Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 07:51, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Акционерлік қоғам». Бұл тақырып күрделі тақырып. Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, акционерлік қоғамнан, құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарынан, акция және қоғам акционерінің міндеттерінен, еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
І бөлім. Акционерлік қоғам - азаматтық құқық субьектісі ретінде.............6
1.1. Акционерлік қоғам ұғымы............................................................................6
1.2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары: құрылтай шарты мен жарғы...................................................................................................................10
1.3. Акция ұғымы...............................................................................................12
ІІ бөлім. Қоғам акционерінің міндеттері..........................................................15
2.1 Акционерлік қоғам мүшелерінің міндеттері..................................................15
2.2 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам............................................26
Қорытынды.......................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................31

Работа содержит 1 файл

Акционерлік қоғам - азаматтық құқық субьектісі ретінде.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе...................................................................................................................3

І бөлім. Акционерлік қоғам - азаматтық құқық субьектісі ретінде.............6

1.1. Акционерлік қоғам ұғымы............................................................................6

1.2. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары: құрылтай шарты мен жарғы...................................................................................................................10

1.3. Акция ұғымы...............................................................................................12

 

ІІ бөлім. Қоғам акционерінің міндеттері..........................................................15

2.1 Акционерлік қоғам мүшелерінің міндеттері..................................................15

2.2 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам............................................26

 

Қорытынды.......................................................................................................28

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Акционерлік қоғам». Бұл тақырып күрделі тақырып. Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, акционерлік қоғамнан, құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарынан, акция және қоғам акционерінің міндеттерінен, еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Курстық жұмысымды жаза отырып  алдыма мынадай мақсаттар мен міндеттер қойдым:

  • Курстық жұмысымды жазу барысында жан-жақты, сапалы болуы;
  • Курстық жұмысымның тақырыбын толық қамтитындай жүйелі жоспар құру;
  • Құрған жоспарымды толық қамтып, одан ауытқымау;
  • Курстық жұмысты жазу барысында бір  ғана әдебиетпен шектелмей мүмкіндігімше әр түрлі материалдарды пайдаланып, өз бетімше ізденсіте болу;

Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам - коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны. Алайда, зандарда қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаныңда табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін. Мысалы, дүниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары женіңдегі кеңестер құру дәстүрлері бар.

Акционерлік қоғамдар туралы Заңы 2003 жылы  қабылданды. Онда Қазақстанның объективтік экономикалық және құқықтық шындықтары айтарлықтай ескеріліп, акционерлік заңцардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызылды. Алайда қазіргі кезде де "оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен сақтаңдыру ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу қүқығы", "қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару", "халықтық акционерлік қоғам", "жарияланған акцияларьш билік етуді шектеу", "қоғамның акцияларға мәжбүрлеп алып қою" секілді кейбір құқықтық нысандардың акционерлік заңдардан орын алуы орынсыз болып көрінеді.

Акционерлік заңдар көлемінде Ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық компаниялар акцияларының барлық пакеті мемлекеттің қолында болады. Ұлттық компаниялардың құқықтық режимінің бірқатар ерекшеліктері бар.

Қазақстан Республикасының акционерлік заңдары Азаматтық кодекстің ережелеріне және 2003ж. 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003ж. 13 мамырдағы заңнан тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж.10 шілдедегі заң өте сәтсіз болып шықты. Ол АК – ның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлттық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңның қабылдануына байланысты АК-ға енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді, оны күні бүгінге дейін басқа нормалармен үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді, бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорацияның сөл түзетілген ағылшын-американдық моделін дәстүрлі континеттік кодификациялау жүйесіне атүсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көзқарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бірқатар нормалардың малтығуына әкеп соқтырды, қазақстандық зандар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практика мен қүқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына межбүр болды. "Шығарылған жарғылық капитал", "төленген жарғылық капитал", "соттың шешімімен акциялардың қосымша эмиссиялануы", "коммерциялық емес акционерлік қоғам", "халықтық қоғам" секілді санаттарды "өлі туған" және құқықтық жаңсақ құрастырмалардың қатарына жатқызуға болатын еді. Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңның шалажансарлығын дәлелдеген жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы Заң 2003 ж. қабылданды. Онда Қазақстанның объективтік экономикалық және құқықтық шындықтары айтарлықтай ескеріліп, акционерлік заңцардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызылды. Алайда қазіргі кезде де "оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен сақтаңдыру ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу қүқығы", "қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару", "халықтық акционерлік қоғам", "жарияланған акцияларьш билік етуді шектеу", "қоғамның акцияларға мәжбүрлеп алып қою" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабы) секілді кейбір құқықтық нысандардың акционерлік заңдардан орын алуы орынсыз болып көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім.  Акционерлік қоғам - азаматтық құқық субьектісі ретінде

1.1 Акционерлік қоғам ұғымы

Қазақстан Республикасының акционерлік заңдары Азаматтық кодекстің ережелеріне және 2003ж. 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003ж. 13 мамырдағы заңнан тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж.10 шілдедегі заң өте сәтсіз болып шықты. Ол Азаматтық кодекстің көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлттық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңның қабылдануына байланысты АК-ға енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді, оны күні бүгінге дейін басқа нормалармен үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж. 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді, бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорацияның сөл түзетілген ағылшын-американдық моделін дәстүрлі континеттік кодификациялау жүйесіне атүсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көзқарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бірқатар нормалардың малтығуына әкеп соқтырды, қазақстандық зандар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практика мен қүқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына межбүр болды. "Шығарылған жарғылық капитал", "төленген жарғылық капитал", "соттың шешімімен акциялардың қосымша эмиссиялануы", "коммерциялық емес акционерлік қоғам", "халықтық қоғам" секілді санаттарды "өлі туған" және құқықтық жаңсақ құрастырмалардың қатарына жатқызуға болатын еді.

Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж. заңның шалажансарлығын дәлелдеген жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы Заң 2003 ж. қабылданды. Онда Қазақстанның объективтік экономикалық және құқықтық шындықтары айтарлықтай ескеріліп, акционерлік заңцардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызылды. Алайда қазіргі кезде де "оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен сақтаңдыру ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу қүқығы", "қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару", "халықтық акционерлік қоғам", "жарияланған акцияларьш билік етуді шектеу", "қоғамның акцияларға мәжбүрлеп алып қою" (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 32-бабы) секілді кейбір құқықтық нысандардың акционерлік заңдардан орын алуы орынсыз болып көрінеді.

Азаматтық кодекстің 85-бабының 1,2-тармақшаларына сәйкес, "өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын занды тұлға акционерлік қоғам болып танылады". Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Корпоративтік (бірлескен) жинақтаушы зейнетақы қорларыньщ акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасьш жауап береді .

Акционерлік қоғам - коммерциялық ұйымдардың уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны. Алайда, зандарда қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаныңда табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін. Мысалы, дүниежүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары женіңдегі кеңестер құру дәстүрлері бар.

Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заң қабылданғанға дейін Қазақстан зандары ашық акционерлік қоғамдармен қатар, жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың да өмір сүруін көздеді. Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала белгіленген адамдар арасында бөлінетін қоғам бұрынғы қолданыстағы зандар бойынша жабық қоғам болып есептелетін. Жабық қоғамдар мемлекетгік монополияларды сақтау үшін немесе үшінші тұлгалардың енуін шектеу үшін құрылатын. Бұл жағдайда көлденең капиталды тарту акционерлік қоғамның негізгі мақсаты болудан қалды да, түлғалық жағдай алдыңғы қатарға шықты. Сондықтан жабық акционерлік қоғам өзінің жаратылысы жөнінен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке дейін болғанын кейбір ескертулермен айта аламыз. Онда тұлғалық элементтер жария элементтермен бәсекелесіп, көп ретте басым түсіп отырды.

2003 ж. 16 мамырдағы Заң бойынша Азаматтық кодекстің жабық акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж. заңда да жабық акционерлік коғамдардың өмір сүру мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заң шығарушылар занды тұлғаның мұндай ұйымдық құқықтық нысанынан бас тартуға бел байлады деген қорытынды шығады. Сондықтан 2003 ж. 16 мамырдан кейін құрылған жабық акционерлік қоғамдар жарамыз деп танылады, ал өмір сүріп тұрғандары занда көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарға өзгертілуі немесе 2005 ж. 16 мамырға дейін таратылуы тиіс.

Ашық қоғамдар — акционерлік қоғамның барынша табиғи жөне кең таралған нысаны. Азаматтық қүқықтың кез келген субъектілері дерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады. Ашық қоғам акционерлерінің санына шектеу қойылмаған. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін . Жалпы ереже бойынша, мемлекеттік мекемелер қоғамның акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өздерінің құзіреті шегіңде акционерлер бола алты Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық Банк бұған жатпайды. Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекетгік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.

Акционерлік қоғамдар туралы зандарда 1998 ж. бастап қоғамның жаңа нысаны - халықтық акционерлік қоғам көзделген. Өзінің капиталының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционерлерінің саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтшіші негізінде не қоғамның өз капиталының мөлшері және акционерлерінің саны туралы уәкілетті органда бар ақпарат негізінде уөкілетті орган жүргізеді. Уәкілетті орган Ұлттық Банк болып табылады. Ұлттық Банк, сондай-ақ халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айрылу тәртібін де белгілейді. Қоғам:

  1. ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қоғамға басқа 
    қоғам қосылған және одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп 
    шығарылтан жағдайларды қоспағанда);
  2. өз капиталының мөлшері он екі айдан астам мерзімде айлық 
    есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін 
    азайған;
  3. акционерлердің саны алты ай ішінде бес жүзден төмен азайып 
    кеткен жағдайларда халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен 
    айырылады.

Акционерлік заңдар көлемінде Ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық компаниялар акцияларының барлық пакеті мемлекеттің қолында болады. Ұлттық компаниялардың құқықтық режимінің бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың көпшілік бөлігі жабық акционерлік қоғамдар түрінде қүрылған, өздерінің контрагентгермен қатьшастарында мемлекеттік органның және коммерциялық ұйымдардың атқаратын қызметін үйлестіреді және Акционерлік қоғамдар туралы заңмен қатар, Үкіметтің бірқатар қаулыларымен және заңдармен реттеліп отырады.

Информация о работе Акционерлік қоғам