Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:38, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.

Содержание

Кiрiспе...........................................................................................................3
I Бизнес жоспар түсінігінің әдiстемелiк негiздерi.......................................5
1.1.Бизнес жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi................................5
1.2.Бизнес жоспардың негiзгi бөлімдері, кәсiпорынды дамытудағы маңызы
1.3.Кәсiпорынды дамытудағы бизнес-жоспардың маңызы.........................12
ІІ Кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспарды талдау («Сарыарқа әлеуметтік кәсіпкерлік» мысалында)..........................................................17
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық негіздері.....................................17
2.2.Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы.......................................................................................20
2.3. Бизнес жоспар оны әзірлеудің ерекшеліктері.....................................23
Қорытынды.................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................29
Қосымша.....................................................................

Работа содержит 1 файл

Бизнес жоспар.doc

— 187.50 Кб (Скачать)

 

Корпорацияның есеп  беру  жылы  негiзгi  қор  әрекетiне  3016,4  млн  теңге,  яғни 2007  жылмен  салыстырғанда  4,2  есе  көп  салынған.  Күрделi  құрылыс  инвестициясын  жаңғырту  үшiн  2009  жылы  2008  жылмен салыстырғанда 2,1  есе  жоғары.  Оның  бiр  бөлiгi құрылым – монтаж жұмысына және құрал-жабдықтар, жабдық, саймандар алуға  бағытталған. 

1 Кесте. «Сарыарқа» ӘКК-ның 2007-2009 жылдардағы күрделi құрылыс инвестициясы (мың теңге )

 

Жылдар

 

 

Негiзгi қордың iске кiрiсу сәттерi.

Күрделi

құрылыс инвестициясы

енгiзiлген

Оның iшiнде

Кәсiпорын-

ның меншiк қоры есе-

бiнен

 

СМР

құралдар,

жабдықтар,

саймандар

2007ж

2008 ж

2009ж

707855

251328

3016355

642186

717173

1358412

299006

374198

225785

96029

63352

196341

642186

717173

1358412

 

                                          Мәлімет көзі: «Сарыарқа» ӘКК-ң есебі

       Талдау уақытында инвестициялық белсендiлiктiң өскендiгiн  көремiз. Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысында және құрал-жабдықтар  алуда да  үлес  салмағының  өсуi   тиiмдi  болар  едi. Жалпы  көлем  бойынша  күрделi  қаржылар – 14-16%  аралығында  ғана. 

              «Сарыарқа» ӘКК-да Қазақстан Республикасының әлеуметтiк – экономикалық дамуы негiзiнде 2007 – 2010 жылдардағы индикативтiк жоспар құрылған  (2 кесте). Кестеде көрсетiлгендей, 2009 жылы АҚ–ның эксплуатациялық  әрекет есебi ұйымдарда қайта инвестициялау 647,2 млн. теңге құрап отыр. 

                    Осы жылы күрделi қаржы құрылыстағы эксплуатациялық ұңғыны, топтық құрылғыны, мұнай желiсiн орнатуды, әкiмшiлiк ғимараттар, асханалар, Кұмкөл кенiшiнде  т.б. объектiлер салуға жұмсалған.

                2008 жылы ӘКК жұмысының эксплуатациялық есебiндегі құрылтайшыларды қайта инвестициялау  көлемi 733,7 млн. теңге, 2009 жылы 2296,4 млн. теңгенi құраған. Одан әрi жұмыс iстеу негiзiнде келiсiм аймақтарында объектiлер салынған.

     2009 жылдан 2008 жылдарда кенiш құрылысындағы қарқындылықты жылдамдату мақсатында несиелердi тарту көзделiп отыр .

