Темекінің зияны

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:01, реферат

Описание работы

Темекі - құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан, алдымен көшеті өсіріліп, сосын егістік жерге отырғызылады. Темекі - жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Темекінің түтіні ағзаға зиянды және улы заттардың жиынтығынан тұрады. Бұлардың ішінде ең қауіптісі - никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензепирен, полоний, висмут, т.б.).

Работа содержит 1 файл

темекі.docx

— 63.20 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Темекі - құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат  бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын  күйдегі жапырағынан жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан, алдымен  көшеті өсіріліп, сосын егістік жерге  отырғызылады. Темекі - жапырағында  танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар  бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды  бар. Никотин сульфат тұздары  ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Темекінің  түтіні ағзаға зиянды және улы заттардың  жиынтығынан тұрады. Бұлардың ішінде ең қауіптісі - никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензепирен, полоний, висмут, т.б.).

Никотин - циаминге пара-пар у. Никотин улы зат болғандықтан, медицинада дәрі ретінде қолданылмайды. Мәселен, 5-6 тамшы никотинді итке берсе, сол заматта өліп кетер еді. Ал, бір қорап темекінің құрамындағы никотинді инемен шаншыса, адам лезде көз жұмады. Алайда, адам ағзасы никотинді қан арқылы емес тыныс жолымен қабылдайтындықтан, бірден емес, «баяу өлім» арқылы өз түбіне өзі жетеді.

Темекі құрамындағы улы заттардың саны 70-тен 300-ге дейін жетеді. Алайда, темекі шегу кезінде улы заттар одан сайын арта түседі. Өйткені, темекі тұтатылғанда, тем­пература 600-ден 900 градусқа дейін көтеріледі де, жаңа улы заттар мен өнімдер түзіледі. Осылайша темекінің құрамындағы улы заттар саны 4 мыңға дейін көбейеді.

Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, одан адам қанына сіңіп, қан арқылы адам ағзасының түкпір-түкпірін улайды. Сілекей арқылы жұтынғанда, никотин өңешке, асқазанға өтеді. Сөйтіп, ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте сезімтал жүйке талшықтарын зақымдайды. Никотин қан арқылы миға жетеді, әуелі оның жүйке жасушаларын (нейрондарды) қоздырады, сосын оларды улай бастайды.  Ол  түтін арқылы тыныс жолдарымен өтетіндіктен, темекі түтіні оның ішкі қабыршақтарын ыстайды, ісіндіріп, қабындырады, қан түйіршіктеріндегі оттегіні адам ағзасына таратушы тамырларға ауыр зардабын тигізіп, қан айналымы қиындағаннан ми, жүрек, басқа ағзалар «қорексіз» қалады. Көк түтіннің салдарынан адамның бүкіл қан тамырлары жиырылып, қан алмасу қиындайды. Жүрекке үлкен ауыртпалық түсетіндіктен, жүрек талмасына алып келеді. Миға баратын қан мөлшері азайып, ол өз күшінде жұмыс істей алмайды. Барлық ағзаларға оттегі жетіспегендіктен, бас ауырып, жүрек сыздап, аяқ-қол қақсайды. Темекі шегетін аналар тапқан баланың қан түйіршіктерінің гемоглобині кем болады.

 

ТЕМЕКІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ

 

