Тенге улттык валюта

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 14:56, доклад

Описание работы

Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді. Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ТЕНГЕ.docx

— 54.54 Кб (Скачать)

Таралымы – 50 мың дана.

№4  «Үнді жайрасы»

айналысқа 2009 жылғы 28 қазанда шығарылды.Монетаның  бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде  Қазақстан Республикасының елтаңбасы  бейнеленген. Төменгі бөлігінде  монетаның номиналын білдіретін «50 TEҢГE» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек  элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік  тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген  жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада үнді жайрасы бейнеленген. Айналдыра  мемлекеттік тілде «ҮНДІ ЖАЙРАСЫ» және латын тілінде «HYSTRIX LEUCURA SATUNINI»  түрдің зоологиялық атауы жазылған. Орта бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан орналасқан.Монетаның  беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.Қыры (гурт) бұдырлы, оған бедерленіп 10 бөлік  жүргізілген.Монеталар ақ түсті  «нейзильбер» қоспасынан дайындалған.Диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм.Таралымы – 50 мың дана.

 

 

 

 

№5 «Бұйра бірқазан»

номиналы – 50 теңге,2010 жылғы маусымның 1111 маусымда айналысқа шығарылды Диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм.Қыры (гурты) бедерлі.Монетаның бет жағында (аверсінде) оң жақ бөлігінде, стильдендіріліп бейнеленген бұйра бірқазан басының үстінде жазу, нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50 ТЕҢГЕ» және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Сол жақ бөлікте су айдыны аясында екі құс бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортада бұйра бірқазанның суреті орналасқан. Айналдыра мемлекеттік  тілде «БҰЙРА БІРҚАЗАН» және латын  тілінде түрдің зоологиялық атауын білдіретін «PELECANUS CRISPUS» деген жазу бар. Монетаның төменгі бөлігінде  соғылған жылын білдіретін «2010»  деген сан орналасқан.таралымы – 50 мың дана.

№6  «Қаршыға реңді жапалақ»

  номиналы – 50 теңге,2011 жылғы 11 мамырда айналысқа шығарылды

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде монетаның  номиналы «50 ТЕҢГЕ», Қазақстан теңге  сарайының тауар белгісі, ағаш бұтақтары  және ұшып келе жатқан жапалақ бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде  «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу. Оң жақ бөлігінде жапалақтың стильдендірілген бейнесі.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қаршыға реңді  жапалақтың бейнесі орналасқан. Айналдыра  мемлекеттік тілде «ҚАРШЫҒА РЕҢДІ  ЖАПАЛАҚ» деген жазу, латын тілінде «SURNIA ULULA» түрдің зоологиялық атауы және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан. Жазулар және сандар нүктелермен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм.

Таралымы – 50 мың дана.

*************************************************************************************************

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы 1995 жылы 19 мамырда салтанатты түрде ашылды. Оның ашылу рәсіміне еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Қазіргі кезде баспа өнімдерінің жүзден аса түрін шығарады‚ атап айтқанда: паспорттар‚ төлқұжаттар‚ куәліктер‚ дипломдар‚ аттестаттар‚ акциздік маркалар. Осы өнімдер құрамында Тәжікстан паспорты мен стикері де бар. Бұл - біздің алғашқы шетелдік тапсырысымыз.Фабриканың іскер әлемдегі беделі күннен-күнге нығаюда. Бұрынғы кеңестік елдер кәсіпорындарының қызметіне тұрақты түрде талдау жасап отыратын "Aguarius Eartmacer" компаниясының 2003 жылғы зерттеме қорытындысы бойынша Банкнот фабрикасы "Сала көшбасшысы" номинациясымен "Eartmacer" сыйлығын алды. Бұл марапат - әртүрлі өнеркәсіптік салалардың қоғамдастығы құрамында біздің де бар екеніміздің айқын кепілі болып табылады. Фабрика сонымен қоса‚ 2004 жылы Женева қаласында өткен "Бизнестегі жоғары сапа" ІV Халықаралық Форумында "Ақаусыз іскерлік беделі үшін" алтын медаліне иеИнвестиялық монеталар Қазақстан Ресубликасында «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылғы 19 ақпанын бастап айналысқа шығарылды.


 

Қазақстанда инвестиялық монеталар тиімді инвестициялау және жинақ қаражатын сақтау үшін шығарылады.

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қыз қуу», «Беташар») күміс номиналы 500 және Нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік монеталар шығарылды. Бұлар ескерткіш монеталар – Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және ұлттық мәденитін кеңінен таратуға арналған.

«Ертеде соғылған монеталар» сериясы («Драхма», «Дирхем», «Отрар» монетасы, «Сарайшық» монетасы) Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған монеталарға арналған.

«Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясы («Түркістан», «Айша-бибі мавзолейі», «Жошы-хан мавзолейі», «Бабаджа-хатун кесенесі», «Орталық мешіт», «Нұр-Астана мешіті» және т.б. ) Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен танытуға, діни ұғымды, жеке тұлғанының рухани және адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру жолындағы ілім ретінде танытуға арналған.

