Тенге улттык валюта

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 14:56, доклад

Описание работы

Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді. Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ТЕНГЕ.docx

— 54.54 Кб (Скачать)

                               ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА –ТЕҢГЕГЕ 18 ЖЫЛ

Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды.   Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді.

Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.


                     ТЕҢГЕ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Валюта - теңге күні

1992 жыл Қазақстанның халықаралық сахнаға белсенді шыққан жылы болды.

3 наурыз күні республика БҰҰ мүшесі болды, кейінірек басқа да халықаралық ұйымдардың құрамына енді. Сол кезде мемлекеттік нышандар әзірленді.

1992 жылдың 4 шілде кұні Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы мен Туы, 11 маусым күні Мемлекеттік Әнұраны бекітіледі.

1993 жылдың қаңтар айында Қазақстанды біртұтас, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде жариялаған Конституция қабылданады. Саяси жүйедегі реформалардың жалғасы 1995 жылы 30 тамызда екінші Конституцияны қабыладуға әкеп соқты.

Алайда Қазақстан 1991 жылы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялаған кезден емес, ұлттық валютаны енгізгеннен бастап дербес болды деуге болады. Мемлекеттің өзіндік экономикасының қалыптасуы сол кезде басталды.

Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің ішінде Қазақстан рубль аймағынан ең соңғы болып шықты. Алғашында ұлттық валютаға екі кезеңмен көшу жоспарланған: алдымен уақытша ақша енгізу, содан кейін тұрақты ақша енгізу. Нәтижесінде уақытты бекер құртпай, бірден ресми валюта енгізу керек деп шешілді.

Оны әзірлеуге деген дайындық құпия түрде өтті. Теңгеге көшу 1991 жылы көзделген болатын. Сол кезде жоғары санатты төрт шеберден тұратын «арнайы топ» құрылған болатын. Олар Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Түзелханов және Хайрулла Ғабжалиловтар болатын. Жұмыс Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден басталды.

Осы кезде валютаны теңге деп атау идеясы пайда болды, теңге - орыстың «деньги» деген сөзіне айналған «таньга», «донга», «теньга» деген нұсқалары бар тарихи түрік сөзі.

Содан кейін көптеген дау туындады, «ақша» деген нұсқа болды, елбасына «алтын» деген нұсқа ұнады, алайда барлығы «теңгеге» келіп тоқтады.

 

Ұлттық валюта өте қысқа мерзімде - бір жыл ішінде әзірленді. Мәселен, ағылшындар фунт стерлингті жасау үшін 6 жыл жұмыс істеді. Соған қарамастан, теңге жоғары сапалылығымен ерекшеленеді, оны қолдан жасау өте қиын: ірі ақшаларда 12-14 қорғаныс элементтері бар.

1993 жылы 12 қарашада Казақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты.

Қазіргі қазақ теңгесі. Алғашында Қазақстанның көрнекті қызметкерлерінің бейнелері мұқият іріктелген. Бір теңгеге Әбу Насыр әл-Фараби орналастырылды. Содан кейін атақты ғалым 200 теңгелік банкнотта пайда болды, содан кейін соңғы онмыңдық ақшаны қоса алғанда барлық ірі ақшаларға бейнеленді. Ұлттық валютаның негізін қалаушылар бірыңғай тарихи желіні жасаудың бастапқы ойы бұзылды деп есептейді.

Журналистермен кездесу  кезінде теңгені жасаушылар басқаша пікір білдірді: әл-Фараби теңгенің кейіптеуі болып табылады, сондықтан оның портреті алғашқы, негізгі ақшада бейнеленген, жаңа бейнелер қатарын әзірлеудің қажет жоқ.

Соған қарамастан теңге республикада ұлттық валюта ретінде тамырын кеңінен жайды. Қазір 15 қараша Теңгенің ресми пайда болған күні ғана емес, ҚР Қаржыгерлерінің күні болып есептеледі. Ұлттық валютаны жасаушылардың бірі оның есте қаларлық мерейтойына арнап валютаны, суреттер мен фотосуреттерден тұратын «Теңге» кітабын шығарды.

 

1996 жылы айналымға 10000, 5000, 2500 және 1000 теңгелік Қазақстанның алтын «Жібек жолы» инвестициялық монеталары шығарылды.