      «Сарыарқа» ӘКК сыртқы экономикалық iс-әрекетi импорттық операциялар бойынша есептелген, яғни 2007 жылы АҚ бойынша 1,645 млн. АҚШ доллары сомасында құралдар, жалпы өндiрiстiк машиналар, бағдарламалық қамтамасыз етумен басқа да материалдар алынған. [16]

Сәтті жүзеге асырылған реформалар Қазақстанның корпорацияларының  бүгінгі ырғақты дауысының негізіне айналды. Республикамыздың корпоарцияларының соңғы бес жылда ЖІӨ- ның орташа жылдық өсімі 10 пайыздан асты. Тұрақты өсу экономиканың барлық салаларында байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 1,6 трлн теңгені құрап, 2006 жылдың көрсеткішінен 24%- ға  түсті. Ал ұлттық қордағы қаражатты қоса есептегенде біздің резервіміз бүгінгі таңда 13,8 млрд долларға жетті.

Біздің қоғамымызда капиталмен таза немесе инвестициялау өнеркәсіпті немесе сауда кәсіпорындарымен жүзеге асады. Егер бірлестік немесе ұсақ кәсіпорын үлкен инвестицияға мүмкіншілігі болса, өз табыскерлерінің үлкен бөліміне салу оларды иелермен арбауды сынайды. Сондықтан маңызды дәрежелер өнеркәсіпті сақтау инвестицияларына түзу де тәуелді болады.

              Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субьектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

2.3. Бизнес жоспар оны әзірлеудің ерекшеліктері

              Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінің негізгі бағыттарының бірі пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өндеу болып табылады.

«Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының минералдық-шикізат базасы:

- Кен орындарының барлығы – 304

- Оның ішінде:

- Қарағанды облысында – 177

- Ақмола облысында – 127

Басым жобалардың тізбесі 35 кен орнын қамтиды:

- қатқыл пайдалы қазбалар бойынша – 12

- кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 23

Пайдалы қазбалардың түрлері: мыс, марганец, темір, қорғасын, никель, бокситтер, қалайы, мырыш, вольфрам, барит, көмір, волластонит, магнетит, титан-циркон, графит, мусковит, вермикулит, битумдер, тальк, асбест және кең таралған пайдалы қазбалар.

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы көрсетілетін қызметтердің сапасын өзін дамыту негізі және Компанияға Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу жөніндегі алдына қойылған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беретін тиімді құрал ретінде қарастырады.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы сапа менеджменті жүйесін енгізуді Компания қызметінің аса маңызды стратегиялық бағыты деп санайды. Мұндай жүйені құрудың нәтижесі инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін Сарыарқа макроөңірінде қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру болуы тиіс.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы Компанияның сапа саласындағы саясаты Компанияның Миссиясынан, Мақсаттарынан және Стратегиясынан туындайтын қағидаттар мен құндылықтарды білдіру болып табылатындығын мәлімдейді.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

    * экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының экономикалық дамуына жәрдемдесу;

    * кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құруға ықпал ету;

    * өңірлерді әлеуметтік жағынан дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

    * Компанияның мемлекеттік, республикалық және салалық бағдарламаларға нәтижелі қатысуын қамтамасыз ету;

    * Компанияның тиімді қызметін және персоналды тарту мен оның сақталуын қамтамасыз ету үшін Компания қызметкерлерінің еңбегін, оларды үнемі оқытуды уәждеу және ынталандыру жүйесін үздіксіз дамыту

    * Компания қызметкерлерінің іскерлік мәдениеттің, атқару мен еңбек тәртібінің жоғары деңгейіне қол жеткізуі үшін жағдай жасау;

    * Сапа саласындағы саясатты Компанияның әрбір қызметкерінің назарына жеткізу және Компанияның персоналын сапа менеджменті жүйесінің процестерін басқаруға толығымен тартуды қамтамасыз ету.

Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады. Кәсіпорындардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы әдістер мен нысандардың базасы жалпы мемлекеттік қаржыларға қарағанда тым әртүрлі. Мысалы, кәсіпорынның қаржы менеджменті әртүрлі нысндардағы есеп айырысу, барлық нысандардағы нсеиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша хеджерлеу, кепілдік ипотекалық операциялар, қаржы және лизинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды.

