Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 14:05, реферат
Халықаралық сауданың барлық теориялары сұраныс пен ұсыныстың әлемдік балансы негізінде тепе-теңдік бағасының қалыптасу заңдылықтарына ерекше назар аударады. Осы баға көптеген жағдайларда бір-бірімен өзара саудаласатын елдердің ішкі бағаларынан ерекшеленетіндіктен елдер арасында, сондай-ақ олардың ішінде халықаралық саудадан түскен табысты бөлу мәселесі туындайды. Ел ішінде осы факторлар көмегімен өндірілген соңғы тауарлар бағасының өзгеруі нәтижесінде өндіріс факторларының иелері табыстарға (шығындарғаие болады
Өндіріс факторларының ара-қатынас теориясы
Халықаралық сауданың барлық теориялары сұраныс пен ұсыныстың әлемдік балансы негізінде тепе-теңдік бағасының қалыптасу заңдылықтарына ерекше назар аударады. Осы баға көптеген жағдайларда бір-бірімен өзара саудаласатын елдердің ішкі бағаларынан ерекшеленетіндіктен елдер арасында, сондай-ақ олардың ішінде халықаралық саудадан түскен табысты бөлу мәселесі туындайды. Ел ішінде осы факторлар көмегімен өндірілген соңғы тауарлар бағасының өзгеруі нәтижесінде өндіріс факторларының иелері табыстарға (шығындарғаие болады. Абсолютті және салыстырмалы артықшылықтардың классикалық теориялары халықаралық сауда ел ішіндегі табыстардың бөлінуіне ықпал етпейді деген.
Хекшер—Олиннің өндіріс факторларының өзара ара-қатынас теориясы салыстырмалы артық өндіріс факторларының иелері саудадан ұтысқа ие болып, ал салыстырмалы жеткіліксіз өндіріс факторларының иелері ұтылатынын көрсеткен. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: алғашқылары еркін сауда үшін, ал екіншілері оған қарсы шығады. Алайда, Хекшер—Олин—Самуэльсонның өндіріс факторларына бағаларды теңестіру теориясы сауда-саттық нәтижесінде тауарлардың салыстырмалы бағаларын теңестіру өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларын теңестіруге әкелетінін көрсетті.
Өндіріс факторларының ара-қатынас теориясының жеке жағдайы ретінде қарастыруға болатын өндірістің ерекше факторларының теориясы халықаралық саудадан түсетін табыстарды бөлу мәселесіне қатысты екі мәселеге жауап бермеген. Өндіріс факторларының бағалары қалайша бекітіледі және тауарлардың бағалары жоғарылағанда немесе төмендегенде олардың иелерінің табыстары қалай өзгереді? Және бір өндіріс фактор ұсынысының артуы өндіріс көлеміне, экспорт көлеміне және табыстар көлеміне қалай әсер етеді? Осы сұрақтарға халықаралық сауданың жаңа теорияларының қатарына жатқызылатын екі теория жауап берді: Столпер—Самуэльсонның өндіріс факторларының бағаларына ықпал ету теориясы және Рыбчинскийдің өндіріс өсіміне факторлар өсімінің ықпал ету теориясы. Осылардың барлығы 4.1. суретінде көрсетілген.
Халықаралық сауданың түсіндірмесі |
Табыстардың бөлінуін түсіндіру |
Абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар теориясы |
Табыстарды бөлу мәселесі қарастырылмады |
Өндіріс факторларының ара-қатынас теориясы |
Хекшер — Олин: салыстырмалы артық өндіріс факторларының иелері ұтысқа ие болып, салыстырмалы жеткіліксіз өндіріс факторларының иелері ұтылады. |
|
Хекшер — Олин — Самуэльсон: тауарларға салыстырмалы бағаларды теңестіру өндіріс факторларына салыстырмалы бағалардың теңесуіне әкеледі (өндіріс факторлары иелеренінің табыстары) |
Ерекше өндіріс факторлары |
Самуэльсон — Джонс: экспортты салалар үшін тән болып табылатын факторлар иелерінің табыстары ұлғаяды, ал импортпен бәсекелесуші салалар үшін тән болып табылатын факторлар иелерінің табыстары азаяды |
|
Столпер — Самуэльсон: халықаралық сауда бағасы өсетін тауар өнідісі үшін интенсивті қолданылатын фактор иесінің табысының өсуіне әкеліп, бағасы төмендейтін тауар өндірісі үшін қолданылатын фактор бағасының төмендеуіне әкеледі. |
|
Рыбчинский: бір фактордың ұсынысының артуы өндірістің пайыздық артуы мен интенсивті қолданылатын саладағы табыстардың артуына әкеледі |
Салыстырмалы артық факторлар неғұрлым көбірек интенсивті және неғұрлым азырақ интенсивті тауарлар өндірісі үшін пайдаланылуы мүмкін. Сәйкесінше, салыстырмалы жеткіліксіз факторлар салыстырмалы көбірек интенсивті немесе салыстырмалы азырақ интенсивті тауар өндірісі үшін қолданылуы мүмкін. Мысалы, егер капитал аталмыш елде салыстырмалы артық фактор болып, капитал сыйымды тауарға жұмсалса, бұл оның салыстырмалы неғұрлым көбірек интенсивті қолданылатынын білдіреді. Егер де ол қандай да бір шамада еңбек сыйымды тауарға жұмасалатын болса, онда оның салыстырмалы неғұрлым төменірек қолданылатынын білдіреді.
