Улардың организмге әсер етуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 08:08, реферат

Описание работы

едуцирленген гемоглобиннің қышқылдық қасиеттері оксигемоглобинға қарағанда 70 рет әлсіз, сондықтан оның еркін валенттіліктері көмірқышқыл газын байланыстырады, ал ол қанмен ұлпалардан өкпеге жеткізіледі, өкпеде түзілген оксигемоглобин карбогемоглобиннің сілтілік валенттіліктерімен қосылысқа түсіп, көмір қышқылын ысырып шығарады. Гемоглобин концентрациясының төмендеуінде немесе оның сапалық өзгерістерге ұшырауы кезінде ұлпалар гипоксиясы дамиды. Гемоглобин өзге газдармен қосылысқа түсе алады.

Содержание

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Улардың организмге әсер етуі.
2.2. Ароматты көмірсутектермен улану.
2.3. Метгемоглабияның организмге улы әсері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

микробиология (Автосохраненный).docx

— 334.86 Кб (Скачать)

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Улардың организмге әсер етуі.

2.2. Ароматты көмірсутектермен улану.

2.3. Метгемоглабияның организмге улы әсері.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                             

І. Кіріспе.

Гемоглобиннің физиологиялық  және патологиялық түрлері болады. Физиологиялық гемоглобиннің екі  түр өзгешелігі бар - гемоглобин А, яғни ересек организм гемоглобин және гемоглобин Ф - феталды, іштөл гемоглобинінің негізгі массасы. Соңғысы жас жануарларда бірте-бірте жоғалады. Гемоглобиннің патологиялық түр өзгешеліктері көптеп кездесуі мүмкін (адамда нақтылы 15 түрі анықталған). Олар физикалық-химиялық қасиеттері арқылы ерекшеленеді де гемоглобин түзілуінің туа біткен ақаулары салдарынан пайда болады және тұқым арқылы беріледі. Жануарларда бұл өзгерістер зерттелмеген. 
Эритроциттерде гемоглобин үздіксіз кері байланысу реакциясы күйінде болады: біресе өкпе капиллярларында оттегі молекуласын өзіне қосып алады, біресе оны ұлпа капиллярларында береді. Ұлпаларда оксигемоглобиннен редуцирленген гемоглобин түзіледі. Редуцирленген гемоглобиннің қышқылдық қасиеттері оксигемоглобинға қарағанда 70 рет әлсіз, сондықтан оның еркін валенттіліктері көмірқышқыл газын байланыстырады, ал ол қанмен ұлпалардан өкпеге жеткізіледі, өкпеде түзілген оксигемоглобин карбогемоглобиннің сілтілік валенттіліктерімен қосылысқа түсіп, көмір қышқылын ысырып шығарады. Гемоглобин концентрациясының төмендеуінде немесе оның сапалық өзгерістерге ұшырауы кезінде ұлпалар гипоксиясы дамиды. Гемоглобин өзге газдармен қосылысқа түсе алады. Тұншықтрғыш газбен ол карбоксигемоглобин (оксикөміртекті гемоглобин) түзеді. Гемоглобиннің тұншықтырғыш газбен қосылыс түзу мүмкіндігі оттегімен қосылыс түзуінен көрі 150-300 ретке көп. Тұншықтырғыш газдың аса аз концентрацияда болуының өзінде (0,07%) шамамен организмде бар гемоглобиннің 50% байланысқа түсе алады, нәтижесінде оның оттегін тасымалдау қасиеті жойылып, жануар өлімі бой алады. Дәрілік заттармен (антипирин, фенацитин, сульфаниламид т.б.) улану кезінде гемоглобиннің оттегімен тұрақты қосылысы – метгемоглобин түзілуі мүмкін. Осы кезде қос валентті темір үш валенттіге дейін тотығады. Оттегін берудің бұзылуы аноксияға әкеліп соғады. Гемоглобиннің қайтымсыз қосылысы сульфаниламидтармен түзіліне алады, нәтижесінде сульфагемоглобин пайда болады. Цианидтермен қосылғанда циангемоглобин түзіледі. Гемоглобин мөлшерін (кесте 1) ГС-2 және ГС-3 типіндегі гемометрлермен, фотоэлектрлік эритрогемометрмен, ФЭК-те, гемоглобинометрмен, жаппай зерттеулер кезінде бірмезгілде бірнеше қан көрсеткіштерін зерттеуге арналған арнайы автоматты аппаратармен анықтайды және халықаралық жүйеде (СИ) грамм литрмен (г/л) есептейді. Аса дәл әдіс деп Драбкина бойынша фотометриялық цианметгемоглобиндік әдіс саналады.

