Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:38, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.

Содержание

Кiрiспе...........................................................................................................3
I Бизнес жоспар түсінігінің әдiстемелiк негiздерi.......................................5
1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi................................5
1.2.Бизнес жоспардың негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы
1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы.........................12
ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау («Сарыарқа әлеуметтік кәсіпкерлік» мысалында)..........................................................17
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері.....................................17
2.2.Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы.......................................................................................20
2.3. Бизнес жоспар оны әзірлеудің ерекшеліктері.....................................23
Қорытынды.................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................29
Қосымша.....................................................................

Работа содержит 1 файл

Бизнес жоспар.doc

— 187.50 Кб (Скачать)

              Қаржылық жоспарлаудың обьектісі болып шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекеттің қаржылық қызметі табылады, ал қорытынды нәтижесі-жеке мекемелердің қаржылық сметаларынан бастап мемлекеттің қаржылық балансына дейінгі қаржылық жоспарларды құру болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі кезеңдегі кірістер мен шығыстар, қаржы және несие жүйелерінің салаларымен анықталады. Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті қаржы саясатымен анықталады. 

              Жоспарлаудың үздіксіз қағидаты перспетивалық және жылдық ағымдағы қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақытлаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспетивалық жоспарлаудың арасында үзілісті  болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субьектілерді, олардың нақтылы даму перспетиваларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі, жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:

              Жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді.

              Бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;

              Бюджет жасау-жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі. 

              Обьективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әртүрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының  негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

              Сонымен қатар қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатал әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

              Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын  болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшіл-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; обьективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

              Қаржылық жоспарлаудағы предметтік-мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтаамсыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

              Бизнес жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субьектілердің, салалардың аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

              Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

              Жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

              Нысаны бойынша  олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ ол бұның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысы тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың обьектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

              Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекетің жиынтық қаржы балансы, мемлекетік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

              Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы Министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы  балансында мемлекеттің меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

              Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар, амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

              Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға  жұмсалатын шығыстар, сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар, әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар, басқару мен қорғаныс шығыстары, қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.

              Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтың қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-кредит қатынастарын дамытуыдң ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министрліктер мен ведомстволарға нақтылы бекітусіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың  сомасы субьектілер, яғни мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстарда да осындай. Бұл баланстың көмегімен мемлекетік бюджет және шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.

      Қаржы менеджерлері шетелдегі қаржылық жоспарды жасау әдістеріне көптеп көңіл бөледі. Мысалы, қаржылық жоспарды жоқ негізден бастау әдісі. Бұл әдісті ең алғаш рет қолданған «Тексас Инструментс» фирмасы болды.  Бұл әдіс бойынша белгілі бір қызмет атқаратын бөлім жылдың басында бөлінген ақшаны тиімді пайдаланып, ары қарай қызмет ете алатынын дәлелдеуге тиіс. Менеджер аз көлемде өндірісі бар кәсіпорынның қызметіне кететін шығынды жоспарлайды, сосын өндіріс қызметі өскен кездегі түсімді жоспарлап, сол үшін жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы

              Реформалар жағдайында кәсіпорынға ұзақ мерзімді стратегия – бизнес жоспарды жасақтауға негізделген қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесі талап етіледі. Бизнес-жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақ мерзімді келешекке айналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет. Бизнес жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақмерзімді келешекке аналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет.
Бұдан басқа, бизнес жоспар кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіштерінің бөлімінен; кәсіпорынның мақсаттары туралы ақпараттарды құратын бөлімнен тұруға тйіс, патенттік құқұқ, экспорт көрсеткіштері және оның мүмкіндіктері, кәсіпорын шығаратын өнімнің тұтыну қасиеттерін жетілдіру негізгі бағыттары, өнімнің ассортиментік құрамы туралы берілгендер келтіріледі.
Бизнес – жоспардың маңызды бөлімі кәсіпорын өнімнің өткізілім нарығын сипаттауы болып табылады, ол нарықтық зерттеуді, тұтынушыларды және олардың сурамыс деңгейін, тұтынушылар ынталануын, кәсіпорынның нарықтағы жағдаиын, негізгі көрсеткіштерін талдаудан тұруға тиіс. Будан басқа, кәсіпорынның талдау – бәсекелестер қызметін зерттеу, бәсекелестер өнімін бағалау, салыстырмалы бағалау қажет. Сондай-ақ маркетингтік зерттеулерде қажет өған мыналар кірістіріледі: бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге маркетинг стратегиясын анықтау тауар саясаты, баға саясаты, сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру.
Кәсіпорынның өндірістік-технологиалық және инновациялық саясатын сипаттайтын және келесі ақпараттардан тұратын бөлім қажет:
кәсіпорынның орналасқан жері туралы; өндіріс қуаттылығы туралы;
ұзақ мерзімді активтер туралы; өндірістің технологиялық денгейі, оның қазіргі заман талаптарына сәйкес келуі; өндірістік процесті бақылау туралы, өнім сапасына кепілдік себептерді талдау; өндірістік кооперациялау және өндірісті материалдық қамтамасыз ету туралы; қоршаған ортаны қорғау туралы; өндіріс өрісінде мемлекеттік және құқұқтық реттеу туралы.
Бизнес жоспардың құрамды бөлімі кадрлық саясатқа және қызметкерлерді басқаруға арналған, кәсіпорынның ұйымдық құрылымы болып табылады. Ол кәсіпорын алдында тұрған міндеттермен мақсаттарға сәйкес келуі керек.
Кәсіпорын бизнес жоспарды жасақтауда тәуекелмен сақтандыру ескерілуі тиіс. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларында қызмет етуі кәсіпорын басшылығы қателесіпқабылдайтын шешімдермен байланысты. Себебі кәсіпорын қызметіндегі мәселелер кәсіпорынның барлық жұмысшыларын, акционерлерді, инвесторларды, тұтынушыларды қызықтыратын болғандықтан мүмкін болатын тәуекелдерді талдау керек. Бұл тәуекел мәні мәселелері, тәуекел себептері, тәуекел факторлары, өтеумен тәуекелді азайту әдістері болуы мүмкін.
Тәукелдерді сақтандырудың қазіргі бар жұмысы сақтандыру, мүлікті сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру, несиелерді сақтандыру туралы келісім шарттарды қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдаиын талдауды ескеру мен қабылданған бизнес жоспар негізінде қаржылық ресурстарды басқарушешімдер жасақталынады.
Қаржылық жоспарлауды жасақтауды пайда немесе зиян шегуді болжамдап бастаған дұрыс, себебі сату көлемін болжау бойынша берілгендер болса, материалдық және еңбек ресурстарының қажетті мөлшерін есептеуге, материалдық және еңбек шығындарын анықталады. Одан кейін қолма қол қаражаттар қозғалысы болжамы жасақталанады. Оны анықтаудың қажеттілігі пайда немесе зиян шегу болжамын түсіндіргенде төлемдерді жүзеге асыру тәртібінде көрсетілмейді. Қолма қол қаражаттардың қозғалысын болжау қолма қол қаражаттардың құйылуын, қолма қол қаражаттардың ағылуын, таза ақша ағынын банк шотының бастапқы және соңғы сальдосын ескереді.

Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпыдүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.

Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеумтеттік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды маркетинг стратегиясын, өндірістік ұйымдық және заңдық жоспарларды тәуекелділікті бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.

Қаржы бизнес жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және графигін қосымша жасайды.

Сөйтіп нарыққа ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көсреткіштер шаруашылық жүргізуші субьектілердің салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдаланылады.

Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында аса маңызды  абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

-         өнімді өткізуден түсетін табыс;

-         өткізілген өнімнің өзіндік құны;

-         жалпы табыс;

-         кезең шығысы;

-         негізгі қызметтен түскен табыс;

-         табыс салығының сомасы;

-         таза табыс.

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің көлемдік көрсеткіштері мыналар болып табылады:

-         инвестициялар көлемі;

-         жарғылық капиталдың мөлшері;

-         төлеген дивиденттердің, үлестердің мөлшері;

-         айналым қаражаттары көздерінің көлемі;

-         жабдықтаушылармен, тұтынушылармен банкпен бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері;

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы ретінде қоғам экономикасының  негізін құрайды, себебі мұнда материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.

Кез-келген шаруашылық субьектілері қаржысыз өмір сүре алмайды. Қазіргі заманғы несие мекемелерінің жұмыс тиімділігі болашақта табылар пайда мен ұрынатын шығынды мүмкіндігінше дәл болжаумен тығыз байланысты. Бүгінгі банк рыногы қайсыбір несие мекемелері ұсынатын банк өнімдері ғана емес, сондай-ақ сол өнімдерді өткізу жоспарлары болуы қажет. Өйткені, жоспарлау элементтері кез-келген ұйымның қызметін тән белгілердің бірі болып табылады. Бұл пікір ағымдағы жоспарлауға ғана емес, перспективалық жоспарлауға да қатысты, кәсіпорын қызметінің табысты болуы жоспардың сапасына тәуелді болады.

              Тоталитарлық шаруашылық билігін бастан кешірген елдердің бәрінде дерлік жоспарлауға деген жағымсыз көзқарастың үстем болғаны шындық. Қазіргі таңда қаржылық жоспарсыз кәсіпорындардың ішкі тіршілігін қажетті арнаға түсіріп отыру қиынға соғады. Жұмыстың түрлі бағыттарын қатар алып жүргенде қайсыбірінің ақсауы ықтимал, істелетін істің барысын бақылап отыру мүмкіндігі кемиді.

              Кәсіпорын жұмысының тиімділігін басқарудың бірден-бір ұтымды құралы-стратегиялық жоспарлау кәсіпорын қызметін стратегиялық басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ұзақ мерзімге бағытталған мақсаттарды белгілеп, оларға қол жеткізу жолдары көрсетілетін ағымдағы қызмет қаржылық жоспарларын жасау оның негізгі міндетіне жатады. Әдетте шаруашылық субьектілердің стратегиялық жоспарында мыналар көрініс табады:

-бастапқы жағдай және кәсіпорын жұмыс істейтін ортаға баға беру;

-қаржының бөлінуіне әсер ететін рыноктың басымдықтары;

-кәсіпорындардың күші сондай-ақ әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен тосын қауіптерді бағамдау;

-рыноктық мүмкіндіктерді жүзеге асыру мақсатында стратегияға өзгерістер енгізіп отыру;

-стратегиялық іс-әрекеттер уақытын таңдап алу;

-күтіліп отырған нәтижелер.

              Ұзақ мерзімді мақсаттарды белгілеп, инвестициялау басымдықтарын анықтау отырып, кәсіпорын іс-қимыл стратегиясын түзуді жүзеге асырады, оны орындауға қажет қаржы мөлшерін айқындау мұнымен бір мезгілде жүргізіледі. Стратегияны дамыта ұштай түсу үшін ағымдағы жоспарлар жасалады, олар ұдайы өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларға дер кезінде бейімделу мақсатын көздейді. Сөйтіп, кәсіпорын қызметінің кез-келген түрінде ойға алынып отырған стратегиялық нысаналарға қажетті алғышарт жасалады.

Информация о работе Бизнес жоспар