2)
Өндірістің ара-қатынас факторлары теориясын дамыта отырып, Самуэльсон—Джонстың ерекше факторлар өндірісі теориясы сауда-саттық нәтижесінде артық өндіріс факторларының барлық иелері табыс алмай, елдің экспортты салаларына тән болып табылатын фактор иелері ғана табыс алатынын көрсетті. Және мұнда салыстырмалы жеткіліксіз өндіріс факторларының барлық иелерінің табыстары қысқармай, импортпен бәсекеге түсетін салаларға тән болып табылатын өндіріс факторлары иелеренің табыстары ғана қысқаратынын көрсетті. Мынадай қорытынды жасауға болады: салыстырмалы артық өндіріс факторларының барлық иелері еркін сауданы қолдамай, экспортты салалар үшін тән болып табылатын өндіріс факторларының иелері ғана оны қолдайды. Және керісінше. Мұнда халықаралық сауда не қысқаратын, не ұлғаятын шоғырландырылған факторлар иелерінің табыстарына ықпал етеді.
Факторлар ұсынысының өндірістен түскен табысқа ықпалы
Ұлты поляк, ағылшын экономисті, кейіннен «Lasard Bros.» американдық компаниясының бас экономисті Т.М.Рыбчинский 1955 жылы студент бола тұрып, бір өнеркәсіп саласының жылдам дамуы өзгелеріне кері әсер ететінін көрсетіп, фактор ұсынысы өсімі мен өндірістің ұлғаю ара-қатынасы теоремасын дәлелдеді.
Столпер— Самуэльсонның теоремасындағы барлық алғышарттарды қолдана отырып, Рыбчинский бір саладағы өндіріс факторының өсуі мен өзге салалардағы өндірістің қысқаруы арасында тікелей байланыс болатынын көрсетті.
@ Рыбчинский теоремасы (Rybczynski Theorem) — бір өндіріс факторының ұлғаймалы ұсынысы аталмыш фактор салыстырмалы неғұрлым жоғары интенсивтілікпен пайдаланылатын саладағы табыс пен өндірістің пропорцияоналды емес пайыздық ұлғаюына, және аталмыш фактор салыстырмалы неғұрлым төмен интенсивтілікпен пайдаланылатын саладағы табыс пен өндірістің қысқаруына әкеледі.
Рис. Фактор өсімінің өндірістен түскен табысқа ықпалы
Айталық, еңбек және капитал
көмегімен өндірілетін екі
Айталық, капитал мөлшері GG' – ға артты, мұнда өзге өндіріс факторының көлемі мен 1 және 2 тауар бағалары өзгеріссіз қалды. Егер капиталмен қамтамасыз етілудің өзгерген деңгейін көрсететін G' нүктесінен жаңа параллелограмма жүргізсек, онда капиталмен қамтамасыз етілу деңгейінің артуынан кейін 1 еңбек сыйымды тауарының өндірісі F' нүктесіне ауысады, ал 2 капитал сыйымды тауарының өндірісі — Е' нүктесіне ауысады.
Капитал мөлшерін ұлғайту нәтижесінде 2 капитал сыйымды тауар өндірісі ЕЕ'-ге артты, ал 1 еңбек сыйымды тауар өндірісі FF'-ке қысқарды. Осылайша, бір фактормен қамтамасыз етудің артуы оның салыстырмалы неғұрлым көбірек интенсивті қолданылатын тауар өндірісінің артуына әкеледі, және керісінше. ЕЕ7ОЕ > GG7JG дегеніміз капитал көлемінің артуы капитал сыйымды тауар өндірісінің пропорционалды артуына әкеледі дегенді білдіреді.
Халықаралық сауда үшін Рыбчинский теоремасының салдарлары мынадай. Хекшер—Олиннің өндіріс факторларының ара-қатынас теориясына сәйкес ел өзі неғұрлым жақсы қамтамасыз етілген фактор көмегімен өндірілген тауарларды экспорттайды. Рыбчинский теоремасы салыстырмалы артық фактор көмегімен экспортқа өндірісті кеңейту аталмыш фактор салыстырмалы артық болып табылмайтын салалардағы өндірістің төмендеуіне әкелетінін дәлелдейді. Бұл салаларда импортты тауарларға деген қажеттілік арта түседі. Керісінше, салыстырмалы жеткіліксіз факторды кеңейту импорттың орнын басушы салаларда өндірістің өсуіне әкеліп, импортқа деген қажеттілікті төмендетеді. Рыбчинский теоремасы бір салаларда экспорт пен өндірісті белсенді түрде кеңейту өзге салаларда өндірістің төмендеуіне және импортқа деген қажеттіліктің туындауына әкелетінін көрсетеді. Жекелеген жағдайларда, мұндай төмендеу кедейлікке әкелуі мүмкін, яғни өндірісті кеңейтуден алынған оңды нәтижелерден басым түсу.
Рыбчинский теоремасымен сипатталатын нақты көріністердің бірі - «голландтық ауру» болып табылады. 70 жж. Голландия Солтүстік мұхиттағы табиғи газды өндіруді бастағанда, газ өндіру көлемінің жылдам артуы өңдеуші салалардан осы салаға ресурстардың ағылуымен сипатталған. Бұл, өз кезегінде, ондағы шығару көлемі мен экспорттың қысқаруына әкелген. Мұндай жағдайлар жаңа кен орындарын өндіру бойынша интенсивті жұмыстар жүргізілген Ұлыбританияда, Норвегия мен көпетеген өзге елдерде де байқалған.
Информация о работе Өндіріс факторларының ара-қатынас теориясы