Кесте 1- Сау жануар қандарындағы гемоглобин мөлшері (г/л).

 
Жануар түрі

Орташа көрсеткіштер

Ауытқу шектері

Ірі қара мал 
Қой 
Ешкі 
Түйе 
Буйвол 
Қодас 
Жылқы 
Шошқа 
Ит 
Мысық  
Қоян 
Тауық 
Қаз

114 
99 
105 
150 
82 
95 
119,5 
109 
140 
120 
125 
100 
158

99-129 
79-119 
75-135 
110-190 
47-117 
60-130 
90-149 
99-119 
110-170 
100-140 
100-150 
80-120 
133-183


 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Улардың организмге  әсер етуі.

У-дың   талғамалы  әрекеті.  
      Жалпы ортақ у-дан басқа, кейбір у-лар мүше мен жүйелерге қатысты жеке әсер етеді.  Мысалы, иiс газ (COHb ) гемоглобинге өте ұқсас, соның әсерінен карбоксигемоглобинді екеуі түзеді.  Марганец болса арнайы түрде  жүйке жүйесiнің жұмысын бұзады. Көп өндiрiстiк у-лар аллергиялық реакциялар шақыру қабiлет бар.

Гематологиялық әрекеті.

      Өткiр улануда, яғни токсиндік заттардың организмге әсер ету механизміне байланысты жалпы гематологиялық реакциялар пайда болады. Ең бірінші  ақ қанда өзгерiстер көрiнедi: нейтрофильді лейкоцитоздың  солға жылжуымен, эозинопения, лимфопения, моноциттердiң санының өсуі. Қанының ерекше өзгерiстерiнiң астында оның құрамы жағынан  мынандай бұзылуларды түсiну керек, яғни  өндiрiстiк ортаның белгiлi бір  зиянды факторының әрекеті нәтижесінде (бензол, қорғасын тағы басқалар). Бұл ретте қанның  аурулары дамиды - қан лейкозы, қаназдық, қанның ұюының бұзылуы.

Тыныс  мүшелерiнiң  бұзылуы. 
         Көбiнесе тыныс мүшелерiнiң бұзылуы  улағыштық заттардың өткiр ингаляция әсерiнен пайда болады. Бұдан өткiр улы бронхотрахеита, өткiр улы бронхит, өткiр улы өкпенiң домбығуы, өткiр улы пневмонияның дамуы мүмкін.

Бауырдың   және несеп  шығару жүйесiнің бұзылуы.  
         Бауырдың  және барлық несеп шығару жүйесiнің бұзылуы гепатотроптық улардың әрекеті кезінде байқалады (хлороформ, төрт хлорды көмiртек көмiртек). Бұл улар әрекеті салдарынан токсикалогиялық  гепатит  дамиды. Несеп шығару жүйесiнің бұзылуы толығымен у-дың химиялық құрамына, бүйректің жағдайына және жалпы организмге байланысты. Кей топ заттары (қосылу, ерiткiштер, мышьяктiң қосылу , металдар) токсикалогиялық нефропатияны туғызады. Кей басқа топтар (хош иiстi амин) зәр щығару органдарында ісіктердің пайда болып, дамуына елеулі әсерін тигізеді. У-дың  әрекетін анықтау үшiн ,токсикалогиялық заттар уланудағы жоғарғы шегіне жетуі арқылы. 

