Тенге улттык валюта

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 14:56, доклад

Описание работы

Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді. Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ТЕНГЕ.docx

— 54.54 Кб (Скачать)

**************************************************************************************** Ұлттық валюта – теңге  14 ноября 2009

1993 жылы 15 қарашада Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Теңге Әнұран, Ту және Елтаңбамен қатар мемлекеттік нышанға айналды.

 

 Теңгенің енгізілген сәтінен бастап нарықтық экономиканы құруға бағытталған құрылымдық өзгерістер жеделдетілді.

 

 Теңгенің енгізілуі ұлттық нарықтық инфрақұрылым құру жолында бірінші әрі сондай қажетті қадамдар жасауға, өзіндік ақша-несиелеік және бюджетік-салықтық саясатты жүргізуге, реформалардың алғашқы жылдарында неғұрлым тиімді макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізуге үлкен мүмкіндік берді.

 

 Қаржылық жүйені дамыту және нығайту бойынша мемлекеттік міндеттерді шешуде қаржыгерлер де лайықты үлестерін қосып, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің ерен еңбегімен ықпалын тигізіп келе жатқан тәжірибелі, өз ісіне адал берілген жоғары білікті мамандар.

 

Құрметті қаржыгерлер!

 Сіздерді Ұлттық валюта күнімен – қаржыгерлер мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбекте табыс тілейміз.


23.09.11 Главная » Баспасөз клубы  » Ел жаңалықтары

Главная » Баспасөз клубы  » Ел жаңалықтары

«Есік көсемі» және «Өскемен» аталатын ескерткіш монеталар айналымға шықты

 

Алматы. Бүгін ҚР Ұлттық банкі 500 теңгелік «Есік көсемі» және 50 теңгелік «Өскемен» ескерткіш монеталары айналымға шығатыны туралы хабарлама таратты.

 

«Рroof» сапасымен шықан «Есік көсемі» күміс монетасы «Республика игілігі» монеталар сериясын ашып отыр. Ал нейзильбер қоспасынан жасалған «Өскемен» ескерткіш монетасы «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясымен шығарылып отыр.

 

Бетіне алтын жалату технологиясын қолдана отырып дайындалған «Есік көсемі» өзге монеталардан сегіз қырлы нысанымен ерекшеленеді. Монетаның бет жағындағы орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазу мен бас киімнің элементі - тау ешкісінің мүйізі бар қос пырақтың суреті және ҚР Ұлттық банкінің эмблемасы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік және ағылшын тілінде тілдерінде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазулар бар. Монетаны айналдыра жалпақ жиек жүргізілген, онда сегіз қырының бұрыштарында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналастырылған. Жоғары бөлігінде - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Қырларының төменгі бөлігінде монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан және монетаның массасын білдіретін «31,1gr.» деген жазу орналасқан. Сырт жағындың орталық бөлігінде «Алтын Адамның» алтындатылған макеті және айналдыра мемлекеттік және ағылшын тілдерінде «ЕСІК КӨСЕМІ» деген жазу бар. Монетаны айналдыра аверстегі сияқты жалпақ жиек жүргізілген, онда сегіз қырының бұрыштарында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналастырылған, ал қырларында барыс бейнесінде тоғалар бейнеленген. Бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) тегіс, бедерленбеген және жазбалар жоқ. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбердің диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proоf», таралымы - 5 мың дана.

 

«Өскемен» ескерткіш монетасы - «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясындағы екінші монета. Оның бет жағының (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде - ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Сырт жағының (реверсінде) орталық бөлігінде Өскемен қаласының таңбасы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан бейнеленген. Монеталардың екі жағын айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Бет жағында және сырт жағында суреттер және жазулар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі - 23 мм, массасы - 4,71 грамм, таралымы - 50 мың дана.

«ҚазАқпарат» агенттігінің ақпараты бойынша


Информация о работе Тенге улттык валюта