**********************************************************************************


15 Қараша, 2006 00:00 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

Қаржыгерлер күні - жаңа теңге

15 қараша - қаржыгерлер күні. Соған орай, осы мереке күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналы 200 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі жаңа дизайндағы банкноттарды айналысқа шығармақ. Ұлттық Банк Төрағасының айтуынша, бұл шешім бірқатар объективтік себептерден және қажеттіліктерден туындаған. Айырбастау кезінде жекелеген жаңа қорғаныш құралдары қолданылды.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналы 200 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа шығарады. Жаңа ақшаларды айналысқа енгізу туралы шешім бірқатар объективтік себептерден және қажеттіліктерден туындады. Ұлттық Банк бірнеше жылдар бойы қандай да болмасын номиналдарды шатыстырып алуға жол бермеу мақсатында әрбір құнның купюраларын қабылдауға қолайлы болуы үшін жекелеген номиналдарды ауыстырып отырды, себебі банкноталар бірегей негізгі суреттермен орындалуы және өлшемдерінің бірдей болуы тарихи түрде қалыптасты. Айырбастау кезінде сондай-ақ жекелеген жаңа қорғаныш құралдары қолданылды және баспаның жетілдірілген технологиялары ендіріле бастады. Осы мәселелерді зерттеу тұрақты түрде жүргізілуде және түпкілікті нәтижесінде болашақта банкнотаның қазіргі дизайнын ішінара жақсартудың қолайсыздығы мойындалды.  Ұлттық валютаны жетілдіру бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыру кезінде бірнеше нұсқалары қаралды және номиналдары 200 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі банкноталардың ғана номиналдарын өзгертпестен және келесі жоғары номиналды айналысқа енгізбей, дизайнын толық өзгерту нұсқасы неғұрлым оңтайлы деп танылды. Яғни банкноталар мен монеталардың номиналдық қатары бұрынғыша қалады. Жаңа дизайндегі банкнотада қандай да болмасын номиналды басқасымен шатыстырып алу мүмкіндігі мүлдем жоқ, себебі барлық номиналдар түстері және сол сияқты мөлшері бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар. Түс гаммасы кез келген құндағы банкнотаны дұрыс және жеңіл танылатындай түрде таңдалып алынған. Әрбір келесі номинал алдыңғысынан биіктігі 4 мм және ені 3 мм үлкен. Қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, барлық номиналдың бет жағының әрбір номинал үшін түсі бойынша айырмашылығы бар бірыңғай жалпы суреті бар. Сырт жағы сондай-ақ бірыңғай стильде орындалған, бірақ ең ірі, көзге бірден түсетін суреттер әр түрлі. Банкноталардың қорғалуы тұрғысынан алғанда дизайн банкноталардың түпнұсқалылығын қарапайым түрде және тез анықтауға бағытталған, бұл ретте классикалық және қолдан жасалуы неғұрлым күрделі, жалпы тұжырымдамаға үйлесімді сәйкес келетін қорғаныш құралдары пайдаланылған.

Жалпы халыққа арналған жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни жай көзбен және жарыққа тосып қарағанда көрінетін қорғаныш элементтерінің барынша ықтимал саны пайдаланылды. Сонымен қатар, барлық банкнотаның көзі нашар көретін адамдар үшін ақша белгісінің құнын саусақтың ұшымен ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше белгілері бар. Осы уақытқа дейін осындай белгілер тек жекелеген номиналдарда ғана қолданылды.

 Қолдан жасаудан қорғау құралдары ретінде арнайы қағаз және бояулар, сутамғы белгілер, ерекше қорғаныш жіптер, қосарланған суреттер, көру бұрышына қарай көзге көрінетін немесе түсі өзгеретін тұратын элементтер, көшіруге қарсы элементтер және ерекше басу тәсілімен жасалған элементтер қолданылды. Банкноталарды ауыстыру азаматтардың және заңды тұлғалардың қандай да болмасын құқықтарына нұқсан келтіруге бағытталмаған. Ұлттық Банкте бұған дейін де ауыстыру жүргізілді, бұл ретте оңтайлы тәртіп қалыптасқан. Айырбасталатын сомаларға қарамастан және қандай да болмасын комиссиялық алымдарсыз бірге-бір тәсілімен айырбастау жүзеге асырылады. Дегенмен ескі ақшаны жаңасына бірден, енгізілген күні-ақ айырбастаудың қажеті жоқ және міндетті емес. Алда болатын айырбастауда ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың республиканың бүкіл аумағында бір жыл бойына қатар жүруі көзделген, әр түрлі дизайндағы банкноталар шығарылған жылына қармастан номиналы бойынша төлем құралы ретінде міндетті түрде қабылданады. Осы жыл аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі банкноталарды айырбастау екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында тағы бір жыл бойы жалғасады. Осыдан кейін тағы 10 жыл бойы Ұлттық Банк ескі үлгідегі банкноталарды қабылдайды және сараптамадан өткізгеннен кейін оларды айырбастайды.Егер қатар жүру кезеңінде қандай да болмасын заңды тұлға номиналдарына қарамастан ескі немесе жаңа дизайндағы банкноталарды қабылдаудан бас тартса, онда осындай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады және банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның жазбаша өтініші бойынша Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы кодексте көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіның Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовтің кіріспе сөзі

 


 

Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және монета түрінде айналысқа енгізілді.  Банкнота - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета -  Өскемендегі  монета сарайында дайындалып шығарылады. 

Ұлттық Банк іс жүзінде жақсы жағынан көрінген технологияларды қолдана отырып, ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғауды жетілдіру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп келеді. Республикада ұлттық валютаны енгізгеннен бергі уақытта ақша белгілерімен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі жинақталды.

Жаңа үлгідегі ақшаны айналысқа енгізу туралы шешім бірқатар объективті себептер мен қажеттіліктерден туындады. 2006 жылдың 15 қарашасында екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноталар айналысқа енгізілді.