Химиялық күйiктер. 
           Химиялық күйiктер терiнiң кiлегейлi қабығына химиялық жолмен белсендi түрде әсер етеді. Күйiктiң дәрежесi химиялық белсендiлікке байланысты болады және заттың улылығы, оның шоғырлануы, температура, әсердiң ұзақтығы, сонымен бiрге сезгiштiгіне байланысты. Күйiктер негізінен төрт дәрежелі болады. Бірінші дәрежелі күйiк қызарумен, терiнiң кiшкентай iсiгiмен бейнеленедi және науқастықпен. Екiншi дәрежелі күйiктерiнде көпіршіктер пайда болады және іріңдеуі мүмкін.Үшiншi дәрежелі күйiктерде терең зақымданулар салдарынан  ткань учаскелерінде (некроздар ) жансыздануының бөлiмшелерi пайда болады. Төртiншi дәрежелі күйіктерде терiнiң барлық жері ғана емес,сонымен қатар терең жататын ткань учаскелерінде де зақымданулары байқалады. Сiлтiлі тұзды, азотты, күкiрттi тағы басқа қышқыл, хром ангидридi(NaOH, KOH), сонымен бiрге қоюланған ерiтiнді NH4OH, терiге тап бола, химиялық күйiктерді шақырады және де сiлтiлiк күйiктер сiлтiнiң сабындауымен май, терi қабаттарын және ақуызды заттарды ерітеді. Химиялық заттармен күйген кездерде, теріге жабысу қабілеті бар (сары фосфор, смола) салдарынан жалпы организмнің улану қаупі бар.

3 таблица

Жалпы факторлар тізімі

I

Жалпы факторлар, у-ға байланысты:

- физико-химиялық құрамы;

- токсикологиялық дозасы және биоорталықтарындағы концентрация;

- токсикологиялық рецептормен байланысу;

- биоорталықтардың бөліну ерекшеліктері;

- химиялық тазалығы ;

II

Қосымша факторлар,нақты «токсикологиялық жағдай»;

- организмге түсу жылдамдығы, түрі;

- кумуляция және улы  заттарға уйреніп кетуі; 

- басқада улы заттармен байланысы. 

III

Негізгі факторлары, уланған адамның белгілері:

- сезімталдығы;

- жалпы салмағының, қоректенуінің және физикалық ауырпалықтың өзгерісі;

- жастағы ерекшеліктері;;

- биоритмдардың әсері;

- аллергияның және токсикоманияның дамуы мүмкін;

- жалпы ауру адамның денсаулық жағдайы;

IV

Қосымша факторлары:

- сыртқы ортаның температурасы мен ылғалдылығы;

- барометриялық әсері;

- шу мен вибрация;

- ультракүлгін сәулелері және т.б..


Зиянды заттардың әсерін жою жолдары:  
1. Удың химиялық құрылымын өзгертуі. 
2. Депоға (қандағы мөлшері азаяды) жиналу (сүйекте, бүйректе, бауырда, жүйке жүйесінде)  
3. Ағзадан шығарылу (тыныс алу, асқорыту жолдары арқылы, бүйрек, тері, бездері арқылы) 
Кейбір органикалық қосылыстар жартылай тыныспен шығарылады; 
Ауыр металдар асқазан жолы және бүйрек арқылы шығырылады; 
Май және тер бездердің ролі аз шығаруда. 
Кейбір улар (Pb, Co) ана сүтімен де шығыу мүмкін.

 

ІІ. Ароматты көмірсутектерімен  улану.

Ароматты көмірсутектеріне бензол және оның гамологтары жатады. Ол басым гемопоэзді зақымдайтын  уларға жатады. Ароматты көмірсутектеріне бензол жатады. Бензол – бұл арнайы хош иісі бар сұйықтық. РЕК (ПДК) – 5 мг/м3. Спиртте, майда, эфирде жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. өндірісте бояғыштарды, лактарды ерітуде жиі қолданылады, сонымен қатар  әртүрлі қосындыларды алуда (хлорбензол, стирол).

 

Ену жолдары.

- өкпе арқылы

- зақымданбаған тері арқылы

Бензол жедел және созылмалы  улануларды тудыруы мүмкін.

Патогенезі: Бензол политропты у болып табылады, көбінесе ОНЖ мен сүйек миының басым зақымдануымен жүреді. Қан түзілуінің патогенезі бензолдың сүйек миындағы бағаналы клеткаларға токсикалық әсерімен байланысты – эритро және тромбоцитопоэз. Гемопоэздің зақымдануына, Витамин В6, В12 және витамин С балансатарының бұзылуына әкеледі.

Жүйке жүйесінің зақымдану  патогенезі толық зерттелмеген. Ол ОНЖ тұрақты түрде әсер етіп, нейродистрофикалық симптомокомплекстің дамуын тудырады.

Клиникасы: бензолмен жедел уланулар аз уақыттың ішінде бензол буының үлкен концентрациясымен тыныс алу нітижесінде пай»да болады және ОНЖ зақымдануы наркотикалық улармен уланған кездегідей жалпы ми бұзылыстарының құбылысымен жүреді.

