Экономикалак теория

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 15:44, доклад

Описание работы

3.Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар а

Работа содержит 1 файл

3.docx

— 14.07 Кб (Скачать)

3.Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді.

Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.

2.. Экономикалық теория – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын - өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.


Информация о работе Экономикалак теория