Ескі үлгідегі теңгені 2006 жылғы жаңа теңгеге ауыстыру рәсімі әдеттегі нарықтық қатынастар режиміне өтті. Бүгінгі күн жаңа үлгідегі ақшалар ескі үлгідегі банкноттарды ығыстыра отырып, біздің әмиандарымыздан өз орынын алды.

Тайландтың Бангкок қаласында 2007 жылғы 7-9 мамырда үкіметтік емес халықаралық ұйымы ұйымдастырған «Валюта мәселері жөнідегі халықаралық қауымдастық» конференциясында “Ең үздік жаңа валюта” конкурсында ҚР Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңгесіне орын берілді. Ол біздің дизайнерлеріміз және мамандарымыздың қорғаныш элементтерін әзірлеу бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады.

Қазақстанның ұлттық валютасы - тенге айналысқа енгеннен бері, яғни 18 жыл тарихында көптеген ескерткіш және мерейтойлық  қымбат металдан жасалған монеталар айналысқа шығарылды. Монеталар – ерекше әрі тарихи дерек көзі.  Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген. Монеталар – халықтардың экономикалық және саяси тарихын, олардың материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты зерделеу үшін тамаша материал. Олар елдің және тарихи дәуірдің «бет-бейнесі» сияқты. Ұлттық Банктің шығарған монетаның әрбір сериясының Қазақстан Республикасының дамуында өз тарихи орны бар. Қазақстан Ресубликасының 1995 жылғы наурызындағы №2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес,  монеталар мынадай түрге бөлінеді:

- инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар; 

- коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар; 

- айналыста жүретін монеталар - қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналысына арналған монеталар.

Инвестициялық монеталардың – коллекциялықтан айырмашылығы, біріншіден, неғұрлым айтарлықтай ірі таралымен шығарылады, екіншіден, соғылу сапасы бір сатыға төмен. Егер ескерткіш монеталар, әдетте,  коллекцияларда сақталып, негізінен нумизматтар арасында айналатын болса, инвестиялықтар еркін нарықта құймалармен тең қолданылады.

 

Алғашында Қазақстан Республикасы аумағында 2, 5, 10, 20, 50 номиналдары бар Л-80 қоспалы тиындар болатын, кейінірек "нейзильбер" қорытпасынан жасалған теңгелер пайда болды

               

                    Қазақстанның қызыл кітабы монеталары

№1 «Алтай ұлары» монетасы

2006 жылғы 10 қазанда айналысқа  шығарылды.Монетаның бет жағының  (аверсінің) жоғарғы бөлігінде  Қазақстан Республикасының елтаңбасы  бейнеленген. Төменгі бөлігінде  «50» саны және оның астында  монетаның номиналын білдіретін  «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың  оң жағы мен сол жағына ұлттық  ою-өрнектің элементі жалтыратып  салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН  ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер  айналдыра жазылып, шығыңқы жиек  жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) таудың тасты беткейіндегі қос алтай  ұларының бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде  «АЛТАЙ ҰЛАРЫ» деген жазу және монетаның  соғылған жылын білдіретін «2006»  деген сан және зоологиялық аты  – латын тілінде «TETRAOGALLUS ALTAICUS»  деген жазу жазылған.Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, салмағы – 11.17 грамм.Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.Таралымы – 50 мың дана.

  №2 Жалбағай

2007 жылғы 20 шiлдеде айналысқа  шығарылды.Монетаның бет жағында  (аверсінде) жоғарғы бөлігіне  Қазақстан Республикасының елтаңбасы  бейнеленген. Төменгі бөлігінде  монетаның номиналын білдіретін  «50» деген сан және оның  үстінде «ТЕҢГЕ» деген жазу  жазылған. Номиналдың сол және  оң жағында ұлттық ою-өрнектің  элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік  тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»  деген жазу айналдыра жазылған және шығыңқы жиек бар.Монетаның сырт жағында (реверсінде) қамыс қопасының аясында жалбағайдың бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ЖАЛБАҒАЙ» және осы түрдің зоологиялық аты латын тілінде «PLATALEA LEUCORODIA» деген жазу жазылған. Оң жақ бөлігінде жасалған жылын білдіретін «2007» деген сан бар.Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, салмағы – 11.17 грамм.Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.таралымы – 50 мың дана.

№3 Тянь-шань қоңыр аюы  монетасы

  2008 жылғы 5 шілдеде айналысқа  шығарылды.Монетаның беткі жағында  (аверсінде) жоғарғы бөлігінде  Қазақстан Республикасының елтаңбасы  бейнеленген. Төменгі бөлігінде  монетаның номиналын білдіретін  «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың  оң және сол жағында айналдыра  ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған.  Айналдыра мемлекеттік тілде  «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп  жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) орман өскіндері аясында тянь-шань қоңыр аюының суреті және соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЯНЬ-ШАНЬ ҚОҢЫР АЮЫ» және латын тілінде «URSUS ARCTOS ISABELLINUS» – түрдің зоологиялық атауы жазылған.Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.Қыры (гурт) бұдырлы, оған бедерленіп 10 бөлік жүргізілген.Монеталар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан дайындалған.Диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм.

Информация о работе Тенге улттык валюта