 «Қазақстанның қызыл кітабы» сериясы («Дудақ», «Сайғақ», «Қар Жолбарысы», «Тянь-Шянь аюы», «Жалбағай» және т.б.) Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар әлеміне арналаған.

 Соңғы 4-5 жылда қымбат металлардан қазақстандық монеталарға нумизматтардың, сол сияқты халық тарапынан сұраныстың өсу үрдісі байқалады.

Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалының ұсынысымен «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясынан сынымы 925/1000 күмістен, массасы 31,1 грамм, номиналы 500 теңге «рroof» сапасымен жасалған, таралымы ең көп -15000(он бес мың) дана «Бекет-ата ғибадатханасы» ескерткіш монетасының дизайыны бекітілді. Осы монетаның жергілікті халықтың 2010 жылы айналысқа шығатынын  есіне саламыз.

Ұлттық Банктің қымбат металдан жасалған монеталары жыл сайын өтетін халықаралық нумизматикалық конкурстарына 2000 жылдан бері қатысып, монета жоғары техникалық соғу сапасы жағынан осы байқаулардан бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

 Бүкіл әлем нумизматтары қымбат металдан жасалған Қазақстан ескерткіш және мерейтойлық  қымбат металдан жасалған монеталарын өте жоғары бағалады.

 Нумизматтар және Қазақстандағы ақша айналысының тарихына қызығушылық білдіретін көпшілік үшін 1993 – 2009 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған барлық монеталар туралы ақпаратты қамтитын «Қазақстан монеталары» атты жарнамалық бірнеше каталогтар, сондай-ақ Қазақстандық ақша белгілері туралы сурет альбомдарын шығарды.

Қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың сеніміне ие болып, өзінің 16 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. Теңгенің де алдағы уақытта атқарар игі істері мол.

 Осы салада қызмет ететін облыс қаржыгерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз.


     1993 жылғы 15 қарашаның Қазақстан Республикасының ұлттық

валютасы - теңге енгiзiлген күн ретiндегi тарихи маңызын атап өте

отырып, сондай-ақ қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң тұрақты экономикалық

өсудi қамтамасыз етудегi ролiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:

  1. 15 қараша Ұлттық валюта - теңге күнi, Қазақстан

Республикасының Қаржы жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесi болып

жариялансын.

   2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Алайда Қазақстан 1991 жылы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялаған кезден емес, ұлттық валютаны енгізгеннен бастап дербес болды деуге болады. Мемлекеттің өзіндік экономикасының қалыптасуы сол кезде басталды. Теңгеге көшу 1991 жылы көзделген болатын. Сол кезде жоғары санатты төрт шеберден тұратын «арнайы топ» құрылған болатын. Олар Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Түзелханов және Хайрулла Ғабжалиловтар болатын. Жұмыс Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден басталды. Осы кезде валютаны теңге деп атау идеясы пайда болды, теңге - орыстың «деньги» деген сөзіне айналған «таньга», «донга», «теньга» деген нұсқалары бар тарихи түрік сөзі.содан кейін көптеген дау туындады, «ақша» деген нұсқа болды, елбасына «алтын» деген нұсқа ұнады, алайда барлығы «теңгеге» келіп тоқтады. Ұлттық валюта өте қысқа мерзімде - бір жыл ішінде әзірленді. 1993 жылы 12 қарашада Казақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты.


Инвестициялық алтын монеталар

Блог ведёт Aday 

 Бүгінгі күнге біздің филиалымызда 999,9 сынамды инвестициялық алтын және күміс монеталарын сатып алуға болады.

 Инвестициялық алтын монеталар бұл алтын стандарт жүйесіне қайтуы. Олардың бағасы оларға соқтырған номиналымен байланысы жоқ, (ол сипаттаманы ) және күнде өзгеріп, Лондондағы қымбат металлдар нарығының қауымдастығынан тәуелді болады.Осы уақытта салмағы 1 унция таза алтын монетаның бағасы 1000 доллардан көп (мысалға 2003 жылы оның бағасы 400 АҚШ доллар құрды). Яғни, инвестициялық монеталарды сатып алу бұл сапасы жоғары алтын және күміс түрінде ақшаны жинақтау және салым.

 Қазақстанның инвестициялық монеталар сериялары «Жібек жолы», Алтын барс», Күміс барс» деп аталады.

 Инвестициялық алтын монеталар сериясы салмақтары 1/10, ¼, ½ и 1 унциялы 4 монеталардан құралады. Бүгін алтын монеталардың бағасы 19000 – нан 185000 – ға дейін тең болады.

 Инвестициялық күміс монеталар сериясы салмақтары 1, 2, 5, 10 унциялы 4 монеталардан құралады. Бүгін күміс монеталардың бағасы 3000 – нан 29000 – ға дейін тең болады.

 Жиынтықта сатылуы міндетті түрде емес, оларды бөлек-бөлек алуға болатынын белгілеп қою керек.