Экономикалық әдебиеттерде бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырылады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:

              - нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін анықтау;

              -өзінің меншікті табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады.

              Сондай-ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді:

              -нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін қолдау;

              -менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі;

              -қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортаны басқару қызметі.

              Осы аталған үш қызметті кәсіпорынның атқаруы оған өзінің нарықтық ортадағы мінез-құлқының сипатын анықтауға көмектеседі.

              Нарықтық экономикада кәсіпорынның қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты. Сондықтанда кәсіпорын жайлы мыңдаған мінез-құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып табылады.

              Баға белгілеудегі қаржы менеджментінің өзара байланысын қарастырайық. Құнның әрбір бөлігін қалыптастыру процесі 2 этапта жүргізіледі.

1.      Кірісті құру және құнды аванстауды өндіріске аудару

2.      Қор қайтарымдылығының және алғашқы кірістерді әртүрлі нақты фирмаларда болу құндылық бөлу

3.      Маркетингте баға белгілеуде мынадай жағдайларды анықтап көрсеткен жөн:

1.      Орташа шығындар қосылған, анықталған табыс (барлық төрт деңгейдегі қаржылық инструменттерді нарықта  бір уақытта қатысу кезінде қолданылады)

2.      Өткізілген нақты тауар партиясынан  немесе қаржы инструменттерімен түскен түсімнің нақты көлемін анықтау (қаржы көздерінің нақты көлемін қалыптастыру)

3.      Белгіленген календарлық мерзім үшін максимальды  кірісті қамтамасыз ету (максимальды қарқынды қаржы көздерін  құру қаржы ағымының максимумы).

Сонымен қатар баға капитал айналымының уақыт аралығына және несие тәуекелділігіне әсер етеді. Ал, ол өз кезегінде қаржы менеджментінің тиімділік параметрлеріне әсер етеді. Бұл әсерлер келесілер  арқылы жүзеге асады:

1.                 Бағаның нақты деңгейін белгілеуде капитал айналымының уақыт аралығы тездетілуі немесе баяулатуы мүмкін.

2.                 Өндірушіден тұтынушыға дейінгі өткізу арналарында тауарларды жоғалту немесе бүлдіру тәуекелділігін қаржықұралдарын өткізуді өз мойнына алу.

Өткізу арналары екіге бөлінеді: горизонтальды және вертикальды. Горизонтальды өткізу арналары ұйымдық тәуелсіз заңды тұлғалардың өзара байланысы барысында ұйымдастырылады. Вертикальды өткізу арналары өндіруші көтерме және бөлшек  сауда бірыңғай иемденуде болған жағдайда пайда болады. Нақты горизонтальды немесе вертикальды өткізу арналарында ұйымдар байланысы мыналар негізінде құрылады: сатып алу, сатып өткізу шарты; брокерлік қызмет көсрету шарттары, комиссия және консигнация шарттары. Өткізу арналарын ұйымдық және құқықтық жағынан құжаттандыру варианттары қаржы менеджментінің тиімділігі және басқару мүмкіндігі жағынан өзіндік ерекшеліктерге және сандарға ие.

Компания инвестициялық тәуекелдерді басқаруды салалық және инвестицияларды аумақтық әртараптандыру негізінде жүзеге асыру ниетінде, ол ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға және олардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді. «Сарыарқа» ӘКК өзінің инвестициялық қызметінде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың мынадай кезең-кезеңді тәсілін ұстанады:

    * инвестициялық жобалар жөніндегі ақпараттарды алдын ала талдау, жинау және өңдеу;

    * маркетингтік, инжинирингтік және өзге де зерттеулерді жүргізу;

    * техникалық-экономикалық негіздеме (бизнес-жоспарды) дайындау;

    * жоспарлы-болжамдық құжаттама әзірлеу;

    * жарғылық капиталына қатысу;

    * инвестицияларды бақылауды ұйымдастыру және кәсіпорынның дамуына жәрдемдесу.

Информация о работе Бизнес жоспар