұмсалады  десек, табыс 

72 млн лей болады екен. Қалғанынан флакондағы лосьондар  алса, 25 мл -10% дық (10 млн 

флакон 15  лейден)  жəне 5-%  дық (20  млн  флакон 10  лейден).  Осындай  əсер  ететін

импорттық препараттар қымбат тұрады: "Betadin", 30 мл (Венгрия) жəне "Exoderil", 10 мл

(Австрия) – 35,1 лей. Сонда,  эноксил арқылы барлығы 422 млн  лей табыс табуға болады.

Оны өндіруді өндірістік негізге  қою үшін 2,5 млн лей қажет. Сонымен  бірге,  ғылыми  əлемде  Молдова  ғалымдарының (Қолданбалы  жəне

экологиялық  химия  институты)  берлин  лазурінің  тұнбасын  бұзуға  арнап  жасап 

шығарған  өнімі  үлкен  қызығу  тудырды.). Франция, Германия жəне Румыния  ғалымдары 

оған  əлемдегі  жалғыз  биологиялық  əдіс  деп  қабылдады. "Берлин  лазурі –  шарапты 

деметаллизациялаудан міндетті түрде шығатын қалдық. Бұрын оны  көміп тастауға рұқсат

етілетін, олар ҚОны ластайтын. ЕО заңы көмуге тиым салады, сондықтан, берлин лазурін 

утилизациялау өте өзекті. Бар  əдістер (химиялық жəне өртеу) қымбатқа  түседі. Молдова 

ғалымдары  берлин  лазурінің  тұнбасын (ол  қышқыл)  қант  өндірудің  қалдығы – 

дефекаттармен (олар  да  сілтілі,  əрі  улы)  араластырып,  бұршақ  тқымдастар  егілетін

топыраққа енгізуді ұсынды. Мұндай топырақта уробактериялар болады, олар осы қоспаны 

азотты тыңайтқышқа трансформациялайды.

Эксперименталық  құрылғыда  биоотынға  қосылатын  қоспа  өндіріліп  жатыр,  ол

коньяк  өндірісінің  қалдығы  –  шарап  спиртінің  бастапқы  жəне  ақырғы  фракциялары.

Бұрын  осы  фракциялар  еріткіштер  жасауға  Армавирге  жіберілетін.  Енді  қалдықтарды 

экспорттауға  тиым  салынғандықтан,  оларды  утилизациялаудың  технологиясын  жасауға 

тура  келуде. Молдова  да  осы  қалдықтан  еріткіш  өндіре  алар  еді,  бірақ  нарық  биоотын 

талап етеді. 

Шарап  қ.нан  алынатын  редуктондар (тотығуға  қарсы  əрекет  етеді)  шарап 

өндірісінде, фармацевтикада,  косметика  саласында  қолданылады. Мысалы, шарап  қ.ның 

бір  түрі –  метатартр  қышқылы  –  тиімді  стабилизатор,  шарап  жасауда  пайд.ды.  ол

шарапта  жəне  шырында  шарап  тасының  түзілуін  тежейді,  əрі  оның  дəмдік  сапасын 

өзгертпейді, жəне  улы  емес. Шарапты  суықпен  өңдеп  стабилизацилау  əдісіне  қарағанда,

бұл əдіс əлдеқайда арзан. Шарап қ.ның тағы бір түрі –  диэтил (спиртпен) – теріге арналған

ағартатын,  қартаюға  қарсы  кремдер,  шампуньдер,  душ  гельдері,  шашқа  арналған

кондиционерлер құрамында  тиімді пайдаланылады. Лабораторлық жағдайда шарап қ.ның 

диэтилінің негізінде  жаңа бетке арн. крем алынып, тесттен  өтті, оның тиімділігі ланолин 

(синтетикалық зат) қосылған  кремнен жоғары болған.

 

Ресей.

Ресейде шарап  өнеркəсібінің  екінші шикізатын  өңдеуге  үлкен  мөңіл  бөлінеді. 2002

ж.дан  бері  елде  Салалық  мақсатты  бағдарлама  жұмыс  істейді,  мақсаты  жүзімшілік  пен 

шарап  өнеркəсібін  дамыту, шараптың  екіншілік  ресурстарын  тиімді  өңдеу. Нəтижесінде 

Ставрополь  өлкесінде  біріншілік  жəне  екіншілік  заводтар  техникалық  жағынан  қайта 

жабдықталды. 

Эксперименталды АНМ "Izomer"  кəсіпорнында  пилоттық  құрылғылар  енгізілді,  ол

шарап қ.лын өндіреді, кристалдайды, кептіреді. Өнеркəсіптік масштабта  енгізу үшін (300 т 

жылына) 600 мың евро көлемінде  инвестиция керек екен.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ауыр металдар