 Сатып алынған қазақстанның құнды металлдардан жасалған монеталарды сатып алатын Ұлттық Банкіге тапсыруға болады. құнды металлдардан жасалған монеталарды сатып алу бағасы Лондондағы қымбат металлдар нарығының қауымдастығымен және монетаны беру күнінің Казақстанның қор биржасында АҚШ долларын теңгемен орта есеппен алғандағы қалыптастырылған биржалық курсы бойынша фиксингі (бағасы) белгіленеді.

 Төлем ақысы тегін өткізілетін сараптамадан кейін төленеді.

 ҚР Ұлттық Банкінің монеталар өнімін сатып алу және сату туралы сұрақтар бойынша Петропавл қ., Қазақстан Конституция көшесі, 6 үй мекен жайы бойынша жүгінуге болады. Байланыс телефон: 34-29-40 (7152), 46-98-92 (7152)


Proof сапасы - құнды металдардан жасалған коллекциялық теңгелер мен медальдер шырпудың ең жоғары сапасы

Рельефтің айналы беті және бедерлі суреті дайындаудың және сайманның арнайы өңдеу әдістері арқылы жасалады. Теңгелер мен медальдер жеке орамада жеткізіледі Метал тазалығы сертификатпен расталады.Технологиялық мүмкіндіктер диаметрі 100 мм және салмағы 1 кг proof сапалы бірегей теңгелер мен медальдер жасауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық монеталар сериясынан, "Алтын барыс"

Құны 10 теңге 

Металы 999,9/1000 сынамалы алтын Диаметрі, мм 16 

Қалыңдығы,мм 0.00 Салмағы, г 3.11 

Қыры (гүрті)  бедерлі Монетаның нақышталған жері: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы 

Авторы: Ивженко В.П., Басенов А.Г. Суретшілер: Мичуров А.Б., Лютин В.В. 

Монетаның бет жағы (аверс) Оборотная сторона (реверс) 

Барлық монеталардың бет және сырт жағында ортақ бейнелер бар. Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, айналдыра ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның тиісті номиналын білдіретін «10 ТЕҢГЕ», жазулар бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде барыс бейнеленген. Суреттің сол жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра екі жолға мемлекеттік тілде «АЛТЫН БАРЫС» және ағылшын тілінде «GOLDEN IRBIS» деген сөздер жазылған, оң жағында – айналдыра монета дайындалған металды, оның сынамын және тиісті монетаның унциядағы массасын білдіретін жазулар бар «Au 999,9 1/10oz». Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген

*************************************************************

Proof сапасы - құнды металдардан жасалған коллекциялық теңгелер мен медальдер шырпудың ең жоғары сапасыРельефтің айналы беті және бедерлі суреті дайындаудың және сайманның арнайы өңдеу әдістері арқылы жасалады. Теңгелер мен медальдер жеке орамада жеткізіледі Метал тазалығы сертификатпен расталады.Технологиялық мүмкіндіктер диаметрі 100 мм және салмағы 1 кг proof сапалы бірегей теңгелер мен медальдер жасауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық монеталар сериясынан, «Күміс барыс»        Құны 5 теңге 

Металы 999,9/1000 сынамалы күміс Диаметрі, мм 65 

Қалыңдығы,мм 0.00 Салмағы, г 155.50 

Қыры (гүрті)  бедерлі Монетаның нақышталған жері: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы 

Авторы: Ивженко В.П., Басенов А.Г. Суретшілер: Ахметов Е.Т., Лютин В.В. 

Монетаның бет жағы (аверс) Оборотная сторона (реверс) 

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, айналдыра ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның тиісті номиналын білдіретін «5 ТЕҢГЕ» жазулар бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде барыс бейнеленген. Суреттің сол жағында соғылған жылын білдіретін «2009» деген сан орналасқан. Жоғары бөлігінде айналдыра екі жолға мемлекеттік тілде «КҮМІС БАРЫС» және ағылшын тілінде «SILVER IRBIS» деген жазулар, оң жағында – айналдыра монета дайындалған металды, оның сынамын және тиісті монетаның унциядағы массасын білдіретін жазулар бар «Ag 999,9 5oz». Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген 

*****************************************************************

2011 жылы Қазақстан Республикасында өткен 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының №2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы 16 қазанда 2011 жылы Қазақстан Республикасында өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған “proоf” сапасымен жасалған номиналдық құны 100 теңге алтын монетаны, “proоf” сапасымен жасалған номиналдық құндары 500 және 5000 теңге ескерткіш күміс монеталарды айналысқа шығарады.

Монетаны айналдыра мемлекеттік  тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ”, ағылшын тілінде “REPUBLІC OF KAZAKHSTAN” деген сөздер жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген күңгірттелген мұз үстінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі орналастырылған. Сурет қысқы спорт түрінің идеограммаларымен қоршалған. Айналдыра мемлекеттік тілде “7 ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ”, ағылшын тілінде “7 th ASІAN WІNTER GAMES” деген жазулар және шығыңқы жиек жүргізілген.

Информация о работе Тенге улттык валюта