Темекі тарту халық арасында ертеден келе жатқан зиянды әдеттердің бірі. Оны осы кезде еркек те әйел де қарт та жас та тартады. Құныққан адам ертемен төсектен көзін – ашпастан темекіге ұмтылады. Көп адам темекіні жұмыс үстінде, үзіліс кезінде, көшеде, далада, қарны ашса да, тамақ ішсе де шегеді. Құмарпаздар бір шылымды шегіп үлгермей екіншісін бастайды. Үлкендерге еліктеп папирос қалдықтарын балалар да ауызына қыстырады.Бұл әдет алғашында еліктеу түрінде болғанымен келе-келе олар да үйреніп кетеді. Үлкен – кіші бірдей әуестенетіндей осы темекіде не бар? Онда қызығарлық түк те жоқ. Ақиқатына келсек, оның ішінде никотин дейтін нерв жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу, жүрек-қан тамырлар жүйесіне ерекше у бар. Никотин суда тез ериді, сондықтан ол ауыздың; мұрынның, кеңірдек тарамдарының кілегейлі қабықшасына оңай сіңеді, сонан соң сілекеймен бірге асқазанға, ішек қарын жолына өтеді. Шылым шегу қан тамырларының тарылуын туғызып, жүрек бұлшық етінің инфарктін, инсультін, журек бұлшық еттері мен мыйдің қан тамырлары ауруларының пайда болуының ең маңызды факторларының біріне айналады. Темекі журек қан тамырлары жуйесіне қалайша әсер етеді? Никотин әрекет етуінің бірінші кезеңінде қан жүру және тыныс алу орталықтарын қоздырады, екінші кезеңінде керісінше оларды қалжыратады. Егер шылым шегетін адамның тамырын басып көрсек онда түтінді бірінші рет жұтқанда жүректің соғуы бәсеңдейді, одан соң жиелей бастайды да қан тамырларының қысымы артады. Бұған сигареттен келетін көміртегі оксидінің қандағы холестеринді көбейтіп атеросклерозды күшейтетінін қосу керек. Жалпы алғанда шылым шегу жүрекке жағымсыз әсер етеді, шылым шегетіндер арасында екіесе инфарктке ұшырау мүмкіндігіне шалдығады. Қан тамыры ауырған кезде жүректен қанның жүрісі нашарлайды, оған оттегінің жеткізілеуі кемейді. Көміртегі оксиды қандағы оттегінің тканьға жеткізулігіне кедергі жасайтындығынан жағдайды қиындата түседі.Сонымен, көміртегі оксидының әсер етуі қан тамыры ауыратын адамдардың миокард инфарктіне ұшырау ықтималдығын арттырады.

Шылым асқазан жарасының себепшісі - әр тартылған сигареттен кейін асқазанда гастриттің белгілері пайда болады. Әуелгі кезде асқазанның жиырылуы төмендейді де никотиннің белгілі мөлшелерінен кейін керісінше арта түседі, қарын сөлінің бөлінуі тежеліп, осының нәтижесінде тәбет жойылады. Бұл гастриттік құбылыстың бәрі асқазан бұлшық еттерінің тырысып тартылуына әкеліп соқтырады. Осыдан келіп астың қорытылуы баяулап іш түйіледі, жүрек айныйды, кейде адам құсады. Шылым шегу қан тамырларын тарылтады, ішкі мүшелердің қан айналымын бұзып асқазанның кілегейлі қабықшасымен аш ішекке жара шығу қауыпын туғызады. Ішкі мүшелер жұмысының бұзылуын шылым шеккен кезде никотиннің сілекеймен бірге асқазанға барып түсуінен кейін оның нейросекреторлық және моторлық белсенділігіне қоздырғыштың әсер ететінен деп түсіну керек. Адамның ішек- қарны көрікті мезгіл – мезгіл қабылдап бір қалып жұмыс жасауға дағдыланған. Темекі уының ішек- қарынға барып түсуі оның жұмыс ырғағын бұзады.

Шылым аяқ гангренасының себепшісі. Аурудың бірінші сатысы – аяқтың мұздауы, өңінің қашуы, саусақтарының жансыздануы сияқты елеусіз белгілерден білінеді. Сонан кейін қанның жетіспеуінен адам ақсаңдай бастайды. Дәл осы кезде табанның сырт жағынан үлкен башпайға қарай өтетін қан тамырларының соқпайтындығы анықталады. Аяқты жоғары көтерген кезде қанның жетіспеуінен табан терісі кенет бозарып төмен түсіргенде көгеріп - күрен тамырда қанның аздығын білдіреді.

Темекі жас өспірімдер үшін өте зиянды, өйткені никотин  олардың балдырған ағзасын тез  уландырады да дұрыс өсуңне кедергі  жасайды.

Әйелдердің темекіні пайдалануы әр кезде жаман әдеттің нышаны деп танылып айыпталады. Сондықтан темекіге әуес қыз – балалар мен әйелдер тереңнен ойланып шежіре шығарулары тиісті. Осы жай туралы орыс ақыны Пушкинның темекі искеген сұлуға арналған мындай өлең жолдары бар:

Гүлді құшпай тәңертең жұпар  шашқан

Қабыстырып жасықсыз құр ішекті

Жасанды жол арқылы ұнтақталған

Құшырлана өбесің улы шөпті.

Қысқаша жалпылама.

Темекінің зияны:

  • Ас қорытуға
  • Асқа деген тәбетті қайтарады.
  • Ас қорытуды қиындатады.
  • Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
  • Асқазанда жара пайда болады.
  • Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
  • Тыныс алуға
  • Жөтел және қақырық пайда болады.
  • Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.

Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

Қан айналымына зияны:

  • Тамырды қатайтады (атересклероз).
  • Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
  • Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
  • Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
  • 'Басқа да зардаптары'
  • Есте сақтау қабілетін азайтады.
  • Көңілсіздікке душар етеді.
  • Ұйқыны азайтады.
  • Теріге әжім түсіреді.
  • Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
  • Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
  • Өте ескерусіз келе жатқан және бір зияны, темекінің өртке себепші болуы.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса  қауіпті.

Жыл сайын дүниежүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына күн  сайын 25 ұшақ апатқа ұшыраған жолаушылардың  санымен салыстыруға бола­ды. Бүгінде  жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін  көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс  болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға  өсіп отырған. Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда темекі жарты миллиард адамның түбіне жетуі мүмкін. Бұл  келеңсіз мәлімет  үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты  дерек. Егер жарнамалық тұрғыда насихат  жасауға тыйым салынбаса, ғасыр  соңына дейін жер бетінде 1 млрд. кісі  темекінің құрбанына айналмақ. Ал, шылым шегетіндердің 95 пайызы өкпенің  қатерлі ісігіне ұрынады. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, жер шарындағы 2 миллиард жасөспірімнің санасы никотинмен уланған.

Америкалық бір ғалымның темекінің адамзатқа қауіптілігін атом бомбасымен салыстырғаны бар. Төмендегі  нақты мәліметтерге қарап шықсаңыз, бұл сөздің негізсіз еместігіне көз  жеткізесіз.

Қатерлі ісік (рак) ауруларынан  қаза болған әр 100 адамның 90-ы шылым  шегетіндер екен.

Темекі түтіні автомобиль түтінімен салыстырғанда 4 есе улы.

Егер адам 15 жасында шылым шегуді бастаса, оның өмір ұзақтығы 15 жылға қысқарады.

Медицина қызметкерлерінің болжамы бойынша, көп кешікпей темекі бүкіл жер бетінің 10 пайыз тұрғындарын о дүниеге аттандырады.

Түтінді әр жұтқан сайын адам өмірі қысқара түсетіндігі ғылымда дәлелденген.

Дүниежүзі ғалымдары бір ауыздан қорытындыға келген; өкпе рагы ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің үлесіне тиеді.

Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпенің қатерлі ісігі  ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10-15 есе артады.

Тек бір тал темекі шеккен адам ағзасында никотиннің зардабы мен бүйрек үстіндегі бездерден бөлінетін арденамен және норадренамен деп аталатын гармондардың жұмысы бұзылады.

Туберкулезбен ауырған ересек 100 адамның 95-і ұзақ уақыт темекі тартқандар.

Еркектер және әйелдер арасындағы жыныстық тәбетсіздіктің басты себептерінің бірі - никотин.

Темекі түтініндегі ең көп заттар - шайыр (смола), көмір тотығы, кансерогендік заттар және иондалған қорғасын.

Әлемде әр 13 секундта бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады.

АҚШ-та темекі салдарынан өлген адамдар саны төрт соғыста яғни, I, II дүниежүзілік соғыста, Корея мен Вьетнам соғысында өлген американдықтардың санынан асып түскен.

Спортта өнер көрсетіп жүрген адам шылым шегуді бастаса, оның көрсеткіштері 40 пайызға күрт төмендейді.

Егер 100-120 миллиграмм никотинді адамның тамырына жіберсе, ол кісі  сол сәтте-ақ о дүниелік болады.

40-50 жасқа дейінгі еркектердің арасында жүрек ауруынан қайтыс болғандардың 80 пайызына темекі себеп болған.

Аяқ тамырларының тығындалуының 90 пайызы темекінің салдары.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының мәліметінше, Колумбтың  Америка құрлығын ашқаннан бергі осы уақытқа дейін шылым шегуден ең кемі 1 миллиардтан астам адам көз жұмған.

Темекі салдарынан өмірімен қоштасқан адамдардың саны есірткі салдарынан өмірмен қоштасқан жандар санына қарағанда 13 есе көп.

Темекі тартпайтындарға қарағанда тартатындардың  арасында кенеттен өліп кету 10 есе көп.

Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның денесінде 20 жылда 7 кг күйе мен қарамай жиналады.

Әлемде  болған өрттің 70 пайызына темекі тұқылының өшірусіз қалуы себепші  болған.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

http://www.mangistau-oblzdrav.kz/

http://www.muftyat.kz


Информация о работе Темекінің зияны