Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:38, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.

Содержание

Кiрiспе...........................................................................................................3
I Бизнес жоспар түсінігінің әдiстемелiк негiздерi.......................................5
1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi................................5
1.2.Бизнес жоспардың негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы
1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы.........................12
ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау («Сарыарқа әлеуметтік кәсіпкерлік» мысалында)..........................................................17
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері.....................................17
2.2.Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы.......................................................................................20
2.3. Бизнес жоспар оны әзірлеудің ерекшеліктері.....................................23
Қорытынды.................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................29
Қосымша.....................................................................

Работа содержит 1 файл

Бизнес жоспар.doc

— 187.50 Кб (Скачать)


Мазмұны

Кiрiспе...........................................................................................................3

I Бизнес жоспар түсінігінің  әдiстемелiк негiздерi.......................................5

1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi................................5

1.2.Бизнес жоспардың  негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы

1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы.........................12

ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау («Сарыарқа әлеуметтік кәсіпкерлік» мысалында)..........................................................17

2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері.....................................17

2.2.Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы.......................................................................................20

2.3. Бизнес жоспар оны әзірлеудің ерекшеліктері.....................................23

Қорытынды.................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................29

Қосымша.....................................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

              Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.

              Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді. Мәселен, Ресей Федерациясы қаржылық жоспарды үш жылға бірден қалыптастырады. Орта мерзімдегі қаржылық жоспарлау процесінде бұл бюджеттегі қаржыны үнемдеуді талап етеді.

              Жоспар жасау кездегі шартты нәрсе-өндіріс көлемі мен сатылатын өнімнің тепе-теңдігін сақтау. Кәсіпорын үшін барлық өндіріс күшін дұрыс іске қосып, материалдық қордың көлемін көбейту тиімді.

              Қаржылық жоспарлау статьясы кәсіпорынның экономикалық көрсеткіш жұмыстарымен байланысты: өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, ғылыми техникалық дамуға өндірісті жетілдіруге, өндірістің тиімділігін арттыру, күрделі құрылыс жүргізу.

              Бизнес жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық саласына ықпал етеді.

              Бизнес жоспарлау процессі бірнеше кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең-бұрынғы қаржылық көрсеткіштер сұрыпталады. Бұл үшін кәсіпорынның негізгі қаржылық документтері пайдаланылады: есептік баланс, түсі мен шығын жөніндегі есеп, қаржы қорының қозғалысы туралы есеп. Бұл құжаттардың кәсіпорынның қаржы көрсеткіштерін талдауға және есептеуге керек нәтижелері бар, осы құжаттарды келесі жылға болжауға көмектеседі.

Екінші кезең-негізгі болжамдық құжаттарды жасау кезеңі: баланс болжамы, түсі мен шығын есебі, ақша қозғалысы туралы есеп.

Үшінші кезеңде қаржы құжаттарының көрсеткіштері ағымдағы қаржы жоспарының көмегімен нақты белгіленеді.

Төртінші кезеңде қаржылық жоспарлау процесі іске асырылады.

Бизнес жоспарлауды бірнеше түрде сұрыптауға болады: болашақтың қаржылау жоспары, жылдық жоспар, шұғыл қаржылық жоспар.

              Тақырыптың өзектілігі: Кәсіпорын дамудың негізгі қозғаушы күші мен оның негізгі локомотиві болып табылады. кәсіпорындағы бизнес жоспар міндетті түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорын шаруашылығы үшін бизнес жоспардың алатын орны ерекше.

              Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырып бойынша бизнес жоспардың мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бизнес жоспардың тиімділігін көрсету.

              Курстық жұмыстың міндеттері:

-         берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;

-         бизнес жоспардың құрылымын сипаттау;

-         кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың маңыздылығын арттыру;

-         кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың қажеттіліктерін көрсету;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Бизнес жоспар түсінігінің  әдiстемелiк негiздерi

1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi

              Бизнес жоспар бұл жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін эконмоикалық негізделген аналитикалық құжат. Оны бизнестің жаңа сферасын құруға немесе кәсіпорын қызметінің жаңа сферасын меңгеруге қажетті кәсіпорынның даму жоспары деп те атауға болады. тәжірибеде бизнес жоспардың мынандай түрлері едәуір жиі қолданылады: ұйымның бизнес жоспары, несие алуға арналған бизнес жоспар, инвестициялық жобаның бизнес жоспары, құрылымдық бөлімшенің бизнес жоспары, грантқа арналған бизнес жоспар, аймақты дамытудың бизнес жоспары, мекеменің бизнес жоспарлары тағы да басқалар.

              Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік тәжірибеде және ғылыми әдебиеттерде бизнес жоспардың мазмұны мен құрылымына қатысты ғылыми негізделген нақты тәсіл жоқ. Бизнес жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі, оның мақсатына кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Алайда бизнес жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады. Мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі, кәсіпорын мен қажет болған жағдайда сала кәсіпорында өндірілетін өнімдердің өзгешеліктері, нарықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншіліктері сипатталады, сондай-ақ кәсіпорын персоналдары мен басқару жүйесі, өндірістік, қаржылық жоспарлары қарастырылады.

              Бизнес жоспардың құрылымы шартты түрде келесі бөлімдерден тұрады:

1. Резюме.

2. Кәсіпорынынң сипаттамасы

3. Өнімнің сипаттамасы

4. Нарықты талдау

5. Ұйымдастырушылық жоспар. Персонал және басқару

6. Өндірістік жоспар

7. Маркетинг жоспары

8. Тәуекелді бағалау

9. Қаржылық жоспар

10. Қосымшалар

              Қаржылық жоспарлаудың обьектісі шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің  шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

              Жоспарлау:

1)     экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);

2)     қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);

3)     тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:

а) автоматтық (өткен жылдың деректері)  келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);

б) нольдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктермен үйлестіріледі).

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспар кәсіпорын қызметіне кешенді сипат беретін ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Балансты талдау өтімділік, табыстылық жағдайын, сондай-ақ жекелеген кәсіпорын операцияларын жүргізу кезіндегі тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

              Кәсіпорындардың көпшілігі реттеуші баптарды баса қолданады, сөйтіп баланстың жалпы сомасы әлдеқайда артады, ал бұл кәсіпорындардың мүмкіндігін обьективті түрде бағалауға бөгет жасайды.

              Кәсіпорын баланстары тұтас алғанда, сондай-ақ жеке бөліктерге бөлініп талданады. Бұл ретте тұтас талдау кәсіпорын қызметінің барлық қырларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын тиімділігін зерттеуде жиі қолданылатын әдістің бірі

баланс құрылымын талдау әдісі, сондай-ақ банктің кіріс, шығыс және пайда құрылымын талдауда қолданылады.

              Жаңа шаруашылық субьектідегі қаржылық жоспардың орнығуы ол кәсіпорынның барлық мүмкіндіктеріне негізделеді. Кәсіпорындағы қаржылық жоспар егер ұтымды да, соны құрылған болса, кәсіпорындардың түрлі мекемелермен жең ұшынан жалғасып жұмыс жасауға жағдайы жетеді.

              Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құны кәсіпорын қызметі өнімділігінің көрсеткіші болып табылады.

              Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттырудың алғышарттары болып табылатын оның ішкі мүмкіндіктерін талдау мен сараптаудан өткізуде сапалық өлшем болуына байланысты ынталандыру жүйесі болып табылады.

              Кәсіпорындардағы қаржылық жоспардың орнығуына қосымша ақпарат беру, кәсіпорынның немесе оның өнімінің имиджін қалпына келтіру қажет.

              Кәсіпорынды және ол ұсынып отырған өнімдерге деген көзқарас қаржылық жоспардың сатыларының көбеюіне әкеледі. Қаржылық жоспар кәсіпорындағы қаржылық бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қаржылық жоспар кәсіпорындағы артықшылықтарды және оның өнімдерінің оқ бойы озық тұрғанын тұтынушылардың сезінуін күшейтеді.

              Кәсіпорындардағы қаржылық жоспар жақсы орныққан болса, кәсіпорындардың несие жүйесімен жүмыс жасауына үлкен септігін тигізеді.

Кәсіпорындағы қаржылық жоспардың орнығуы аудиторлық бақылауға да байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

1.2.Бизнес жоспардың  негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы

              Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында  қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Қаржылық болжау-мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу. Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімде (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты-болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді: Экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;

Корреляциялық-регрессиялық талдау;

Тікелей сараптамалық бағалау әдісі. Қаржы жоспарлау- бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарларының жасалу және олардың белгілі мерзімде орындалуын ұйымдастыру үдерісі. Жоспарлау бақылаудың элементі ретінде қаржылық саясаттың құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Информация о работе Бизнес жоспар