Жеңіл дәрежесі – «жеңіл эйфория» — әлсіздік, бас айналу, құлағында шу, басының ауыруы, жүрегінің  айнуы, құсу, жүрісінің бұзылуы. Бірнеше  сағаттан кейін қайта қалпына  келеді.

Орташа ауырлық дәрежесі – басының ауыруы күшейе түседі, тері жабындыларының бозаруы, гипотермия, тынысының жиілеуі, ЖТЖ бұзылыстары-тахикардия, гипотония. Бұлшық еттердің тартылуы –  тоникалық және клоникалық, қарашықтың ұлғаюы. Естен тану және коматозды  жағдай болуы мүмкін. Жазылуы мүмкін, не жүйке жүйесінің функционалдық  бұзылыстары – астеновегетативтік синдром.

Ауыр дәрежесі – токсикалық кома, тыныс орталықтарының салдануы. Қандағы өзгерістер – қөанның  орталық реттелуінің бұзылуына  байланысты шамалы лейкоцитоз.

Созылмалы улану ұзақ уақыт  бойы аз мөлшердегі бензол буымен тыныс  алған кезде немесе оның жүйелі түрде  тері жабындыларына түскенде дамиды.

Сүйек миында қанның түзілуіндегі зақымдануларға тән:

1 деңгейде — әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыру, тәбетінің,  ұйқысының болмауы. Қанда лейкопения 4,0*109/л, нейтропения, ретикулоцитоз.

Орташа деңгейінде – астеновегетативтік синдром, қызыл иектің қанауы, мұрыннан қан кету, етеккірдің көп мөлшерде келуі, тері жабындыларының бозаруы + жгут симптомы, токсикалық гепатит құбылыстары. Қанда  -лейкопения 2,0*109/л, нейтропения, шамалы лимфоцитоз, гипрехромды анемия, ЭТЖ-70 мм/сағ, екіншілік инфекцияның қосылуы.

Атипті түрлері бар:

-   эритропоэздің басым зақымдануымен жүретін – гипопластикалық анемия

-   тромбоцитопоэздің басым зақымдануы – тромбоцитопения геморрагиялық синдромдармен

-   бензолды лейкоз (жедел және созылмалы)

Салыстырмалы диагностикасы:

  1. кәсіптік емес этиологиялы анемия (постгеморрагиялық анмеия, апластикалық анемия, В12-жетіспеушілік анемия)
  2. лейкопения

-  дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты

-  ЖҚЖ

-  Фелти синдромы

-   Сүйек миындағы қатерлі ісіктердің метостазы

  1. тромбоцитопения – Верльгоф ауруы
  2. панцитопения – гиперспленизм
  3. қатерлі түзілістер

Емі: Жедел улану:

  1. байланысты үзу
  2. седативті заттар (бром, валериана)
  3. дезинтоксикациялық ем (глюкоза С-витаминімен)
  4. ЖТЖ –кофеин, камфора, кордиамин, строфантин
  5. тыныс тоқтаған кезде – цититон, өкпенің жанама вентеляциясы

Созылмалы улану

  1. Жалпы күшейтетін (Вит. В1, В6, В12 және С)
  2. лейкопоэзді ынталандыратын (пентоксил 0,2г пор. Х3 рет, лейкоген х3р, натридің нуклиенаты 5%-1,0)
  3. эритропоэзді ынталандыру – фоли қышқылы, Вит. В12.
  4. геморрагиялық синдромдармен күрес – викасол, рутин, хлорлы Са, аскорбин қышқылы
  5. алмастыратын ем
  6. АБ-ем
  7. көрсеткіші бойынша спленэктомия
  8. сүйек миының  трансплантациясы

Еңбек ету қабілетінің  сараптамасы

Жедел улану – емі 3-15 күн  аралығында, қайтадан жұмыс орнына қайып келеді. Созылмалы улануларда.

  1. байланысты үзу, жеке жұмысқа орналастыру
  2. МӘСК-бағыттау
  3. мүгедектік

Алдын алу: Бензолмен жұмыс  істеудің қарсы көрсеткіштері:

-   Нв 130 г/л ерлерде

Нв 120 г/л әйелдерде

-  вегетативтік дистония

-  қатерсіз ісіктер

-  алкоголизм, наркомания

-   психоз

-  бауыр және өт жолдарының аурулары

Информация о работе Улардың организмге әсер етуі